Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.03.2017

Мәжілістің Бюро отырысы өтті


Астана. 10 наурыз. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Ол бойынша Мәжіліс депутаттары Сербиямен халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарамақ.

 Келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жолаушылар мен жүктердің тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ, осындай тасымалдарды орындауға рұқсат берілген тасымалдаушылардың жоғарыда аталған мемлекеттердің аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен үшінші елдерге тасмалдарын реттейді.

 Сондай-ақ, жалпы отырыста депутаттар мәдениет мәселелеріне түзетулерге қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарайды деп күтілуде. 

               

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі