Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.02.2017

Мәжілістің Бюро отырысы өтті


Астана. 24 ақпан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Ол бойынша мәжіліс депутаттары дене шынықтыру және спорт мәселелеріне түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. 

                Осы күні Палата Ресеймен авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді, сондай-ақ, 1996 жылғы 18 қазандағы Ресеймен теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.

Осы ретте сонымен қатар, 2012 жылғы 11 мамырдағы Қырғыз елімен екі мемлекеттер азаматтарының аталған республикалар  аумағында болу тәртібі туралы үкіметаралық келісімге түзетулерге қатысты хаттаманы, сондай-ақ, осы елмен реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялауға байланысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін белгілемек.

     

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі