Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.10.2017

Мәжіліс Төрағасы ақпарат және коммуникциялар мәселесі талқыланған шараға қатысты


Мәжіліс Төрағасы ақпарат және коммуникциялар мәселесі талқыланған шараға қатысты

Астана. 23 қазан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасы талқыланған дөңгелек үстел отырысына қатысты. Атырау облысында өткен шараны Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ұйымдастырды.

Н. Нығматулин өз сөзінде қазіргі ақпараттық саланың күші мен ықпалына және оның Қазақстандағы даму жағдайына айрықша назар аударып, саланы нығайтудың, отандық ақпарат деңгейін көтерудің, коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Мәжіліс Төрағасы осы өте маңызды мәселеге Елбасы Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында да  ерекше көңіл бөлгенін, Ұлт жоспарында да ақпараттық қоғамды дамыту жөнінде нақты міндеттер қойылғанын, бұл міндеттерді орындау үшін Үкімет қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан заң жобасын әзірлегенін баса айтты. Палата Спикері:

- Президеніміз әрқашанда маңызды шешімдердің барлығын халықпен ақылдасып қабылдау керектігін айтып келеді. Сондықтан, осы құжат та Парламент Мәжілісінде, қоғамдық ортада кеңінен қаралып, көптеген шаралар өткізілді. Бүгін Атырау облысында кездесіп отырмыз. Атырау – еліміздегі ең ірі мұнайлы және қазыналы аймақ. Бұл жерде әлеуметтік-экономикалық жобалар да табысты орындалып келеді. Және ақпарат саласы да жақсы дамыған. Сондықтан, бүгінгі жиынның мақсаты да жергілікті атқарушы органдардың, аймақтық ақпарат өкілдерінің, блогерлердің, қоғамдық ұйым мүшелерінің ұсыныстарын және пікірлерін білу,-деді.

Қазіргі уақытта ақпараттық дамумен қатар, оның қауіпсіздігі де басты назарда екенін ескерген, Мәжіліс Төрағасы әсіресе, ұялы телефон, интернет, компьютер сияқты техникалық жетістіктерге айрықша мән беру керек екенін айтты.

Бүгінгі күні ақпарат қоғамның тірегі, демократияның көрсеткіші, рухани дамудың негізі екенін алға тартқан Н.Нығматулин бүгінгі дөңгелек үстелде айтылған ой-пікірлердің салмақты заң қабылдау үшін рөлі өте зор екенін жеткізді.

Шараға Мәжіліс депутаттары, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен жергілікті БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері , сарапшылар мен блогерлер қатысты.

(ҚР Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі