Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.06.2017

ШЫҰ Жастар Форумына қатысушылар Мәжіліс депутаттарымен кездесті


Астана, 9 маусым. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Парламент қабырғасында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы-мемлекеттер Басшыларының кеңесі шеңберінде Жастар Форумына қатысушылардың Мәжіліс депутаттарымен кездесуі болды.

Шараны Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының жастарды қолдау бойынша кураторы Бақтияр Мәкен жүргізіп, форумға қатысушыларды ҚР Парламенті Палаталарының жұмысымен таныстырды. Республикадағы мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерінен хабардар етті. Мемлекет Басшысының жастар ұйымдарына айырықша назар аударатынының арқасында құрылған «Жас Ұлан», «Болашақ» жастар ұйымының жақсы істеріне тоқталды.

Жүздесуге қатысқан жастар халық қалаулыларына сұрақтар қойды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы-мемлекеттер Басшыларының кеңесі шеңберінде Жастар Форумына қатысушылардың кездесуіне Мәжіліс депутаттары – Б.Хаменова, Г.Шиповских, Н.Микаелян қатысты.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі