Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.11.2017

Депутаттар «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын талқылады


Астана, 17 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» туралы комиссия отырысы өтті.

Отырысқа депутат Берік Оспанов жетекшілік етіп, Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Ұлттық Қордан бөлінетін және бюджеттік қаражаттың мақсатты және  тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу туралы айтты.  

Комиссияның негізгі міндеті - мемлекеттік қаражатты мақсатты және тиімді жұмсалуына партиялық бақылау жасау, оны игеруге талдау жүргізу, сондай-ақ,  проблемалық мәселелерді зерделеуді және «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Іс-шарада «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының өңірлерде жүзеге асыру барысы туралы Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндалды.

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шарауашылық істері жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық 103 жобаға 48 млрд.теңге бөлінген. Сонымен қатар, бөлінген қаражаттың 11,56 млрд.теңгесі және 47 жобасы Қызылорда ((5,787 млрд. теңге/36 жоба) және Шығыс Қазақстан (5,777 млрд.теңге/11 жоба) облыстарында іске асырылуда.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы 99 мың тұрғын үй, сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама есебінен  22,4 мың пәтер салу жоспарланып отыр.

2017 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға байланысты Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында  512,4 мың.м²/4462 тұрғын үй 244,3 мың.м²/2056 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұсынымдар қабылданды.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі