Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.01.2017

Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша комиссиясының отырысы өтті


Астана,20 қаңтар.Мәжіліс Үйі.

Қазақтан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағытында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша комиссиясының отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов «тұрғын үй құрылысы мен су және канализация жүйелерінің бірүлгідегі жобаларын әзірлеу туралы» және «тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту туралы»,- деген тақырыпта баяндама жасады.

«2015 жылдан бастап Республикада «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдармасы іске асырылады, оның негізгі міндеттеріне азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жатады.

2015-2016 жылдары бағдарлама бойынша 753,6 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үйлер (13 мың 227 пәтер) жалпы құны 105,2 млрд. теңгеге пайдалануға берілді ( «ҚИК» АҚ).

Дағдарысқа қарсы қосымша шаралар шеңберінде жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлерді салу бойынша («Бәйтерек девелопмент» АҚ) алаңы 128,4 мың м2 036 пәтер тапсырылды, 52,4 млрд.теңге игерілген.

2017 жылы ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау ірі қаңқалы үй құрылысы технологиясы бойынша 3 және 4-сыныпты тұрғын үйлердің үлгілік жобаларын әзірлеу көзделген.

Осыдан басқа, Үкіметпен қабылданған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде үй құрылысы технологиясы қолданылып, бірыңғай сәулет стиліндегі жеке тұрғын үйлердің үлгілік жобаларын әзірлеу жоспарланған. Ол үшін облыс орталықтарында пилоттық жобалар енгізілетін болады.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру үшін 2017-2018 жылдары жоспарланған аз қабатты тұрғын үйлердің үлгілік құрылыс жобаларын азаматтарға тегін беру көзделіп отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шегінде тұрғын үй құрылысын іске асырумен бірге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғырту мен салу жөніндегі іс-шаралар іске асырылады.

Тұрғын үй құрылысына немесе инфрақұрылым объектілеріне арналған бюджеттік өтінімдерді қараған кезде Комитет үлгілік жобалардың қолданылуына талдау жасайды, бақылау, мониторинг және оларды қолдану үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Одан басқа, үлгілік жобалар денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт, құқық қорғау және басқа да салаларда қолданылатын болады.

Үлгілік жобалардың қолданылуының экономикалық тиімділігін ескере отырып, Комитет, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде, осы бағытта жұмысты жалғастыратын болады және әлеуметтік маңызды объектілерді салу үшін жағдайды жақсарту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады»,- деп мәлімдеді.

Басқосуда Ақтөбе және Павлодар облысының өкілдері 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша есептік ақпарат берді.

Комиссия отырысына «Нұр Отан» партиясының Фракциясы Аппаратының басшылығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, «ТКШ модернизациялау және дамыту ҚазОрталығы» АҚ-ның өкілдері, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М. Бексары, сонымен қатар Павлодар облысынан «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшысы Р.С. Раисов қатысты.

Талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушыларымен бірге Комиссияның ұсыныстары әзірленді.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі