Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.08.2017

Қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері талқыланды.


Астана. 16 тамыз. Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Гүлнәр Бижанова Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық атқару департаменті қызметкерлерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе, осы саладағы заңнамалық құжаттарға баса көңіл бөлінді. Сонымен бірге, депутат Департамент пен оның бөлімшелері жұмысындағы маңызды жайларға, проблемалық мәселелерге, әлеуметтік жұмыс бағыттарына, сотталған азаматтарға психологиялық көмек ұйымдастыру жағдайларына, үкіметтеік емес ұйымдармен байланыс сұрақтарына назар аударды.

Кездесу барысында халық қалаулысы Елбасының биылғы Жолдауына, басқа да мемлекеттік маңызды бастамаларға кеңінен тоқталып, оларды заң тұрғысынан қолдау жолындағы жұмыстар төңірегінде баяндады.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі