Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
13.03.2017

Мәжілісте денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасының таныстырылымы өтеді


                Астана, 13 наурыз, Мәжіліс Үйі. Сейсенбі, 14 наурыз күні, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы таныстырылады.

                Заң жобасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама жасайды деп күтілуде.

Құжаттың тұсаукесері Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің шеңберінде өткізіледі.

Жұмыс тобы бойынша жетекшілікке Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова бекітілді.

Тұсаукесер: Мәжілісте № А235, Конференц-залда (екінші қабат), 14:00-де өтеді.

 

                (Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты, 24-38-22)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі