Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.11.2017

Мәжілісте елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері туралы парламенттік тыңдау өтеді


Астана, 17 қараша, Мәжіліс үйі. Жұма, 24 қарашада, Мәжілісте парламенттік тыңдау өтеді. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері».

Парламент депутаттары осы саланың негізгі мәселелерін және олардың шешілу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.

Парламенттік тыңдауға Мәжіліс басшылығы және Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысады деп  күтілуде. 

Тыңдауға Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың, сондай-ақ сумен жабдықтау және су тарту жүйесі кәсіпорындары өкілдерінің тақырыптық баяндамалары тыңдалады деп қарастырылуда. 

Сонымен бірге отырыста Мәжіліс депутаты, Парламенттік тыңдауды әзірлеу жөніндегі арнайы уақытша комиссиясының жетекшісі - Сәкен Өтебаев баяндама жасайды.

Шараға Парламент өкілдері мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұсынымдар әзірленетін болады.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі