Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.06.2017

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Астана, 9 маусым.  Мәжіліс Үйі.

 

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Осыған байланысты депутаттардың қарауына қазақстан-қырғыз қарым-қатынастарына қатысты бір топ заң жобалары ұсынылды.

Олар: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы түзетулерімен.

Депутаттардың талқылауына берілетін осы топта «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, теміржол көлігі көрсететін қызметтерге қол жеткізуді реттеу тәртібін қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да бар.

Сонымен бірге Палата күн тәртібіне Мәжіліске жаңадан түскен заң жобалары да бар. Олар: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобалары.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі