Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.11.2017

Н.Нығматулин: сумен қамтамасыз ету жұмыстарында жүйелілік жоқ


Астана, 24 қараша, Мәжіліс үйі. Астанада Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдау өтуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының және стратегиялық мақсаттарының арқасында Қазақстанның жоғары табыстарға жеткенін, барлық салада көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылғанын сөз ете келіп, Н. Нығматулин ауыз су мәселесіне айрықша назар аударды.

«Су бар жерде береке де бар» дей келіп, Мәжіліс Төрағасы біздің елімізде ауыз су мемлекеттік деңгейдегі негізгі сұрақтардың бірі екеніне тоқталды. 

Осы салада   «Таза ауыз су»,  «Ақ бұлақ» сияқты   бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар  қазіргі уақытта «Өңірлерді дамытудың 2020-шы жылға дейінгі  бағдарламасы»  және «Нұрлы жол» арқылы жалғасын  тауып отыр.

Оны   заңдық тұрғыдан қолдау  үшін  Мәжілісте де көптеген шаралар атқарылып келеді. Депутаттар тиісті  мемлекеттік органдарға ұсыныстар жасап, бюджеттен қосымша қаражаттар  бөлуге де ерекше ықпал еткен.  

Сондықтан,  

- ауызсу мәселесін шешуге мемлекеттен жыл сайын керек қаржы бөлініп отыр. Ендігі мәселе оны тиімді пайдалану. Ал, ол үшін барлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, суды пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу қажет. Осыған орай  жер асты суларын пайдалануға қатысты нақты жоспар жасап, ауылдарда жаңа су құрылыстарын қолға алу керек. Осының барлығы ауызсу мәселесін толықтай  шешуге   мүмкіндік береді,-деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен бірге,   Н. Нығматулиннің пікірінше, халық арасында суды үнемдеп пайдалану туралы ақпарат жұмыстарын  жүргізудің де маңыздылығы зор.

Одан әрі Мәжіліс Төрағасы елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз етуде орын алып отырған олқылықтарға тоқталды. Ол, су құрылғылары нысандарын орнатуда бірізділіктің, сонымен бірге, елді мекендерде су инфрақұрылымдарын тартуда бірыңғай оператордың жоқтығы.   

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі