Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.11.2017

Мәжілісте «Нұр Отан» фракуиясы аясында жоғары оқу орнында құрылған зертханалардың даму және жұмыс істеу жағдайы талқыланды


Астана, 22 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте «Нұр отан» партиясы Фракциясы аясында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 –2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде базалық жоғары оқу орнында құрылған зертханалардың даму және жұмыс істеу жағдайына қатысты отырыс өтті. Іс-шараға Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Хатшысы Ирина Аронованың төрағалық етті.

Комиссия жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары – Комиссия мүшелері, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму министрлігінің министрліктерінің өкілдері, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің проректоры Ж.Жарлығасовтың, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары А. Мусиннің баяндама жасап, сөз сөйледі.

2015 және 2016 жылдары Ұлттық қордың қаражаты есебінен мемлекеттік бағдарлама шеңберінде барлығы 49 пәнаралық зертхана құрылған. Оларды атап айтсақ, жоғары оқу орындарының бөлінісінде:

1. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Университет базасында 4 зертхана құрылды.  Университеттің зертханасы аккредиттеуден өтті (2017 жылғы 27 қазандағы № 17-877Ө ҰАО бұйрығы). Аккредиттеу саласы: азық-түлік өнімдерін, ауыл шаруашылығы өнімін сынау.

2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

Университет базасында 4 зертхана құрылды.

Ағымдағы жылғы тамызда университет зертханаларды аккредиттеуге ҰАО-ға өтінім берді. Қазіргі уақытта аккредиттеуге дейінгі шартқа қол қойылды, аккредиттеу материалдарына сараптама жүргізілді. Зертханалардың орналасқан жері бойынша зерттеп-қарау а.ж. желтоқсанға жоспарлаған (аккредиттеу саласы: құрылыс өнімін сынау).

3. Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Университет базасында 4 зертхана құрылды.   Ағымдағы жылғы тамызда университет зертханаларды аккредиттеуге ҰАО-ға өтінім берді. Қазіргі таңда аккредиттеуге дейінгі шарттарға қол қою сатысында (аккредиттеу саласы: химия және мұнай өнімін сынау, техникалық машиналарды және цифрлық технологияларды машина жасауда пайдалану). Ұлттық сараптама орталығымен жұмыс орындарын аттестаттауға және «ҚазМетИн» РМК-мен метрологиялық сараптама жүргізу үшін шарттар жасалды.     

4. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Университет базасында 6 зертхана құрылды.  Ағымдағы жылғы қазанда университет зертханаларды аккредиттеуге ҰАО-ның Алматы филиалына өтінім берді. Қазіргі таңда аккредиттеуге дейінгі шартқа қол қойылды, төлем шоты қойылды (аккредиттеу саласы: химия, құрылыс және тамақ өнімдерін сынау). 

5. Атырау мұнай және газ институты

Университет базасында 4 зертхана құрылды. Ағымдағы жылғы тамызда университет зертханаларды  аккредиттеуге ҰАО-ға өтінім берді. Қазіргі таңда аккредиттеуге дейінгі шартқа қол қойылды, төлем шоты қойылды (аккредиттеу саласы: мұнай өнімін сынау).

6. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Университет базасында 4 зертхана құрылды. Қазіргі уақытта университет зертханалардың құжаттарын аккредиттеуге  дайындау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр.  

7. Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Университет базасында 4 зертхана құрылды.  Университет ағымдағы жылғы желтоқсанда ҰАО-ға зертханаларды  аккредиттеуге өтінім жіберуді жоспарлап отыр.

8. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Университет базасында 4 зертхана құрылды. 

9. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Университет базасында 4 зертхана құрылды. Қазіргі уақытта университет зертханалардың құжаттарын аккредиттеуге  дайындау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр.  

10. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Университет базасында 5 зертхана құрылды.Қазіргі уақытта университет зертханалардың құжаттарын аккредиттеуге  дайындау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр.  

11. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Университет базасында 4 тұғырнама құрылды, олар 16 зертхананы қамтиды. Қазіргі уақытта университет зертханаларды толық жасақтау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр. 2018 жылы зертханаларды аккредиттеуді жүргізу жоспарланып отыр. 

12. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

                 «Ұжымдық пайдалану орталығы» ғылыми зертханасы 2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен құрылды. Қазіргі уақытта Ұжымдық пайдалану орталығы ҰАО-ның Алматы қаласындағы филиалында аккредиттеуден өтіп жатыр.

13. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 

Университет базасында 1 зертхана құрылды.Ағымдағы жылғы қарашаның аяғына дейін университет ҰАО-ға зертхананы аккредиттеуге өтінім жіберуді жоспарлап отыр. ҰАО базасында 5 маман оқытудан өтті.

Талқылау «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаражатының нысаналы және тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу жөнінде «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша комиссия шеңберінде өтті.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген А. Иманқұлов)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі