Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.04.2017

Депутаттық заң жобасының тұсаукесері: «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы»


                Астана, 28 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі күні, 2 мамырда, Мәжілісте «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұсаукесері болады.

                Парламент депутаттары бастамашы болған заң жобасы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің шеңберінде таныстырылады.

                Іс-шараға мемлекеттік органдардың, парламенттік емес саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

                Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі – Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бекболат Тлеухан.

                Заң жобасының тұсаукесері: сағат 11.30-да, Мәжіліс ғимараты, конференц-залда ( каб.А-235, екінші қабат) болады.

 

                (Мөлдір Мұса – 24-38-22. Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі