Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.12.2016

Мәжіліс 2016-жылғы соңғы жалпы отырысын өткізді.


Астана. 28-желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның ағымдағы  жылғы соңғы жалпы отырысы өтті.

Онда халық қалаулылары «Коллекторлық қызмет туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

2012 жылы Елбасы тәуекелдер контракциясын тәуелсіз бағалау институттарын және коллекторлық агенттіктерді одан әрі дамыту тұжырымдамасын бекітті. Онда азаматтардың құқықтарын қорғау үшін коллекторлық қызметті мемлекет тарапынан реттеу белгіленген. Алайда, баяндамашы Ұлттық Банкі төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша ол осы уақытқа дейін әлі жасалған жоқ. Коллекторлық компаниялар біраз уақыттан бері жұмыс істеп келе жатса да,  олардың қызметі заңмен реттелмейді және мемлекет тарапынан бақыланбайды.

Қазіргі кездің өзінде шамамен 60 компания банктермен жасасқан шарттар негізінде берешекті өндіріп жатыр. Банктердің 928 мың борышкері коллекторлық агенттіктердің өндіріп алу процесінде.

Халықтың несиелік борышы өте жоғары.

Сондықтан, ұсынылып отырған заң жобасы коллекторлық қызметтер нарығын дамыту, борышкерлер мен кредиторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығын күшейту, берешегін өндіріп алу бойынша жұмыста тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруды қамтамасыз етеді.

Осы бағытта Ұлттық Банк заң жобасының нормаларын жүзеге асыруға және заң жобасы қабылданған сәттен бастап Қазақстан азаматтарын әлеуметтік қолдауды және коллекторлық агенттіктерді бақылауды жедел қолға алуға дайын.  

Осы күні экологиялық мәселелерге түзетулерге байланысты заң жобасы да депутаттар қолдауына ие болды. Ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасын жетілдіру және құқық қолдану практикасы процесінде анықталған құқықтық коллизияларды жою мақсатында әзірленген.

Сондай-ақ заң жобасында экологиялық кодекстің кейбір нормаларын қолданысқа енгізудің бірыңғай мерзімін белгілеу ұсынылады.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Ресеймен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан  ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде қаулы қабылдады. 

Айта кетейік, күн тәртібіне Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе енгізіліп, депутаттық корпус тарапынан қолдау тапты.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі