Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.04.2017

Мәжілісте Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы мәселесі талқыланды


Астана, 28 сәуір. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы  Нұрлан Нығматулин мен  «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумның Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы. Ағымдағы сын-тегеуріндер және келешегі» атты тақырыпта кеңейтілген жиналысы өтті.

-  Мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында  негізгі басымдық кәсіпкерлік ортаны ұлғайту мен түбегейлі өзгерістерге берілген. Біз, Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының  мүшелері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесе отырып  Елбасы тапсырмаларын нәтижелі орындауды қамтамасыз етуге тиістіміз,- деді Мәжіліс Спикері.

Сонымен бірге депутаттық корпус пен кәсіпкерлердің жергілікті өзін-өзі басқару мен электр энергетикасы мәселелері туралы заң жобасын қарастырғанда оң тәжірибелер көрсеткенін атап өтті.

-Мәжіліс депутаттары мен Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы қуат қызметінің бағасын төмендетуге ықылас танытуда. Депутаттар мен кәсіпкерлердің өзара ұмтылыстары мен алдағы уақытта басқа да бағыттарын дамытуға  қолдау көрсеткеніміз жөн,- деді Н.Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы келешекте кәсіпкерлікті негізсіз әкімшілік қысымнан қорғау мәселесі, сонымен бірге экономикалық қылмыстарға қатысты заңнамаларды ізгілендіру бойынша бірлескен жұмыстарды мәлімдеді.

Сондай-ақ,  отандық кәсіпкерлікке қатысты заң жобаларын жасауда қоғамдық тыңдаулар, дөңгелек үстелдер, сараптамалық талдаулар өткізіп, Мәжіліс депутаттары «Атамекен» өкілдерімен бірге аймақтарға көшпелі отырыстарға шығу тәжірибесін енгізуді ұсынды.

- Біз кәсіпкерлерді қолдайтын заңнамалар жасап, Парламентпен бірлескен жұмыс жүргізуіміз керек,- деді өз кезегінде Т.Құлыбаев.

                Жиналыста «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасарлары   Элдар Жұмағазиев пен Нұржан Әлтаев отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету және бәсекелестік қабілеттілікті арттыру жайында ой бөлісті.

                Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин өз сөзін:

-          Инвесторлар мен серіктестер Қазақстан сияқты тұрақты саясаты бар, дұрыс қаржылық құрылымы бар, кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуге қажетті барлық заңнамалары бар елге ғана келеді. Біз осы бағытты ұстанып қызмет жасаймыз,- деп қорытты.

               

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі