Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.03.2017

Мәжілісте электр энергетикасы мәселелері бойынша заң жобасы талқыланды


Астана, 16 наурыз, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті дөңгелек үстел өткізді.

Тақырыбы - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамалық негіздері.

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Г.Баймаханова дөңгелек үстел заң жобасының энергия беруші компанияларды ірілендіру жөніндегі негізгі ережелерін жан-жақты талқылаумен қатар республикадағы электр энергетикасы саласын реформалауға қатысты мәселелерді де талқылау үшін ұйымдастырылғанын атап өтті. 

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева қатысып, сөз сөйледі.  

Отырыста аталған тақырыптың жан-жақты аспектілеріне қатысты ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Есімханов С.К., заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі – Мәжіліс депутаты Өтемісов Ш.Ә., «KEGOC» АҚ технологиялық даму бойынша басқарушы директоры Қуанышбаев А.Д. және «Көкшетау Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік коммуналдық мекеменің бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары Алтынсарова Г.Б. баяндама жасады. 

Заң жобасын талқылау барысында электр желілерінің тіректері үшін бөлінген жер учаскелеріне меншік құқығын анықтауға, жылыту маусымына электр энергетика объектілерінің дайындығы мен электр энергиясын экспорттау-импорттауға қатысты мәселелер қаралды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына энергетика, ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, әділет министрліктерінің, Қазақстан электр энергетика қауымдастығы, «KEGOC» АҚ, «КОРЕМ» АҚ және энергетика саласындағы басқа да бірлестіктер мен қауымдастықтардың өкілдері қатысты. 

Нәтижесінде дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды.

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты, Мөлдір Мұса - 24-38-22, фото – Сайлау Майлыбаев)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі