Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.04.2017

Мәжілісте «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды


Астана, 24 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бүгін инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және  тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу жөніндегі фракция жанындағы «Индустриалық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен  іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша Комиссияның  отырысы өтті.

Комиссия отырысында ««Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау жобаларын іске асыру, машина жасау өндірісін (жеңілдетілген автонесие бағдарламасын) қолдау барысы туралы» тақырыбы бойынша сұрақтар қаралды.

Комиссия Төрағасы Нұртай Сабильянов «Индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен  іскерлік белсенділікті қолдау» бағыты бойынша «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында депутаттардың жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады.

Комиссия отырысына Мәжіліс депутаттары - Комиссия мүшелері, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының,  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның, «Даму» КДҚ» АҚ-ның, «Атамекен» ҚР ҰПК-нің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Талқыланған мәселелерге қатысты Комиссия тиісті ұсынымдар қабылдады.

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі