Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.05.2017

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана, 15 мамыр.  Мәжіліс Үйі.

 

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Осыған орай депутаттар алдағы сәрсенбіде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын екінші оқылымда талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар осы отырыста әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар бойынша заң жобасы да талқыланатын болады.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжіліс «2012 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және де «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы»  заң жобаларын қарастырады.

ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің  2016  жылғы  республикалық бюджеттің  атқарылуы туралы есептері мен  Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы, Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын қорытынды әзірлеуге алады.

Сондай-ақ, Бюро отырысында Палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму  комитетінің  Батыс  Қазақстан  облысында көшпелі отырысын (2017 жылғы 25-27 мамыр) өткізу туралы мәселе де талқыланды.

 

 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі