Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.12.2016

Мәжілісте: зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы


Астана, 9 желтоқсан. Мәжіліс Үйі.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров ашты.

«Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толық құқықты мүшесі атанды. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бес Мемлекет басшыларының экономикалық интеграция және бір кедендік аймақ бойынша бастамасы жүзеге асырылуда. Қабылданған халықаралық міндеттемелердің ішінде зияткерлік меншік объектілерін тиісті қорғау қамтамасыз ету және олардың құқық иелерінің құқықтарын сақтай отыра олардың нарықта еркін айналымын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер бар екендігін», - ол атап өтті.

   Басқосудың модераторы – депутат Бижанова Гүлнәр Қадіржанқызы болды.

Құжатпен депутаттар мен қатысушыларды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова таныстырды.

Бүгінгі дөңгелек үстел сол  қабылданған міндеттемелерді ескере отырып және дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру бойынша мақсатты жүзеге асыру мақсатында ең маңызды және керекті экономикалық заңнаманы және ЭЫДҰ елдерінің ең жақсы тәжірибесін және ұлттық мүдделер мен басымдықтарды ескере отырып одан әрі жетілдіруді талқылады.

Таныстырған заң жобасына 12 заңнамалық актіге 188 түзетуді енгізуді көздейді.

 «Біздің шара үлкен Мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні қарсаңында өткізіліп отыр.

Бұл мереке біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі және қуаттылығының символы болып табылады. Тәуелсіздікті алған сәттен бастап біздің халық жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрумен Қазақстанның ұлы тарихын тамаша жалғастырды»,- деген Комитет төрағасы жиналысқа қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.

Заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге, ғылыми-техникалық прогресті және ерікті бәсекелестікті дамытуға, тіркеу процесін оңайлатуға, құқықтық кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ әкімшілік кедергілер тудыратын нормаларды жоюға бағытталған.

Заң жобасының қабылдануы технологияларды коммерциаландыру барысын тездетуде өнертапқыштарға және бизнес субъектілеріне қалайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді, құқық иелерінің құқығын қорғауды күшейтеді және тауар таңбаларын тіркеу бойынша даулардың азаюына алып келеді.

 

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдері, бизнес, мүліктік құқықты ұжымдық негізде басқару бойынша ұйымдардың өкілдері, патенттік сенім білдірген өкілдер, Германия, Франция, Еуропалық одақтың, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік мекемесінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның сарапшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізгенге дейін Заң жобасы бойынша Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Талдықорған, Қарағанды, Қызылорда қалаларында қоғамдық тыңдаулар өтті. Түсіндірме жұмыстары Заң жобасы қабылданға дейін жүргізілетін болады.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі