Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.02.2017

Мәжіліске Грекия елшісі келді


Астана, 17 ақпан,Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қоғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Абай Тасболатов грекияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Александрос Катраниспен кездесті.

Тараптар екіжақтың саяси, сауда-экономикалық, парламентаралық және мәдени-ізгілікті байланыстары жайында  пікір алмасты.

Депутат пен дипломат мемлекеттердің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді ынтымақтастық байланыстар жайында ой бөлісті.

Әңгіме барысында Сириядағы жағдайды реттеудегі Астананың ролі, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелік қызметінің басталғаны және Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі де айтылды.

Елші Қазақстанның ширек ғасырдағы зор жетістіктері мен Елбасымыздың роліне айырықша тоқталды.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі