Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.04.2017

Мәжіліс – «Нұр Отан»: тұрғын үй құрылысының қол жетімділігі


Бүгін Мәжілісте «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға ҚР Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту»  бағыты бойынша Комиссияның отырысы өтті.

Тақырыбы - «Тұрғын үй құрылысының қол жетімділігін арттыру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы».

Комиссияның отырысында Инвестициялар және даму министрлігінің және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның өкілдері баяндама жасады.

Отырыста айтылғандай, статистика комитетінің деректері бойынша 2016 жылы барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 829,6 млрд. теңге инвестициялар немесе 2015 жылына 106,7% жұмсалды.

                Тұрғын үйлердің жалпы ауданын құрайтын 10 512,6  мың шаршы метр пайдалануға енгізілді, ол өткен жылдың сәйкес кезеңіне 117,6%-ды құрады. Жылдық жоспарға тұрғын үй енгізу пайызы 146%-ды құрады (7,2 млн. ш. м).

Оның ішінде 9 140,2 мың шаршы метр жеке меншік есебінен немесе 2015 жылға орай 123,8%. Барлығы республика бойынша  89 385 бірлік баспана, оның ішінде 35 884 жеке тұрғын үй пайлалануға берілді.

Отырыс барысында өңірлерді дамытудың бағдарламасы шеңберіндегі  тұрғын үй құрылысы, әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй құрылысы, жас отбасылар үшін тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаcы аясында тұрғын үй құрылысы, әкімдіктер арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша сұрақтар талқыға салынды.

Комиссияның отырысына «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшылары, Мәжіліс депутаттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның өкілдері қатысты.

Талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушыларымен бірге Комиссияның ұсыныстары әзірленді.

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі таратты, Мөлдір Мұса - 24-38-22. Фото – Еркебұлан Үкібаев)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі