Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.10.2017

Н. Нығматулин әкімшілік кодекс туралы: ізгілендіру – жақсы іс, бірақ азаматтар есебінен емес


Астана, 25 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен депутаттар Әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы Заң жобасын бірінші оқылымда  мақұлдады.

Жалпы алғанда, бұл Заң жоба әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіруге, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша жекелеген іс жүргізу институттарын жетілдіруге, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің рәсімдік және процестік нормаларын жүйеге келтіруге бағытталған.

Талқылау барысында мәжілісмендер құқық бұзушылықтардың бірқатар түрлері бойынша айыппұл мөлшерлерін азайтуға, салық қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі ай өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тарту, әкімшілік қамаққа алу мерзімдері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау орнына жеткізу мәселелеріне қатысы бар ұсыныстар, сондай-ақ бизнеске әкімшілік қысымды азайтуды қозғайтын түзетулер енгізді.

Шарада депутаттар қолданыстағы Кодекс бойынша айтарлықтай зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін нормаға қатысты баптың жоқтығына да назар аударды. 

Осы ретте әріптестерін қолдаған Палата Төрағасы Н. Нығматулин жеке кәсіпкер 100 теңге көлемінде лицензиялық алым төлемегені үшін 318 мың теңгеге айыппұл салынғанын мысалға келтірді.

Сонымен бірге, Мәжіліс депутаттары арасында  бірнеше рет жасалған тұтынушылар алдау, құжатсыз тауарларды сату  сияқты құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдарды төмендетуге байланысты мәселелер бойынша да пікір-таластар болды.  

Мәжіліс Төрағасы осы көтерілген мәселенің маңыздылығын ескере отырып, заң жобасын екінші оқылымға дайындаған кезде пысықтау қажеттілігін және жаза құқықбұзушылыққа сәйкес болуы тиіс екенін атап өтті.

- Ізгілендіру - жақсы іс, бірақ біздің азаматтар есебінен емес, - деді Н.Нығматулин.

Түзетулерге сәйкес, әкімшілік айыппұлдың мөлшерін орташа алғанда 30%-ға дейін қысқарту, сонымен қатар, әкімшілік жаза түрін  ескерту ретінде кеңейту қажеттілігі ұсынылды. 

Заң жобасы бойынша жұмыс барысында Мәжіліс депутаттары бірқатар ұсыныстар жасады. Депутаттардың түзетулері бірқатар құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдардың азаюына,  салық қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екі ай өткеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тарту және  әкімшілік қамауға алу мерзімі байланысты болды. Сондай-ақ бизнеске әкімшілік қысымның төмендеуіне әсер ететін түзетулер де бар.

Сонымен қоса жалпы отырыста Қазақстан мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы қабылданды.

Сондай-ақ, екінші оқылымда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңының жобасын мақұлданды.

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алып, бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгіледі.   

Ол          Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы Заң жобасы. 

Отырыс соңында Мәжіліс депутаттары орталық мемлекеттік орган басшыларының атына депутаттық сауалдар жолдады. Олар И.Аронова, Т.Сыздықов, З.Аманжолова, К.Абсатиров, И.Смирнова, А.Бектұрғанов, Ж.Ахметбеков, В.Косарев, А.Платонов, А.Жамалов, М.Махамбетов, А.Перуашев, Ж.Омарбекова.   

 

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01, суретті түсірген Ж.Құспанов)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі