Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.10.2016

Мәжіліс депутаты Молдовада өтетін президент сайлауына ТМД ПАА бақылаушы ретінде қатысуда


Астана, 28 қазан.Мәжіліс Үйі.

Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан 28-31 қазан күндері (Кишинев қ.) Молдова Республикасының Президеті сайлауына әзірлік пен өткізу жұмыстарына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетер Парламентаралық  Ассамблеясы атынан  бақылаушы ретінде қатысуда.

Іс сапар шеңберінде Мәжіліс депутатының Молдова Республикасының Президеттігіне кандидаттар И.Додон, Ю.Лянке, М.Лупу, И.Попенкомен, Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы А.Руссумен және де сайлау уческелерінде келген сайлаушылармен кездесуі жоспарланған.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі