Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.05.2017

«Халық коммунистері» фракциясы Қазақстанның су қорларын тұрақты басқарудың шараларын талқылады


Астана, 16 мамыр, Мәжіліс Үйі.

Бүгін, Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясы Палата Спикерінің орынбасары Владимир Божконың қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіп, онда Қазақстанның су қорларын тұрақты басқарудың шараларын қарастырды.  

Фракция жетекшісі, депутат Владислав Косарев отырысқа жетекшілік етті.

Су шаруашылығы – күрделі, көпжақты, бірталай қызмет салаларын біріктіретін жүйе болып табылады. Жартысына жақын (44%) су ресурстары шектесіп жатқан мемлекеттер территориясында қалыптасын Қазақстан үшін су шаруашылығын тұрақты басқару мәселелері ең өзекті мәселерінің бірі болып келеді.

Соңғы екі айда болып жатқан Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан областарындағы су тасқындары себептерінен су ресурстарын басқару күйі әлеуметтің көңілін алаңдатуда.

Соған орай, өзара келісілген ең тиімді шешімдерді ойлап табу үшін «Халық коммунистері» фракциясының бастауымен, Халықаралық Аралды құтқару Қорының ҚР-дағы Атқару Дирекицясының, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Офисі және Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығының қолдауымен «Халық коммунистері» депутаттық фракцияның  «Қазақстанның су қорларын тұрақты басқарудың шаралары» тақырыбындағы аталған ашық отырыс өткізілді. Жиналысқа Парламент Депутаттары, мемлекеттік ұйымдар, мамандар және халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.      

Шара басталуында Парламент Мәжілісінің төрағасы Божко Владимир, ЕҚЫҰ Елшісі, Астанадағы Офисінің басшысы Дьердь Сабо және Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығының Атқарушы директоры Абдуллаев Искандар сөз алды.

Отырыста ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары бойынша комитет төрағасы Ислам Әбішев пен депутат Ирина Смирнова баяндама жасады.

 Жиналыс барысында су заңнамасының, тасқын сулардың қауіпсіз өткізуінің және гидротехникалық құрылымдарын қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Мемлекет ішінде су саласындағы мамандарды дайындау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Су ресурстары бойынша комитет төрағасының баяндамасын, парламентшілердің және қатысушылардың пікірін тыңдаған фракция  отырыс нәтижесінде  тиісті Ұсыныстар қабылдады.

 

 (Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі