Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.05.2017

«Нұр Отан»-Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытуды енгізу


Астана, 22 мамыр, Мәжіліс үйі

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» Партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша  Комиссиясының «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытуды енгізу» деген тақырыпта отырысы өткізіледі.

Шараға Парламент депутаттары, Комиссия мүшелері, Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиева, уәкілетті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері шақырылды.

Қаралып отырған мәселе бойынша  негізгі баяндаманы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиева жасайды.

Комиссия отырысы 15-00.А-313 бөлмеде өтеді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі