Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.01.2017

Мәжілістің Бюро отырысы өтті


Астана. 20 қаңтар. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжіліс депутаттары Түркиямен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы үкіметаралық  меморандумды ратификациялау туралы заң жобасын қарайды деп күтілуде.

                Меморандумда оқу-жаттығуды өткізу уақытында жіберуші тарап үшін қабылдаушы тарап ұсынатын қолдау көрсету стандарттары, типтері, деңгейлері мен әдістері айқындалады.

                Сонымен бірге, осы күні Палата Польша Үкіметімен адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарамақ.

Бұл келісім былтыр Варшава қаласында жасалған. Ол уағдаласушы тараптар мемлекетінің аумағына заңсыз келген, онда болған немесе тұрып жатқан уағдаласушы тараптардың азаматтары, үшінші мемлекеттердің азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар реадмиссиясының құқықтық және ұйымдастыру мәселелерін реттеуді көздейді.

 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

               

      

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі