Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.04.2017

ҚХА депутаттары қазақ тілінің аясын ғаламтор кеңістігінде кеңейту мәселесін қарайды


Астана, 19 сәуір.Мәжіліс Үйі.

Ертең, бейсенбі, 20 сәуір күні Мәжілісте Қазақстан Халқы Ассамблеясының депутаттық тобының отырысы өтеді.

Отырыста Елбасы белгілеп берген рухани жаңғыру бағдарламасында тілдерді дамытудың маңызы ерекшелігіне назар аударылады.

Депутаттық топтың отырысында Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов баяндама жасайды.

 

Басқосуға Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко, «Тіл әлемі» порталының редакторы Мөлдір Бақытқызы қатысатыны күтілуде.

 

Шара Мәжіліс Үйінде 20 сәуір күні, сағат 16-00-де Конференц залда өтеді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі