Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.10.2017

Мәжілістің Бюро отырысы өтті


                Астана. 27 қазан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан  Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.

                Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі талқыланды.

                Ол бойынша келесі сәрсенбіде Мәжіліс Кедендік реттеу туралы Кодекс жобасын және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде.

Ол ЕуразЭО Кеден Кодексінің кедендік реттеу саласындағы жаңалықтарын регламенттеуді  көздейді. Оның ішінде электрондық кедендік декларациялаудың басымдығы және белгілі бір жағдайларда ғана жазбаша декларациялауды қолдану, декларацияны толтыруға негіз болған құжаттарды кеден органына ұсынбай, кедендік декларацияны беру тағы басқа да мәселелер қамтылған.

Сонымен қатар, осы күні Палата Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялауға байланысты заң жобасын қарайды деп күтілуде.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі