Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.06.2017

Мәжіліс комитетінің төрайымы ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директорымен кездесті


Астана, 21 маусым.Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб ханыммен кездесті.

Тараптар әңгімені Қазақстан мен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы арасындағы серіктестіктің  ынтымақтастықпен өркендей түсуіне  сенім білдірумен бастады.

Мейман сөз арасында Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктерін атап өтті. Жас мемлекеттің мақсатты даму бағыттарының басымдықтарына жоғары баға берді.

Сонымен қатар Мәжілістің заң шығарушылық қызметінің аталған саланы заңнамамен қамтамасыз етілу мәселесі де айтылды.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының Қазақстанға жасап отырған техникалық және кеңестік көмектеріне де алғыс айтылды.

Аталған жүздесуге Мәжіліс депутаты Зәуре Аманжолова мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қатысты.

 

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі