Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.12.2016

Мәжіліс Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын қолға алды


Астана, 2 желтоқсан. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілісте  Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қатысуымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасының алғашқы жұмыс тобының отырысы болды.

Отырысты заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Нұрлан Дулатбеков жүргізді. Ол Мемлекет Басшысының Қазақстан Республикасының Коституциясының 61 бабының 1 пунктіне сәйкес  өз бастамасымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын енгізіп отырғанын хабарлады. Бұл рақымшылық –  мемлекеттің  заң табалдырығынан аттаған өз азаматтарына ізгілік танытып, сенім жасап отырған белгісі деп атап өтті.

Басқосуға Президент Әкімшілігі, Бас Прокуратура, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, әділет, қаржы, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, парламенттік емес партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және де, Республикалық адвокаттар коллегиясының, Азаматтық альянс, Қазақстандық адам құқы жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері де келді.

Құжатпен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Бірінші орынбасары Иоган Меркель таныстырып шықты.

Заң жобасы сотталғандарды ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жаупкершіліктен және жазадан босатуды, сондай-ақ оларға бас бостандыған айыруды айыппұлға немесе бостандығын шектеуге ауыстыруды көздейді.

Заң жобасы ең алдымен қылмыстық құқық бұзұшылықтар жасаған азаматтардың әлеуметтік-әлсіз санаттарына рақымшылық жасауға бағытталады. Сотталғандардың жекелеген санаттарына қатысты жасалған әрекеттерінің әлеуметтік-әлсіз санаттарына рақымшылық жасауға бағытталған.

Оған қоса Заң жобасы қоғамдық қаупі жоғары дәрежелі деп сипатталатын, оның ішінде террористік және экстримистік қылмыстарды, кәмелектке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды, қылмыс қайталанғанда және қауіпті қылмыс қайталанғанда, қылмыстық топпен жасалғанда, адам өлтіруді, зорлауды және т.б. жасаған адамдарға рақымшылық жасауды қолдануға тыйым салады.

Заң жасаушылардың айтуынша рақымшылық бес санаттан тұрады. Бірінші санатта жеңіл қылмыс жасағандар жатқызылып, олар толығымен тұтқыннан босатылуы мүмкін. Екінші санаттағыларға – орташа қылмыс жасағандар, оның ішінде балалаы әйелдер, жасөспірімдер, мүгедектер мен шартты жазаға кесілгендер, тағайындалған айыппұлын төлегендер жатқызылады. Оларға жеңілдіктер қарастырылады. Үшінші, төртіншіге - қатты ауыр қылмыс жасағандар, олардың ішінде ірктелгендеріне белгіленген жылдарына қысқарту жасалуы мүмкін екен. Бесінші санат ауыр қылмыстылар үшін. Олардың да кесілген жылдары белгілі бір мезгілге кемітіледі.

Рақымшылық арқасында 1482 қылмыскерге мүмкіндік қарастырылмақшы. Оның 5000-ның ғана кесілген мезгілі  қысқарады. 

 

Аталған заң жобасымен қылмысқа тартылғандарға тағы да бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Депутаттар заң жобасымен танысып шыққан соң сұрақ-жауап рәсіміне көшіп, өзара пікір алмасып, талқылады.

Енді заң жобасы ары қарай жұмыс тобында тағы да қаралатын болады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі