Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
16.11.2017

Мәжіліс – «Нұр Отан»: «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының өңірлерде жүзеге асырылу барысы туралы


Астана, 16 қараша, Мәжіліс үйі. Жұма, 17 қарашада, Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыты бойынша комиссия отырысы өтеді.

Шарада Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының өңірлерде жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасайды деп күтілуде.

Талқылауға Мәжіліс депутаттарымен бірге Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарының жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

               

                Отырыс сағат 15.00-де, А-311 кабинетте басталады.

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі