Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.04.2017

Мәжіліс депутаттары жалпықалалық сенбілікке қатысты


Астана, 29 сәуір, Мәжіліс Үйі. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған халық қалаулылары мен Палата Аппараты қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.  

Олар Астана қаласындағы «Ұлы Дала» даңғылының бойында «Мәңгілік Ел» даңғылынан бастап «Тұран» даңғылына дейінгі аралыққа қарағай, емен, т.б. ағаштар мен бұталар және бөртегүл көшеттерін отырғызып, суарды.

 

(Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі