Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.10.2017

Н.Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Елшісін қабылдады


Астана, 23 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады.

 

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толуына орай, қос ел әріптестігінің өзара іс-қимылы ТМД кеңістігіндегі интеграциялық дамудың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті.

Н.Нығматулин екі елдің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің өзара түсіністік пен достыққа негізделген тиімді бірлескен жұмысының нәтижесінде түрлі салалар бойынша екі жақты ынтымақтастықтың жоғары нәтижелеріне қол жеткізілгенін айтты.

Сонымен қоса, аймақтық жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК-де екі елдің бірлескен жұмысына ерекше назар аударылды.

Тараптар екі елдің парламентшілері арасындағы байланыстарды нығайтуға шақырды. Сонымен бірге М.Бочарников Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне тоқтала отырып, парламентаралық қарым-қатынасты нығайту екі жақты ынпалдастықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

 

(Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты – 74-63-01. Суретті түсірген С. Майлыбаев)




Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі