Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
12.05.2017

Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету тақырыбында Мәжілісте-Парламенттік тыңдауөтті


Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының  жай-күйі және дамуы туралы»,- деген тақырыпта парламенттік тыңдау өтті.

Оның жұмысына Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин және Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысты.Тыңдау жұмысын Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева жүргізді.

Шара барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ дәрілік саясат саласындағы халықаралық сарапшы Франс Стоббелаар (Нидерланд) тақырыпты таратып айтып, ой бөлісті.

Тыңдауды дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссияның жетекшісі, Мәжіліс депутаты Бейбіт Мамраев шараға әзірлік барысында еліміздің бірқатар өңірлерінде өткізген кездесулерінен баяндама жасады.

Парламенттік тыңдауға сондай-ақ, аймақтық және ірі фармацевтикалық кәсіпорындардың басшылары мен шетелдік сарапшылар, медицина қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Қазір елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіліп жатыр. Бұл жаңалық азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек жасап қана қоймайды, халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Дәрілік заттар қол жетімді болса, терапевтикалық тактиканы жақсартып, ауруханаға жатып емделушілер деңгейін төмендетеді. Содан келіп – пациенттер қымбат медициналық көмектерге шығынданбайды.

Дегенмен, бүгінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселесі тиімсіз. Оның шығыны өсіп, халықтың біразы керекті препараттарды ала алмай отырғаны мәлім.

Сондай негізгі мәселенің бірі: дәрі-дәрмектер мен медициналық заттардың қажеттілігімен барлық деңгейде сапалы қамтамасыз етілмейді, жыл басындағы кешіккен тендердің бұзылуы, баға нарығын реттеудің жетімсіздігі.

Дәрілік заттармен медициналық амбулаторлық көмекпен 52 пайыз, стационарда емдеуде – 48 пайыз көлемінде қамтамасыз етудің көлеміне тегін кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың кейбір аурулары мен санаттар Тізімін (бүгінде ол дәрі-дәрмектер 400-ден асады) жетілдіріп отырады.

Соңғы 10 жылда елдегі фармацевтикалық рынок көлемі 7,2 есеге өсті. Дегенмен, фармацевтикалық өндірістің мәселелері көбейіп келеді. Ең алдымен, көптеген өндірістердің техникалық құрал-жабдықтары ескірді. Осыдан келіп отандық өндірісте шикізат жетімсіздігі мен энерго- тасымалдаушылардың бағаны көтеруінен өнімнің өзіндік құны өсіп шығады. Тағы бір негізгі фактор – шетелдік өндірісшілермен бәсекелестік болып табылады.

Парламентшілердің міндеті – халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын табу.

Тыңдау барысында Мәжіліс пен Сенат депутаттары тақырыпты  талқылап, өзекті мәселелер жайынан баяндамашыларға сұрақ қойды.

Шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұсыныстар әзірленді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі