Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.04.2017

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның отырысы болады


Астана, 21 сәуір.Мәжіліс Үйі.

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссияның отырысы.

 

Өтетін күні:     2017 ж. 24 сәуір

Өтетін уақыты:  сағат 15:00-де

Өтетін орны:  Мәжіліс үйі, А-312 каб. ( БАҚ өкілдері үшін – А-311)

 

Комиссияның отырысына «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның өкілдері қатысады.

Комиссияның отырысында Инвестициялар және даму министрлігінің және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның өкілдерінің баяндамаларын тыңдау жоспарланып отыр.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі