Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.11.2017

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасын қабылдады


Астана, 23 қараша, Мәжіліс үй. Бүгін Елбасы Н. Назарбаев Мәжіліс төрағасын қабылдады.

Кездесу барысында Н. Нығматулин Мәжілістегі заң шығару қызметі жайлы, соның ішінде үшінші сессия барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

– Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды, – деді Н.Нығматулин.

Кездесу соңында Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісін уақтылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Парламент Мәжілісі қызметінің маңызды екенін айтты.

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі