Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.05.2017

Мәжілісте «Самұрық-Қазына» АҚ-да мемлекеттік ресурстарды қолданудың тиімділігі туралы» дөңгелек үстел болады


Астана,  22 мамыр 2017 ж.  

Ертең 23 мамыр, бейсенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінде

14-30-да Конференц-залда «Самұрық-Қазына» АҚ-да мемлекеттік ресурстарды қолданудың тиімділігі туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел болады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Қаржы және бюджет, Экономикалық реформа және аймақтық даму комитеттерінің мүшелері, «Самұрық-Қазына» АҚ топ-менеджерлері, Қордың қоржындық компанияларының басшылары, «Самұрық-Қазына» АҚ сараптамалық-консультативтік кеңесінің өкілдері шақырылған.

Халық қалаулылары алдында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев баяндама жасайды.

 

БАҚ үшін байланыс:

 

Елена Пак

Сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің аға менеджері

Tel: +7 (717 2) 55 41 14

Email: E.Pak@sk.kz

Жұлдыз Жұмаділова

Сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің аға менеджері

Tel: +7 (717 2) 55 40 28   

Email: Zh.Jumadilova@sk.kz    

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі