Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.06.2017

Н.Нығматулин: Еуразиялық елдер интеграциясы Н. Назарбаевтың Еуразиялық жобаларының іс жүзінде орындалуы


                Астана, 27 маусым.Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері өкілдерін еуразиялық ынтымақтастықты дамыту және нығайту үрдісіне белсене араласуға шақырды.

Бұл туралы Н. Нығматулин  «Еуразия аймағында ортақ мүдделер аясында парламентаралық ынтымақтастыққа ықпал ету» тақырыбында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан Еуразия елдері парламенттері төрағаларының екінші жиналысында сөйлеген сөзінде атап өтті.

Мәжіліс Спикерінің пікірінше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан Евразиялық идея макроаймақтық интеграциялық жобалар түрінде жүзеге асып, іс жүзінде өз тиімділігін дәлелдеді. Олардың қатарында  ЕАЭО, АӨСШК және ШЫҰ атауға болады.  

                Бұл маңызды қадамдар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруға, Азияда қауіпсіздіктің перспективалық жүйесін құруға, трансшекаралық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ, білім, әлеуметтік, мәдени салаларда өзара тиімді іс-қимылды нығайтуға бағытталған.  

                Өз сөзінде Мәжіліс Төрағасы елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол», «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бағдарламалары жайында да сөз етті.  

                - интеграция жолындағы нақты қадамдар Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобаларының іс жүзінде орындалуы,-деді Н. Нығматулин.

                Осы ретте Мәжіліс Төрағасы халықаралық терроризм және лаңкестік, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан трансұлттық қылмыс сынды басқа да халықаралық деңгейдегі өзекті сұрақтарға тоқталды.

                Аталған маңызды жиынға 27 елдің өкілдері қатысуда.

Жиналыс нәтижесі бойынша қорытынды құжат – Сеул мәлімдемесі қабылданады деп күтілуде.  

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі