Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.03.2017

Мәжіліс депутаттары ЭКСПО-2017 террриториясын аралады


Астана, 9 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған Мәжіліс депутаттары «Астана ЭКСПО-2017» территориясын аралады. Мәжілісмендер көрме нысандары жұмысымен танысып, халықаралық шараны ұйымдастыруға арналған жиынға қатысты.

 «Болашақ көрмесі» деп аталатын ұлттық жобаның басты мақсаты – қоғам назарын электр қуатын орынды жұмсау мәселесіне аудара отырып, энергия қуатын таусылмайтын инновациялық энергия қуатымен алмастыру.

Жиналыс барысында орасан жұмыстар атқарылғанын алға тарта келіп, Мәжіліс Төрағасы тура 3 айдан кейін көрікті Елордамыздың энергия саласындағы әлемдік үздік әзірлемелерді паш ететін орталыққа айналатынын атап өтті.   Осы ретте Мәжіліс Төрағасы:

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық жоғары беделінің арқасында біздің еліміз осы ғажайып әрі бірегей шараны өткізуге мүмкіндік алды,-деді.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, ауқымды шараға белгілі бір деңгейде депутаттық корпустың да өз үлесі бар. Мәселен, Парламентте халықаралық көрмелер туралы Конвенция ратификацияланды, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мәселелері жөнінде Заң қабылданды.  

Айта кетейік, жиынға «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, басқа да жауапты департаменттер басшылары қатысып, көрме жұмысы жайында толыққанды мәлімет берді.   Алдағы жоспарлар жайында да тыңғылықты баяндады.

Көрме жұмысымен танысу кезінде Мәжіліс депутаттары Қазақстанның ұлттық павильоны-Сфера, халықаралық павильондар, Конгресс-орталық, бірыңғай қызмет көрсету орталығы, ЭКСПО-қалашық сынды нысандарға айрықша назар аударды.  

Айта кетейік, Ұлттық павильонның құрылысы 2017 жылдың мамыр айында толықтай аяқталады.

Қазіргі кезде бұл нысанда ішкі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 

Шара барысында депутаттар ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатып алды.

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі