Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.11.2017

«Нұр Отан» партиясының депутаттары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы ЖОО-да құрылған зертханалардың даму және жұмыс істеу жағдайы туралы


                Астана, 21 қараша, Мәжіліс Үйі. Сәрсенбі, 22 қарашада, «Нұр Отан» партиясының депутаттары Мәжілісте отырыс өткізеді.

Тақырыбы: «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 –2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде базалық жоғары оқу орнында құрылған зертханалардың даму және жұмыс істеу жағдайы туралы.

Талқылау             «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу жөнінде «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша комиссия шеңберінде ұйымдастырылады.

Комиссия отырысының жұмысына Мәжіліс депутаттарымен қатар, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму министрліктерінің өкілдері, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық жоғары оқу орындарының басшылары қатысады.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің проректоры Ж.Б. Жарлығасов, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары А. Мусин баяндама жасап, сөз сөйлейді деп  жоспарланып отыр.

Талқылау қорытындылары бойынша отырысқа қатысушылармен бірлесе отырып, ұсынымдар әзірленетін болады.

 

Отырыс Мәжіліс үйінде, 16 қараша, сағат 16:00-де, А-313 кабинетінде өтеді.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі