Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.12.2016

Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана. 2 желтоқсан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Халық қалаулылары назарына өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылады деп күтілуде.

Сонымен бірге Мәжіліс осы күні бірқатар маңызды заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Олардың қатарында Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңға өзгерістер енгізуге қатысты, сондай-ақ, кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы Конституциялық заң жобасы, сонымен бірге, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша  заң жобалары бар.

Жалпы отырыста зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және электр энергетикасы мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобалары бойынша да бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалады.

Осы күні Мәжіліс депутаттары Польшамен адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау заң жобасын жұмысқа қабылдамақ.  

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі