Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.11.2017

Депутаттар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін жандандыру бойынша ұсынымдар қабылдады


Астана, 20 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте вице-спикер Владимир Божконың төрағалық етуімен Үкіметтік сағат өтті. Онда Ақпарат және коммуникациялар министрі  Д. Абаев мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.

Шара барысында В. Божко мемлекеттік қызметтерді көрсетуді  әрі қарай дамыту үшін  «Ұлт Жоспарының» бесінші «Есептілік мемлекет қалыптастыру» тармағына сәйкес «Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде» Заңы қабылданғанын және оны қарау кезінде Қазақстан Республикасының бес кодексі мен отыз заңына  өзгерістер енгізілгендігін айтты.

                Өз кезегінде Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы Нұртай Сабильянов осы тақырып бойынша бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды. Олар, бірінші кезекте, мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру және оны электрондық форматқа көшіру жөніндегі қызмет тиімділігінің барынша төмен болуы. Тізілімге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жартысынан көбі толығымен не ішінара  автоматтандырылған, яғни   746  көрсетілетін қызметтің ішінде шамамен 300-і қағаз форматта көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді қағаз нысанда көрсететін «көшбасшылардың» қатарына ¬мыналар жатады – денсаулық сақтау (2016 ж. – 45 млн., ағымдағы жылғы 8 айда – 19 млн.), ауыл шаруашылығы (2016 ж. – 5 млн., ағымдағы жылғы 8 айда – 2,5 млн.) және ішкі істер органдары (2016 ж. – 4 млн.,  ағымдағы жылғы 8 айда – 2,3 млн.). Бұл ретте, аталған ведомстволардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтері өздеріңіз білетіндей, мол сұранысқа ие.   

Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын жалпы үйлестіруді өз құзыреті шегінде Ұлттық экономика министрлігі мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүргізіп келеді. Бұл ретте екі министрлік те мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру жұмысын жүргізеді, яғни өздеріңіз көріп отырғандай, оның тиімділігіне ықпал етпей, керісінше төмендетеді.

Екіншіден, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелері мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандырумен тығыз байланысты. Мәселен, интеграциялауға бағытталған «электрондық үкіметті» қалыптастыру мен дамыту жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға 19 млрд. теңгеден астам сомаға бюджет қаражаты жұмсалды.

Үшіншіден, ақпараттық жүйелердің жеткілікті түрде толықтырылмауының өткір проблемасын шешкен жөн. Бірқатар мемлекеттік органдарда электрондық архив мүлдем жоқ. Мәселе - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде деректері пайдаланылатын, мемлекеттік органдардың қағаз мұрағаттарын пайдалану мен санды нысанға көшіруге қатысты болып отыр.

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер бойынша мұрағаттарға қатысты жағдайға тоқталсақ: мұрағаттар сақтау мерзімі 5 жылдан 75 жылға дейінгі істермен 98 %-ға толықтырылған, жыл сайын олар шамамен 394 мың «есептен шығарылған» істермен  толтырылады.

Төртіншіден, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын дамыту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр деп айта алмаймын. Мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету процесін құлықсыз өзгертуде, басқа құрылымдардың тәжірибесін ықылассыз пайдаланып жатыр, толыққанды талдамалық жұмыстар жүргізбейді.

Сонымен қоса, Н. Сабильянов Үкімет сағатын әзірлеу барысында Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстарына барып, сол жердегі мемлекеттік органдардың  қызметін зерделегенін айтты.

Зерттеу барысында Мемлекеттік корпорация филиалдары қызметінің шашыраңқы екенін көрдік. Яғни, Корпорация филиалдарының ағымдағы құрылымы бойынша,  Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы (ӘТВЕО), Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу (ЖКжЖТЗ) департаменті қайта ұйымдастырылған кәсіпорындары облыстық және аудандық деңгейлерде әрқайсысы өз бетінше жұмыс істейді. Сонда қандай тиімділік пен нәтиже туралы айтуға болады» - деді депутат.

Үкімет сағаты аясында басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы мәселелер талқыланып, депуттатар тарапынан Ұсыным қабылданды.

Сондай-ақ, «Үкімет сағаты» аясында Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы Мәжілісте көрме ұйымдастырылды.

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Жасұлан Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі