Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.11.2017

«Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференция


Астана, 24 қараша, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 27 қарашада, Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференция өтеді.

Тақырыбы – «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі».

Форум жұмысына Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Болгария, Венгрия елдерінен парламент басшылары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура қатысады деп күтілуде. 

Сонымен қатар конференцияға Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуы жоспарланған.

Қатысушылардың ішінде Испания, Италия, Армения, Тәжікстан және Үндістан елдерінің парламент депутаттары және үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар, қоғам өкілдері де бар.

Іс-шара 27 қарашада сағат 09.30-да  «Хилтон Астана» қонақ үйі, «Гранд болрум» залында (ЭКСПО-2017 аумағы) өтеді.  

 

(Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі