Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.03.2017

Мәжілісте Үкімет сағаты: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту жөніндегі шаралар туралы»


Астана, 18 наурыз, Мәжіліс Үйі. Дүйсенбі, 27 наурыз күні Мәжілісте «үкімет сағаты» өтеді.

Тақырыбы - «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік белсенділікті жақсарту жөніндегі шаралар туралы».

Баяндамашы  –  Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

«Үкімет сағаты» шеңберінде Мәжілістің жалпы отырыс залының фойесінде көрме ұйымдастырылады.

Іс-шара: 2017 жылғы 27 наурызда, сағат 10-00-де, Мәжілістің жалпы отырыс залында өтеді.

 

                (Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты, 24-38-22)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі