Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.04.2017

Мәжіліс Вице-Спикері Вьетнамнан келген делегация өкілдерімен кездесті


Астана, 24 сәуір, Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-Спикері Гүлмира Исимбаева  Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің сыртқы байланыс жөніндегі комиссиясының төрағасы Хоанг Бинь Куан бастаған  делегация өкілдерімен кездесті.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары  делегация мүшелерін келе жатқан мерекемен құттықтай отырып,  Вьетнам халқына жаңа табыстар мен игілік тіледі. Мәжіліс Төрағасы орынбасарының айтуынша, Қазақстан аталған елді Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әріптес ретінде қарайды. Вице-Спикер атап өткендей, дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде қос ел арасындағы ынтымақтастық барлық салада әсіресе, саяси, сауда-экономикалық бағытта қарқынды дамып келеді. 

Өз кезегінде Хоанг Бинь Куан Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілгеніне сенім білдірді.

Тараптар екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екендігіне назар аударып, осы ретте Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасындағы және Вьетнаммен еркін сауда аймағы туралы келісімнің мүмкіндігіне тоқталды. Басым бағыттар қатарында ауылшаруашылығы, туризм, сондай-ақ, мұнай-газ салаларын атап өтуге болады.  Мәжіліс вице-спикері сонымен бірге, парламентаралық қатынастарды тереңдетудің маңыздылығына тоқталды. Бұл жолда ынтымақтастық жөніндегі топтардың өзара іс-қимылының, заң шығару қызметіндегі тәжірибе алмасулардың мүмкіндігі зор.   

Кездесу барысында Г. Исимбаева меймандарды елімізде жүргізілген конституциялық реформа жайында толыққанды хабардар етті.

Жүздесуге сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары, «Қазақстан-Вьетнам»  ынтымақтастық жөніндегі топтың мүшелері Мұхтар Ерман мен Ирина Унжакова қатысты.  

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі