Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.10.2016

Алматыда Мәжілістің көшпелі отырысында жұмыс тобы мәдениет мәселелері бойынша түзетулерді талқылайды


Астана, 25 қазан, Мәжіліс үйі.

 Дүйсенбі күні, 31 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына депутаттар берген түзетулерді қарау бойынша жұмыс тобының отырысын өткізу жоспарланған.

Енгізіліп отырған түзетулер бірқатар мәселелерге бағытталған. Атап айтқанда, бұл авторларды қолдау, қоғамдық маңызы бар әдебиеттер шығару және осы туындыларды әрбір мемлекеттік кітапханаға жеткізу; мемлекеттік сатып алу тетігін жетілдіру; театрлардың, кітапханалардың және өзге де мәдениет ұйымдарының қызметі үшін жағдайларды жетілдіру,  сондай-ақ басқа да мәселелер қамтылады.

Отырыс жұмысына Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова,  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, әділет, қаржы, білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, шығармашылық одақтарының және мемлекеттік мәдениет ұйымдарының  басшылары, Парламентке кірмеген саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметі шеңберінде қаралады. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жетекшілік етеді.

 

Жұмыс тобының отырысы 31 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының конференц-залында сағат 11.00-де өтеді. Байланыс бойынша -  Гүлбану Қайырғалиева – 8701-206-18-85.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі