Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.03.2017

Мәжілісте жарнама мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді


Астана, 9 наурыз, Мәжіліс үйі. Жұма күні, 10 наурызда Мәжілісте жарнама мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді.  

Отырыста Ұлттық Экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин баяндама жасайды деп күтілуде.

                Жарнама саласындағы заңнаманы талқылауға парламент депутаттары, жарнамалық компаниялар, министрліктердің, Астана, Алматы, Павлодар қалалары әкімдіктерінің және Ұлттық Банктің өкілдері қатысады.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырған дөңгелек үстел Мәжіліс үйінде сағат 14.00-де, № А-235 кабинетінде (конференц-зал, екінші қабат) өтеді.

 

                (Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты).

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі