Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.02.2017

Мәжілісте үкімет сағаты болады


Астана, 17 ақпан, Мәжіліс Үйі.

 

Дүйсенбі, 20 ақпан  күні   сағат 10-00-де

Мәжілістің отырыс залында

 

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» деген тақырыппен Үкімет сағаты өтеді.

Онда  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы САҒАДИЕВТІҢ баяндама жасайтыны күтілуде.

 

«Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.

 

Отырысқа: қаржы, мәдениет және спорт, еңбек және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, инвестиция және даму, ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің басшылары мен Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілігінен өкілдер шақырылды.

Сондай-ақ шақырылғандардың қатарында  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ, Ұлттық тестілеу орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Ғылым академиясының т.б. өкілдері болады.

 

 (Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі