Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.04.2012

2012 жылғы 19 наурыз - 2 cәуір аралығында Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға Ш О Л У


2012 жылғы 19 наурыз - 2 cәуір аралығында

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі туралы

жарық көрген бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға

Ш О Л У

 

Ақпарат-талдау бөлімі сіздердің назарларыңызға «Бұқаралық ақпарат құралдары Парламент туралы» ақпараттық шолуды ұсынады. Шолуға қазақ баспасөзінде және республикалық телеарналар мен ақпараттық агенттіктерде, сондай-ақ Интернет-басылымдарда жарық көрген материалдар енгізілді. Парламент қызметі туралы мемлекеттік тілде барынша жиі, шұғыл және егжей-тегжейлі ақпарат ұсынған мемлекеттік тілдегі БАҚ арасынан «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алаш айнасы», «Заң газеті», «Алтын Орда», «Нұр Астана», және «Халық сөзі» газеттерін, «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», «BNews.kz», ақпараттық агенттіктерін және «Қазақстан» ТРК, «Хабар» телеарналарының жаңалықтар қызметін атап өтуге болады.

 

Шолуда қамтылған кезең ішінде баспасөзге жасалған мониторинг мынаны көрсетті: парламент тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарының 110 материалында көрініс тапты, олардан 16 жарияланым – Парламент жұмысының заң шығару мәселелеріне, ал қалған     94 жарияланым қоғамдық-саяси жұмыс қырларына қатысты болды.

Атап айтқанда, заң шығару қызметіне орай, 28 наурыз күні  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жалпы отырыста қаралған мәселелер «Егемен Қазақстан», «Айқын»,  «Заң»,  «Алаш айнасы» газеттері, «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі мен «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарының жаңалықтар қызметі арқылы қалың жұртшылыққа жеткізіліп отырды.

Мәселен, депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасын, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы түсті.

 «Алаш айнасы», «Айқын», «Алтын Орда», «Заң» газеттері және «ҚазАқпарат» агенттігі тілшілері Парламент депутаттары жолдаған депутаттық сауалдарда көтерілген мәселелерге өздерінің мақалаларын арнады.

Мысалы, баспасөз беттерінде жиын барысында Розақұл Халмұрадов: «Білім министрлігінің қаулысы өзбек, тәжік пен ұйғырдың құқын бұза ма?» - деген мәселе көтерсе, Азат Перуашев Қазақстан Киото хаттамасы ұсынған мүмкіндікті пайдалана алмай келетіндігі туралы атап айтты.

Парламенттің қызметі бойынша шолуда қамтылған баспасөз материалдарының қомақты бөлігін Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) 20 жылдық мерейтойына келген делегация отырысы шеңберінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің шетелдік парламенттік делегация жетекшілерімен екі жақты кездесулер өткізуі жөніндегі жарияланымдар құрады.

«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, 26 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федералдық Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Ал       27 наурыз күні ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс спикері ТМД-ны құрудағы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айырықша рөлін ерекше атап өтті.

Шолудың «Түсініктемелер мен сұхбаттар» бөлімінде депутаттардың елдегі қоғамдық-саяси өмірдің маңызды мәселелері жөніндегі пікірлері, мақалалары мен сұхбаттары жинақталды. Олардың арасынан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанат Жарасовтың 20 наурыз күні «Егемен Қазақстан» газетінде «Құқық қорғау қарымы артады» атты мақаласын және Ахмет Мұрадовтың 21 наурыз күні жарық көрген «Наурыз – жан мен рухтың мейрамы» атты сұхбатын ерекше бөліп көрсетуге болады.

Сонымен бірге, Парламент депутаттарының ақпарат құралдары беттерінде қоғамды толғандырып отырған мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдіргенін де атап өткен жөн.

БАҚ беттерінде талқыланған өзекті мәселелердің біріне айналған, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен өткен «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы қызметінің қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері» деген тақырыптағы «үкімет сағаты» болды. Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин баяндама жасады. Осы орайда, Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов қосымша баяндама жасаса, «үкімет сағатын» қорытындылаған Мәжіліс Төрағасының орынбасары мәселе жан-жақты талқыланғанын, депутаттар маңызды ұсыныстар жасағанын айтты. Елбасы мен Үкіметтің алға қойған міндеттерін агенттік толық іске асыру үшін депутаттар заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетеді деген сенімін білдірді. («Егемен Қазақстан», «Айқын», «ҚазАқпарат», «BNews.kz»).

 

 

Шолуды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі  Ә. Нұржанова  дайындады.

 

 


ЗАҢ ШЫҒАРУ ҚЫЗМЕТІ


 

Мәжіліс электр энергетикасы мәселелеріне арналған заң жобасын талқылайды

 

  /«ҚазАқпарат». 26.03.2012. Марлан Жиембай./ - 28 наурыз, сәрсенбі күні, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланады. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталған заң жобасы бойынша депутаттар алдында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев баяндама жасайды.

Сонымен қатар, жалпы отырыста  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнімді өндіруге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде баяндама жасайды.

Осы мәселелермен бірге Үкіметтен келіп түскен «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралады. Заң жобасы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілмек.

Сондай-ақ, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөніндегі ұсыныстары қаралады.

 

 

Мәжілістің жалпы отырысына бірқатар мәселелер шығарылады

 

  /«ҚазАқпарат». 26.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Ертең Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді деп жоспарлануда.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда палатаның талқысына шығарылатыны көзделуде. Бұған қатысты депутаттар ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасын тыңдайды.

Сонымен қатар жалпы отырыста  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнімді өндіруге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде баяндама жасайды.

Осы мәселелермен бірге Үкіметтен келіп түскен «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралады. Заң жобасы Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілмек. Сондай-ақ Әлеуметтік-мәдени даму комитетіннің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен  толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөніндегі ұсыныстары қаралады.

 

 

Қазақстанда электр стансыларының - 41, су электр стансыларының 68 пайызы тозды - Б.Сағынтаев

 

  /«ҚазАқпарат». 28.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгінгі таңда Қазақстандағы жылу электр стансыларының 40 пайызы, су электр стансыларының 68 пайызы тозды.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасын, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, аталған заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының электр қуатына қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.  Сондай-ақ, құжат еліміздегі электр стансыларының инвестициялық қызметтерінің ашықтығын қамтуды көздейді.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда жылу электр стансыларының 41 пайызы, ал су электр стансыларының 68 пайызы отыз жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп, өздерінің өндіру қуатын сарқып келеді. Яғни, олардың тозығы жетті деген сөз. Бұл жағдайдың өзі еліміздегі электр қуатының тапшылығын қалыптастырып, экономикаға қауіп төндіреді»,-деді Б. Сағынтаев.

 

 

Энергетика ұйымдары инвестициялық бағдарламаны орындамаса игерілмеген қаражат тұтынушыға қайтарылады

 

  /«ҚазАқпарат». 28.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасын, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған заң жобасы энергия өндіруші ұйымдардың, табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерін орындау үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталады. Сонымен қоса, осы бағыттағы көрсетілетін қызметтер сапасын, энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық қызметінің ашықтығын арттыру қарастырылады.

«Осы бағытта инвестициялық бағдарламаларды бекіту регламенттеліп, инвестициялық бағдарламаларды орындамаған жағдайда олардың игерілмеген қаражаттары тұтынушыларға қайтарылатын болады. Бұдан бөлек, электр стансыларының инвестициялық қызметінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Оның ішінде,  осы бағдарламаға қатысты міндеттемелердің барлығы БАҚ-та жарияланып тұратын болады. Сонымен қатар, инвестициялық міндеттемелердің орындалуына бақылау тетігі күшейтіледі. Олардың инвестициялық міндеттемелері тарифтік табыс деңгейіне сәйкестігі қадағаланады», - дейді Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев.

Министрдің айтуынша, егер энергетика ұйымдары инвестициялық міндеттемелер орындамаса немесе қаражат бағыттан тыс мақсатқа жұмсалса, мемлекет тарпынан тарифтік бағаны төмендетуге қатысты шаралар қолданылатын болады.

Қазақстанның энергетика нарығындағы моделі инвесторлар тәуекелін өтемейді - Экономика министрі

 

  /«ҚазАқпарат». 28.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Қазақстанның бүгінгі таңдағы энергетика нарығындағы моделі инвесторлар тәуекелін өтемейді.

Сондықтан бүгінгі үлгі тиімсіз. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, несие қаражатын тарту кезінде банктер мен басқа да қаржы институттары инвестициялау үшін жоспарланған электр қуаты көлемдерінің қажеттілік кепілдігін талап етеді.

«Ал біз ұсынып отырған қуат нарығының жаңа моделі осы проблеманы шешуге арналады және өнім берушілерге, яғни инвесторларға жаңа құралдарды енгізуді қамтамасыз ететін тетік болып табылады», - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Оның пайымынша, электр қуаты нарығының жұмыс істеуі электрмен жабдықтау жүйесінің ұзақмерзімді беріктілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, электр энергиясына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершіліктер де күшейтіліп отыр.

«Біріншіден, электр стансысының энергияны басқа стансылардан заңсыз сатып алғаны үшін, екінші - электр стансысымен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындамағаны үшін, үшінші - электр қуатын тарифтік шекті бағадан артық өткізгені үшін, төртіншіден - электр стансысының мемлекеттік органдар сұратқан ақпаратты ұсынбағаны үшін айыппұл салынатын жауапкершілік көзделеді», - дейді министр.

 

 

Мәжіліс төрағасы энергетика саласы туралы заң жобасын жан-жақты жетілдіру туралы ұсыныс жасады

 

/«ҚазАқпарат». 28.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Палатаның жалпы отырысында қызу талқыға түскен электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин өз пікірін білдірді.

Ол заң жобасының маңыздылығын атап өтті.

«Электр қуатының 25 пайыздан астамы магистралдық, ішкі орамдық жүйелерде шығынға ұшырайды. Егер біз тұтынушылар үшін жинақталатын тарифтік бағалар туралы айтсақ, міне, сол жерлерде үлкен үнемдеу жасалуы керек. Бірақ осы саланы түгелдей жаңғыртпасақ, 1940 жылдардан бізге жеткен электр жылу орталықтарын күрделі жөндеуден өткізбесек, ертеңгі күні біз энергетикалық апатқа ұшырауымыз ықтимал. Сондықтан бұл саланы дамыту жөніндегі белсенділікті қолдау қажет. Біз осы саланың барлық тетіктерін анықтамай және заңдық тұрғыда реттемей тұрып, бұл заң жобаны екінші оқылымға шығармаймыз. Біз енді ұзаққа созбай, экономиканың осы бір маңызды саласын Президенттің тапсырмасы бойынша нарық талаптарына сәйкес келтіруіміз керек. Басқаша болуы мүмкін емес», - деді Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин.

Осы орайда Палата төрағасы жұмыс тобы мен салалық комитетке заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында бірге жұмыс істеу үшін  кәсіпкерлер қауымдастығын, осы нарықта жұмыс істейтін барлық ұжымның өкілдерін шақыруды ұсынды. Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

 

 

 

 

Электр қуаты әлі қымбаттауы мүмкін

 

/«Қазақстан ТРК». 28.03.2012. Қамар Әміржанова./ - «Электр энергиясы әлі де қымбаттауы мүмкін. Бұл үрдіс 2015 жылға дейін жалғасады. Өйткені, электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған ірі станциялар әбден тозған». Бүгін  Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына келген Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Сондықтан, Үкімет бұл салаға инвесторлар тартпақ. Ал, инвесторлар тарифтерді көтеруді  көздейді.

 Бақытжан Сағынтаев, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі:

Қайта қалпына келтіру үшін оған қаражат керек. Қаражатты қайдан алады, ол тек инвестицияны тариф арқылы белгілеп отыр.  Міне, 2015 жылға дейін Екібастұздағы 1-ші ГРЭС барлық 8 блогы істейтін болады, яғни, осы тариф арқылы өзін-өзі қалпына келтіріп, жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан, ол тариф жылда өсіп отырады.

 Бұл «инвесторлар бағаны қалауынша белгілейді» деген сөз емес. Тариф саясатын мемлекет дер кезінде заңмен реттеп отырады. Бүгін Сауда және экономикалық даму министрлігі Мәжілістің қарауына «Электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын ұсынды. Депутаттар әр өңірде баға әрқилы екенін айтып, біраз шүйлікті.

 

 

Электр энергетиканы дамытуды қолға алу қажет

 

/«Хабар» агенттігі. 28.03.2012./ - Қазақстанның тозығы жеткен қуат көздерін қайта құру, жылу, су электр станцияларын салуға инвестиция тарту мәселесі және тарифтік бағалар саясаты бүгін Парламент мәжілісінде қызу талқыланды.

Бас баяндамашы - экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев электр энергиясы туралы ҚР заңына түзетулер енгізуді ұсынды. Бірінші оқылымнан мақұлданған Заң жобасы нендей мақсаттарды көздейді. Министр бүгінгі таңда жылу, су электр станцияларындағы қуат өндіруші қондырғылардың тең жартысының тозығы жеткенін мәлім етті. Мұндай жағдай елдегі электр қуатының тапшылығына әкелуі мүмкін. Сондықтан осы салаға инвестиция тарту және оның мөлдірлігін қамтамасыз ету – Заң жобасы көксеген бірінші мәселе болып тұр.

Шафхат ӨТЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ХДП ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

-Индустриялды-инновациялық бағдарлама шеңберінде елімізде ірі-ірі индустриялдық жобалар іске асырылып жатыр. Әрине, ең алдымен бұл еліміздегі энергия тұтыну көлемін арттырады, яғни энергия қуатына сұраныс көбейеді деген сөз. Мына қарап отырған Заң жобасында электр қуаты нарығын құру арқылы шешім ұсынылған. Осыған байланысты электр энергиясы қуатын нарығының тетіктері қалай болады?

Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІ:

-Жаңа өзіңініз айтып отырғандай, электр энергиясы дефицитін қысқарту немесе жою жөніндені мәселеде бірнші кезекте әрине, елге жаңадан электр энергиясы стансаларын құру. Ол бірінші кезекте Балқаш жылу электр станциясы, 2 этапта соғылатын болады. Мойнақтағы соғып жатқаны да солай. Алдағы Астана қаласындағы 2,3 ТЭЦ көздерін қарайтын болсақ, оның бәріне үлкен қаражат қажет болады. сол себепті бүгін ұсынып отырған заң жобасы осы дефицитті шешуге жағдай жасайды. Ол біріншіден жаңдан жасалатынөндіріске энергия көздерін шығаратын өндірістерді соғуға арналған.

Палата Төрағасы жұмыс тобы мен салалық комитетке Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында кәсіпкерлер қауымдастығын, осы нарықта жұмыс істейтін барлық ұжымның өкілдерін шақырып, бірге талқылауды ұсынды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз осы саланың барлық тетіктерін анықтамай және заңдық тұрғыда реттеймей тұрып, бұл заң жобаны екінші оқылымға шығармаймыз. Біз енді ұзаққа созбай, экономиканың осы бір маңызды саласын Президенттің тапсырмасы бойынша нарық талаптарына сәйкес келтіруіміз керек. Басқаша болуы мүмкін емес.

 

 

Қуат нарығы экономикаға қысым жасай ма?

 

/«Алаш айнасы». 29.03.2012. Қанат Қазы./ - Энергетика – экономиканың бойына қан жүгіртетін сала. Сондықтан да энергети­ка саясаты елдік дамудың тасын өрге до­ма­ла­тады не қарқынға тежеу салуы ықти­мал. Осының алдын алу мақсатында Экономи­калық даму және сауда министрлігі 2016 жыл­дан бастап елімізде қуат нарығын ен­гізу­ді көздеп отыр. Кешегі Мәжілістің жал­пы отырысында министр Бақытжан Са­ғ­ын­таев осы бағыттағы жаңа жобаның жай-жапсарымен таныстырып, құжатты депу­тат­тардың бастапқы мақұлдауынан өткізді.

Кеңес Одағынан бері сол кеңістіктен шыққан елдер үшін көкейкесті бір мәселе бар, бұл – энергетика нысандарының тозуы. Тозу салдарынан өндірілген қуат тұтынушыға жетпей жатып-ақ жол бойында «қаңғып» кетіп, орасан шығын «құмға сіңіп» отыр. Энергетиканы тиімді, үнемді пайдаланбаудың әлеуметтік соққысы да баршылық. Тозғанды жамап, ескіні жаңарту үшін тұтынушының қалтасына түсетін салмақ қана емес, инвестиция бағытының ашықтығы да маңызды болмақ. Ал энергетика саласындағы қолданыстағы үлгіге келсек, Қазақстанда тарифті инвестицияға айырбастау жүйесі жүргізіліп келеді. Әйтсе де мұның олқы тұстары Үкіметке айқын болып отыр. Кеше төменгі палатадағы депутаттар алдында заң жобасының тұжырымдамасымен таныстырған экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәселені осы тұстан бастады. Министрдің айтуынша, аталған заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының электр қуатына қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сондай-ақ құжат еліміздегі электр стан­сыларының инвестициялық қызметтерінің ашықтығын қамтуды көздейді. «Қазіргі уақытта Қазақстанда жылу электр стан­сыларының 41 пайызы, ал су электр стан­сыларының 68 пайызы 30 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп, өздерінің өндіру қуатын сарқып келеді, яғни олардың тозығы жетті деген сөз. Бұл жағдайдың өзі еліміздегі электр қуатының тапшылығына алғышартты қалыптастырып, экономикаға қауіп төндіреді», – дейді Бақытжан Сағын­таев. Сондықтан Үкімет энергетика сала­сын­дағы нысандардың жұмысын жетілдіре түсуді құптап отыр. Мұнда да алдымен тозығы жеткен нысандарды жаңартуға қатысты инвестициялық міндеттерді орындауға баса назар аударылмақ. Бұл ретте билік әсіресе энергетика саласы бойынша инвестициялық бағдарламаға селқос қарағандарды айыппұл арқылы жөнге салуды көздепті. Министр Бақытжан Әбдірұлының Мәжіліске әкелген заң жобасы дәл осы энергия өндіруші ұйым­дар­дың инвестициялық міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қарастырады. Сонымен қатар бұдан былай әлгіндей қуат өндіретін ұйымдардың инвестициялық қызметі жұртшылық үшін де ашық болады. Ал егер энергетиктер инвестициялық бағдарлама­ларды орындамаса, олардың игерілмеген қаражаты тұтынушыларға қайтарылады. Яғни, бір сөзбен айтқанда, мемлекет энер­ге­тик­тер үшін инвестициялық бағдарлама­лардың орындалуына қатысты бақылау тетіктерін күшейтуді қолға алатын болады. «Егер энергетика ұйымдары инвестициялық міндеттемелерін орындамаса немесе қаражатты бағыттан тыс мақсатқа жұмсаса, мемлекет тарапынан тарифтік бағаны төмен­де­туге қатысты шаралар қолданыла­тын болады», – дейді бұл турасында эко­номика министрі. Жалпы алғанда, осындай энергетикалық саясаттың негізінде елімізде 2016 жылдан бастап қуат нарығын енгізу жоспарланып отыр. Депутаттар талқысына ұсынылған құжаттың да түп-төркіні осы нарықты жандандыруға қатысты болса керек.

Мәжілістің жалпы отырысына дейін заң жобасын біршама күзеп-түзеген депутаттар елдің экономикасынан бастап, қарапайым тұтынушыға дейін әсер ететін құжаттың талқысына барынша белсенділік танытты. Мәселен, бұған дейінгі талқылаулар барысында бір топ депутат еліміздегі қуат өндіретін ұйымдарға сауал жолдап, жоба­дағы жаңалықтарға қатысты ұсыныс-тілек­терін тыңдапты. Сөйтсек, елдегі энергетик­тер Экономика министрлігі ұсынған заң жобасымен толық келісе бермейді екен. «2016 жылдан бастап қуат нарығын енгізу ең алдымен осы саладағы инвестициялық тартымдылыққа жәрдем болуы керек еді. Ал мұнда жәрдемге жөнді мән берілмегенге ұқсайды. Энергетиктердің сөзінше, заң жобасы аталған нарықты енгізуге қатысты нақты тетіктерді қамтымай отыр», – дейді өндірушілердің сөзін сөйлеген депутат Рахмет Мұқашев. Қызу талқылауға ара-тұра спикер де араласып, жобаның жүкте­ген салмағын да еске салып отырды.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

– Депутаттар дұрыс көтеріп отыр. Қуаттың 25 пайызына жуығы магистраль­дар­да, ішкі кварталды желілерде «жоғала­ды». Үнемділік жоқ. Жаңғыртуды, қайта жа­ңар­туды жүзеге асырмайынша, энер­гети­калық коллапстан құтыла алмаймыз. Сондықтан да екінші оқылым барысындағы талқылауда бизнес қауымдастық, осы нарықта қызмет ететіндердің барлығы кеңінен қатыстырылсын. Олар хат жолдап қойып отыра бермесін, келсін, қатыссын. Біз заң жобасының ұңғыл-шұңғылын түген­деп шықпайынша, оны Мәжілістен ешқайда аттап шығармаймыз.

Рауан Шаекин, Мәжіліс депутаты:

– Бұл заң жобасы жаңадан салынатын нысандар үшін емес, бүгінгі істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар үшін жасалып жатыр. Осыны шатастырмайық. Дегенмен министрлер отырғанда бір нәрсені – ашық­тыққа қатысты мәселені анықтап алуымыз керек. Мәселен, бүгінде Қазақстан мен Ко­рея арасында келісімдер жасалып жатыр. Ол Парламенттен де өтеді. Сосын Балқаш ЖЭС-ін салықтан белгілі бір деңгейде босататын боламыз. Бұл жөн бе? Мәселен, Абу-Даби плаза үшін Қорғаныс министрлігі жанынан әуежайға дейінгі аралықты алып жатқан жерге қатысты салықтан босаттық. 20 жылға. Ол кезде бізге Жәмішев келіп, олардың 6 млрд долларды Қазақстанның құрылыс нысанына салатынын айтқан болатын. Осы орындалды ма?

Владимир Косарев, Мәжіліс депутаты:

– Қазақстандағы энергетика саласында парадокстық жағдайлар жеткілікті. Мәселен, бізде нақты қуат өндіру мүмкіндігі 20 мың МВт (Мегават) шамасында болса, іс жүзінде 14 мың МВт өндіреміз, ал тұтынатынымыз – 12 мың МВт қана. Мінеки, бұл – өте үлкен проблема. Өйткені біз қуатты кеңейту туралы айтып отырмыз да, қолда бар энергияны мүлде дұрыс пайдаланбай келеміз. Ал заң жобасына келсек, сіздер қуатты дамытамыз деп келіп, оны дамытудың орнына қуат көзін кеңейтуге асығатын секілдісіз. Сол үшін желілер арасында тәртіп болуы шарт. Тарифті де «күн», «түн», «қыс», «жаз» деп саралаудың қажеті шамалы. Сондықтан заң жобасын асықпай, кең отырып талқылайық.

Спикердің тағы бір жаңалығы

Өзіне берілген уақытты асыра пайдаланушы депутаттарға спикер бұдан былай ауыз ауыртпайтын секілді. Кешегі отырыста да уақытқа қатысты қатарынан екі мәрте ескерту жасаған төраға Нұрлан Нығматулин өзара сыйластықты «дұрыс» бағалауды сұрады. «Регламентте сауал жолдауға 5 минут уақыт берілген. Ендеше, мәтінмен жұмыс істеңіздер. Болмаса, мынадай хабарлама: келесі отырыстан бастап режим енгіземіз. Егер сауал жасайтын депутат 5 минутқа айтарын сыйғыза алмаса, микрофон автоматты түрде сөнетін болады. Бітті», – деп түйіндеді спикер.

 

 

 

 

 

Энергетиканы реттеу – уақыт талабы

 

/«Егемен Қазақстан». 29.03.2012. Асқар Тұрапбайұлы./ - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен кешегі жалпы отырыста электр және жылу энергиясын реттеу мәселелеріне қатысты заңдық құжат депутаттардың қызу талқысына түсті. Аталған заң жобасының маңыздылығына спикер де ерекше тоқталды.

– Электр қуатының 25 пайыз­дан астамы магистралдық, ішкі орамдық жүйелерде шығынға ұшы­райды. Егер біз тұтыну­шы­лар үшін жинақталатын тарифтік бағалар туралы айтсақ, міне, сол жерлерде үлкен үнемдеу жа­са­луы керек, – деді Нұрлан Зай­рол­лаұлы. – Егер бұл сала жаңғыр­тыл­маса, онда 1940 жылдардан келе жатқан электр-жылу орта­лық­тары апатқа ұшырауы ықти­мал. Біз осы саланың барлық тетіктерін анықтамай және заңдық тұрғыда реттемей тұрып, бұл заң жобасын екінші оқылымға шы­ғар­маймыз.

Сондықтан экономиканың ма­ңызды осы бір саласын Прези­дент­тің тапсырмасына орай на­рық талаптарына сәйкес келтіру уақыт талабынан туындағаны ақи­қат. Осы ретте палата бас­шысы жұмыс тобы мен салалық комитетке заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында кәсіпкерлер қауымдастығы мен осы рынокта жұмыс істейтін бар­лық ұйымдар өкілдерін шақы­ру­ды ұсынды.

Заң жобасының толық атауы «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъек­тілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толық­ты­ру­лар мен өзгерістер енгізу тура­лы» деп аталады. Ол бойынша баяндаманы Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев жасады. Заң жобасы табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің ин­вес­тициялық міндеттемелерін орын­даудағы жауапкершілігін кү­шейтуді, қызмет сапасы мен энергия өндіруші ұйымдардың ин­вестициялық қызметі ашық­ты­ғын арттыруды көздейді. Сон­дай-ақ заңдық тетіктер еліміз эко­номикасының электр энергия­сы мен қуатына қажеттілігін қам­тамасыз етуге бағытталған. Қа­зір­гі уақытта жылу электр стан­саларының өндіруші қуаттары­ның 40 пайызы және су электр стансаларының өндіруші қуат­тары­ның 68 пайызы 30 жылдық жұмысын толық өтеп біткен. Бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына қауіп төндіруде. Сон­дық­тан Үкімет тарифті инвес­ти­цияға айырбастау саясатын іске асыруда қазіргі бар ұлттық те­тіктердің тиімсіз себептерін анық­тап, тиісті түзетулер әзір­ле­ді, деді Б.Сағынтаев.

Егер инвестициялық бағдар­ла­ма­лар орындалмаған жағдайда, игерілмеген қаражаттар тұты­ну­шыларға қайтарылып берілуге тиіс. Және де оған қатысты бар­лық ақпараттар бұқаралық ақпа­рат құралдары бетінде жария­лануы тиіс деген норма да назардан тыс қалмаған. Яғни, инвестиция тарифтік табыс деңгейіне сәйкес болатындай тетік қарас­тырылып отыр. Депутаттар тұ­ты­нушылардың құқықтарын қорғау және көрсетілетін қызметті негізсіз тоқтатуды болдырмау мақ­са­тында Азаматтық кодекске тұ­ты­нушылар тарапынан есепке алу аспаптарының нақты көрсет­кіш­те­рі бойынша ақы төлеу нор­масын бекіту, тұтынушыларға электр энергиясын беруді заңсыз шектегені немесе ұйымның тұ­ты­ну­шылармен энергиямен жаб­дық­тау туралы шарт жасасудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауап­тылыққа тарту қажет деп шешті. Сонымен бірге, заң ар­қылы энергияны немесе суды заң­сыз қосқаны және пайдалан­ғаны үшін, электр стансаларын, желілерін және жабдықтарын техникалық пайдалану­дың белгіленген қағидаларын бұзғаны және электр желілерін бүлдіргені үшін жауапкершілік күшейтіл­ген.

Кешегі отырыста бұдан басқа «Ұж­ым­дық Қауіпсіздік туралы шарт ұйы­мы шеңберінде әскери мақсаттағы өн­ім­­ді өндіруге қа­ты­сатын кәсіп­ор­ын­дар мен ұйым­дар­дың мамандануын сақтау ту­ралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды. Ол жө­нін­де Қорғаныс министрі­нің орынбасары Талғат Жан­жү­ме­нов баяндап берді.

Отырыста сондай-ақ Үкімет­тен ке­ліп түскен «Қазақстан Рес­публикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері ара­сындағы Қыл­мыскерлерді ұстап беру туралы ке­лісімді ратификациялау ту­ра­­лы» заң жобасы бойынша қоры­тын­ды әзірлеу мәселесі қаралды. Әлеу­мет­тік-мәдени даму комите­ті­нің «Қазақ­стан Республика­сы­ның мемлекеттік рәміздері тура­лы» Қазақстан Респуб­ликасының Конституциялық заңына өзгеріс­тер мен толықтыру енгізу тура­лы» және «Қазақстан Респуб­лика­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне мем­лекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» екі заң жобасымен жұ­мысты жалғастыру жөніндегі ұсыныс­тары қолдау тапты.

 

 

Қаржылық пирамида туралы заң қажет

 

/«Айқын». 29.03.2012. Айхан Шәріп./ - Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жалпы отырыста заң жобалары талқыға салынды.

Депутаттардың талқысына түскен заң жобасының ішінде біріншісі - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы».

Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаевтың баяндамасы тыңдалған соң, заң жобасы бірінші оқылымда талқыға салынды.

Палатада қызу талқыға түскен мәселе туралы Мәжіліс төрағасы бұл заң жобасының маңыздылығын атап өтті. Нұрлан Нығматулин: «Электр қуатының 25 пайыздан астамы магистралдық, ішкі орам­дық жүйелерде шығынға ұшы­райды. Егер біз тұтынушылар үшін жинақталатын тарифтік бағалар туралы айтсақ, міне, сол жерлерде үлкен үнемдеу жасалуы керек. Бірақ осы саланы түгелдей жаң­ғыртпасақ, 1940 жылдардан бізге жеткен электр жылу орталықтарын күрделі жөндеуден өткізбесек, ертеңгі күні біз энергетикалық апатқа ұшырауымыз ықтимал. Сондықтан бұл саланы дамыту жөніндегі белсенділікті қолдау қажет. Біз осы саланың барлық тетіктерін анықтамай және заңдық тұрғыда реттеймей тұрып, бұл заң жобаны екінші оқылымға шығар­маймыз. Біз енді ұзаққа созбай, экономиканың осы бір маңызды саласын Президенттің тапсырмасы бойынша нарық талаптарына сәйкес келтіруіміз керек. Басқаша болуы мүмкін емес».

Мәжілістің кешегі жалпы отырысында Үкімет басшысының атына ресми сауалды депутат Меруерт Қазбекова жол­дады. Оны мемлекетімізде қар­жы­лық пирамида қағидаты бойын­­ша жұмыс істейтін алаяқтар ұйым­дарының қауырт, белсенді іс-қимылға көшкендігі алаңда­тады. «Қазақстанда Сергей Мав­роди­дің «МММ - 2011» деп ата­латын пи­рамидасы істеуде, - деді Меруерт Айтқажықызы. - Ол ха­лықтан салымдарды негізсіз жоғары пайыз­дармен, электронды ақша және виртуалды билеттер түрінде қабылдауда. Бұл ретте ұйым­дастырушылар пирамида­ларының кез келген мезетте бан­кротқа ұшырауы мүмкіндігін жасыр­майды». Бір қынжыл­татыны, Мавродиге қарсы Ресей де қайрат қыла алмай отыр. Өйт­кені за­манауи жоғары техноло­гиялар қаржылық операцияға қатысу­шыларды интернет арқылы тартуға мүмкіндік береді, ал бұл қаржы ағындарын қадағалауды, заң тұрғысынан жауапкершілікке тартуды қиындататын көрінеді. Оның үстіне барлық операциялар­дың ғаламтор арқылы жүруі, депу­таттың түсіндіруінше, қазақстан­дықтарға кейін сол салымын қай­тару мүмкіндігін жоққа теңес­тіреді екен.

Әзірше «МММ» торына кө­біне, ғаламторда еркін «жүз­гендер» түсуде. Алайда ең қорқы­ныш­тысы сол, Мавродидің өкіл­дері қарапайым халыққа да жет­пек: бұл үшін заң аясында сол «алаяқтар көсемінің» бейнесі салынған би­лет­тер шығарылып, олар «өнер туын­дысы» деп жария­ланады деседі, содан кейін ел арасында сол «өнер туындылары» еркін саудалана бастамақ. Кел­меске кеткір Кеңес­тен «сәлемдей», бұл билеттердің Қазақстанда тағы таратылуына тосқауыл қоюдың қамын билік қазірден жасағаны, абзал. Әйтпесе, алданған мил­лиондардың ашынып, көшені жабуы не екен­дігін сонда көре­міз!

Депутат М.Қазбекова қазақ­стан­дық заңнамада тіпті «қар­жылық пирамида» ұғымының жоқ­тығын анықтапты. «Онда электрондық ақшалардың заңсыз айналымы ұғымы да жоқ, - дейді қалаулы. - Азаматтық та, қылмыс­тық та заңнамада қаржылық пирамиданы ұйымдастыру­шы­лар­ды жауапкершілікке тарту туралы арнайы нормалар жоқ». Содан ба, бүгінде Ұлттық банктің қаржылық ұйымдарды қадағалайтын құзырлы комитеті бар болғаны азаматтарды сақ болу және Мавродидің жаңа ұйымымен ынтымақтасқандарға қаражаттарын жоғалту қаупі төнетіндігі туралы ескертумен шектелді. Депутат ханымның мәліметінше, «өзінің әрекетсіздігін уәкілетті орган тиісті құқықтық базаның жоқтығымен негіздепті». Сол себепті Меруерт Қазбекова халықты қан қақсататын әлгілер­мен пәрменді күресу үшін Үкі­метке қаржылық пирамидалар ту­ралы заңнама түзуді ұсынды. Яғни пирамида құру «алаяқтық» деп танылуға тиіс.

Кеше Төменгі палата мем­лекет­тік символдар туралы жаңа конституциялық заңның жобасын қарауды қоңыр күзге қалдырды. Бұл жобаны айналасында көп дау туу кесірінен, Үкімет кері қайта­рып алмақ та болған. Мәселен, ол жеке нотариустерге елтаңбасы бар мөр басуға ұлықсат етпек. Жоба жөнінде баяндама жасаған депутат Д.Назарбаеваның айтуынша, нотариалды куәландырылған кейбір жеке мәмілелер кейін жағымсыз құқықтық салдарлар туғызуы мүмкін. «Жеке нотариус­тың мөрінде, тиісінше құжатта мемлекеттік елтаңбаның болуы сондай мәміле бойынша мемле­кет­ке жауапкершілік артуына әке­луі ғажап емес» деді ол. Депу­таттар мазаққа ұқсатып, мемле­кет­тік символдарды мемстан­дарт­тарға мүлде лайықсыз күйде жа­сау­шыларды қылмыстық жауап­кершілікке тартуды ұсы­ныпты. Бұған қоса, шетелден, сонда әзір­ленген Қазақстанның мемлекеттік нышандарын әкелуге тыйым салынуы ықтимал. Қалау­лылардың бұл ұсыныстарын Үкімет зер­делемек. Конститу­ция­лық заң жобасына депутаттар 14 қарашадан кейін оралатын болды.

 

 

Энергия нарығы қалыптастырылмақ

 

/«Заң газеті». 30.03.2012./ - Елімізде жылу электр станциялары өндіруші қуаттарының 41 және су электр станцияларын өндіруші қуаттарының 68 пайызының пайдалану мерзімі бітіп, әбден тозығы жеткен.   Бұл жағдай  энергия тапшылығын тудырып,  ел экономикасының дамуына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан, уақыт оздырмай   елімізде электр қуатын өндірушілер нарығын құрып, олардың арасында таза, еркін бәсекені қалыптастырудың заңнамалық тетіктерін іске қосу қажет.

   Осы аптада Парламент Мәжілісін­де бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасында құжат бойынша  түсініктеме берген  ҚР Эко­номикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев бұл құжаттың қажеттігін осылай деп мәлімдеді.

 Оның айтуынша, еліміздегі энергия өндіруші қуат көздерінің мүмкіндігін кеңейту  электр станцияларының инвестициялық қызметінің ашықтығын арттыру, олардың инвестициялық міндеттемелері орындалысын  тарифтік табыс деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылмақ.

 Министр мырза осы ретте табиғи монополия субъектілерінің ин­вес­тициялық бағдарламаларды орын­дамаған жағдайда игерілмеген қара­жатты тұтынушыларға қайтаруға мін­детті  болатынын айрықша атап өтті. Оның айтуынша, бұл түзетулер тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және  табиғи монополия субъектілерінің инвестицияларды салу кепілін құру үшін енгізілді.

 Жаңа құжатта, сонымен қатар, олар үшін әкімшілік құқықтық жауапкершіліктер де белгіленіп отыр. Айталық, электр станцияларына  электр қуатын шекті тарифінен асатын баға бойынша өткізгені, мемлекеттік  органдар сұратқан ақпаратты ұсынбағаны үшін айыппұл салынатын болады. Сонымен қатар, тұтынушыларға электр қуатын беруді заңсыз тоқтатқаны үшін де жауапкершілік белгіленіп отыр.

Депутаттар негізінен электр қуа­тын өндірушілер нарығының қалай құрылатынын білгісі келді. Министр бұл шараның алдымен  республика аумағында  жаңадан электр энергиясы стансаларын салу арқылы жүзеге асырылатынын айтты.  Оның мәлімдеуінше, елімізде бірінші кезекте Балқаш жылу электр станциясы 2 кезеңде  салынатын болады. Сонымен қатар, Астана қаласындағы жылу электр станциясының екі блогы іске қосылмақ. Қазіргі таңда Мойнақта  жаңа станцияның құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, бұрыннан келе жатқан қуат көздерін жетілдіру шаралары да қолға алынбақ.   Осының бәрі 2016 жылға дейін біртіндеп жүзеге асырылып, елде қуат көздерінің еркін бәсекесіне жол ашылмақ. Бұл өз кезегінде тұтынушыларға ұсынатын қызметтің сапасын арттырып, олардың бағасын да төмендетпек.

Алайда, сөз алған депутаттардың көбі заңның шикі тұстарының көптігін атап көрсетті. Мұны заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау жөніндегі шешімді жария етер алдында Палата төрағасы Нұрлан Нығматуллин де айтты. Ол  жұмыс тобы мен салалық комитетке заң жобасын қарау кезінде кәсіпкерлер қауымдастығын, осы нарықта жұмыс істейтін барлық ұжымның өкілдерін шақырып, жан- жақты талқылау қажеттігіне назар аудартты.

Жалпы отырыста, сонымен қатар, «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсат­тағы өнімді өндіруге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы толықтай мақұлданып, Сенатқа жіберілді. Үкіметтен келіп түскен «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралып, ол Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелді.

Сондай-ақ, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасымен жұмысты жалғастыру жөніндегі ұсыныстары қабылданды.

 

 

ҰҚШҰ аясында әскери мақсаттағы өнім өндіретін кәсіпорындар сақталатын болады

 

  /«ҚазАқпарат». 28.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнімді өндіруге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған келісімнің мақсаты тараптардың әскери бағыттағы өнімді жасауға, ол үшін қажетті материалдар мен жартылай фабрикаттарды, жинақтаушы элементтер мен бұйымдарды, сондай-ақ әскери мақсаттағы жұмыстарды орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтауға қатысты қажетті жағдайды қамтамасыз ету болып табылады. Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменовтың айтуынша, келісімде ҰҚШҰ қатысатын тараптардың уәкілетті органдары айқындалып отыр.

«Құжатта әскери мақсаттағы өнім жасауға қажетті материалдар мен жартылай фабрикаттарды өзара жеткізу шарттары да тұжырымдалып отыр. Сондай-ақ жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді қабылдап алу, сапасын бақылау шарттары айқындалған», - дейді министр орынбасары.

Заң жобасына сәйкес, тараптар өздерінің ұлттық заңнамасына және халықаралық шарттар аясында әскери мақсаттағы өнімді жасауға, осы үшін арнайы жұмыстарды орындап, ақпарат алмасуға мүмкіндік алады.

Келісімге 2010 жылғы 10 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған.

 

 

Ресей Қазақстандағы әскери мақсаттағы өнім өндіретін 19 кәсіпорынның мамандануын сақтауды ұсынады

 

/«ҚазАқпарат». 28.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Ресей Қазақстандағы әскери мақсаттағы өнім өндіретін 19 кәсіпорынның мамандануын сақтауды ұсынады.

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде әскери мақсаттағы өнімді өндіруге қатысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандануын сақтау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменовтің айтуынша, келісімге сәйкес уәкілетті органдар ҰҚШҰ-ның Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясына әскери мақсаттағы өнім өндіруге лайықты кәсіпорындардың тізбесіне қатысты өз ұсыныстарын бере алады. Министр орынбасарының сөзіне қарағанда, аталған тізбенің болуы тараптардың қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін бірлесіп жасап шығаруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта ҰҚШҰ мемлекеттері осындай тізбені әзірлеп жатыр. Ол тізбе келісілген соң ҰҚШҰ мемлекеттер үкіметтеріне бекітуге жолданады. Мәселен, Ресей тарапы Киров атындағы машина жасау зауыты, Семей машина жасау зауыты, Батыс Қазақстан машина жасау зауыты, Зенит-Орал машина жасау зауыты, «Казцинк» АҚ  секілді 19-дан астам қазақстандық кәсіпорын мен ұйымдардың мамандануын сақтап қалуды ұсынады. Ал Беларусь тарапынан «ҚазАрнаулыЭкспорт» мемлекеттік кәсіпорынының мамандануын сақтау туралы ұсыныс жасалды. Өз кезегінде Қазақстан, Беларусь және Армения тараптары Ресейдегі мамандануын сақтауға қатысты кәсіпорындар тізбесіне 420 ұсыныс жасады», - дейді Т. Жанжүменов.

 

 

Мәжілістің пленарлық отырысы

 

  /«Қазақстан ТРК». 28.03.2012. Дулат Абибуллаев./ - Дәл қазір Парламентте Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі басқосуда 5 Заң жобасы талқыланады. Олардың қатарында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заң жобасына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы Заң да бар. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарға лицензия беру мәселесін қайта қарау талқыланып жатыр. Мәжілістің пленарлық отырысында қаралған мәселелер жайлы алдағы хабарларымызда айтатын боламыз.

 

 

Мәжіліс Бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы қаралды

 

/«ҚазАқпарат». 30.03.2012. Айдын Бәймен./ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палата Бюросының отырысы өтті.

Онда салалық комитеттердің ұсынуымен Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібі қалыптастырылды.

Қаржы және бюджет комитетінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда палатаның талқысына шығарылатын болды.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жалпы отырысқа шығаруға дайын екендігін мәлім етті.

Бюро отырысында Үкіметтен келіп түскен «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Чернобыльдегі және басқа радиациялық апаттар мен авариялар, сондай-ақ ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қорғау және олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралды. Заң жобасымен жұмыс істеу міндеті Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жүктелетін болды.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу үшін Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне жіберілетін болды.

 


 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛДАР


 

Қазақстан Киото хаттамасы ұсынған мүмкіндікті пайдаланбай, 1 млрд. доллардан қағылды

 

/«ҚазАқпарат». 28.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Қазақстан Киото хаттамасы ұсынған мүмкіндікті пайдалана алмай келеді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Азат Перуашев мәлім етті.

«Осыдан 3 жыл бұрын Қазақстан Киото хаттамасына қосылуды қарастыратын келісімді ратификациялады. Хаттамаға сәйкес, біздің еліміз өзіне парниктік газдардың шығарындысын азайтуға қатысты  міндеттеме алған болатын. Екінші жағынан Киото хаттамасына қатысу Қазақстанға эмиссиялық квоталармен сауданың халықаралық жүйесіне енуіне («В» Қосымша) мүмкіндік ашқан еді. Алайда өткен 3 жылдан бері Қазақстан түсініксіз себептермен Киото хаттамасының «В» Қосымшасына  енбей отыр», - дейді депутат Азат Перуашев. Оның айтуынша, Қосымшаға енбеудің салдарынан Қазақстан өзіне тиесілі мүмкіндіктерден қағылып келеді. Мәселен, халықаралық сарапшылардың бағалауынша, мұндай жүйеге ену еліміздегі ұлттық кәсіпорындарды жаңғырту, балама энергия көздерін дамыту шараларына алғашқы жылдың өзінде-ақ 3 млрд. доллар тартуға мүмкіндік беретін еді.  Кейіннен бұл көрсеткіш жыл сайынғы 300 млн. доллар деңгейінде болады. Депутаттың сөзіне қарағанда, Киото хаттамасына қосылған посткеңестік кеңістіктегі  Латвия, Эстония, Украина секілді мемлекеттер аталған мүмкіндікті қазірдің өзінде пайдалануда.

«Жоғарыдағы сараптамалық бағалауды ескерсек, осы кезең аралығындағы ұлттық экономиканың қолдан шығарып алған (эмиссиялық квоталар саудасын пайдаланбау салдарынан) пайдасы 1 млрд. доллардан асып жығылады. Украинаның өзі 2009 жылы эмиссиялық квота саудасынан 400 млн. доллар пайда тапқан. Ал БАҚ-тағы ақпаратқа сенсек, Киото хаттамасының «В» Қосымшасы бойынша халықаралық нарықта эмиссиялық квотаға құқық беретін мемлекеттерді енгізу ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын көрінеді», - дейді Азат Перуашев.

 

 

 

 

 

Білім министрлігінің қаулысы өзбек, тәжік пен ұйғырдың құқын бұза ма?

 

/«ҚазАқпарат». 28.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Білім министрлігінің қаулысы өзбек, тәжік пен ұйғырдың құқын бұза ма? Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадов осындай мәселе көтерді. 

Депутаттың сауал жолдауына еліміздегі «Дустлик» атты өзбектердің этномәдени қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының хаты және еліміздегі өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектепті  бітірушілердің бір топ ата-аналарының өтініші негіз болған.

Бұл ретте депутаттың айтуынша, бүгінге дейін өз күшінде болған ҚР Білім және ғылым министрінің «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығы негізінде өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің түлектері мектеп бітіруі туралы емтихандарды өздері оқыған тілде тапсырып, ал ЖОО-ға түсу үшін кешенді тестілеуге қазақ немесе орыс тілдерінде қатысатын еді.

«Сондай-ақ, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектепті бітіруші сыныптарды көптілді және биллингвалды оқыту үлгісін енгізу арқылы қосымша дайындай отырып, ЖОО-ға түсуге ниеттенген барлық түлектерді дайындауға біртіндеп көшуге көңіл бөлді. Қазіргі таңда үш нұсқаның ішінде (тек ҰБТ тапсыру, тек кешенді тестілеу немесе олардың бірін таңдау құқығы) өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері үшін үшіншісі, яғни дайындығы бойынша ҰБТ немесе кешенді тестінің біреуін таңдау құқығының болуы қолайлы болып табылады. Өкінішке орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 Қаулысы оларды бұл құқығынан айырып отыр. «Дустлик» қауымдастығының пайымынша, бұл жаңа «Үлгі қағидалары» өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер бітірушілерінің орта мектеп курсының қорытынды (мемлекеттік) емтиханы түріндегі қорытынды аттестаттауды ана тілінде тапсыру құқығын шектеп отыр», - дейді депутат.

 

 

Ипотека талайдың маңдайын тасқа соқты

 

/«Алтын Орда». 29.03.2012./ - Кезінде талайлар ипотеканың қажетін ашып, қарқ болатынына құдайдай сенді. Өкінішке орай бүгін ойлағаны болмай, бастарын тауға да, тасқа да соғып, сергелдеңге түсіп, соттың табалдырығын тоздырып, шерулетіп жүргендер аз емес. Мәжіліс   депутаты Азамат Әбілдаев осы ретте Үкімет басшысы  Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал   жолдады.

«Қазақстанда ипотекалық несиелік серпіліс кезеңі 2006-2007 жылдарда болды, оған жылжымайтын мүлік бағасының шарықтауы (2007 жылы Алматы және Астана қалаларындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 2500-3000 АҚШ долларын құрады), сондай-ақ әлемдік қаржылық дағдарыс әсер етті.

Қазақстанда әлемдік экономикалық дағдарыс басқаларға қарағанда бюджет саласының өкілдеріне (мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет қызметкерлері т.б.), халықтың  әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына ауыр тиді. Шағын қалалар жеке тоқталуды қажет етеді (Жаңаөзен, Сәтбаев, Жезқазған, Теміртау, Балқаш т.б.). Әлемдік дағдарыс салдарынан шағын қаладағы жалғыз кәсіпорынның өтім көлемінің және өнім бағаларының төмендеуі, адамдардың еңбек ақысының азаюы мен жұмыссыздыққа  әкеліп соқты.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк секторында жеке тұлғаларға берілген қарыздардың үштен бірі NPL немесе мерзімі өткен несиесі, яғни бастапқы несиелік келісімнің шарттары орындалмаған несиелерге жатады.

Егер Қазақстандағы  екінші деңгейдегі банктерінің бөлшек қарыздары бойынша мерзімі өткен несиелердің динамикасына қарайтын болсақ,      2009 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 25 пайыз ұлғайғанын байқауға болады. Екінші деңгейдегі банктердің мерзімі өткен бөлшек қарыздарын талдаған жағдайда, сол  қарыздардың негізгі үлес салмағы 2007 жылы берілген несиелерге келіп тірелетінін көрсетеді.

Осы айтылғандарды ескере отырып және Қазақстандағы ипотекалық несие берудің құқықтық салдарын талдай келе, Қазақстан Республикасы Үкіметіне Ұлттық Банкпен бірге ипотекалық несие беруді субсидиялау туралы ұсынысты қарауды ұсынамыз.

Атап айтқанда:

- Алматы және Астана қалаларындағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа нарықтық құнын 1300-1400 АҚШ доллары деңгейінде есептеп, ал, өңірлерде саралау жолымен ипотекалық несиелер бойынша берешекті тіркеу;

- аталған есепті негізге ала отырып, берешекті 10 пайыз  және одан төмен жылдық ставкамен 20 жылға қайта қаржыландыру;

- бір шаршы метрінің құны 500-400 доллардан аспайтын есеппен айырманы мемлекеттік қаражат есебінен өтеу. Банктер жоғарыда аталған  шектен асқан көлемін өздеріне залалға жатқызсын. Бұл ретте, шағын қалалар үшін өтемақы көлемі несие көлемінен 50 пайыз артық көзделсін.

Бұл шаралар:

- қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға (отбасы мүшелерін есептемегенде, шамамен  20 мың қарыз алушыны);

- жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға;

- жетекші банктердің қарыз портфельдерінің сапасын жақсартуға, демек, банк секторын жалпы сауықтыруға әкеледі, бұл екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта бизнес алдындағы бәсекеге қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы шара неғұрлым халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын әлсіз топтарына атаулы көмек көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар, мультипликатор тиімділігіне де әкеп соғады. Өйткені жоғарыда аталған қаражат қайтарымсыз болып табылмайды, себебі несиелік ауыртпалықты алып тастауға байланысты тұтыну сұранысын арттыру жолымен экономиканы жандандыруға мүмкіндік береді» деген мәжілісмен, «осы шараны жүзеге  асыру арқылы Қазақстан  Еуропа, Солтүстік Америка елдеріне үлгі болып, қоғамды кешенді әлеуметтік қорғаудың халықаралық эталонына айналады» деп өтініші мен ұсынысын білдіреді.

Бүгін ипотекаға қатысты мәселеде саусаққа саусақ тигізгісі келмей отырған Үкімет пен Ұлттық банк  халыққа жаны ашымағанмен, бедел үшін депутаттар ұсынысына назар аударар болса, құба-құп.

 

 

Барлық бала білімді бір тілде алуы тиіс

 

/«Айқын». 30.03.2012. Сейсен Әмірбекұлы./ - Депутат Розақұл Халмұрадов Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа депутаттық сауал жолдады. Сауалдың мәтіні мынадай:

«Депутаттық сауалға Қазақстан Республикасы өзбектерінің этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің «Дустлик» ассоциациясы төрағасының хаты және еліміздегі өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектепті бітірушілердің бір топ ата-аналарының өтініші негіз болып отыр.

Олардың айтуы бойынша, осы уақытқа дейін өз күшінде болған Білім және ғылым министрінің «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 бұйрығы негізінде өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің түлектері мектеп бітіруі туралы емтихандарды өздері оқыған тілде тапсырып, ал ЖОО-ға түсу үшін КТ-ға қазақ немесе орыс тілдерінде қатысатын еді.

Білім министрлігі 20.01.2009 жылғы №14 бұйрығымен аталған «Үлгілік ережеге» мынадай: «Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін» деген өзгеріс енгізген еді. Бұл ҰБТ тапсыруға ниеттенген өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектеп бітірушілерге таңдау құқығын берді және олардың санын арттырды.

Қазіргі таңда үш нұсқаның ішінде (тек ҰБТ тапсыру, тек КТ немесе олардың бірін таңдау құқығы) өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері үшін үшіншісі, яғни дайындығы бойынша ҰБТ немесе КТ-нің біреуін таңдау құқығының болуы қолайлы болып табылады.

Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысы оларды бұл құқығынан айырып отыр.

Біздің ойымызша, бұл жаңа «Үлгі қағидалары» өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерінің орта мектеп курсының қорытынды (мемлекеттік) емтиханы түріндегі қорытынды аттестаттауды ана тілінде тапсыру құқығын шектеп отыр, деп хабарлайды «Дустлик» ассоциациясы.

Міне, депутат Розақұл Халмұрадов осылай дейді. Ал өзгелер осы сауалға байланысты қандай пікір білдіреді?

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы:

- Мен қадап тұрып бір нәрсені айтқым келеді. Ол барлық бала білімді мемлекеттік тілде алуы тиіс. Өйтпейінше түрлі көзқарастар, оғаш пікірлер туындай береді. Бір қарағанда, депутат Розақұл Халмұратовтың айтып отырғаны дұрыс. Неге десең, біз өзіміз өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерін ашып бердік. Олар мектеп қабырғасында өз ана тілдерінде білім алып келді. Енді келіп оларға емтиханды немесе ҰБТ-ны қазақ немесе орыс тілінде тапсыр деп міндеттейміз. Бұл кімнің де болса көңіліне қонбайды. Мен жақында Германияда болдым. Сонда тұратын түрік ағайындардан «Германия - демократиялық ел. Мұнда түріктердің саны аз емес. Неге түрік мектебін ашуға күш салмайсыздар?» деп сұрадым. Сонда олар: «Бізге түрік мектебі қажет емес. Балаларымызды осында түрікше оқытып Анкара мен Ыстамбұлға жұмысқа жібермекпіз бе? Жоқ. Олар осында неміс тілінде оқысын, білім алсын, сосын жейтін нанын да осы жерде табады» десті. Өте дұрыс. Қай жерде тұрсаң, сол елдің тілінде білім ал. Өзің үшін қажет. Германияда аралас не болмаса, өзге ұлттың мектебі жоқ. Бәрі неміс тілінде. Демек, оларда біздегідей проблема жоқ. Менің ұлтым басқа деп, балаларын сол тілдегі мектепке беру қаншалықты тиімдігі екенін түсінбеймін. Одан да балам өссін, өркендесін десе - қазақ мектебіне берсін. Сонда оның болашағы болады. Қалай айтсақ та, бәрібір көп ұзамай қазақ тілі үстемдік құрады.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:

- Мен бұл жерде өзге ұлт мектептерінде оқитындардың құқығы шектеліп отыр деп айта алмаймын. Қайта солар болмайтын нәрсе үшін талап қойғанша, қазақ елінде ұлттық мектептерін ашып, балаларына білім беріп жатқандары үшін бізге алғыс айтқаны жөн болар еді. Ашығын айтсақ, бізде өзге ұлт өкілдері үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясы, ұлттық мәдени орталықтар, ұлттық мектептер, тіпті кейбірінің театры бар. Бұндай жағдай кез келген елде жасалмаған. Әрине, ұлттар достығы - басты байлығымыз. Бірақ әр нәрсенің шегі бар. Ертең олар ҰБТ немесе КТ да өз тілімізде болсын деп, одан кейін ұлттық жоғары оқу орындарын ашып беріңдер деген әңгіме айта бастауы мүмкін. Мәселен, жер бетінде 200-ден астам мемлекет бар. Солардың басым бөлігі тек өз тілінде, яғни мемлекеттік тілде саясатын жүргізеді. Олар да «бізге мынадай, анадай қамқорлық жасаңдар, құқымыз шектеліп жатыр» деген әңгіме жоқ. Барлығы қатаң заңға бағынады. Сол елдің күйін күйттейді. Бұл әлемде бар тәжірибе. Демек, бізге де жалпақшешейлік саясаттан арылатын кез жетті.

 


Махат Садық, Қазақ радиосының директоры:

«Шалқар» - ұлттың үні, жаңалықтың жаршысы

 

/«Айқын». 30.03.2012. Н.Наржан./ - Махат Кәбірұлы, газетіміздің үстіміздегі жылғы 29 ақпанда «Шалқарды» шалу кімге қажет?» деген мақала жарық көрген болатын. Онда таяуда Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейітмағанбетованың «Шалқар» радиосына байланысты жолдаған депутаттық сауалына байланысты сөз болған еді. Қазақ радиосының директоры ретінде осы мәселеге байланысты не айтар едіңіз?

- Әрине, 2010 жылы да З.Алшымбаев, А.Смайыл, Б.Тілеухан, А.Момышев, Г.Сейітмағанбетова сияқты Мәжіліс депутаттары «Шалқар» радиосының мәртебесін көтеру жөнінде депутаттық сауал жолдаған болатын. Ол пікірлерді де, соңғы жолданған депутаттық сауалды да ел зиялыларының биік мінберден «Шалқардың» қоғамдағы маңызды ролі туралы айтқан жанашырлық тілектері деп білеміз.

Бұл жолы Қазақ радиосының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «Шалқар» арнасына байланысты жолданған Гүлнәр Сүлейменқызының депутаттық сауалына радионың бұрынғы қызметкері, бүгінде зейнет демалысындағы Кемелбек Шаматайдың өзіндік пікір білдіріп жатуы біздің қазіргі радио қызметкерлеріне де көп міндеттер жүктейді. Біз бұдан ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарымыздың текке кетпей, тыңдаушыларды да қатты алаңдататынына тағы да көз жеткізе түстік.

Сайып келгенде екі тараптың да мақсаты бір, мұраты ортақ. «Шалқардың» мүддесі - елдің мүддесі деген сөз. Ендеше, елдік мұратқа қызмет етіп келе жатқан «Шалқар» радиосы осындай азаматтардың жанашырлығының арқасында ғұмыры ұзақ, болашағы баянды боларына сенемін.

Мәжіліс депутаты Г.Сейітмағанбетованың депутаттық сауалында айтылған сын-ескертпелерден соң іле-шала «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Басқарма төралқасы тарапынан «Шалқарға» байланысты бірқатар шаралар қабылдады. Мәселен, «Шалқар» арнасында бұған дейін беріліп келе жатқан музыканың сапасы жоғарылап, жанрлық түрі артты деуге болады. Бүгінде «Шалқарда» орташа есеппен күніне 10 сағат музыка беріліп келеді. Соның ішінде дәстүрлі ән, күй, жыр, терме бұрын күніне 3 сағат берілсе, қазір оның көлемі артып, күніне 4 сағатқа жетіп отыр. Мұның өзі «Шалқар» - ұлттың асыл мұрасын мұрат еткен арна екенін көрсетсе керек.

Кеше ғана Мәскеуде, «Радио России» радиостанциясында болып келдім. Онда 200 миллиондық аудиториясы бар мемлекеттік «Радио России» радиосы ұлттық реңктегі өткен жылдар әндерін аптасына 15 минут қана береді екен. Ал бізде әлгінде ғана айтқанымдай, күніне 4 сағаттай дәстүрлі ән мен күй береміз. Бұдан біздің халқымыздың ұлттық өнерді жоғары бағалайтынын, ата салтымызды аса қадірлейтінін байқауға болады.

Сондай-ақ, «Шалқардағы» жарнама туралы айтсақ. Мәселен, Ұлыбританияның әйгілі «Би-Би-Си» ұлттық арнасы өз эфирінде ешқандай жарнамалық роликтер пайдаланбайды. Осындай алып ақпарат құралдарынан үйренеріміз де көп біздің. Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бірден-бір радиоарна ретінде «Шалқардың» эфирінен де 2012 жылдың 1 наурызынан бастап жарнама беру тоқтатылды.

Алдағы уақытта тәулігіне 18 сағат хабар тарататын «Шалқар» арнасының хабар тарату көлемін тәулігіне 24 сағатқа жеткізсек, еліміз тұрғындарының 62,04%-ын қамтып отырған көрсеткішті көтеріп, тыңдаушылардың санын одан әрі арттыра түссек деп ойлаймын. Бұл да болса, Мәжіліс депутатының айтқандарымен үндес келіп отыр деген сөз.

Ал «Шалқар» қашанда нағыз ұлттың үні, жаңалықтың жаршысы болып қала бермек.

- Дегенмен «Шалқардың» қазіргі жай-күйі туралы бір-екі ауыз айта кетсеңіз...

- Ия, тек қана қазақ тілінде тәулігіне 18 сағат тарататын республикалық жалғыз радиоарна ол - «Шалқар» радиосы. «TNS Gallup Medіa Asіa» зерттеу компаниясының мәліметі бойынша, еліміздегі он радионың ішінде «Шалқар» радиосы екінші орында тұр. Бұл көрсеткішке «Шалқар» радиосы халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, тілі мен ділін, дінін, әні мен сазын, әдеті мен ғұрыптарын, салт-санасы мен дәстүрінің озығын насихаттағандығымен жетті деп білеміз.

Күнделікті редакцияға келетін 100-ден астам оқырмандардың тілек-хаттары бойынша өткізілетін әрқайсысы бір сағаттық көңілашар құттықтау «Сазды сәлем» және «Жайдарман» бағдарламалары барлық радиода қалыптасқан хабарлар. Мәселен, күн сайын кешкі сағат 18.00-19.00 аралығында тұрақты берілетін «Сазды сәлем» хабарын басқа уақытқа қойып, орнына термелер мен өткен жылдар әндерін қойып көріп едік, тыңдармандардан соғылған қоңыраулар қаптап кетті. Олардың сұрайтыны - заманауи әндер. Яғни эстрадалық форматтағы шығармаларға сұраныс көп деген сөз.

- Еліміздегі электронды ақпарат құралдарының ішінде мол дүниелерді сақтап келуімен ерекшеленетін «Алтын қор» және ондағы материалдарды эфирге пайдалану жайы қандай деңгейде?

- Ия, «Алтын қорда» көп дүние бар. Әйтсе де, сол үнтаспаларды сандық жүйеге түсіріп, оны бүгінгі техникалық сапа стандарттарына сәйкес эфирден беру оңай тірлік емес. Оған жақсы техника, жақсы маман, озық технология қажет. Бұл күрмеуі қиын дүниенің де кілтін тауып, аздап жолға қойып келе жатқан жайымыз бар. Мәселен, өткен жылғы тамыздан бастап «Алтын қор» дүниелеріне санақ жүргізіліп, қазан айынан бастап үнтаспаларды сандық жүйеге жылдамдатып көшіру жұмыстары қолға алынған болатын. Ал биыл телерадиокорпорацияның Басқарма төрағасының нұсқауымен «Алтын қор» материалдарын сандық форматқа көшіріп, реставрациялау үшін қосымша тағы да 12 адам жұмысқа тартылды. 4-5 ай ішінде 700-ден астам ән мен күй өңдеуден өткізіліп, эфирге жол тартты. Мұны көмескі тартқан үндердің, әндер мен күйлердің, жыр-термелердің қайта жаңаруы, жаңғыртылуы деуге болады.

Өңдеуден өткен шығармаларды Наурыз мерекесінен бастап бере бастау жоспарланғанымен, өнікті жұмыстардың арқасында 1 ақпаннан бастап «Алтын қор» жауһарлары «Шалқар» арнасынан күн сайын 22.00-24.00 аралығында «Термелер мен толғаулар», «Күй-құдірет», «Күй-шежіре», «Бізге қымбат дауыстар», «Замана бұлбұлдары», «Қазақ опералары», «Қазақ өнерінің антологиясы», «Қазақстан композиторларының ән-романстары», «Батырлар жыры» айдарларымен эфирге тұрақты шығып келеді.

Ал «Шалқар» арнасындағы концерттік бағдарламалар «Халық музыкасы», «Эстрадалық музыка» және «Өткен жылдар әндері», әдеби-музыкалық хабарлар, радиоспектакльдер атауымен топ-топқа бөлініп, әуе толқынынан тарап жатыр.

«Шалқар» радиосы қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын насихаттау жолындағы ауқымды да маңызы зор жұмысын алдағы уақытта да лайықты жалғастыра береді.

 

 

Депутаттық сауал өзегі — әлеумет тілегі

 

/«Заң газеті». 30.03.2012. Айша Құрманғали./ - Жұмыс істей бастағанына үш айға жуық уақыт болған Мәжілістің заң шығарушылық қызметі қарқынсыздау болып тұр. Палатаның әрбір жалпы отырыста қарап, мақұлдаған заңдар қатары  екі-үшеуден асар емес. Бұл біздің су жаңа депутаттарымыздың жаңа қызметтеріне әлі де бейімделе алмай жатқаны ма, әлде олардың біліктілігінің төмендігі ме, оны ашып айту қиын. Көзімізге айқын көрінетіні — көпшілігінің талқылау кезінде үнсіз қалуды жөн көретіні. Тіпті, депутаттыққа түсер алдында екпіні тау бұзарлықтай болған Азат Перуашев секілді қалаулылардың даусы естілмейді десе де болады.

Oлар үшін әзірге оң жамбасқа келіп тұрғаны құзырлы орын басшыларына де­путаттық сауалдар жолдау болса керек. Сайлаушылардан толассыз келіп жататын хаттардың арқасында біраз депутат кәдімгідей бедел де жинап жатыр. Шын­дығында, жаңа құрамдағы Парламент іске кіріскеннен бастап жалпы отырыстың күн тәртібінің соңына ығысқан депутаттық са­уалдар болмаса бұл жиыннан ауыз толтырып айтар бірдеңе  табу кейде қиынға соғатын түрі бар.

Осы аптада да аталмыш жиынның сал­мағын сездірген сауалға өзек болған қалың қауымның арыз-тілегі болды. Әрине, бұл жолы депутаттық сауалдар алдындағы оты­рыс­тардағыдай көп болған жоқ. Бұл, әрине, ұзаққа созылған мерекелік демалыс күн­де­рі­нің әсері болса керек. Дегенмен, көте­ріл­ген мәселелердің өзектілігі тұрғы­сы­нан қарағанда, олардың қай-қайсысы да өте маңызды еді.

Мәселен, Үкімет басшысы Кәрім Мә­сі­мовке жолдаған сауалында депу­тат Самиғолла Оразов елімізде ауыл ­ша­руа­шы­лы­ғына қолдау жасаудың Кеден­дік одақ­тағы елдер­ден артта қалып отыр­ға­ны­на на­зар аударт­ты. Ол өзін­дік құны ақтал­май­тын­дық­тан өзінің жем­шөп базасы қасында сүт-тауар­лы ферма салуға адам­дардың ықы­лас­сыз болып отырғанын айта келіп, бұл іске әлеу­меттік кәсіпкерлік корпорацияларын (ӘКК) тарту жөнінде ұсыныс білдіреді. Оның айтуынша, жемазықтың болмауынан біз бүгінде өзімізді ет өнімімен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Оның бағасы қымбаттап барады. Алдағы уақытта етті сырттан тасымалдау қиындай түседі. Осы мәселені тиімді шешу үшін ӘКК қаржысымен облыстарда 1200 бастық жемазық өндіретін орнымен сүт-тауар фермаларын салып, оларды конкурстық негізде шаруаларға жалға беру керек. Сонымен қатар, жайылымдықтарды тиімді пайдаланып, оларда мал өсіру жедел қолға алынуы тиіс. Бұл үшін құдықтар қалпына келтіріліп, оларға электр қуаты тар­тылуы қажет.
Депутат осы ретте бордақылау алаңдары, сүт кешендерін, мал азығын дайындау орындарын салу үшін ешқандай қаржы көздері қарастырылмағанын сынады. «Тіпті, бірде- бір дұрыс жоба жоқ. Ал, бұл жағдай Кеден одағы жағдайында елдегі ет өндірушілерді тақырға отырғызуы мүмкін. Өйткені, бұл одақтағы көршілерде өнім көлемі жоғары. Себебі, оларға жасалып отырған қолдау біздегіден анағұрлым артық», – деді. 

Депутат Азат Перуашев жол­даған сауалдың мазмұны да көптің көкейіндегі мәселені қозғады. Ол жаппай жекешелендіру кезінде тұрғындарға таратылған ин­вестициялық купондар жайын ортаға салды. Уақытында халыққа ашық акционерлік қоғамдар түріндегі инвестициялық жекешелендіру акцияларын иеленуге құқық береді деп үміт артқан осы құжаттар бүгінде қайда қалғаны белгісіз болып отыр. Миллиондаған азаматтар жекешелендіруге өз купондарымен қатысты. Алайда, солардың арасында аталмыш қорлардан дивидент алған жан жоққа тән. Ең болмаса, оның есебін беруді де ешкім қажет деп таппады. Содан бері он бес жыл өтті. Әлі күнге дейін азаматтар сол купондарының тағды­ры жөнінде еш дерек ала алмауда. Осы жайларды айта келіп, депутат Азат Перуашев инвесткупондардың осылайша жоғалып кетуін біреудің жекеменшігіне иелік ету ретінде қарастырылу қажеттігін атап көрсетті. Сөйтіп, Үкімет басшысынан жұмыс істеп жатқан инвестициялық қорлар, олар иеліктеріне алған кәсіпорындар, оларға салынған инвесткупондар, азаматтардың жекешелендірілген кәсіпорындарға қатысты құқықтары, дивидентті есептеп, төлеудің тәртібі жайлы жан-жақты мағлұмат беруін және  осындай инвесткупондарға байланысты орын алған келеңсіздіктердің «Халықтық IPO» шарасын жүргізуде орын алмауын талап етіп отыр.

Қазіргі таңда еліміздің аумағында «қаржы пирамидасы» үрдісімен жұмыс істейтін түрлі алаяқ ұйымдар сеңдей соғылысып жүр. «Пәлен жерде алтын бар» дегенге жетіп барып, қолындағы барын бере салатын аңқау адамдар олар үшін оңай олжаның көзіне айналған. Жұртшылық «МММ» тобы әрекетінің зардабын жақсы біледі. Жуырда құқық қорғау орындары Көкшетау, Петропавл қалаларындағы осындай ұйымдардың дер кезінде жолын анықтап, кесті. Ал, әлі анықталмай, жасырын түрде өз жұмыстарын жүргізіп жатқаны қаншама?Алда  осындай ұйымды құрып, аңқау елді тақырға отырғызбаққа ниеттеніп отырғандарының санын кім білген? Ондайлар обал-сауапқа қарамайды. Оларды ар азабы мазаламайды. Керісінше, күн өткен сайын өз жұмыстарын жетілдіріп, жаңа технология бойынша жүзеге асыруда. Телекоммуникация құралдарының дамуы арқасында қаржылық операцияларға адамдарды ғаламтор арқылы тарту мүмкіндігі туып отыр.  Қаржыны алушылардың аты-жөнінің құпия сақталуы ақша тасқынын тексеруді қиындатып, оларды жауапқа тартуға кедергі келтіреді.

  Жалпы отырыста депутат Меруерт Қазбекова осы жайға алаңдаушылық білдіріп, Үкімет басшысының назарына ұсынды.  Осы сауалын дайындау барысында депутат қаржы пира­мидаларының қалай жұмыс істейтінін жан-жақты зерттепті. Оның айтуынша,  Сергей Мавродидің «МММ-2011» қаржылық пирамидасы салымды электронды ақша түрінде алып, оның иесіне негізсіз көлемдегі пайыздық көрсеткішпен виртуалды билет ұсынады екен. Сөйте тұра ұйымның күндердің күнінде банкрот болып қалып, салымшының түксіз қалу мүмкіндігін жоққа шығармайтын көрінеді.

  Осылайша, өз ойын ашық білдіріп, халықты еш қымсынбастан тонап жатқан ұйым мүшелері депутаттың айтуынша, біздің заңнамалардағы олқылықтарды пайдаланып отыр. Шын мәнінде, біздің құқықтық базамызда осы әрекетке шектеу қоятын бір де бір өлшем, яғни, «электронды ақшаның заңсыз айналымы»деген ұғым жоқ.  Бүгінде Қаржы нарығын бақылау комитеті мен Халық банкінің қаржылық ұйымдары жұртшылыққа осындай ұйымдарға алданып қалмау туралы ескерту жасаумен шектелуде. Өйткені, «МММ-2011» ұйымында мемлекеттік құзіретті ұйымның қаржы нарығында қызмет етуге құқық беретін лицензия­сы жоқ. Оның жұмысы, сондықтан, ешқандай бақылауға жатпайды.

Қолданыстағы заңнамаларда дәйек­телген өлшемдер бойынша алаяқтығы үшін тек заңдық тұлғаларды ғана жауапқа тартуға болады. Ал, шын мәнінде аталмыш ұйымдардың жолын кесу тек арнайы заңдық тетік бойынша жүзеге аспақ. Шетелдерде бұл мәселе осылай шешім тауып отыр. Сондықтан да, бүгінде етек алып бара жатқан осы келеңсіздікті жою үшін бізге де арнайы құқықтық негіз жасалынуы керек. Депутат көтеріп отырған мәселенің негізгі түйіні осы.

   Осындай өзекті әңгімелер айтылды осы отырыста. Бұған қуанғанымызбен, біздің депутаттарымыздың өз ойларын қысқа да нұсқа жеткізуге үйрене алмай келе жатқаны қынжылтады. Әлде бұл телеарналар назарына ілігудің бір амалы ма екен? Қалай болғанда да, келесі жолы олар бүйтіп кеңінен көсіле алмайтын болды. Мәжіліс төрағасы арнайы ескертіп, регламентте белгіленген уақыттан асса еш уәжге қарамай, микрофонның өшірілетінін айтты. Дұрыс шешім дегіміз келеді. Бірақ, осының салдарынан депуаттық сауалдар қатары азайып кетпесе болғаны да.

 


 

ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ


 

Сенат Төрағасы Қайрат Мәми барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

 

  /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Арман Асқаров./ - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Негізі, еліміздің батыс аумағында наурыз мейрамының тойлауы басталып та кетті. Дәстүр бойынша 14 наурыз күні Орал, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбенің кейбір аудандарында жыл басы - Амал мейрамы «Көрісу» салт-дәстүрімен басталады. Осы кезде жасы кішілер жасы үлкендерді іздеп барып, «Жасыңыз құтты болсын, жаңа жыл құтты болсын!», - деп құттықтап жатады. Баршаңызды Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жастарыңыз құтты болсын. Жаңа жылда Отанымызға - береке, бірлік, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт пен молшылық тілеймін!», - деп жазды Қ.Мәми өзінің жеке блогына.

 

 

Сенатор Ғ. Қасымов Рим Папасына Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің IV Съезіне Елбасының шақыруын тапсырды

 

  /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 30-31 мамырда Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің IV Съезіне

Римнің Папасы Бенедикт XVI-ны шақыруын Мемлекет басшысының арнайы өкілі, еліміздің Парламенті Сенатының депутаты Ғани Қасымов Ватиканда табыс етті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Ватиканда болған кезінде Қазақстан делегациясының басшысы Ғ.Қасымов сонымен бірге Папа кеңесінің дінаралық үнқатысу жөніндегі президенті Жан-Луи Торанға, Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертонеге, Киелі Эджидио қоғамының негізін салушы Андрэа Риккардиге Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің ресми шақыруын да табыс етті. «Рим-католик шіркеуінің өкілдері діни лидерлер Съезін шақыру жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың бастамасы маңызды екенін және мәдениет пен діни үнқатысуды ілгерілетудегі Қазақстанның үлесін атап өтті. Қазақстан делегациясымен кездесуде Рим-католик шіркеуінің өкілдері Астанадағы діни форумға жоғары деңгейде қатысуға әзірлігін білдірді», - делінген баспасөз баянында.

 

 

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созды

 

  /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Айдын Бәймен./ - Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайы ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық.

Бізге жеткен мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда көктемгі су тасқынынан оңтүстік өңірде үш аудан, екі қала, 30 ауыл зардап шегіп, 1327 үй су астында қалған.

Қазір зардап шекен тұрғындарға еліміздің барлық өңірінен қолдау жасалып жатыр. Бүгін Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, бір күндік еңбекақыларын аудару туралы ортақ шешімге келді. Үкімет сағаты шеңберінде Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Шалатай Мырзахметов өз әріптестеріне үндеу жасаған болатын.

Осы орайда Мәжіліс депутаттары Парламент Сенатындағы әріптестерінің бастамасын қолдады.

 

 

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына қаржылық көмек көрсетеді

 

  /«ҚазАқпарат». 19.03.2012./ - Мәжілісмендер су тасқынынан зардап шеккен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына қаржылық көмек береді. Бұл шешімді бүгін өткен Үкімет сағатының барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депататтары қабылдады.

«Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Шалатай Мырзахметов ОҚО-ның тұрғындарына көмек ретінде біркүндік жалақы мөлшерін аударуды ұсынды. Мәжілісмендер бұл ұсынысты мақұлдады.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған су тасқынының салдарынан 3 аудан, 2 қала, 30 ауыл және жалпы алғанда 1300-ден астам үй  жапа шеккен болатын.

 

 

«Ақ жол» мемлекеттік тілдегі жаңа терминдерді енгізуден бұрын оларды заңмен бекітуді ұсынады

 

/«BNews.kz». 19.03.2012./ - «Ақ жол» партиясы мемлекеттік тілдегі жаңа терминдерді енгізуден бұрын оларды заңмен бекітуді ұсынады. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев заң жобасын партия президумына ұсыну кезінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.      

 «ҚР Конституциясы негізінде мемлекеттік тілден, ҚР бекітілген заңнамалары шегінде ҚР тарихынан, мәдениеті мен дәстүрінен емтихан тапсыру ҚР азаматтығын қабылдаудың міндетті шарттары болып табылады», - дейді А.Перуашев. 

Оның сөзіне қарағанда, мұндай талаптар Германия, Австрия, Венгрия, Грекия, Хорватияда бекітілген. Ал мемлекеттік тілден халықаралық мәні бар және қолданыстағы қазақ тіліне кіретін терминдер мен сөздер жойылып кетіп жатқан жағдайлар аз емес. 

«Мемлекеттік тілге қоғамдық талқылаудан өткізу, әзірлеу, келісу және арнайы заң қабылдау арқылы жаңа терминдер енгізуді ұсынамыз. Яғни, жаңа терминология ҚР Үкіметі мен Парламентінің қарауынан өте отырып, заң жүзінде бекітілуі тиіс», - деді «Ақ жол» партиясының төрағасы. 

Оның пікірінше, балаларға мемлекеттік және ана тілін меңгерту ата-ананың борышы болуы тиіс және ол мемлекеттен қолдау табады. 

«ҚР Премьер-министрі, ҚР Мәжілісінің төрағасы, ҚР Сенатының төрағасы, ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы, ҚР Жоғары сотының төрағасы мемлекеттік тілді білуге – оқуға және өз ойын жеткізуге, сондай-ақ өзінің қызметтік міндеттемелерін орындау үшін қажетті көлемде қазақ тілін меңгеруге міндетті», - деп есептейді партиялықтар. 

 

 

Парламент Төрағалары Үкіметке заң жобаларының мемлекеттік тілдегі мәтіндерінің сапасын жақсарту мақсатында арнайы сараптамалық топ құру туралы ұсыныс жасады

 

/«ҚазАқпарат». 20.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Парламент Төрағалары Үкіметке заң жобаларының мемлекеттік тілдегі мәтіндерінің сапасын жақсарту мақсатында арнайы сараптамалық топ құру туралы ұсыныс жасады.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми өзінің блогында жазды.

Сенат спикерінің пікірінше, заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу сапасын жақсарту мәселесі жөніндегі өтініштердің жиілеуіне байланысты едәуір жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік тілдегі заң жобаларының сапасын жақсарту мақсатында еліміздің Әділет министрлігі Заңнама институтының жанында Лингвистика орталығы құрылған болатын. Орталық Үкімет бастамасымен әзірленген заң жобаларына ғылыми-лингвистикалық сараптама жасап, мемлекеттік тілдегі заң жобалары мәтіндерінің жақсаруына оң ықпал етті.

«Сонымен бірге халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын әзірлеу барысында мәтіндерді мемлекеттік тілге аудару кезінде мағыналық, стильдік, редакциялық тұрғыда қателіктер орын алып келеді. Бұл қателіктер халықаралық келісімдердің жобаларын әзірлейтін органдар тарапынан кетеді. Ол қателіктерді жою үшін келісуші жақтардың бірнеше рет нота алмасуы қажеттігін туындатты. Мұндай деректер мемлекеттік тілдің халықаралық аренадағы бет-бейнесіне теріс әсер етеді ден санаймын. Бұл мәселені шешу үшін, сондай-ақ қазақ тіліндегі халықаралық келісімдер мәтіндерінің ерекшеліктерін ескере отырып, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент Сенаты мен Мәжілісі Аппараттарының қызметкерлерінің қатысуымен арнайы сараптамалық топ құруды жөн санаймын», - дейді Сенат Төрағасы Қайрат Мәми. Аталған ұсынысқа Парламенттің қос палатасының Төрағалары қол қойып, Үкіметке жіберген.

 

 

Cенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақысын аударды

 

/«ҚазАқпарат». 20.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Cенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақысын аударды.

 Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми өзінің интернеттегі блогында жазды.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен палата Аппаратының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын судан зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақысын аударды. Сенаторлар бұл бастаманы биылғы 15 наурыздағы жалпы отырыс барысында көтерген болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын судан үш аудан, екі қала, отыз ауыл және бәрін қосқанда 1300 үй зардап шекті», - деп жазады Сенат спикері.

 

 

Перуашев ҚДБ директорлар кеңесі құрамынан шығарылды

 

/«BNews.kz». 20.03.2012./ -  «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Қазақстан Даму Банкі» АҚ директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Бұл туралы сейсенбіде «KASE» Қазақстан қор биржасы хабарлады.  

2012 жылдың 13 наурызындағы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығына сәйкес, банктің директорлар кеңесі құрамына «Самұрық-қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишимбаев  және «Самұрық-қазына» АҚ басқарушы директоры Қанат Досмұқаметов сайланды. 

«ИЖТМ бұйрығымен банктің директорлар кеңесінен Есімбеков Сабыр Сайлаубекұлы, Каримуллин Асқар Амангелдіұлы және Перуашев Азат Тұрлыбекұлы шығарылды», - делінген хабарламада.   

Сонымен қатар, 2012 жылдың 14 наурызындағы директорлар кеңесі отырысында банктің басқарушы директоры – басқарма мүшесі Орымбаев Ардақ Сиязбековұлының өкілеттілігін тоқтатып, ол лауазымға  Ниетбаев Нұрлан Қадырұлын тағайындау туралы шешім қабылданды, деп ақпарат береді банк.

 

 

 

 

 

Ортақ ой түйіні

 

/«Егемен Қазақстан». 20.03.2012. Ләйла Еділқызы./ - Астанада Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық пар­тиясының орталық офисінде партияның Орталық кеңе­сі­нің отырысы өтті. Жиын «Ақ жолдың» құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Отырыс барысында «Ақ жол» партиясының Парла­мент­тегі фракциясының атқарған жұ­мыстары, мемлекеттік тілдің қол­данылу аясын кеңейту жө­ніндегі заң жобасы, Парла­мент­тегі оппозиция туралы заң жобасы, мем­лекеттік тілге үйре­те­тін партия жанындағы мектеп­тер­ді ашу мә­се­лелері талқы таразысына түсті. «Бұл отырыс­тың ерекше маңызы бар. Себебі, биыл партиямыздың 10 жылдық мерейтойы. Біз бұл мерейтойды бе­делді, белсенді, толыққанды саяси күш ретінде қарсы алып отыр­мыз. Әрине, кез келген қо­ғамдық ұйым тірі ағза. Әсіресе, саяси күрестің, қоғам­дық өз­ге­рістердің әрдайым қа­сын­да жү­ретін партия үшін әр жыл та­бысқа толы болады деп ойлаймыз. «Ақ жол» партиясы да мұн­дай үдерістерден шет қал­ған жоқ. Осы он жылдың ішінде пар­тияның төңірегінде түрлі те­кетірестер, бөліністер мен қо­сылулар болды. Осының барлы­ғы­нан біздің партия абыроймен өтті. Осының барлығы партия­ның тарихи белесі. Бұл партия­ның әрбір мүшесі үшін саяси тә­жірибе мен сабақ болды деп санаймын», деді партия төр­ағ­а­сы Азат Перуашев. Оның ай­туын­ша, партияның алдында жаңа белестер, жаңа асулар тұр. «Оған дер кезінде және нақты­лы жауап беруіміз қажет», деді партия төрағасы.

Жиын аясында партияның парламенттік фракциясы мен Ор­талық кеңесінің мүшелері, мәсли­хат депутаттары, партия филиал­дарының төрағалары да сөз алып, алда тұрған мақсат-міндеттер турасында әңгіме қозғады.

 

 

Съезге шақыру табысталды

 

/«Егемен Қазақстан». 20.03.2012./ - Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың биылғы 30-31 ма­мырда Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының IV съезіне Рим Папасы Бенедикт XVI-ға шақыруын Ватиканда Мемлекет басшысының арнайы өкілі, еліміз Парламенті Се­­на­тының депутаты Ғани Қа­сымов табыс етті.

Ватиканда болған кезінде Ғ.Қа­сымов, сонымен бірге, Папа ке­ңесі­нің дінаралық үнқатысу жөніндегі президенті Жан-Луи Торанға, Ва­ти­канның Мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертонеге, Киелі Эджидио қоғамының негізін салушы Андрэа Риккардиге Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің ресми шақыруын да табыс етті.

Рим-Католик шіркеуінің өкіл­де­рі діни лидерлер съезін шақыру жө­­ніндегі Президент Н.Назар­баев­тың бастамасы маңызды екенін жә­не мә­де­ниет пен діни үнқатысуды іл­ге­рі­летудегі Қазақстанның үлесін атап өтті. Қазақстан делегациясымен кез­десуде Рим-Католик шір­ке­уі­­нің өкіл­дері Астанадағы діни фо­румға жоғары деңгейде қатысуға әзір­лігін білдірді, деп хабарлады Па­р­ламент Сенатының баспасөз қызметі.

 

 

Бәрі де студенттер үшін

 

/«Егемен Қазақстан». 20.03.2012. Дастан Кенжалин./ - Кеше Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Бәрі де студенттер үшін» әлеуметтік бағдарламасы аясында жас мамандар мен студент-жастарға арналып салынып жатқан жаңа тұрғын үйдің алғашқы қазығын қағу және Қазақстанда тұңғыш рет студенттерге арналған кинотеатрдың ашылу рәсімі өтті.

Шара басталмас бұрын Парламент депутаттары, белгілі қо­ғам және өнер қайраткерлері мен БАҚ өкілдері универ­си­тет­тің Жазу тарихы мұражайы мен Күлтегін ескерткішін аралап, Ин­н­овациялық парк пен Студенттер медициналық орталы­ғында болды. Онда атқарылып жатқан жұ­мыстармен танысты.

Осыдан кейін Студенттер ки­нотеатрының ашылу салтанаты мен жаңа тұрғын үйдің алғашқы қазығын қағу рәсімі өтіп, оған Қазақстанның халық әртісі Нұр­жұман Ықтымбаев, «Қа­зақ­фильм» киностудиясы» акцио­нер­лік қо­ғамы­ның президенті Ермек Аман­шаев, белгілі кинорежиссер Рүс­тем Әбдіраш, актриса Алм­а­гүл Әлішева мен Пар­ламент депутаттары, ми­нистрлік пен елшілік өкіл­дері қатысты. Осы жерде университет ректоры Ерлан Сыдықов сөз сөйлеп, студенттер кинотеатры жо­басының маңыздылығына тоқ­талды. Ерлан Бәтташұлы бұл жерде тарихымызда алтын әріп­пен жа­зылып қалған отандық клас­си­ка­лық кинотуындылармен қатар қа­зіргі бі­лім-ғылым мен мә­де­ниет­ті кеңі­нен насихаттайтын қа­зақстан­дық және шетелдік фильм­­дер тамаша тех­ни­ка­лық сапада көр­сетілетінін айтып, мұнда жұм­сақ орын­дық­тар, тамаша эк­ран, қуатты акустика, кондиционерлеу жүйесі қарас­тырыл­ғанын атап өт­ті. «Осы ар­қылы уни­вер­ситеттің астаналық және елі­міз­дегі оқу орны ретін­де­гі имиджі артпақ. Ал кино­театр­­дың өзі студенттерге тегін болады», – деді ол. Студенттер кино­театрының ашылу рәсі­мінде «Қа­зақфильм» киностудия­сы­ның бас директоры Ермек Аманшаев та өз пікірін біл­дірді. Ол Елбасы­мыз­дың қол­дауы­­мен «Қазақ­фильм» киностудиясында түсі­ріл­ген кинолар жыл­дан-жылға көбейіп келе жатқанын, ЕҰУ-де ашылып отыр­ған бұл кинотеатр Астанадағы кинос­ту­дия­мыздың шығарма­шы­лық, өнді­ріс­тік база­сының бірі ретінде болатынын атап өтті. Осы рәсімде Қа­зақ­стан­ның халық әртісі Нұр­жұ­ман Ық­тымбаев та мұндай бастаманы әр­қашан қол­дау керектігін, өйткені, елімізде жастарға пат­риоттық тәр­бие бе­ретін бас­та­ма­лардың көп болғаны әрқашан ма­ң­ызды екенін айтты. «Соңғы кез­дері жеке мен­шікке өтіп кеткен кинотеатрлар қайта­дан мем­ле­кет­тік меншікке айналуда. Сон­дық­тан біз, актерлер қауы­мы, Еуразия университетінің бұл бастамасын қолдаймыз. Осын­дай үл­кен жұ­мыс­т­ы атқарып жат­қан оқу ор­нының ұжымына ал­ғыс айтқым келеді. Бұл енді аудан әкімдеріне алтын сырға болатын оқиға деуге бо­лады. Аудан әкім­дері де жергі­лік­ті жерлерде кинотеатр ашуға ұм­тылыс жасаса деген тілегіміз бар», деді актер ағамыз. Сол сияқ­­­ты белгілі кинорежиссер Рүс­тем Әбдіраш та кино­театр­дың ашылуымен бүкіл студент­тер­ді құт­тық­­тап, бұл жер­де олар­дың жан-жақ­­ты тәр­бие­лі азамат болып қалып­та­суы­на сеп­тігін тигі­зетін фильм­дер көру­лері­не тілек­тес­­ті­гін білдірді.

Кинотеатрдың ашылу рәсі­мін­де «Қазақфильм» кинос­ту­дия­сы» АҚ президенті Ермек Аманшаев пен ЕҰУ-дың ректоры Ерлан Сыдықов екі жақты ынты­мақтастық жөнінде ме­моран­дум­ға қол қойды. Соңынан студенттерге Тұңғыш Президенті­міз, Елбасы Н.Назарбаевтың ба­лалық шағы туралы Р.Әбдіраш түсірген «Балалық ша­ғым­ның аспаны» фильмі көрсетілді.

Қазіргі кезде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситеті Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қол­дауы­мен ашылған жоғары оқу орны ретінде студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олар­дың жан-жақты тәрбиелі аза­мат болып қалыптасуына, ұлтымыз­дың патриот ұл-қыздары болып өсуіне жете көңіл бөліп келеді. Соның бір дә­лелі ретінде университет бас­шы­лығының бастамасымен аталған жобалардың іске асырыла бас­та­ға­нын айтуға болады. Осы күн­дері Еуразия универ­си­тетінде 12 мың студент білім алып жатса, олар­ға және жас мамандарға жа­ңа­дан тұрғын үй салынып, Инно­ва­циялық парк пен Студенттердің медициналық орталығының ашыл­ғанын үлкен оқиға деп санауымыз керек. Студенттерге және жас ма­мандарға арналған тұрғын үй ке­ше­ні осы жылдың соңында пай­да­лануға беріледі. 9 қабатты үйдің көлемі 360 мың шаршы метр.

Ректор Ерлан Сыдықовтың айтуынша, бірер жылдан кейін Еуразия Ұлттық университетінің спорт кешені де бой көтермек. Медициналық орталықта студенттер алдын ала тексеру мен бар­лық емделу процедураларынан өтетін болады. Ал Иннова­ция­лық паркте ғалымдар жылыту жүйесін бұ­рын­ғыдан да тиім­ді жолға ауыс­тыруды көз­деу­де. Онда қаржы­лық шығын­дарды азайтып, ауаға таралатын зиянды заттарды 25 па­йыз­ға төмендету мақ­сат етілу­де. Қа­зір­­гі кезде жыл сайын жылу қа­зан­­дық­та­рын­­да 1 млн. тонна мен он­даған мың дизель отынының жағыла­ты­нын ескерсек, ұсыны­лып отыр­­ған тех­нология елімізге жылына 18-22 миллиард теңге үнем­деуге мүм­кіндік береді.

 

 

Сенаторлар – Көкше өңірінде

 

/«Айқын». 20.03.2012. Берік Бейсенұлы./ - Парламенттің Жоғарғы пала­та­сындағы «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ақмола облысында көшпелі отырыс өткізді. Көкшеге Сенат төраға­сы­ның орынбасары Александр Судьин бастап келген сенаторлар сапар аясында екі дөңгелек үстел отырысын өткізді. Сенатор Ермек Жұмабаев төрағалық еткен отырыс­та Бурабай-Щучинск демалыс аймағын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Бурабай-Щучинск аймағын да­мы­­ту және келешегінің мәселелеріне ар­налған талқылауды аша келіп, А.Судьин Қазақстандағы туризм саласын дамыту жөніндегі Мемлекет бас­шы­сының Жолдауында алға қойылған мін­­деттер жайына тоқталды.

Бурабай демалыс аймағын елі­міз­дегі ерекше туристік аймақ ретінде айта келіп, төрағаның орынбасары «Бурабай» туристік орталығын құру жобасын іске асыру аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға зор мүм­кіндіктер ашатынын атап өтті.

Судьиннің айтуынша, туристік са­ланы дамытуға Ақмола облысында­­ғы Зе­ренді, Сандықтау, Қорғалжын аудан­­­дарының әлеуеті зор. Мұнда эко­логиялық, емдеу-сауықтыру, мә­дени-танымдық туризмді өрістетудің ерекше маңызы бар.

- Қазіргі кезде туристік индустрия нысандарының тартымдылығын арттыру, тиісті инфрақұрылымдарды салу қажет, - деді төраға орынбасары және ол демалыс аймағындағы көлік ин­фра­құрылымдарын, инженерлік желіні, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуді дамыту мәселелеріне назар аударды.

Төраға орынбасарының айтуын­ша, Ақмола облысындағы туризм саласын дамыту еліміздің тартымдылығын арт­тырудың және әлемдік нарыққа ұлттық туризм өнімдерін табысты ілгерілетудің тамаша мүмкіндігі болып табылады.

Сенатор Светлана Жалмағамбетова депутаттардың Бурабай-Щучинск аймағын дамытудың жүйелі жоспарын әзірлеуді бірнеше жыл бойы көтеріп келе жатқанын атап өтті. Парламент депутаттарының бастамасы бойынша демалыс аймағын дамыту бюджет қолдауына ие болды. Бөлінген қаржы экологиялық шараларға, жергілікті инфрақұрылымның құрылысына ба­ғытталады. Сенатор атап өткендей, Мем­лекет басшысының Жолдауында демалыс аймағын дамытудың мем­ле­кеттік бағдарламасын әзірлеу Үкімет­ке тапсырылған болатын.

- Мұндай жүйелі жоспар алғаш рет әзірленіп отыр және депутаттар бұл бағдарламаға өзекті мәселелерді ше­шу шараларын қосуға жан-жақты жәр­демдесуге әзір, - деді С.Жалма­ғам­бетова.
Отырыста Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі А.Рау, Президенттің Іс басқарушысының орынбасары С.Фомичев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Э.Квят­ковский, Бурабай ауданының әкімі В.Ба­­лахонцев, «Урбостиль» ЖШС ди­­­ректоры Л.Нысанбаева демалыс айма­ғын дамытудың негізгі бағыттары, Бу­рабай-Щучинск демалыс аймағын дамыту жоспары, «Бурабай» МҰТП-тің өзекті мәселелері туралы айтты.

«Өңір» депутаттық тобының мү­шелері Ақмола облысындағы са­пары­ның екінші күні Көкшетауда болып, «Астана қаласының төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамытудың проб­лемалары мен келешегі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысына қатысты.
- Елорданы азық-түлік қауіпсіз­ді­гімен қамтамасыз ететін облыстың әлеуеті еліміздің жетекші агроөнер­кәсіп кешені бола алады, - деп атап өтті А.Судьин және ол «келешегі зор мұн­дай аймақтың болуы аймақ экономикасын әртараптандыруға оң ықпал етеді» деді.

Аграрлық сектордың үлесі барлық өнімнің 22-25 пайыз болып отырған аймақта агроөнеркәсіпті дамытуға мүм­кіндік зор. Қазақстанда өсетін ас­тықтың негізгі экспорттаушылардың бірі болып табылатын Ақмола облысы елімізде өндірілетін ет пен сүттің 10 жә­­не 9 пайызына ие.

Агроөнәркәсіп кешеніндегі бағ­дарла­маларды іске асыруға қатысты төрағаның орынбасары саланы мем­лекеттік қолдау мәселелеріне тоқталды. 2012 жылы республикалық бюджетте ауыл шаруашылығын дамытуға 340 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Талқылау барысында Сенат депутаты Самат Ескендіров 2012-2014 жылдарда Астана қаласының төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту бағдар­ла­масын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Сенатор атап өткендей, елордаға азық-түлік жеткізетін ауыл ша­руашы­лығы өнімдерін өндірушілердің заң­дық мәртебесінің болмауы толық кө­лемде мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Ескен­діровтің айтуынша, мекемелердің, жергілікті билік органдарының, азық-түлік белдеуін іске асыратын аграрлық сектор кәсіпорындарының өзара тиімді іс-қимылының болмауы да кө­кейкесті мәселелердің бірі. Сенатор айтқандай, елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу әдістері қайта қарауды қажет етеді. Онда тек қалаға таяу аудандар ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарының әлеуеті мен мүмкіндіктері ескерілуі тиіс.

Дөңгелек үстел барысында облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбеков, Ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Өмірияев, Жер ресурстарын басқа­ру жөніндегі агенттіктің төрағасы Қ.Отаров, «НұқҚазАгро» АҚ басқар­масының төрағасы Б.Бисенғалиев, «Шмидт» компаниясының президенті В.Шмидт қатысты.



Терминдер заңмен бекітілуі тиіс

 

/«Айқын». 20.03.2012. Жомарт Молдахметұлы./ - Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының басшысы Азат Перуашев «Қазақ тіліндегі жаңа терминдерді Үкімет пен парламент бекіткені жөн!» деген пікір білдірді.

Азат Перуашев өзінің ұсынысын тек сөз жүзінде қалдырмай, бұл мәселені шұғыл түрде заңдастыруды өтінді. Оның пікірінше, бұдан былайғы жерде қазақ тілінің сөздік қорына енгізілетін барлық жаңа терминдер, ең алдымен, жоғары лауазымды азаматтардың келісімі бойынша жүзеге асырылғаны жөн.

- Мемлекеттік тіл - қазақ тіліндегі жаңа терминдер жұртшылықтың талқылауынан кейін арнайы заң бойынша қабылданып, содан соң қолданылуға енгізілуі тиіс. Демек, әрбір жаңа термин еліміздің Үкіметі мен парламентінде қаралғаннан кейін заңдық тұрғыдан бекітіліп, содан соң ғана қолданысқа енгізілгені мақұл. Қазіргі күні мұндай тәжірибе Германия мен Австрияда, Венгрия, Греция және Хорватия елдерінде қолданылуда. Бұл үшін бюджеттен ешқандай шығын шықпайды, - деді Мәжіліс депутаты.

 

 

Елордада Ұлық мерекенің дүбірі басталды

 

/«Қазақстан ТРК». 20.03.2012. Гүлжан Марқабай, Мөлдір Нұрман, Бақытбек Жамашұлы, Дулат Абибуллаев, Жасын Біркенов./ - Әз-Наурыз мерекесіне орай, Астанада түрлі мерекелік шаралар басталып та кетті. Бірі киіз үй тігіп, майдың иісін шығарып, ырым жасаса, енді бірі ән-күйден шашу шашып, көңіл көтеріп жатыр.

«Әз болмай, мәз болмайды». Еңселі Елордада Ұлық мерекенің дүбірі басталды. Әз-Наурызды мемлекеттік мекемелер кеңінен тойлап жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті ұлық мейрамды дәстүрге лайық тойлатты. Бұл күні мемлекеттік қызметкерлер ұлттық нақышта шапан жапқан иыққа. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылған. Комитет қызметкерлері ұлттық ойындар ойнап, айтыстың да көрігін қыздырды. 

 Асанбай Әлсейіт, «Қазсушар» РМК бас директоры:

Мұндағы мақсатымыз, осы наурыз мерекесін артымыздан келе жатқан жастарымызға дәріптеу,көрсету. Мен осы меркеге байланысты бүкіл меркені тойлап жатқан, осыны көріп отырған барлық қазақ жұртын меркелерімен құттықтаймын.

 Қалалық Тілдерді дамыту басқармасы да тойлы қауымнан қалыс қалмады. «Армысың әз-Наурыз» аталған мерекелік шарада меймандар ұлттық дәстүрді ұлықтаған Наурыз думанына  көзайым болды. Айтыс ақыны Өміржан Бекбосыновтың арнау жырымен ашылған кеш Қызыр бабаның ақ батасына жалғасты. Әуелеген ән, күмбірлеген күй сазы Наурыз тойына келген әлеуметтің көңіл күйін асқақтатты.

 Алтын Әкімбаева, қала тұрғыны:

Өкпелеп қалсақ, бір-бірімізді кешіріп, мейман етіп қонаққа шақырамыз. Ақ мол болып, ән күйімізді айтып Наурызды ерекше құрметпен қарсы аламыз.

 Қазақ халқының тағылымды дәстүрлерінің бірі – тұсау кесер рәсімі. Наурыз тойына орай Астанада өткен дәл осы шарада Кәусар мен Мия атты қос бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Мәртебе Мәжіліс депутатына  бұйырды.

 Оразкүл Асанғазы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Ұлық мерекенің қадір-қасиетін болашақ ұрпақ бойына сіңіре білу – парыз. Бұл ретте Астанадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы колледж ұстаздарының еңбегі еш кеткен жоқ. Білім шаңырағының ауласында өнерпаз студенттер ән шырқап, ұлттық спорт ойындарынан сайыстар өткізіп, алтыбақан тепті.

 Әз-Наурыз мерекесін Қаржы полицейлері де атап өтті бүгін. Наурыз айы – жыл басы. Сондықтан, жыл бойы оқуда үлгерімімен үздік атанғандар марапатталды да. Жиналыс соңы мерекелік концертке ұласты. 

 

 

Орынды бастама

 

/«Егемен Қазақстан». 21.03.2012./ - Оңтүстік өңірдегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайы ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Бізге жеткен мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда көктемгі су тасқынынан Оңтүстік өңірде үш аудан, екі қала, 30 ауыл зардап шегіп, 1327 үй су астында қалған. Соған байланысты бір күндік еңбекақыларын аудару туралы Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Шалатай Мырзахметов бас­тама көтеріп, өз әріптестеріне үндеу жасады.

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, бір күндік еңбекақыларын аудару туралы ортақ шешімге келді. Осы тәрізді игі істі Сенат депутаттары да жүзеге асырған болатын. Қос палаталы Парламенттің бұл бастамасы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында жасалған бір қайырымды іс екені анық.

 

 

Депутаттар бір күндік жалақысын аударды

 

/«Айқын». 21.03.2012. Айбатыр Сейтақ./ - Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайы ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Шалатай Мырзахметов өз әріптестеріне үндеу жасап, бүгінгі таңда көктемгі су тасқынынан оңтүстік өңірде үш аудан, екі қала, 30 ауыл зардап шегіп, 1327 үй су астында қалғанын айтты.

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіп, бір күндік еңбекақыларын аудару туралы ортақ шешімге келді. Осы тәрізді игі істі Сенат депутаттары да жүзеге асырған болатын. Қос Палаталы Парламенттің бұл бастамасы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында жасалған бір қайырымды іс екені анық.

 

 

Партия филиалы төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

 

/«Егемен Қазақстан». 24.03.2012. Нәзира Жәрімбетова./ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметінің орынтағы Парламент сайлауынан кейін  бос тұрған болатын. Өйткені партия филиалы төрағасының бұрынғы орынбасары Ирина Аронова  Парламент Мәжілісіне  өткен болатын.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н.З.Нығматуллиннің бұйрығымен партияның облыстық филиалы төрағасының  орынбасарлығына Римма Бектұрғанова  тағайындалды. Бұл ақпаратты облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов партияның облыстық саяси кеңесінің кеңейтілген  мәжілісінде  оқып берді.

Римма  Шыңғысқызы осыған дейін  «Нұр Отан» ХДП Қостанай қалалық филиалының  төрайымы қызметін атқарған болатын. Көп жылдар бойы  Қостанай педагогика колледжін басқарып, білім беру саласына сапалы  мамандар дайындаумен айналысты. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Облыстық саяси кеңестің кеңейтілген мәжілісінде филиал төрағасының жаңа орынбасары партия жұмысының уақыт талабына сай және креативті жүргізілетіндігін және  нұротандықтар үшін елімізге пайда келтіретін істің  ірі-уағы болмайтындығын, тіпті ғаламтор кеңістігін белсенді пайдалану қажеттігіне дейін  айтты.

 

 

Ұлыстың ұлы күнінде

 

/«Қазақстан ТРК». 25.03.2012. Еркін Таңатқанұлы./ - Бүкіл күншығыс жұрты жаңа жылды қарсы алды, әз-Наурызды тойлады. Көнеден жеткен бұл мейрам басқаны қайдам, бабаларымыздың байырғы астрономиялық түсінігімен етене жақын.  Қазақ ұғымында әрбір жыл алты ай жаз бен алты ай қысқа бөлінген. Тілдік қорымыздағы «ала жаздай», «алты ай қыс» деген тіркестер содан қалған жұрнақ болса керек. Наурыз тойы қыс пен жаздың ат алмастырар сәтінде келеді. Яғни, бұл адамзаттың ғана емес, бүкіл табиғаттың мерекесі. Сондықтан әз-Наурыздың жаңа жылдық сипаты ерекше. Дегенмен, шығыстан батыстың десі басымдау болып тұрған заман. Гриягорян күнтізбесіне бағынуға мәжбүрміз. Қаңтардың қақаған қысында жаңарудың, жаңғырудың көлеңкесі көзге шалынбаса да, телміріп түнгі 12-ні күтеміз, шампан атып, аяз атадан сыйлық дәметеміз. Орыстардың Аяз ата деп жүргені Наурыз түні ел аралап, бақ пен ырыс үлестіреді деп балаларымыз ғана емес, бабаларымыз да сеніп өскен Қыдыр атаның образына ұқсас екенін ойлайтындар аз, есесіне жақсылап тұрып тойлайтындар көп. Өзіміздің дүниені өзгелер сіңіріп алып, қайтадан бізге өзінікіндей ұсынып жатқаны қазақ баласының намысын қайрайтын-ақ дүние. Сол намыстың бір ұшқыны сонау кеңестік заманда баспасөзде байқалды. 60-70 жылдары «Лениншіл жас» газеті 22-наурызға арналған тұтастай мерекелік санын шығаратын жыл сайын. Шерхан Мұртаза, Сейдахмет Бердіқұловтар бастаған осынау дәстүр ұлттық мейрамды қайтаруға елеулі ықпал етті. Бүгінгі ақпарат құралдары да Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауды ұмыт қалдырған емес. Әрине, орыс тілді кейбір басылымдар бұра тартып, наурыздың мерекелік сипатына күйе жағуға талаптанып жүр. Биылда бірді-екілі сондай мақалалар жарық көрді. Бірақ «иттің үргенімен, керуеннің тоқтамасы» анық, жалпақ жұрт жаңа жыл деп қарсы алды. Елмен бірге Елбасы да ұлы мерекемен ұлтты құтықтады.

Пейіл-ниеті далиған мына даласынан да кең, ақжүрек жұрт қой біздің қазақ, «ақ мол болсын!» десіп жатыр біріне-бірі. Ұлыс үшін ұлық күнде айтылар ұлы тілек осы, ақты тілейді, барлық арман-мұраттың, іс-тірліктің, аралас-құраластың, қарым-қатынастың ақ болғанын ерекше қалаудан туған тілек болар бәлкім. Хош. Астанадағы «Қазақ елі» атты монумент тұрған алаң бұл. Наурыз тойдың қызығын көру үшін жиылған көпке Президент те келіп қосылды. «Қазақ елі» алаңынан тұрып, тұтас қазақтың елін ұлық мерекемен құттықтады. 

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл ерекше мереке, біздің мереке. Күн мен түннің теңелгені, көктемге қарай жол бастаған мереке. Осы мерекеміз құтты болсын. Әр жанұяға жақсылық пен бақыт ұяласын. Болашақ мол болсын, береке-бірлік тілеймін баршаңызға.

 Қазақ жыл басына балаған бұл наурыз түбі түркіден тараған талай жұрттың мерекесі. Бір кездері көмескіленіп, тіпті, ұмыт болуға айналған мереке қайта түледі. Азат қазақпен бірге.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тәуелсіздік жылдары жаңа мереке жанданды. Жыл сайын көктемнің жып-жылы күніменен бірге келетін мерекені барлық халқымыз болып мадақтап, осылай құрметтейміз.

 «Қазақ елі» алдындағы алаңға келген көп қазақ Президенттің құттықтауынан соң театрландырылған музыкалық шараны қызықтады. Қойылымда қыс пен жаздың, ескі мен жаңаның арпалысы суреттеледі. Соңында жаз жеңеді, жазыла биледі көпшілік. Азат қазақ жиырма жылда талай жоғын түгендеді, талай дәстүрін дәріптей бастады. Наурыз да қайта түледі, және жаңа қоғам санасына шынайы мереке есебінде шым-шымдап сіңіп келеді.

 Әбдіқадыр Тоқабаев, Астана қаласының тұрғыны:

Ұлыстың Ұлы күні барлық Қазақстан халқына, жер шарындағы мұсылман халқына, барлығына құтты болсын! Еліміз, халқымыз аман болсын, тек бейбітшілік болсын!

Ләззат Жалмұқанқызы, Ақмола облысының тұрғыны:

Наурыз тойы келген уақытта бір адамның бір адамға реніші болса,  соны кешірім етіп, үйге дастархан жайып, ақ құйып адамға, келген адамды қарсы алып, жақсы тілекпен, жақсы ниетпен қарсы алу керек. Туыс-туғанға жақсы тілек айту керек. Дамтархан үстінде барша жұртқа жақсы тілек тілеу керек.

Көріністен кейін мерекенің көрігін әншілер қыздырды. Тамара Асар тойды бастады, бір топ шәкіртін ерте шыққан Қарақат оны қостады, тынысы кең Роза Рымбаева шырқаған әнді Есілдің екі жағалауыдағы ел түгел естіді-ау шамасы. Негізі, мереке ән мен жырдан кенде болған жоқ, дәстүрлі әндерді орындайтын шын шеберлер де көптің көңілін көтерді.

 Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Мысалы, біздің халықтың өзінде қаншама дәстүр жатыр. Адамдардың бірін-бірі аңсап келуі, көрісуі. Әкесі баласын, баласы әкесін, ата-анасын сағынып жыл бойына келе алмай жүргенде Наурызда келіп қайтады. Қарым-қатынастарды жақсарту, адамдар біріне бірі реніштерін кешіру, кешірімді болу, төзімді болу.

 Наурызды биыл қазақ бес күн тойлады. Астанадағы әрбір алаңда мерекелік шаралар өтіп жатты, адам ағыл-тегіл. Көлік емес, кісі кептеліп жатқан жерлер болды.  Ұлық мерекені ұлттың телемінбері болуға ұмтылып, талпынып отырған Ұлттық телеарна да мейілінше насихаттады. Дүркін-дүркін түрлі ойын-сауық хабарлары мен ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар ұсынды көрерменге. Ұлы түркі жұртының бірнеше ұлысы телекөпір арқылы байланысқа шықты. Түріктің «ТРТ» телеарнасы 8-ші мәрте ұйымдастырған «Наурызнама» тележобасына Қазақтың ұлттық телеарнасы бесінші рет қатысып отыр.

 Левент Майда, Түркияның «ТРТ» арнасы музыкалық және ойын-сауық бағдарламалар департаментінің директоры:

Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас артып, ынтымақ нығайып келеді. Ал «Наурызнама» телекөпірі бауырлас елдердің басын біріктіріп, етене арласуына жол ашты. Қазақстан Ұлттық арнасының ұжымына зор алғысымды білдіре отырып, Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

 Бірнеше мемлекетті қамтыған ауқымды телекөпірде Қазақстан Ұлттық телеарнасы үш дүркін эфирге қосылды. Қазақтың кейбір салт-дәстүрлерін дәріптеді, көпшілікке көрсетті. Мысалы, қыз ұзату, апыл-тапыл жүре бастаған баланың тұсауын кесу рәсімдері, тағысын тағы бар. Осының бәрін телекөпір арқылы бауырлас елдер тамашалады. Бұл телекөпір түбі бір халықтардың тарихи жадын оятып, қанымызда туыстық барын жаңғыртқандай болды.

 Міне, Әзірбайжан мен Түркия телекөпірде өзге қандастар тамашалап отыр. Әзірбайжан жұрты наурызды үш күн тойлайды. Амал айындағы сәрсенбі күндерін «юскю» деп атайды, қасиетті санайды. Сейсенбі күні ер кісілер қайтқан туған-туыстарының басына барып, дұға қылады. Невруз қарсаңындағы сәрсенбі күнін «ахыр чершенбе» дейді, үй-ішін жиып, ыдыс-аяқтарды тазалайды. Жеті тағам қосылған «йеди-левин» тағамы әзірленеді. Наурыз көже ғой қазақшасы.

 Гарип Мамедов, Алматы қаласы Әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы:

Қазақ халқына зор денсаулық, бақыт тілейміз, аман болсын. Бүгін наурыз мейрамы - барлық түркі халықтарының мейрамы. Барлық адамдар күліп, би билеп тойлайды. Бір-бірін құтықтайды. Жамандық тілемейді ешқашан. Аман болсын біздің халқымыз, мемлекетіміз!

 Көп жұрт үшін жыл жаңарған күн болып саналатын әз-Наурызды қазақ, түрік, иран, ауған, израйльдегі аз жұрт, өзбек, қырғыз, тәжік бар, талай жұрт атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Халықаралық мереке есебінде мойындады. Кейбір деректерге қарағанда, жаһанда бұл наурызды 300 миллион адам атап өтеді екен. Күн мен түн теңеліп, күн ұтатын, қыс жеңіліп, жаз салтанат құратын күнде қалың қазақ береке мен бірлік тіледі, ынтымақ пен тыныш тірлік тіледі.

 

 

Н.Нығматуллин шетел парламенттерінің жетекшілерімен кездесті

 

/«Қазақстан ТРК». 26.03.2012. Әйгерім Мусина./ - Биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының құрылғанына – 20 жыл. Осыған  орай, бүгін Алматыда Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина елдері парламенттерінің жетекшілерімен кездесті.

Жиында Нұрлан Нығматуллин Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федералдық Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкаға екі ел арасындағы сауда-саттық, экономикалық қарым-қатынасты нығайтып, болашақта да жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Ал, Молдова, Әзірбайжан, Қырғыз республикасының Мәжіліс төрағаларына елдер арасындағы парламентаралық байланысты нығайтып, болашақта жетілдіруді алға тартты. Одан кейін Нұрлан Нығматуллин Тәжікстан Мәжілісінің төрағасы Шукурджон Зухуровпен кездесті. Олар екі ел арасындағы ынтымақты кеңейтуге уағдаласты.

 

 

Қ.Мәми шетел парламенттері жетекшілерімен жүздесті

 

/«Қазақстан ТРК». 26.03.2012./ - Ертең Алматыда ТМД  елдері  Парламентаралық Ассамблеясының  20 жылдық мерейтойына арналған алқалы жиын өтеді. Осыған орай, бүгін Алматыға ҚР-сы Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми келіп, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей және Украина елдері парламенттерінің жетекшілерімен жүздесті. Екі жақты кездесу барысында Сенат Төрағасы Молдова Парламентінің төрағасы Мариан Лупумен екі ел арасындағы парламентаралық байланысты нығайту мәселелерін  талқыласа, Қырғыз республикасы өкілімен кездесуінде екі жақ та экономикалық байланысты одан әрі нығайтса, жуық арада өзара тауар айналым  1 млрд. доллардан асатынын жеткізді. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы маңызды серіктес саналатын Тәжікстанмен алда да парламентаралық диалог белсенділігін нығайта түсуді атап өтсе, Әзірбайжан Миллиінің төрағасы Октай Асадовты БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес  мүшесі болуымен құттықтады.  Кездесу аясында РФ-ның өкілі  Валентина Матвиенко ТМД Парламентаралық Ассамблеясының  құрылу тарихын еске алып, бұл ұйымның ТМД елдері үшін маңыздылығы мен келешегін ортаға салса, Украина Радасының жетекшісі маңызды кездесу аяғында Қайрат Мәмиді өз  елдеріне  шақырды.

 

 

Мәжіліс Төрағасы ТМД ПАА-ның мерейтойлық отырысына келген делегация жетекшілерімен жүздесті

 

/«КазАқпарат». 26.03.2012. Айдын Бәймен./ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) Алматы қаласында ертең өтетін 20 жылдық мерейтойлық отырысына келген делегация жетекшілері Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен екі жақты кездесулер өткізді.

Алатау баурайындағы қаламызға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдері парламенттерінің жетекшілері, сондай-ақ халықаралық парламенттік ұйымдардың өкілдері жиналуда.

Кездесу барысында Тараптар көптеген мәселелер, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы ойларын ортаға салды. Осы орайда сұхбаттасушылар ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үдеріске баса көңіл аударды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елдер арасындағы ықпалдастық байланыстың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы қарым-қатынастардың жақтаушысы ғана емес, оның жаңа бағыттарының бастамашысы болып отырғанын ерекше атап өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентаралық ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелерін Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының делегациясын бастап келген Леонид Слуцкиймен болған кездесуде талқыға салды.

Елдер арасындағы парламентаралық байланысты нығайта түсу мәселесі Нұрлан Нығматулин мен Молдова Республикасы Парламентінің Төрағасы Мариан Лупумен өткен жүздесуде ортақ тақырыпқа айналды.

Сонымен қатар, бүгін Мәжіліс Төрағасы мен Әзірбайжан Милли Меджілісінің делегация басшысы Оқтай Асадовпен болған кездесуде парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбіген Тәжікстан Оли Маджилисі намояндагон Маджилисінің Төрағасы Шүкурджон Зухуровпен өткен кездесуде Нұрлан Нығматулин Қазақстан Парламентінің Мәжілісі қазақ-тәжік қарым-қатынасына ерекше маңыз беретінін және келешектегі дамуына үлкен үлес қосатынын жеткізді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты өрістету туралы пікір алмасқан Мәжіліс Төрағасы мен Қырғыз Республикасы Жоғорғу Кенешінің Төрағасы Асилбек Жээнбеков алдағы уақытта экономикалық ықпалдастыққа, сондай-ақ парламентаралық байланысты дамытуға негіз болатын екі ел арасында көршілес және әріптестік байланысты нығайту жөніндегі ойларын ортаға салды.

 

 

 

 

 

Мәжіліс Төрағасы шетелдік парламенттік делегация жетекшілерімен кездесті

 

/«КазАқпарат». 26.03.2012. Айдын Бәймен./ - Бүгін Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) 20 жылдық мерейтойына келген делегация отырысы шеңберінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы шетелдік парламенттік делегация жетекшілерімен екі жақты кездесулер өткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федералдық Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастың бұған дейінгі қол жеткізілген келісімдерге сәйкес достық негізде және ынтымақтастық жағдайында дами түсетініне сенім білдірді. Қос мемлекет басшыларының екі жақты және көпсалалы форумдарда болған жүздесулері осындай байланыстың нығаюына негіз қалап отыр.

Келешекте Қазақстан мен Украина арасындағы екі жақты өзара қарым-қатынастың барлық саласы бойынша дамытуға парламентшілер де мүдделі екендігі Нұрлан Нығматулиннің Украинаның Жоғарғы Радасының Төрағасы Владимир Литвинмен кездесуі барысындағы әңгіменің арқауы болды.

Сондай-ақ, осы күні ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесіп, ТүркПА шеңберіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

 

ҚР Парламенті Сенатының спикері Алматыда ТМД ПАА Кеңесі қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізді

 

/«КазАқпарат». 26.03.2012. Айдын Бәймен./ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының  төрағасы Қайрат Мәми Алматыда Достастық ПАА 20 жылдығына орай ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысатын парламенттік делегациялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

РФ Федералдық жиналысы  Федерация Кеңесінің төрайымы, ТМД ПАА Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесуде Қ.Мәми 1992 жылғы 27 наурызда Алматыда ТМД Парламентаралық ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойылған Достастық парламентшілері кездесуінің  символдық мәні бар екенін атап өтті.

Қ.Мәми атап өткендей, 1991 жылғы желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған Достастықты құру туралы Алматы декларациясы бұрынғы кеңестік кеңістікте ынтымақтастық пен тату көршіліктің негізін қалады. Ал парламенттік құрылымның құрылуы ТМД қатысушы елдерінің өзара іс-қимылының заңнамалық базасын қалыптастыруға жәрдемдесті.

В.Матвиенко өз кезегінде, «парламентаралық ұйымның құрылуы бұрынғы КСРО  республикаларының өркениетті жолмен тарауын ғана қамтамасыз етіп қойған жоқ, қатынастардың жаңа ұстанымдарына негізделген ынтымақтастыққа жол салды», деп атап өтті. В.Матвиенко айтқандай, «Қазақстан Президентінің ерік-жігерінсіз Достастық кеңістігіндегі терең ықпалдастық үдерістің болмауы да мүмкін еді». Оның пікірінше, екі елдің парламентшілері мемлекетаралық қатынастарды тереңдету ісінде екі мемлекет көшбасшыларынан үлгі алулары тиіс.

Тәжікстан Оли Мәжілісінің төрағасы Шукурджон Зухуровпен кездесуде Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Тәжікстан Орталық Азиядағы маңызды әріптес екенін атап өтті және екіжақты ынтымақтастықтың қолдағы әлеуетін толық іске қосып, парламентаралық диалогты одан әрі жандандыра түсуге шақырды.

Ш.Зухуров екі ел көшбасшыларының арқасында қалыптасқан екі ел арасындағы қатынастардың жоғары және сенім деңгейін атап өтті.

Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисі төрағасы Октай Асадпен кездесу барысында қазақстан-әзірбайжан екіжақты қатынастарының, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастық деңгейінде де серпінді дамып отырғаны аталып өтті.

Қ.Мәми сұхбаттасушысын Әзірбайжанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымына сайлануымен құттықтады және халықаралық құрылымдар ауқымында тығыз өзара іс-қимыл қажеттігін айтты. Ол сондай-ақ ағымдағы жылдың екінші жартысында Әзірбайжанға сапармен баратынын қуаттады.

О.Асадов қазақстандық тарапқа Әзірбайжанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануына қолдау көрсеткеніне алғысын жеткізді және Әзірбайжанның осы ұйым ауқымында Қазақстанның бастамаларын қолдайтынына сендірді.

Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің төрағасы Асылбек Жээнбековпен кездесуде Қ.Мәми таяудағы уақытта өзара сауда айналымы миллиард доллардан асатынын ескере отырып, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың заңнамалық базасын нығайту жөніндегі одан әрі жұмыстың маңызын атап көрсетті.

Қ.Мәми қырғыз тарапына Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясын дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді және ағымдағы жылы Бішкекте ТүркПА отырысының ойдағыдай өткізілетініне сенімін білдірді.

Өз кезегінде А.Жээнбеков Қырғызстанның ішкі саяси дағдарысын реттеудегі Қазақстан басшысы жеке басының тұрақтандырушы рөліне жоғары баға берді.

 

 

Мәжіліс Төрағасы ТМД ПАА-ның мерейтойлық отырысына келген делегация жетекшілерімен жүздесті

 

/«BNews.kz». 26.03.2012./ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) Алматы қаласында ертең өтетін 20 жылдық мерейтойлық отырысына келген делегация жетекшілері Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Алатау баурайындағы қаламызға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдері парламенттерінің жетекшілері, сондай-ақ халықаралық парламенттік ұйымдардың өкілдері жиналуда.

Кездесу барысында Тараптар көптеген мәселелер, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту туралы ойларын ортаға салды. Осы орайда сұхбаттасушылар ТМД кеңістігінде интеграциялық үдеріске баса көңіл аударылды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин елдер арасындағы ықпалдастық байланыстың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы қарым-қатынастардың жақтаушысы ғана емес, оның жаңа бағыттарының бастамашысы болып отырғанын ерекше атап өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентаралық ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелерін  Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының делегациясын бастап келген Леонид Слуцкиймен болған кездесуде талқыға салды.

Елдер арасындағы парламентаралық байланысты нығайта түсу мәселесі Нұрлан Нығматулин мен Молдова Республикасы Парламентінің Төрағасы Мариан Лупумен өткен жүздесуде ортақ тақырыпқа айналды.

Сонымен қатар бүгін Мәжіліс Төрағасы мен Әзірбайжан Милли Меджілісінің делегация басшысы Оқтай Асадовпен болған кездесуде парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбіген Тәжікстан Оли Маджилисі намояндагон  Маджилисінің Төрағасы Шүкурджон Зухуровпен өткен кездесуде  Нұрлан Нығматулин Қазақстан Парламентінің Мәжілісі қазақ-тәжік қарым-қатынасына ерекше маңыз беретінін және келешектегі дамуына үлкен үлес қосатынын жеткізді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты өрістету туралы пікір алмасқан Мәжіліс Төрағасы мен Қырғыз Республикасы Жоғорғу Кенешінің Төрағасы Асилбек Жээнбеков алдағы уақытта экономикалық ықпалдастыққа, сондай-ақ парламентаралық байланысты дамытуға негіз болатын екі ел арасында көршілес және әріптестік байланысты нығайту жөніндегі ойларын ортаға салды.

 

 

ТМД ПАА-ның мерейтойлық отырысына қатысушыларға Қазақстан Президентінің құттықтауы жеткізілді

 

/«КазАқпарат». 27.03.2012. Айдын Бәймен./ - Осыдан тура жиырма жыл бұрын, яғни, 1992 жылы 27 наурыз күні Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясын (ТМД ПАА) құру туралы келісімге қол қойылды.

Сол кезде дұрыс қадам жасалғанын уақыттың өзі көрсетіп берді. Осы кезең ішінде Ассамблея беделді де ықпалды органға айналды. Бұл ұйым ықпалдастық аясындағы демократиялық үдерістердің дамуына және ТМД-ның барлық кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты.

Бүгін Алматыда жиырма жыл бұрын сол бір тарихи құжат қол қойылған Достық үйінде Ассамблеяның мерейтойлық отырысы өтуде.

Бұл басқосуға ТМД елдерінің барлық парламенттерінің төрағалары мен делегациялары қатысты. Отырысқа қатысушылар жұмыс күнін қорытындылап, келешекке бағытталған жоспарларын талқылады.

ТМД ПАА - мемлекетаралық ынтымақтастықтағы ең маңызды құрылымның бірі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Достастық құрамындағы елдердің заң шығарушыларына өзінің құттықтауын жолдады. Оны ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми оқып берді.

Мемлекет Басшысының құттықтауында 1992 жылы 27 наурызда Алматы қаласында ТМД ПАА құру туралы келісімге қол қойылғаны, оның Достастық елдері парламентшілерінің өзара байланысына бастау болғаны аталып өтілген. Бүгінгі таңдағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының рөлі, оның ұлттық заңдарды біріздендіру мен жетілдірудегі, демократия негіздері мен парламентаризмнің дамуындағы, Достастық елдерінің экономикалық және гуманитарлық өзара байланысын тереңдете түсудегі қомақты үлесі жоғары бағаланып отыр.

 

 

Алматыда ТМД ПАА-ның мерейтойлық отырысының нәтижесі бойынша бірлескен үндеу қабылданды

 

/«КазАқпарат». 27.03.2012. Айдын Бәймен./ - Алматы қаласында өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысының нәтижесі бойынша бірлескен үндеу қабылданды.

Осыдан тура жиырма жыл бұрын, яғни, 1992 жылы 27 наурыз күні  Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясын (ТМД ПАА) құру туралы келісімге қол қойылды. Сол кезде дұрыс қадам жасалғанын уақыттың өзі көрсетіп берді. Осы кезең ішінде Ассамблея беделді де ықпалды органға айналды. Бұл ұйым интеграциялық демократиялық үдерістердің дамуына және ТМД-ның барлық кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты.

Бүгін Алматыда, дәл жиырма жыл бұрын сол бір тарихи құжат қол қойылған Достық Үйінде Ассамблеяның мерейтойлық отырысы болып өтті. Бұл басқосуға ТМД елдерінің барлық парламенттерінің төрағалары мен делегациялары қатысты. Отырысқа қатысушылар жұмыс күнін қорытындылап, келешекке бағытталған жоспарларын талқылады.

ТМД ПАА - мемлекетаралық ынтымақтастықтағы ең маңызды құрылымның бірі. Достастық құрамындағы елдердің заң шығарушыларына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің құттықтауын жолдады. Оны ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми ТМД ПАА-ның мерейтойлық отырысына жиналғандарға жария етті.

Мемлекет Басшысы өз құттықтауында 1992 жылы 27 наурызда Алматы қаласында ТМД ПАА құру туралы келісімге қол қойылғанын, оның Достастық елдері парламентшілерінің өзара байланысына бастау болғанын атап өткен. Бүгінгі таңдағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының рөлі, оның ұлттық заңдарды үндестіру мен жетілдірудегі, демократия негіздері мен парламентаризмнің дамуындағы, Достастық елдерінің экономикалық және гуманитарлық өзара байланысын тереңдете түсудегі қомақты үлесі жоғары бағаланып отыр.

Осы келелі басқосуда сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД-ны құрудағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айырықша рөлін атап өтті.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1991 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев батыл бастама жасаған болатын. Елбасымыз Алматы қаласында бұрынғы одақ құрамындағы республика басшыларының кездесуін өткізу жөнінде және оны біздің елдеріміздің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, тату көршілікке, тарихи тамыры терең достыққа негізделген құжатпен айқындау мен бекітуді ұсынды.

«Мұның барлығы 1991 жылы 21 желтоқсанда кеңестік 11 республиканың басшылары қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Алматы Декларациясында көрініс тапты. Нақ осы қадам бұрынғы Кеңес одағы құрамына енген елдердің мемлекетаралық өзара ықпалдастығының кең өріс алуына бастау болды.  Ал бүгінгі таңда, дәл 20 жыл өткен тұста, Алматы қаласында осы Ұйымның мерейтойлық отырысында қайтадан бас қосып, тарих қойнауына енген кезең ішінде Парламентаралық Ассамблея біздің мемлекетаралық ынтымақтастықтағы маңызды бір құрылым ретінде Достастыққа мүше мемлекеттердің көп салалы ынтымақтастығын дамытудың тиімді тетігі бола білді десек, асыра айтқандық емес. Әрине, ТМД-ға мүше елдердің заңдарын жетілдіруде, сәйкестендіруде, бір-бірімен байланыстыруда Ассамблеяның қосқан үлесі зор», -деді Мәжіліс төрағасы.

Парламентшілер Достастық елдерінің дамуын айқындаған 300-ден астам моделдік заңдарды қабылдады. Азаматтық кодекс, Салық кодексінің Жалпы бөлімі, «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Еркін экономикалық аймақ туралы» және басқа да көптеген заң актілері ұлттық заңдардың негізі болды.

 Елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде лаңкестік, экстремистік әрекеттермен, есірткі бизнесі қылмыстарымен күрес саласындағы саясатта ортақ ұстанымға келу мәселелері ТМД ПАА-ның күн тәртібіне шығарылды. Парламентшілер Таулы Қарабақ, Приднестровье, Абхазия қақтығыстарын реттеуге қатысты. Депутаттар сайлау жүйесін жетілдіру, сайлаушылар мәдениетін қалыптастыру бағытында да қызмет атқарып келеді.

Бұл ұйымның болашағы интеграциялық қатынаспен тығыз байланысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру туралы бастамасы Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында нақты жүзеге асуда. Осы орайда дами түскен үдерістердің нәтижесінде Ассамблеяның және басқа мемлекетаралық органдардың рөлі артып келеді. Осындай ортақ пікірлерді ТМД ПАА Кеңесінің төрайымы, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федералдық Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және басқа қатысушылар өз сөздерінде атап өтті. Бүгінгі таңда осы маңызды мемлекетаралық құрылымның жоспарлары көп. Өйткені әлем дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Соның ішінде жаңа технологиялар, әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңа тәсілдер, жаһандық шақыруларға дәлме-дәл жауап беру мәселелерін айтуға болады.

Бүгін мерейтойлық отырыстың қатысушылары бірлескен үндеу қабылдады. Ең бастысы, ТМД елдері алдында тұрған көкейкесті мәселелер бойынша ортақ көзқарасты қалыптастыратын, бір-біріне жақындастыратын мүмкіндіктер жөнінде пікір алмасты, мүдделердің ортақ екендігіне тағы бір рет көз жеткізді.

Бір топ парламентшілер осы ұйымның мерейтойына орай Парламентаралық Ассамблеяның орденімен, медалімен және құрмет грамотасымен марапатталды.

 

 

Н.Нығматулин: ТМД-ға мүше елдердің заңдарын жетілдіруде, сәйкестендіруде, бір-бірімен байланыстыруда Ассамблеяның қосқан үлесі зор

 

/«КазАқпарат». 27.03.2012. Айдын Бәймен./ - ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мерейтойлық отырысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД-ны құрудағы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айырықша рөлін ерекше атап өтті.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1991 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев батыл бастама жасаған болатын. Елбасымыз Алматы қаласында бұрынғы одақ құрамындағы республика басшыларының кездесуін өткізу жөнінде және оны біздің елдеріміздің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, тату көршілікке, тарихи тамыры терең достыққа негізделген құжатпен айқындау мен бекітуді ұсынды.

"Мұның барлығы 1991 жылы 21 желтоқсанда кеңестік 11 республиканың басшылары қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Алматы Декларациясында көрініс тапты. Нақ осы қадам бұрынғы Кеңес одағы құрамына енген елдердің мемлекетаралық өзара ықпалдастығының кең өріс алуына бастау болды.  Ал бүгінгі таңда, дәл 20 жыл өткен тұста, Алматы қаласында осы Ұйымның мерейтойлық отырысында қайтадан бас қосып, тарих қойнауына енген кезең ішінде Парламентаралық Ассамблея біздің мемлекетаралық ынтымақтастықтағы маңызды бір құрылым ретінде Достастыққа мүше мемлекеттердің көп салалы ынтымақтастығын дамытудың тиімді тетігі бола білді десек, асыра айтқандық емес. «Әрине, ТМД-ға мүше елдердің заңдарын жетілдіруде, сәйкестендіруде, бір-бірімен байланыстыруда Ассамблеяның қосқан үлесі зор", -деді Мәжіліс төрағасы.

 

 

Мәжіліс Төрағасы бірқатар елдер Парламенттерінің жетекшілерімен екіжақты кездесулер өткізді

 

/«КазАқпарат». 27.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойлық отырысы аясында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірқатар елдердің ұлттық Парламенттерінің жетекшілерімен екі жақты кездесулер өткізді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті Джирга Волеси Төрағасы Абдул Рауф Ибрагимимен болған кездесуде Ауған елінің алдағы кезеңдегі дамуы туралы мәселелерге баса көңіл бөлінді. Осы орайда Нұрлан Нығматулин Қазақстан ауған қоғамын өркендету және демократиялық даму жолын күшейту жөніндегі Ауғанстан Үкіметінің ұстанымын қолдайтынын атап өтті. Абдул Рауф Ибрагими өз кезегінде Ауғанстан еліне көрсеткен көмегі үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шынайы алғысын жолдады. Сондай-ақ Тараптар парламентаралық ынтымақтастық мәселелері туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар Армения Ұлттық Жиналысының Төрағасы Самвел Никоянмен, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасы Төрағасының орынбасары Виктор Гуминский өткен кездесулер барысында ынтымақтастық байланыстың негізгі бағыттарын қамтыған өзекті мәселелер талқыланды.

 

 

ТМД ПАА Кеңесі мерейтойлық отырысында ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

 

/«КазАқпарат». 27.03.2012. Серік Қаражан./ - Бүгін ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Алматыда болған мерейтойлық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Құжатта «бұл келісімге қол қойылуы Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар дамуының ілгерілеу сипатының тағы бір дәлелі болып табылады», деп аталып өтілген.

Келісімде сондай-ақ біздің елдеріміздің қатысуымен ықпалдастық жобаларының даму қарқыны мазмұндалған.

Құжатта «осыған байланысты, біз - заң шығарушылар - көрсетілген үдерістердің құқықтық негіздерін дер кезінде жасауымыз керек», - делінген.

Достастық елдерінің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен болған брифинг барысында Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының Төрағасы Қ.Мәми бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерін дамытудағы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының рөлін жоғары бағалады.

- «ТМД ПАА - халық қалаулылары ұлттық заңнамаларды біріздендіру мен үйлестіру мәселелерін талқылайтын маңызды келіссөз алаңы», - деді Қ.Мәми және ол «бұл біздің парламенттік форумның құндылығы да осында»,-деп атап өтті.

 

 

Ортақ пікірлер танытылды

 

/«Егемен Қазақстан». 27.03.2012./ - Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты Достастық елдері Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің оты­рысына қатысатын парламенттік делегациялардың басшы­лары­мен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Сенат­тың баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясы Федерал­ды Жиналысы Федерация Кеңе­сі­нің Төрайымы, ТМД ПАА Кеңе­сінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесуде Қ.Мәми Дос­тастық парламентшілерінің осы кездесуінің ерекшелігіне тоқтал­ды. 1992 жылғы 27 наурызда Алматыда ТМД Парламенттік Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойылған болатын.

Қ.Мәми Президент Н.Назар­баев­тың бастамасымен Достас­тық­ты құру туралы 1991 жылғы жел­тоқсан айындағы Алматы декларациясы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ынтымақтастық пен тату көршілестіктің негізін қала­ға­нын еске салды. Парламенттік құрылымның құрылуы ТМД-ға қатысушы елдердің өзара іс-қи­мылына заңнамалық негіз қалып­тастыруға ықпал етті.

В.Матвиенко өз кезегінде «пар­ламентаралық ұйымның құрылуы КСРО-ның бұрынғы республика­ла­рының өркениетті түрде ажы­расуын қамтамасыз етумен бірге, қатынастардың жаңа қағида­ла­ры­на негізделген ынтымақтас­тық­тың жолын ашты», деп атап өтті. В.Матвиенко айтқандай, «Қазақ­стан Президентінің ерік-жігерінсіз Достастық кеңістігінде терең ынтымақтастық үдерістері бол­мауы мүмкін еді».

Оның пікірінше, екі елдің пар­ламентшілері мемлекетара­лық қатынастарды тереңдету ісінде екі мемлекеттің басшылары­нан үлгі алуы тиіс.

Қазақстан Парламенті Сена­ты­ның Төрағасы Қ.Мәми Молдова Парламентінің Төрағасы Мариан Лупумен кездесуі бары­сын­да біздің еліміздің екіжақты және көпжақты тұрғыдағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі нығайтуға мүд­делі екенін атап өтті. Соны­мен бірге, Қ.Мәми парламент­аралық байланыстардың мемле­кетаралық өзара іс-қимылдың құқықтық-келісімдік базасын қа­лыптастыратын маңызды рөліне ерекше тоқталды.

М.Лупу айтқандай, «ТМД Парламентаралық Ассамблеясы біз үшін маңызды алаң болып табылады және біз оны екіжақты қатынастарды белсенділендіру үшін мейлінше пайдалануға тиіспіз». Ол сондай-ақ парламент­ара­лық байланыстарды белсенділендіруді ұсынды және Қ.Мәмиді Молдоваға сапармен келуге шақырды.

Тәжікстан Оли Мәжілісі намояндагон Мәжілісінің Төрағасы Шукурджон Зухуровпен кездесуде Қазақстан Парламенті Се­на­тының Төрағасы Тәжікстан Қа­зақстанның Орталық Азия­дағы ма­ңызды әріптесі екенін атап өтіп, осыған байланысты парла­мент­аралық үнқатысуды одан әрі белсенділендіруге шақырды, бұл екіжақты ынтымақтастықтың әле­уетін толық көлемде іске қос­у­ға мүмкіндік береді.

Ш.Зухуров екі елдің арасын­дағы жоғары деңгейдегі және се­німге негізделген қатынастар екі мемлекеттің басшыларының арқа­сы­нда қалыптасқанын атап өтті.

Әзербайжан Республикасы Мил­ли Меджилисінің Төрағасы Октай Асадовпен кездесуі барысында Қ.Мәми Қазақстан мен Әзер­байжанның екіжақты қаты­нас­тарының, оның ішінде парла­ментаралық деңгейдегі ынты­мақ­тастығының даму қарқынын атап өтті. Қ.Мәми БҰҰ Қауіп­сіз­дік Ке­ңесінің ауыспалы мүшесі лауазымына Әзербайжанның сай­лануы­мен әріптесін құт­тық­тап, халық­ара­лық құрылым ая­сын­дағы өзара тығыз іс-қи­мыл­ды жақтайтынын айтты.

О.Асадов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Әзербайжанның сайлануына Қазақстан тарапының қолдау білдіргеніне орай алғыс айтып, осы ұйымның аясындағы Қазақстанның бастамаларына Әзер­байжанның да қолдау біл­діруге әзір екенін нақтылады.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешинің Төрағасы Асылбек Жээнбековпен кездесуде Қ.Мәми таяу уақытта өзара тауар айналымы миллиард дол­ларға жететінін ескере отырып, екіжақты экономикалық ынты­мақ­тастықтың заңнамалық базасын нығайту жөніндегі бұдан былайғы жұмыстардың маңыз­дылығын атап өтті.

Қ.Мәми Президент Н.Назар­баевтың бастамасы бойынша құ­рылған Түркітілдес елдердің Пар­ламенттік Ассамблеясын да­мы­туға қырғыз жағының үлесін атап өтті және алдағы жылы Бішкектегі ТүркПА отырысы табысты өтетініне сенім білдірді.

А.Жээнбеков өз кезегінде Қыр­­ғызстандағы ішкі саяси дағ­д­арыс кезеңін реттеудегі Қазақ­стан басшысының тұрақтан­ды­рушы рөлін жоғары бағалады.

Қ.Мәми Украина Жоғарғы Радасының Төрағасы Владимир Литвинмен кездесуі барысында екі елдің арасындағы өзара тиім­ді ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты. Қ.Мәмидің айтуынша, «Қазақ­стан мен Украина басшылары­ның сындарлы үнқатысуы арқа­сын­да өзара екіжақты іс-қимыл­дың жоғары деңгейіне қол жет­ті». Парламентаралық үнқатысу­дың зор әлеуетін атап өте келіп, төраға әріптесін Қазақстанға рес­ми сапармен келуге шақырды.

«Өзара тауар айналымы был­тырғы жылы 2010 жылмен са­лыс­тырғанда екі еседен астамға өсіп, 4,4 миллиард долларға жет­ті», деді Қ.Мәми және ол Қа­зақстан мен Украинаның «Жол картасы» іс-қимыл жоспарын іске асыру барысына қанағат­танғандық білдірді.

Қазақстан Президентінің Жо­ғарғы Радада сөйлеген сөзін еске алған В.Литвин «Қазақстан бас­шысының өз ойлары бар және оны іске асыра алады», деп атап өтті. Жоғарғы Раданың төрағасы Қ.Мәмиді Украинаға ресми сапармен келуге шақырды.

 

 

 

Екіжақты кездесулер өткізді

 

/«Егемен Қазақстан». 27.03.2012./ - Кеше Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламент­аралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) Алматы қаласында бүгін өтетін 20 жылдық мерейтойлық отырысына келген делегация жетекшілерімен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Алатау баурайындағы қал­а­мызға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз­стан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдері парламент­терінің жетекшілері, сондай-ақ халық­ара­лық парламенттік ұйым­дар­дың өкілдері жиналды.

Кездесу барысында Н.Нығ­ма­тулин елдер арасын­дағы ықпал­дас­тық байланыстың маңызды­лы­ғын айта келіп, Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұл­тан Назарбаев осы қарым-қаты­настардың жақтаушы­сы ғана емес, оның жаңа бағытта­ры­ның бастамашысы болып отыр­ғанын ерекше атап өтті.

Қазақстан Парламенті Мәжі­лісінің Төрағасы Нұрлан Нығма­ту­лин Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федералдық Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Сұхбат­тасу­шылар Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қа­рым-қатынастың бұған дейінгі қол жеткізілген келісімдерге сәйкес достық негізде және ынтымақтастық жағдайында дами түсетініне сенім білдірді. Қос мемлекет басшыларының екі- жақты және көпсалалы форумдарда болған жүздесулері осындай байланыстың нығаюына не­гіз қалап отыр.

Елдер арасындағы пар­ламентаралық байланысты ны­ғайта түсу мәселесі Нұрлан Нығ­матулин мен Молдова Республикасы Парламентінің Төрағасы Мариан Лупумен өткен жүз­десу­де ортақ тақырыпқа айналды.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төр­а­ғасының Әзербайжан Милли Меджлисінің делегация басшысы Октай Асадовпен кездесуінде парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мәселелері жө­нінде пікір алмасылды.

Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығы туралы әңгіме өрбіген Тәжікстан Оли Мад­жи­лисі намояндагон Маджилисінің Төрағасы Шүкурджон Зухуровпен өткен кездесуде Нұрлан Нығ­матулин Қазақстан Пар­ламентінің Мәжілісі қазақ-тәжік қарым-қатынасына ерекше ма­ңыз беретінін және келешектегі дамуына үлкен үлес қосатынын жеткізді.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты өрістету туралы пікір алмасқан Мәжіліс Төрағасы мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеши­нің Төрағасы Асилбек Жээнбеков алдағы уақытта экономи­ка­лық ықпалдастыққа, сондай-ақ парламентаралық байланысты дамытуға негіз болатын екі ел арасында көршілес және әріп­тестік байланысты нығайту жө­нін­­дегі ойларын ортаға салды.

Келешекте Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастың барлық саласын дамытуға парламент­ші­лер де мүдделі екендігі Нұрлан Нығматулиннің Украина Жоғар­ғы Радасының Төрағасы Владимир Литвинмен кездесуі бары­сындағы әңгіменің арқауы болды.

Сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелері Нұрлан Нығма­ту­линнің Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекет­тік Думасының делегациясын бастап келген Леонид Слуцкиймен және Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасановпен болған кездесуде талқыға салынды.

 

 

Маңызды кездесулер өткізді

 

/«Айқын». 27.03.2012. Еркін Қалдан./ - Сенат төрағасы Қайрат Мәми ТМД Парламентаралық ассам­блея­сы­ның 20 жылдығына байланысты Достас­тық елдері Парламентаралық ассамблеясы Кеңесінің отырысына қа­тысатын парла­менттік делега­циялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өт­кізді.

Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы, ТМД ПАА Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуде Қ.Мәми Достастық пар­ла­ментшілерінің осы кез­де­суінің ерек­шелігіне тоқталды. 1992 жылғы 27 наурызда Алматыда ТМД Пар­ла­менттік ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойыл­ған болатын.

Қ.Мәми Президент Н.Назар­баев­тың бастамасымен Достастықты құру туралы 1991 жылғы желтоқсан айындағы Алматы декларациясы бұрынғы кеңес­тік кеңістіктегі ын­тымақтастық пен тату көршілестіктің негізін қалағанын еске салды. Пар­ламенттік құрылымның құрылуы ТМД-ға қатысушы елдердің өзара іс-қимылына заңнамалық негіз қа­лыптастыруға ықпал етті.

В.Матвиенко өз кезегінде «парла­мен­таралық ұйымның құрылуы КСРО-ның бұрынғы республика­ларының өрке­ниетті түрде ажырасуын қамтамасыз етумен бірге, қа­тынастардың жаңа қағидаларына негізделген ынтымақтастықтың жолын ашты»,- деп атап өтті.

В.Матвиенко айтқандай, «Қазақ­стан Президентінің ерік-жігерін­сіз Достастық кеңістігінде терең ын­тымақтастық үдерістері болмауы мүмкін еді».

Молдова парламентінің төрағасы Мариан Лупумен кездесу барысын­да Сенат төрағасы Қайрат Мәми біз­­дің еліміздің екіжақты және көпжақ­ты тұрғыдағы ынтымақ­тастықты одан әрі нығайтуға біздің еліміздің мүдделі екенін атап өтті. Сонымен бірге Қ.Мәми парла­мен­таралық бай­ланыстардың мемле­кетаралық өзара іс-қимылдың құ­қықтық-келісімдік базасын қа­­лып­тастыратын маңыз­ды рөлін ерекше атап өтті. М.Лупу айт­қандай, «ТМД Парла­ментаралық ас­самблеясы біз үшін маңызды алаң болып табылады және біз оны екі­жақты қатынастарды белсенділен-діру үшін мейлінше пайдалануға тиіс­піз». Ол сондай-ақ парламен­таралық байланыстарды белсенді­лендіруді ұсынды және Сенат төраға­сы Қ.Мәми­ді Молдоваға сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ Тәжікстан Оли мәжілісі намояндагон мәжілісінің төрағасы Шукурджон Зухуровпен кездесуде Қазақстан Сенатының төрағасы Тә­жікстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды әріптесі екенін атап өтіп, осыған байланысты пар­ламентаралық үнқатысуды одан әрі белсенділендіруге шақырды, бұл екі­жақты ынтымақтастықтың әлеуетін толық көлемде іске қосуға мүмкіндік береді. Әзірбайжан Республикасы Милли меджилисінің төрағасы Ок­тай Асадовпен кездесу барысында Қазақстан мен Әзірбайжанның екі­жақты қатынастарының, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі ынты­мақтастықтың даму қарқынын атап өтті. Қ.Мәми БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі­нің ауыспалы мүшесі лауазымына Әзірбайжанның сайлануымен әріп­тесін құттықтап, халықаралық құ­рылым аясындағы өзара тығыз іс-қимылды жақтайтынын айтты. О.Асадов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Әзірбайжанның сайлануына Қа­зақстан тарапының қолдау білдір­геніне орай алғыс айтып, осы ұйым­ның аясындағы Қазақстанның бас­тамаларына Әзірбайжанның қол­дауға әзір екенін нақтылады.

Сондай-ақ Қайрат Мәми Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Асылбек Жээнбековпен, Ук­раина Жоғарғы Радасының төраға­сы Владимир Литвинмен кездесті.

 

 

Байланыс нығаяды

 

/«Айқын». 27.03.2012. Айбатыр Сейтақ./ - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федералдық Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынастың бұған дейінгі қол жеткізілген келісімдерге сәйкес достық негізде және ынтымақтастық жағдайында дами түсетініне сенім білдірді.

Елдер арасындағы парламентаралық байла­нысты нығайта түсу мәселесі Нұрлан Нығмату­-лин мен Молдова Республикасы парламентінің төрағасы Мариан Лупумен, Әзірбайжан Милли меджілісінің делегация басшысы Оқтай Аса­довпен болған кездесуде талқыға салынды. Қырғыз Республикасы Жоғорку Кенешінің төрағасы Асилбек Жээнбековпен кездесуде екі ел арасындағы әріптестік байланысты нығайту жөнінде әңгіме болды.

Қазақстан мен Украина арасындағы екі жақты өзара қарым-қатынастың барлық саласы бо­йынша дамытуға парламентшілер де мүдделі екендігі Нұрлан Нығматулиннің Украинаның Жоғарғы Радасының төрағасы Владимир Лит­винмен кездесуі барысындағы әңгіменің арқауы болды.

Сондай-ақ парламентаралық ынтымақтас­тықтың көкейкесті мәселелері Мәжіліс төраға­сының Ресей Федерациясы федералды Жина­лысы Мемлекеттік Думасының делегациясын бастап келген Леонид Слуцкиймен және түркі тілдес елдер Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасановпен болған кездесуде талқыға салынды.

 

 

ТМД Парламентаралық Ассамблеясына 20 жыл

 

/«Хабар» агенттігі. 27.03.2012./ - Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерейтойлық басқосу өтуде.

ТМД елдері Парламенттерінің бүкіл спикерлерін жинаған отырыста ұйымның осы уақытқа дейінгі жұмысы қорытындыланып, жоспарларлар талқыланды.

Делегаттар басқосу қарсаңында Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды. ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге 1992 жылы 27 наурызда бүгінгі мерейтойлық кеңес өткізіліп отырған Достық үйінде қол қойылған еді. Осы уақыт ішінде мемлекетаралық құрылым терроризм, халықаралық қылмыс пен есірткі бизнесімен күрес үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Таулы Қарабах, Преднестровье, Абхазия сынды аймақтардағы дауларды шешуге қатысты, 300-ден астам модельдік заң жобаларын жасады. Отырысқа қатысушылар ТМД кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер болашақта да үлкен қарқынмен дамитынына сенім білдірді. Парламентаралық ассамблея төрағасы, Ресей Федералдық жиналысының Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Кедендік Одақ сынды интеграциялық бастамалар өзінің өміршеңдігін дәлелдегенін атап өтті. Отырысқа қатысушыларды Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзімен Сенат төрағасы Қайрат Мәми таныстырды.

Қайрат МӘМИ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

-Сіздерді бүгінгі мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! 92-жылы қол қойылған келісім Достастық елдері Парламенттерінің әріптестігін арттыруға бастау болғаны сөзсіз. Парламентаралық ассамблея посткеңестік аймақтағы мемлекеттердің өзара ынтымақтастығын, серіктестігін арттыруға берік іргетас қалады деуге болады. Ассамблея ұлттық заңнамаларды үйлестіруге, демократия негіздерін дамытуға, экономикалық, гуманитарлық қатынастарды тереңдетуге үлкен үлес қосуда.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

-1991-жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өте батыл бастаманы ұсынған болатын. Ол біздің елдердің арасындағы достық, көршілес және өзара пайдалы әріптестік қатынастардың тарихи тамырларын сәйкес құжатта бекіту үшін Алматы қаласында бұрынғы достастық республикалары басшыларымен кездесу ұсынды. 20 жылдан кейін Алматыда мерейтойлық отырыста тағы да бас қоса отырып, парламентаралық ассамблея достастық елдерінің көп жақты әріптестік қатынастарының тиімді механизміне айналғанын сеніммен айта аламыз.

 

Қазаққа бірыңғай әлеуметтік желі қажет

 

/«Алаш айнасы». 27.03.2012. Арман Асқар./ - Астанадағы жаңа жылдың алғашқы күні қазақтілді блогшылардың Blogcamp-2012 атты кезекті құрылтайымен басталды. Наурыздың 23-і күні Назарбаев университетінде кәсіби блогшылар, журналистер мен ақпараттық технология мамандары бас қосып, интернет желісіндегі қазақ жастарының сұхбат алаңын кеңейту мәселесін жан-жақты талқылады. Әрине, ол «алаң», яғни әлеуметтік желі тек Қазақстан жастарын ғана емес, әлемдегі барлық қандасымызды біріктіруі тиіс. Осыған байланысты Қытайдағы қазақ жастарының нақты ұсынысы да бар. Ол жақтың жастары «М-агент» және «Скайп» үлгісінде «LKK» – лезде хабарласу құралын әзірледі. Оған дүниежүзі қазақтары кіріп, емін-еркін тілдесе алады.

Негізі, қазақ тіліндегі блогинг осыдан бес жыл бұрын қалыптаса бастады. Ол кезде Wordpress.com тегін жүйесі негізінде бес жүзден астам қазақ блогтары ашылды. Бірақ былтыр бұл жүйеге тос­қауыл салынғаннан кейін, қазіргі танымал блогтар LiveStreet арқылы дами бастады. Бүгінгі таңда оның негізінде www.kerekinfo.kz, www.aitaber.kz, www.teriskey.kz, www.kazjur.kz, www.blogcamp.kz сияқ­ты сайттар жұмыс істеп келеді. Онда біраз қазақ жастары жиналып, өзара пікір алмасып тұрады. Бірақ, өкінішке қарай, ол сайттарға өзге елде тұрып жатқан қан­дас­тарымыз кіріп, өз ой-идеяларын қоса алмай жатыр. Себебі Еуропа жастары латын әліппесін қолданса, Қытайдың қазақ­тары төте жазумен «тілдесіп» отырады. Осы­ның салдарынан ғаламтор желі­сін­дегі барлық қазақ жастары бір-бірі­мен толық­қанды араласа алмай келеді. Қы­тай­дағы қандастарымыз бұл мәсе­лені шешу­ге даяр. Биылғы блогшылар құрыл­тайында олар «М-агент» және «Скайп» үлгі­сінде әзірленген «LKK» – лезде хабар­ласу құралы» жобасын ұсын­ды. «Оған дүние­жүзі қазақтары қосылып, өзара пікір алма­са алады. Онда кириллица мен төте жазу әліппесі қарастырылып отыр, тіпті бей­не­байланыс та бар. Енді оны енгізу үшін қа­ражат қажет. Меніңше, оған бірнеше миллион кетеді. Әзірше демеуші жоқ», – дейді Қытайдағы «Сен – қазақ!» сай­ты­ның жетекшісі Ақыбек Шеризатұлы.

Биылғы блог құрылтайға Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов те қаты­сып, біраз мәселелерді ортаға салды. Ал­дағы уақытта ол жастардың барлық тілек-ұсы­нысын билікке жеткізуге уәде беріп отыр.

Жалпы, бүгінде интернеттегі қазақтілді блогтар арқылы азаматтық журналистика­ны жан-жақты дамыту аса қажет. Себебі осының арқасында әрбір адам өзінің же­ке ой-пікірін барлық қоғамға айта алады. Осы орайда «Мінбер» орталығының жұ­мы­сын ерекше атап өткен жөн. Соңғы жыл­дары аталған ұйымның өкілдері жас­тарды блог жүргізуге үйретіп, аянбай ең­бек етіп келеді. Бұған дейін орталық ма­ман­дары Астана мен Алматы қалаларында бір­қатар оқу семинарларын өткізсе, биыл Қы­зылжар, Шымкент, Атырау және Өске­мен қалаларында арнайы блог-семинарларды ұйымдастыруды көздеп отыр.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі:

– Wordpress.com жүйесінің жабыл­ға­нына қарамастан, жастар ғаламтор­да басқа блогтарды ашып, сан алуан сұх­бат алаңдарын жүргізіп келеді. Бір өкі­ніштісі, біздің біраз жобамыз Word­press.com жүйесінде қалып қой­ды. Қазір осы мәселені шешу жолдарын іздеп жатырмыз. Осыған қатысты министрлікке де хат жаздық. Бірақ одан нақты жауап болмағаннан кейін, өз орнымызды қазақстандық контенттен іздей бастадық. Бүгінде біз www.kazjur.kz деген блог жүйесін аштық. Онда тіркелген 250-ден астам блог өзінің азаматтық ұстанымын білдіре бастады. Ендігі мақсатымыз – www.kazjur.kz сайтына жеке сервер алу. Ал биылғы Блог құрылтайдың негізгі мақсатына келер болсақ, ол қандай да бір саяси көз­қарасты көздеп отырған жоқ. Біз қазақ блоггерлері мен журналистердің басын қосып, ғаламтордағы ортақ мәсе­ле­лерді талқылауды көздейміз. Негізі, бүгінгі жастар осындай алаңды іздеп жүр. Олар өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісуге даяр. Өкінішке қарай, қазаққа келген кезде билік үнсіз қалып отырады.

Ақыбек ШЕРИЗАТҰЛЫ, Қытайдағы «Сен-қазақ!» сайтының жетекшісі:

– Өзіңіз жақсы білесіз, бүгінде Қы­тай­да 2 млн-ға жуық қазақ тұрады. Кезін­де болған қитұрқы саясаттың сал­дарынан Қазақстан жастары бүгін­де кириллицаны қолданады. Біз бол­сақ, Ахмет Байтұрсыновтың араб әліп­пе­сі негізіндегі төте жазуды пайдала­на­мыз. Осының салдарынан біз ақпа­рат­тық технологиялар саласында лез­де ақпа­рат алмаса алмай жатамыз. Мәселен, бүгінде бізде Facebook сияқ­ты кәдімгі­дей әлеуметтік жүйе бар. Бірақ ол төте жазумен қолданылады. Бүгінгі таңда біз Қазақстанда болып жат­қан жаңа­лықтармен кириллицадан автоматты түрде аударып, танысып жатамыз. Ал латын жазуларын, шы­ны керек, толық­қанды түсінбейміз. Қа­зіргі кезде осы әліппе мәселесі салдарынан Қазақстан мен Қытайдағы қа­зақ жас­тарының арасында байла­ныс нашар болып тұр. Болашақта Қа­зақ­станда төте жазумен шығатын «Қаз­Ақпарат» агенттігі мен «Егемен Қазақстан» газетінің сайттары Қытай­да­ғы қазақ­тарға бет алып, біздің мәде­ни-ру­хани өмірімізді толықтыра түседі деп сенеміз.

Блог құрылтай аясында дәстүрлі сайт­тар мен жобалар да назардан тыс қал­мады. Шара демеушілері «Қазақ­теле­ком» АҚ ұсынған бір жылдық тегін хостинг – It tirlik жобасын ұсынған Тимур Бек­тұрға, blogl.kz жобасы үшін Елдар Құдай­бер­геновке, зерделі жобасы үшін Нәзи­ра Бур­хановаға, бір жылдық тегін мега­лайн – «Қыздар әліппесі» жобасы үшін Ай­бек Қуан­дықовқа, bugin.kz жобасы үшін Мейірман Түйтешевке, бейнеблог жоба­сының авторларына берілді. Ал «Қаз­телерадио» АҚ ұсын­ған «Отау ТВ» жүлдесіне «Айқа­рагөз» сайты ие бол­ды. Ал Вeeline бай­ланыс опера­торы үздік блогшыларға өз сыйлықтарын табыстады.

Р.S.

Блогшылардың биылғы құ­рыл­тайы Назарбаев универси­тетінде өтті. Бұған дейін ол фо­рум КИМЭП университетінде ұй­ымдастырылған болатын. Кім біледі? Бәлкім, болашақта осы жоғары оқу орындарын­да білім алып жүрген дарын­дар­дың біреуі қазақ халқының бір­ыңғай әлеуметтік желісін ойлап табар. Facebook-ті де кезінде Гар­вардта оқыған қарапайым бір студент жасап шығарған жоқ па?

 

 

Алматыда ТМД ПАА Кеңесінің отырысы басталды

 

/«BNews.kz». 27.03.2012./ - Алматыда Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мүше-мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Мүше-мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы ТМД ПАА-ның 20 жылдығына арналып отыр.

Отырысқа жеті ел парламенттік делегацияларының жетекшілері қатысуда. Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми ашып, онда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқыды.

Басты назарда ТМД ПАА 20 жылдығы туралы мәселелер, ынтымақтастық аясында мемлекетаралық бағдарламалар құруда және алға қарай дамуда оның атқаратын ролі сөз болды.

Бағдарлама барысында сондай-ақ ТМД ППА. 20 жыл» төсбелгілерін ұсыну салтанатты шарасы өтеді деп жоспарлануда.

 

 

Қазақстан мен Ресей Парламентінің жоғары палатасы басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

 

/«BNews.kz». 27.03.2012./ - РФ Федералды Жиналысы Федерациясының Кеңесі мен ҚР Парламент Сенаты Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының спикері Қайрат Мәми өзінің ресми блогында хабарлады. 

 «Бүгін мен және Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы, ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко екеуміз ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Алматыда болған мерейтойлық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық», - деп жазды Қ. Мәми.

«Қазақстан мен Ресей Парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы осындай іс-қимыл екіжақты қатынастарды нығайтуға, біздің елдеріміз қатысатын ықпалдастық үдерістерін дамытуға көмектеседі», - деп толықтырды Сенат басшысы.

Ол сондай-ақ, тараптар таяу уақытта Сенат пен Федерация Кеңесінің арасында екі елдің парламентшілері алдында тұрған міндеттерді орындауға ықпал ететін комиссия құруды көздеп отырғанын хабарлады.

 

 

Алматыда ТМД-дағы парламентаралық ынтымақтастықтың 20 жылдығы туралы мәлімдеме қабылданды

 

/«BNews.kz». 27.03.2012./ - Бүгін Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысы барысында  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 20 жылдығы туралы мәлімдеме қабылданды. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының спикері Қайрат Мәми өзінің ресми блогына жазды. 

 «ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің мерейтойлық отырысының барысында біз «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 20 жылдығы туралы» Мәлімдемені қабылдадық», - деп хабарлады Мәми.

 Спикердің сөзіне қарағанда, қорытынды құжатта ТМД-ның 20 жылғы парламентаралық ынтымақтастығының нәтижесі көрініс тапқан және Достастық мемлекеттерінің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын қамтамасыз ететін үлгі заңнамалық базасын жасаудағы Парламентаралық Ассамблеяның рөлі аталып өтілген.

 «Достастық парламентшілері осындай деңгейдегі құжатты қабылдай отырып, ТМД елдерінің ынтымақтастығына және біздің халықтарымыздың игілігі мен өркендеуіне бар күш-жігерін бағыттайтынына сенемін», - деп толықтырды Сенат басшысы.

 

 

Сот отырысының екінші тыңдауы өтуде

 

/«Қазақстан ТРК». 27.03.2012./ - Мемлекеттік айыптаушылар бірнеше сотталушының жасаған қылмыстарын баяндап жатыр.

Дәл қазір Ақтауда Жаңаөзен ісі бойынша сот отырысының екінші тыңдауы өтіп жатыр. Айыпталушылардың туған-туыстары ғимаратқа толығымен кіргізілді. Сыртта қалып қойған адам жоқ. Мемлекеттік айыптаушылар бірнеше сотталушының жасаған қылмыстарын баяндап жатыр. Әзірге сот ешқандай нақты шешім қабылдамады. Отырысқа  қатысып жатқан, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, депутаттар осы іске  қатысты өз пікірлерін білдіруде.

 Серік Оспанов, ҚР Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Мен өзім арнайы келіп отырмын. Қалай болып жатқанын көрейін деп келіп жатырмын. Сотталушы кісілердің тумасы да осында. Ақпарат құралдарының өкілдері де осында. Қоғам өкілдері де осында.  Кедергісіз қатысып отыр. Бәріміз де көріп оырмыз. Ол өте маңызды деп  санаймын.

 

 

Парламентаралық Ассамблея – Достастық елдері парламенттері өзара іс-қимылының бастауы

 

 

/«Егемен Қазақстан». 28.03.2012. Айнаш Есали./ - Дәл осыдан 20 жыл бұрын күйреген Кеңес Одағының орнында пайда болған ТМД кеңістіктігіндегі күрделі ке­зең­дерді сол шақта тәуел­сіз­дігін алған елдер ешбір ұмы­та қоймас. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы алып кемеде жаны бір болып, барлық салада бір-біріне байланып кел­ген мемлекеттер бір-бірі­нен ат құйрығын үзісіп кете алмайтыны анық еді. Оның үстіне Кеңес Одағының күй­реуі салдарының соңы со­рақы сценарийлермен аяқ­тал­мау үшін де ТМД елдерін ауызбіршілікке үндейтін ұй­ым­дардың қажеттігі көрінді.

 1992 жылдың 27 наурызында Алматыдағы Достық үйінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойылды. Сол кезде бұл мәмілені 7 елдің халық қалаулылары құп көрсе, қазір ТМД ПАА мүше­лігінде 9 мемлекет бар.

Кеше, тура араға 20 жыл салып, Алматыдағы сол Достық үйінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ТМД-ға қатысушы елдер ПАА Кеңесінің отырысы болып өтті. Әрине, бұл аралықта Қазақстанда жаңа елорда бой көтерді, екі бірдей астана салтанат құрып тұр. Ғажайып ғима­раттар да салынды. Алайда, ТМД парламентшілерінің сол тарихи орынға – Достық үйіне оралып, 20 жылда атқарылған жұмыс­тарға ой жүгіртіп, жаңа бағдар жасауының да өзіндік симво­лика­лық мәні жеткілікті. Сондықтан да бұл басқосу ресми деуге де келмейтін, бөлек мерейтойлық сипатқа ие болды.

Ақиқатында, сол кезде дұрыс қадам жасалғанын уақыттың өзі көрсетіп берді. Бұл аралықта Ассамблея беделді де ықпалды органға айналғанын бүгін көз көріп отыр. Қазір замана ахуалы құбылып тұрса да, ТМД ПАА-ға мүше мемлекеттердің бөлісе алмай отырған мәселесі жоқ. Қайта осындайда кеңесіп, тұрлаулы бір ұстанымдармен келісіп отырудың да көкейкестілігі көрінуде.

Алматыдағы мерейтойлық оты­рыста Әзербайжанның, Ар­менияның, Беларусьтің, Қазақ­стан­ның, Қырғызстанның, Мол­до­ваның, Ресейдің, Тәжікстан мен Украинаның парламенттік делегациялары, сондай-ақ ха­лықаралық парламенттік ұйым­дардың өкіл­дері тоғысты. Отырыс тізгінін Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы, ТМД ПАА Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко ханым қолға алды. Яғни, қазір кемеліне келген осы кеңеске Ресей Федерациясы ке­зегімен төр­аға­лық етуде деген сөз.

Белесті басқосуда алдымен Қазақстан Парламенті Сенаты­ның Төрағасы, ЕурАзЭҚ Пар­ла­ментаралық Ассамблеясының Төрағасы Қайрат Мәми Қа­зақ­стан Президенті, ТМД-ға қаты­сушы мемлекеттер басшылары кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың құттықтауын жария етті.

«…1992 жылғы 27 наурызда Алматыда Достастық елдері пар­ламенттерінің өзара іс-қимы­лы­ның бастауы болған ТМД Пар­ла­ментаралық Ассамблеясын құру туралы келісімге қол қойылды. Бүгінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі аймақтық ынтымақ­тастықтағы мығым іргетастың бірі болып табылады», деп атап өтілген Мемлекет басшысының құттықтауында. Сондай-ақ «Ассамблея Достастықтағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру мен үйлестіруге, демократия мен парламентаризм негіздерін дамы­ту­ға, экономикалық және гумани­тарлық өзара іс-қимылды терең­детуге қомақты үлес қосады», делінген құжатта.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Еуразия интеграциясы идеясы­ның бастамашысы ретінде мен бүкіл Еуразияда парламентара­лық үнқатысуды дамытуда және біздің мемлекеттеріміздің бірік­тіруші әлеуетін бекемдеуге игі ықпал ететін ассамблеялардың қызметін жоғары бағалаймын. Ал ТМД елдерінің парламенттік дипломатиясы өздерінің жолға қо­йылған әрі тиімді жұмысын үлгілі паш етіп отыр», дей келе, ТМД Парламентаралық Ассам­блея­сы ал­дағы уақытта та еура­зиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен ын­тымақтастыққа үлесін қоса беретіндігіне сенім білдіреді.

Бұған қоса Валентина Матвиенко өз сөзінде Достастық мем­ле­кеттерінің өзара іс-қимылын тереңдету жөніндегі парламент­ара­лық ұйымның жұмысы Мемлекет басшыларының кеңесі мен ТМД үкіметтері басшыларының кеңесінен ұдайы оң баға алып келеді, деп атап өтті.

Оның айтуынша, 20 жылдың белесінен алып қарағанда, бұл Ассамблея – ТМД аумағында ғана емес, әлемдік қоғамдастық­та да аса үлкен бедел мен ық­палға ие болған. Қазір ТМД Пар­ламентаралық Ассамблеясы БҰҰ, Еуропа Кеңесі Парла­мент­тік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Пар­ламенттік Ассамблеясынан бас­тап, 50-ге тарта жетекші ха­лықаралық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеп, нық қарым-қатынас орнатып үлгерген.

Негізгі баяндамашы ықпал­дастық үдерістерін дамыту мәсе­лелеріне қатысты «Еуразиялық экономикалық одаққа бет ала отырып, бұл жобаға қатысу­шылар ешкімді мәжбүрлемейді, ешкімнен оқшауланбайды. Еура­зиялық экономикалық одақ – бар­шаға ашық жоба», деп атап өтті.

Осы алқалы басқосуда сөз сөйлеген Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД-ны құрудағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін атап өтті. Тарихқа көз жүгіртсек, 1991 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев батыл бас­тама жасаған болатын. Елбасымыз Алматы қаласында бұрынғы Одақ құрамындағы республика басшыларының кездесуін өт­кізуді және оны біздің елде­рі­міздің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, тату көрші­лік­ке, тарихи тамыры терең дос­тыққа негізделген құжатпен айқындау мен бекітуді ұсынды. Мұның барлығы 1991 жылы 21 желтоқсанда кеңестік 11 рес­пуб­ликаның басшылары қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығының Алматы Декларациясында көрініс тапты. Нақ осы қадам бұрынғы Кеңес Одағы құ­рамына енген елдердің мемле­кет­аралық өзара ықпалдастығының кең өріс алуына бастау болды. Ал бүгінгі таңда, дәл 20 жыл өткен тұста, Алматы қаласында осы Ұйымның мерейтойлық отырысында қайтадан бас қосып, тарих қойнауына енген кезең ішінде Парламентаралық Ассамблея біздің мемлекетаралық ынтымақ­тас­тықтағы маңызды бір құры­лым ретінде Достастыққа мүше мемлекеттердің көп салалы ын­ты­мақтастығын дамытудың тиім­ді тетігі бола білді десек, асыра айтқандық емес. Әрине, ТМД-ға мүше елдердің заңдарын жетіл­діруде, сәйкестендіруде, бір-бі­рімен байланыстыруда Ассам­блеяның қосқан үлесі зор, деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ ол осы 20 жылда парламентшілер Достастық ел­де­рінің дамуын айқындаған 300-ден астам модельдік заңдар қа­былдап, олар ұлттық заңдардың негізі болғанын атады. Елдері­міздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде лаңкестік, экс­тремистік әрекеттермен, есірткі бизнесі қылмыстарымен күрес са­ласындағы саясатта ортақ ұс­танымға келу мәселелері ТМД ПАА-ның күн тәртібіне шыға­рылды. Парламентшілер Таулы Қарабақ, Приднестровье, Абхазия қақтығыстарын реттеуге қа­тыс­ты. Депутаттар сайлау жүйе­сін жетілдіру, сайлаушылар мәде­ниетін қалыптастыру бағытында да қызмет атқарып келеді, деді Нұрлан Зайроллаұлы.

Осыдан кейін Әзербайжан Милли Меджилисінің Төрағасы Октай Асадов сөз алып, өтпелі кезеңде құрылған Парламент­ара­лық Ассамблея өзіндік дәрежеде оның ауыртпалықтарын еңсеруге, оған мүше мемлекеттердің қа­рым-қатынасын сақтап қалуға көп қызмет еткенін, ендігі жерде осыған тоймейілсімей, Ассам­блеяның әлеуетін әлі де толы­ғырақ пайдалана түсу қажеттігін атап көрсетті.

Армения Республикасы Ұлт­тық Жиналысының Төрағасы Самвел Никоян да Ассамблеяның өткеніне шолу жасай отырып, сол кезде әрбір тәуелсіз мемлекет үшін сапалы да сол ұлтқа тән заңнамалық-құқықтық жүйе құру туралы ортақ міндеттердің алға шыққанын еске салды. Бұл мін­детті жаңа мемлекеттер өз бетінше, дара отырып шеше алмайтыны тағы белгілі.

Дәл осы кезде біз өз мүм­кіндіктеріміз бен ресурстарымызды біріктіре отырып, осы мін­деттерді тиімді үйлестірдік, осылайша өзара әрекеттер жасадық, деді ол.

Беларусь парламентшілері аты­нан Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Палата Өкіл­дері Төрағасының орынбасары Виктор Гуминский, Молдова Президентінің мінде­тін уақытша атқарып жүрген Мол­дова Пар­ламентінің Төраға­сы Марианн Лупу өз ой-пікір­лерімен бөлісті. Мәселен, М.Лупу ТМД елдері парламенттері басшыларының саммитін құрып, бірінші сам­митті 2012 жылдың қыркүйек айында Кишинев қа­ласында өт­кізуді ұсынды.

«Бірлік – тастан да бекем», деген халық тәмсілімен сөз өр­біткен Тәжікстан Оли Мад­жи­лисінің Төрағасы Шукурджон Зухуров тарихтың тамырынан та­ра­ған елдер өз тағдырларын мынадай алмағайып заманда жеке-дара құра алмайтындығын кезекті рет алға тартып, ТМД елдерінің туыстастығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдейтін ілкімді істерді тізіп өтті. Ал Асылбек Жээн­беков жаңа қырғыз кенеш­ші­лерінің Ассамблея жұмысын жүргізуге ықыласты екенін мә­лімдеді. Украина Жоғарғы Рада­сының Төрағасы Владимир Лит­вин­нің баяндамасы да салмақты шықты. Ол Ассамблея ендігі кезекте жаһандағы жағдайларға жіті көз жіберіп, алдымен қауіп­сіздікпен қарулану керектігін алға тартты.

Парламентшілердің бәрі дер­лік Ассамблея өз қызметіне жаңа құлшыныспен кіріскендігін қа­лай­тыны көрініп-ақ тұрды. Дегенмен, ПАА тек заңнамалық мә­селелерді реттеумен айналыс­пай­тындығын, экономикадан бастап, сан қырлы салаларда селбесіп, септесіп, айтарлықтай тірліктер атқарғанын таратып баяндауға болар еді. Ең бастысы, ТМД елдері алдында тұрған көкейкесті мәселелер бойынша ортақ көз­қарасты қалыптастыратын, бір-біріне жақындастыратын мүмкін­діктер жөнінде пікір алмасылды, мүдделердің ортақ екендігіне тағы бір рет көз жеткізілді.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Алматыда болған мерейтойлық отырысы бас­­пасөз мәслихатымен қоры­тын­­дыланып, журналистер өзде­рін қызықтырған сауалдарға нақ­ты жауаптар алды.

Баспасөз мәслихатынан кейін Қазақстан Республикасы Парла­ментінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Шара кезінде Достастық ел­дерінің бірқатар парламентшілері «ТМД ПАА. 20 жыл» мерей­тойлық алтын, күміс медаль­дарымен марапатталды. Мұнан бөлек, Қайрат Мәми ТМД Пар­ламентаралық Ассамблеясына қатысушы елдер парламент­тері­нің төрағаларына «Қазақстан тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерей­тойлық медалін табыс етті.

Мерейтойлық отырыстың со­ңында «Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығына қатысушы мем­лекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 20 жылдығы туралы» Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Сол сияқты Қ.Мәми ТМД ПАА мерейтойлық отырысының аясында шараға қатысушылар­дың бірқатарымен кездесті. Олар­дың арасында Армения Ұлт­тық Жиналысының Төрағасы Самвел Никоян, ТМД Экономи­ка­лық сотының төрағасы Людмила Каменкова бар. Ауғанстан Пар­ламенті Төменгі палата­сы­ның Төрағасы Абдул Рауф Ибрагимимен кездесу барысында екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы көп тұрпатты байланыстарды нығайтуда ауғандық әріптестердің ТМД ПАА Кеңе­сінің мерейтойлық отырысына қатысуының маңызы атап өтілді. Қазақстан Парламенті Сенаты­ның Төрағасы Қазақстан Ауған­станның тұрақты және орнықты дамуына мүдделі екендігін біл­дірді.

Мұндай екіжақты кездесу­лерді Қазақстан Парламенті Мә­жілісінің Төрағасы Н.Нығ­ма­тулин де өткізді.

 

 

Елбасының барлық бастамасы өз жемісін берді

 

/«Айқын». 28.03.2012. Сейсен Әмірбекұлы./ - 1992 жылы 27 наурыз күні Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясын (ТМД ПАА) құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл тарихи келісім бүгінгі күні өз жемісін беруде. Бұлай деп айтуымыздың жөні бар. Неге десеңіз, арада өткен 20 жылда Ассамблея 315 үлгі кодекс, заң және ұсыным қабылдады. Ондағы көптеген ережелер ұлттық заңнамаларда және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық келісімдерді бекітуі барысында көрініс тапты.

Үлгі заңнамалардың ауқымы экономикалық даму, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа сын-қа­тер­лерге төтеп беру, заңның орын­далуы, адам құқы мен бос­тандықтарын сақтау, әлеуметтік және экологиялық саясатты жү­зеге асыру, гуманитарлық ын­тымақтастықты өрістету мәсе­лелерін қамтыды. Осыдан-ақ 20 жыл бұрын Алматыдағы Достық үйінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясын (ТМД ПАА) құру туралы келісімге қол қойылғаны өте дұрыс қадам болғанына көз жеткізуге болады. Осы кезең ішін­де Ассамблея беделді әрі ықпалды органға айналды. Бұл ұйым ықпалдастық аясындағы демократиялық үдерістердің дамуына және ТМД-ның барлық кеңістігінде қауіпсіздікті қам­та­масыз етуге үлкен үлес қосты. Кеше Алматыда жиырма жыл бұрын сол бір тарихи құжатқа қол қойылған Достық үйінде Ас­самблея­ның мерейтойлық оты­рысы өтті. Бұл жиынға Әзір­бай­жан, Армения, Беларусь, Қа­зақ­стан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина Пар­ла­менттерінің басшылары және ха­лықаралық парламенттік ұйым­дар­дың өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Достастық құрамындағы елдердің заң шығарушыларына өзінің құттықтауын жолдады. Оны Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми оқып берді. Мемлекет басшысы өз құттық­тауында 1992 жылы 27 наурызда Алматы қаласында ТМД ПАА құру туралы ке­лісімге қол қойылғанын, оның Дос­тастық елдері парламентшілерінің өзара бай­ланысына бастау болғанын атап өткен. Бүгінгі таңдағы ТМД парламентаралық ассамблеясының рөлі, оның ұлттық заңдарды үндестіру мен жетілдірудегі, демократия негіздері мен парла­мен­т­аризмнің дамуындағы, Достастық елде­рінің экономикалық және гуманитарлық өзара байланысын тереңдете түсудегі қомақты үлесі жоғары бағаланып отыр.

Осы басқосуда сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ТМД-ны құрудағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөліне тоқталды. Тарихқа көз жүгіртсек, 1991 жылы Пре­зидент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев батыл бастама жасаған болатын. Ел­ба­сымыз Алматы қаласында бұрынғы одақ құрамындағы республика басшы­лары­ның кездесуін өткізу жөнінде және оны біздің елдеріміздің арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, тату көршілікке, та­рихи тамыры терең достыққа негізделген құжатпен айқындау мен бекітуді ұсынды. «Мұның барлығы 1991 жылы 21 жел­тоқ­санда кеңестік 11 республиканың бас­шылары қол қойған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Алматы Декларация­сында көрініс тапты. Нақ осы қадам бұ­рынғы Кеңес Одағы құрамына енген елдердің мемлекетаралық өзара ықпал­дастығының кең өріс алуына бастау болды. Ал бүгінгі таңда, дәл 20 жыл өткен тұста, Алматы қаласында осы ұйымның мерейтойлық отырысында қайтадан бас қосып, тарих қойнауына енген кезең ішінде пар­ламентаралық ассамблея біздің мем­лекетаралық ынтымақтас­тықтағы ма­ңызды бір құрылым ретінде Достастыққа мүше мемлекеттердің көпсалалы ын­тымақтастығын дамытудың тиімді тетігі бола білді десек, асыра айтқандық емес. Әрине, ТМД-ға мүше елдердің заңдарын жетілдіруде, сәйкестендіруде, бір-бірімен байланыстыруда Ассамблеяның қосқан үлесі зор» деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. «ТМД-ның саяси-эко­номикалық интеграцияны қалыптастыру мүмкіндігі сарқылды, сондықтан Дос­тастық таратылуы керек» деген сая­сат­танушылар арасында пікірлер бар, бұған қалай қарайсыз» деп «Айқын» газеті тіл­шісі қойған сауалға, осы алқалы жиынды ұйымдастырып, төрағалық қызметін атқарып отырған Сенат төрағасы Қайрат Мәми: «Олай айтуға болмас. Егер де ТМД-ның талқаны таусылған болса, біз бұлай отырмас едік. Демек, олай емес. Қазір осы ТМД аясында көпжақты және екіжақты қарым-қатынастар өркендеп келеді. Мәселен, Кедендік одақ, Бірыңғай эко­номикалық кеңестік. Бұлар тақыр жерде пайда болған жоқ қой. Осы - ТМД-ның жемісі, осы - Достастықтың жемісті көрінісі» деді.

Рас, Сенат төрағасы айтқандай, Парламентшілер Достастық елдерінің дамуын айқындаған 300-ден астам модельдік заңдарды қабылдады. Азамат­тық кодекс, Салық кодексінің Жалпы бөлімі, «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Еркін экономикалық аймақ туралы» және басқа да көптеген заң актілері ұлттық заңдардың негізі болды. Елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде лаңкестік, экстремистік әрекет­термен, есірткі бизнесі қылмыстарымен күрес саласындағы сая­сатта ортақ ұстанымға келу мәселелері ТМД ПАА-ның күн тәртібіне шыға­рылды.

Сондай-ақ Парламентшілер Таулы Қарабақ, Приднестровье, Абхазия қақтығыстарын реттеуге қатысты. Де­путаттар сайлау жүйесін жетілдіру, сай­лаушылар мәдениетін қалыптастыру бағытында да қызмет атқарып келеді. Басы ашық тағы бір мәселе, бұл ұйымның болашағы интеграциялық қатынаспен тығыз байланысты. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру туралы бастамасы Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында нақты жүзеге асуда. Осы орайда дами түскен үдерістердің нәтижесінде Ассамблеяның және басқа мемлекетаралық органдардың рөлі артып келеді. Осындай ортақ пі­кірлерді Ресей Федерациясы кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және басқа қатысушылар өз сөздерінде атап өтті.

«Жастарға көбірек көңіл бөлу керек, деген пікірмен келісетін боларсыздар. Біраз уақыт бұрын ТМД жастарының парламентаралық ассамблеясын құру туралы ұсыныс түскен болатын. Жастар ассамблеясы туралы ереженің жобасы дайын. Жуық арада ол қаралатын болады» деген Матвиенко: «Мен мынаны баса айтып өткім келеді» деп сөзін жалғады. Естеріңізде болар, осыдан 10 жыл бұрын Қазақстан Президенті Еуразиялық одақ жөнінде бастама көтерді. Сол кезде «жүзеге аспайтын бастама» деп сенімсіздік білдіргендер болды. Алайда Назарбаевтың өз дегенінен қайтпайтын қайратының, жігерінің арқасында әлгі бастама қысқа уақытта жүзеге асып, өз жемісін бере бастады. Бүгін осы алқалы жиынға бас қосқан барлығымыз соның куәсіміз».

Матвиенко осылайша ағынан жа­рылды. Жалпы, бүгінгі таңда осы маңызды мемлекетаралық құрылымның жоспары көп. Өйткені әлем дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Соның ішінде жаңа техно­логиялар, әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңа тәсілдер, жаһандық шақыруларға дәлме-дәл жауап беру мәселелерін айтуға болады. Мерейтойлық отырыстың қа­тысушылары бірлескен үндеу қабыл­дады.

Ең бастысы, ТМД елдері алдында тұрған көкейкесті мәселелер бойынша ортақ көзқарасты қалыптастыратын, бір-біріне жақындастыратын мүмкіндіктер жөнінде пікір алмасты, мүдделердің ортақ екендігіне тағы бір рет көз жеткізді. Бір топ парламентшілер осы ұйымның ме­рей­тойына орай парламентаралық ас­самблеяның орденімен, медалімен және құрмет грамотасымен марапаттал­ды. Жиын соңында ҚР Прламентінің Сена­ты мен РФ кеңесі парламентаралық комис­­сия құру туралы келісімге қол қойды. «Бүгін біз федерация кеңесі мен Сенат арасында келісімге қол қойып, біздің парламентаралық жұмыс топта­рының мәртебесін парламентаралық ко­миссияның деңгейіне дейін көтердік. Бізге біздің салалық комитеттердің бай­ла­ныстарын күшейтіп, заң шығару, ай­мақтардың мүдделерін ұсыну бойынша тәжірибе алмасу керек деп есептеймін» деді РФ кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко.

 

 

Моноқалаларды дамыту үшін өңірдегі өнеркәсіпті әртараптандыру қажет –

Мәжіліс депутаты

 

/«ҚазАқпарат». 29.03.2012. Марлан Жиембай./ - Моноқалаларды дамыту үшін өңірдегі өнеркәсіпті әртараптандыру қажет. Бұл пікірді бүгін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен моноқалаларды дамыту мәселелер жөніндегі кеңесте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Сейітмағанбетова білдірді.

«Бүгінгі шағын қалалардың негізгі проблемалары бұл жұмыссыздықтың және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың деңгейінің жоғары болуы, әлеуметтік және инфрақұрылымдардың тозуы, аймақтардағы экологиялық мәселелердің қордалануы, ішкі миграцияның көбеюі болып табылады», - деді ол.

Сонымен қатар халық қалаулысының пайымынша, өндірістің төмендеуі немесе қаладағы негізгі кәсіпорындардың тұрып қалуы, шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, сұраныстың жоқтығы немесе халықтың сатып алу қабілетінің төмендігі, өткізу нарықтарының қашықтығы да шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қиындатып отырған факторларға жатады.

«Сондықтан бағдарлама аясында халыққа жұмыс тауып беру үшін бір салаға байланып қалмай, шағын қалалар өнеркісібін әртараптандыруға жаңа инновациялық өнідіріс ошақтарын, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін, қайта өңдеу кәсіпорындарын ашуға, шағын және орта бизнесті жандандыруға әрі дамытуға көп көңіл бөлу керек деп ойлаймыз», - деді ол.

 

Сот отырысы жалғасуда

 

/«Егемен Қазақстан». 29.03.2012. Жоламан Бошалақ./ - Кеше Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында Жаңа­өзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғасына орай 37 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қараған сот отырысы екінші күн жалғасты.

Адвокаттар қорғаушылар ретінде сот­­талушылардың талап-тілектерін жә­не олардың нақтылығы жөнінде баян етті. Сот мәжілісінің төрағасы А.На­ға­­­­шыбаев қорғаушылардан 10 іс бойынша өтініштер түскендігін, оның бәрі де сараланып, заң бойынша жүзеге асы­ры­­­ла­тындығын жеткізді. Сонымен бір­ге дә­­­лелсіз, негізсіз талап-тілектер заң­дық не­­­­гізде болуын, сотты құрмет­теуді сұра­ды. Одан әрі сот отырысында қаты­су­­­­шы­­­­­лар­ға сотталушыларға тағылған ай­­­ып­­тардың мазмұны таныстырылды. Жә­­­не де сот мәжілісінің төрағасы әрбір сотталу­­­шы­ларға тағылған айыптардың мазмұны жөніндегі көзқарастары туралы сөйлеу­­­леріне мүмкіндік болатын­ды­ғын ескерт­­­ті. Сосын ұсынылған дә­лел­демелерді зерттеу барысы туралы пі­кірлер тың­­­далатындығы айтылды. Бұл мәселе бойынша қорғаушылар, мемле­кет­тік айыптаушылар пікірлері ортаға салынды. Кешегі іс бойынша 37 сотталушы, 188 жәбірленуші, 45 куә қатыс­ты. Және 93 томдық құжат бар екендігі айтылды. Сот ісін жәбірленушілерден бастау ұсыныл­­­ды. Оны тергеу әре­кет­тері нәтижесімен жалғастырылып, 93 томдық құжаттарды да назарға алсақ деген пікір айтылды. Бұл ұсынысты сот отырысының төрағасы мақұлдап келі­сімін берді.

Сот отырысындағы бірінші болып жәбірленуші «Өзенмұнайгаз» өнді­ріс­тік филиалының өкілі, адвокат Рашид Сәулебаевқа сөз берілді. Ол 2011 жылғы 16-17 желтоқсандағы Жаңа­өзен­дегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген зиян көлемін және сол оқиғаға байланысы «Өзенмұнайгаздан» бүгін қылмысты істері қаралудағы 18 қыз­меткер бар екендігін айтты. Жалпы, осы отырыста барлығы 14 жәбірленуші сұралды. Олардың арасында жеке кәсіпкерлер, дүкендер мен автокөлік иелері, мерекеге орай киіз үйлерін тіккен жеке тұлғалар болды.

Ақтаудағы осы сот отырысына арнайы келген Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов БАҚ өкіл­де­рі­мен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Сот отырысының жүру барысы туралы пікірін білдірді. «Баршаңыз да көріп отырғандай, сот отырысы ашық, жа­риялылық жағдайында өтуде. Үлкен залда айыпталушылардың туған-туыс­қандары, жолдастары, қоғамдық ұйым­дардың өкілдері отыр. БАҚ өкілдері жұмысына да жағдай жасалыпты. Ма­ған осы сот отырысының жүру барысы туралы арыз-шағым, ұсыныс түскен жоқ. Менің ойымша сот әділ өтеді, кімнің қандай айыбы бар екендігі дәл анықталып, дұрыс шешім шығарады деп сенемін», деді Мәжіліс депутаты.

 

 

Спорт кешендері салынады

 

/«Егемен Қазақстан». 29.03.2012./ - Жақында Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму ко­ми­­тетінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңын жүзеге асыру және еліміздегі спорт саласын одан әрі дамыту мәсе­ле­сі­не арналған жиында Спорт және дене шынықтыру іс­те­рі агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев 2020 жыл­ға дейін салынатын спорт нысандары туралы хабарлады.

Оның айтуынша, 2020 жылға дей­ін елімізде 196 млрд. теңгеге 924 спорт ны­саны салынуы керек. Бү­гінде елі­міз­де дене шы­нық­тыру және спортқа деген қа­жеттілік 324 бірлікті құрай­­ды. Оларды салу үшін әрқа­й­сысына орташа есеппен алғанда 290 млн. теңге қажет. Ал жаңағы 324 кешенге 94 млрд. теңге керек. «Қазіргі кезде аудан орталық­­та­ры мен елді ме­кендерге 600 дене шы­­нықтыру және спорт кешен­де­рі керек, – деді ол. – Солардың біреуі­нің құры­­лы­сы­на орташа есеппен ал­ған­да 170 млн. теңге жұмсалады десек, барлық ке­­шен­ді салуға 102 млрд. қажет болады».

Сонымен бірге, Т.Ермегияев осы күн­­­­дері жұмыс істеп тұрған спорт нысан­­дарының халықтың қажетті­лік­­­терін толық ақтай алмай жат­қа­нын жасырмады. Яғни, спорт нысан­дары­ның іш­ін­­де халыққа қолжетімді емес­тері бар. Осы мәселені шешу үшін ол спорт кешен­де­рін қазір­гі заманғы құрал-жабдық­тар­­мен қамта­масыз етіп, балалар мен жас­өс­пі­рім­дердің мектептегі са­бақтан соң, емін-еркін келулері үшін ашық есік жағ­дайында жасау керек деген пі­кірін білдірді.

 

 

«Нұр Отан» партиясының өкілдері Мәжіліс пен мәслихат депутаттарымен бірлесіп, тұрғындарды қабылдауда

 

/«ҚазАқпарат». 29.03.2012. Айдар Оспаналиев./ - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күнін өткізуде.

«Бірыңғай қоғамдық қабылдау күнін өткізу біз үшін қазір дәстүрлі шараға айналды. Қоғамдық қабылдау біздің партиямыздың жұмысының бір тәсілі десе болады. Өйткені біздің бағдарламамызда «Нұр Отан» партиясы - халықтық демократиялық партия» деп көрсетілген. Сондықтан біз халықтың мұң-мұқтаждары мен қиындық тудырып отырған мәселелерін терең білуіміз керек»,-дейді «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалының төрағасы, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-ның бас директоры Абай Байгенжин.

Оның сөзіне қарағанда, қоғамдық қабылдау орындарына келіп жатқан тұрғындардың мәселелері шешіледі. Алайда, біршама уақытты талап ететін мәселелер де бар. Сондықтан кей жағдайда азаматтардың заң талаптарымен санасулары да қажет.

«Жалпы менің жеке өзіме келетін болсақ, маған мәселелерін айтып келетіндер көбіне денсаулық жағдайына және емделумен байланысты мәселелерге шағынады. Әрине балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыру сияқты мәселелер де кездесіп тұрады. Біз олардың барлығын да шешуге тырысамыз. Бұл ретте, жекелеген шенеуніктердің шектен тыс қағазбастылыққа салынып кететінін де жоққа шығармаймыз. Дегенмен, мәселе шешіліп жатыр»,-дейді партия өкілі.

 

 

Қазақстанның Сенаты мен РФ Федерация Кеңесі арасында комиссия құру

көзделіп отыр

 

/«ҚазАқпарат». 29.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Қазақстанның Сенаты мен РФ  Федерация Кеңесі арасында комиссия құру көзделуде.

Бұл туралы Сенат спикері Қайрат Мәми өзінің блогында жазды.

Интернеттегі жеке парақшасында Сенат төрағасы Қайрат Мәми Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы, ТМД ПАА Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко екеуі ТМД ПАА Кеңесінің Алматыда болған мерейтойлық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойғанын жазады.

«Қазақстан мен Ресей Парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы осындай іс-қимыл екіжақты қатынастарды нығайтуға, біздің елдеріміз қатысатын ықпалдастық үдерістерін дамытуға көмектеседі. Біз таяу уақытта Сенат пен Федерация Кеңесінің арасында біздің елдеріміздің парламентшілері алдында тұрған міндеттерді орындауға ықпал ететін комиссия құруды көздеп отырмыз», - дейді Сенат спикері.

 

 

ТМД парламентшілерінің заң актілері ұлттық заңдардың негізіне айналды

 

/«Заң газеті». 29.03.2012. Түймегүл Смағұлқызы./ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассам­б­леясының 20 жылдығына арналған мерейлі жиынды Ресей Федерациясы Федералды жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко ашып, жиырма жылда атқарылған жұ­мыс­тарды әңгімеледі. Қазақстан Парламенті Сенатының жә­не ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы Қайрат Мәми әріптестеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысушылар жұмысына сәттілік тілеген құттықтауын жеткізді.

Өз баяндамасында Достастық пар­ламентшілерінің осы бас қосуының ерекшелігіне тоқталған Қайрат Мәми: «ТМД ПАА – халық қалаулылары ұлт­тық заңнамаларды біріздендіру мен үйлестіру мәселелерін тал­қы­лай­тын маңызды келіссөз алаңы. Пар­ла­менттік форумның құндылығы да осында», – деді. Өткенге көз салсақ, дос­тас­тық құрамындағы елдердің заң шы­ға­ру­шылары осы 20 жылдың ішінде 315 үлгі кодекс қабылдаса, ондағы көптеген ережелер ұлттық заңнамалар мен ТМД елдерінің халықаралық ке­лі­сімдерінде қолданылыпты. Мысалы, Азамат­тық кодекс, Салық ко­дексінің жалпы бөлімі, «Бағалы қа­ғаздар нарығы туралы», «Еркін эконо­микалық аймақ туралы» және басқа да заң актілері ұлттық заң­дарға негіз болды. Алматыда өткен ПАА Кеңесінің отырысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Ауғанстан, Украинаның делегацияларымен қатар, халықаралық парламенттік ұйымдардың өкілдері де қатысты. ТМД ПАА-ны құру туралы келісімге 1992 жылы 27 наурызда дәл осы Достық үйінде қол қойылғанын айта кеткен жөн.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығ­ма­тулин ТМД-ға мүше елдердің заң­дарын жетілдіріп, сәйкестендіруде, сондай-ақ, оларды бір-бірімен байланыстыруда Ассамблеяның қосқан үлесі зор екеніне ерекше тоқталды. ТМД Парламентаралық Ассамблея­сы ұлт­тық заңдарды үндестірумен қатар, осы елде­рдің экономикалық және гуманитарлық ын­тымақтастығын өрістетуге де айрықша атсалысты. Әрі халық қалаулылары Таулы Қарабақ, Приднестровье, Абхазиядағы дауларды шешуге де қатысты. Мерейтойлық отырыста Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды жиналысы Федерация кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге, РФ Ке­ңесінің төрайымы Валентина Матвиенко ТМД жастарының пар­ла­ментаралық ассамблеясын құру туралы ұсынысты қол­дайтынын, соған орай, «Жастар ассамблеясы туралы» ереже жобасының дайын екендігін әрі оның жақын арада қаралатындығын жария етті.

Күн тәртібіне шығарылған мәселелерді талқылау барысында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы өкілдерінің Қазақстан Парламенті Мәжілісінің, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаттарын Ресей Федерациясы Президентінің сайлауларына байқаушы ретінде қатыстыру қорытындылары жөнінде пікірлер ортаға салынды. ТМД елдері Парламенттерінің бүкіл спикерлерін жинаған отырыста ұйымның осы уақытқа дейінгі жұмысы қорытындыланып, жоспарлар талқыланды.

Достастық елдері бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкіл­дерімен болған брифинг барысында Қайрат Мәми бұ­рын­ғы кеңестік кеңістік­­тегі ық­палдастық үдеріс­терін дамы­ту­дағы ТМД Парламен­таралық Ас­сам­блеясының рөлін жоғары ба­ғалады. Және ол мерейтойлық ша­раға қатысушыларымен, яғни,  Ау­ғанстан Парламенті Төменгі палатасының төрағасы Абдул Рауф Ибрагим,  Армения Ұлттық Жиналысының төрағасы Сам­вел Никоян, ТМД Экономикалық сотының төрағасы Людмила Ка­менковамен кездесті.  Төраға­лар сот жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша пі­кір алмасты. Людмила Камен­кова Қайрат Мәмиге: «Сізді Қа­зақстанның сот жүйесін табысты басқарған адам ретінде ТМД Экономикалық сотында жылы шыраймен еске алады», – деп өзінің жылы лебізін білдірді. Бұл кездесулерде мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық бай­ланыстың негізгі бағыттарын қамтыған өзекті мәселелер тал­қыланды.
Осы жылдар ішінде Ассам­блеяның бедел­ді әрі ықпалды органға айналғанын әрі бұл ұйым ықпалдастық аясындағы демократиялық үдерістердің дамуына және ТМД-ның барлық кеңістігінде қауіпсіздікті қам­та­масыз етуге қо­мақты үлес қосқандығын шара қонақтары айрықша атады. Шара кезінде В.Матвиенко Достастық ел­дерінің парламентшілерін «ТМД ПАА. 20 жыл» мерейтойлық ме­далімен марапаттаса, Қайрат Мәми ТМД Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы елдер Парламенттерінің төрағаларына «Қазақстан тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті. Отырыс со­ңында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Пар­ламентаралық Ассам­блеясының 20 жылдығы туралы» Мәлімдеме қабылданды.

 

 

Сенатор БҰҰ Жоғары комиссарымен кездесті

 

/«ҚазАқпарат». 30.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Бүгін Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов БҰҰ Жоғары комиссары Орталық Азия жөніндегі Басқармасының аймақтық өкілі Сабер Азаммен кездесті.

Онда Қазақстан мен БҰҰ Жоғары комиссарының Босқындар ісі жөніндегі басқармасының бұдан былайғы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында А.Бижанов жаһандық деңгейдегі көші-қон мәселелерін реттеудегі БҰҰ ЖКББ-ның маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстанның осы құрылыммен өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде С.Азам халықаралық институттың қызметі туралы айта келіп, көші-қон және босқындар мәселелерін шешуде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар, кездесуде Парламент Сенатында босқындар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысын өткізу жоспарланып отырғаны да айтылды.

 

 

Мәжіліс қабырғасында Мұқағали Мақатаевтың жырлары оқылды

 

/«ҚазАқпарат». 30.03.2012. Марлан Жиембай./ - Алматы қаласының Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының 22 оқушысы мен екі ұстазы Парламент үйіне келді.

Олар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен Астананы көруге келген болатын.

Парламент қабырғасында өткен кездесуде Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов пен Гүлмира Исимбаева Парламенттің құрылымы, Мәжілістің заң шығару қызметі жайлы айтып берді. Сұхбат барысында ғаламтор, телеарналардағы жарнама туралы, шылым шегу мен басқа да зиянды әрекеттерден алыс жүру туралы әңгімелер қозғалды. Кездесуде парламентшілер жас шәкірттерге жақсы білім алу, салауатты өмір салтын ұстану жөніндегі ақыл-кеңестерін берді.

Еңселі Елордамыз туралы әңгіме өрбіген кезде депутат Нұртай Сабильянов әлемнің көрікті қалаларының бірі - Астананы Сарыарқаға көшірудегі және Есіл бойында заманауи сәулетті шаһардың бой көтеруіндегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өтті. Депутат Астананың көркеюі барлық өңірлерімізге үлкен серпіліс бергенін тілге тиек етті.

Алматылық шәкірттер Парламенттің бірлескен отырыс залын және Мәжілістің жалпы отырыс залын аралап көріп, фотосуреттерге түсті.

 

 

Ассамблея қызметі таныстырылды

 

    /«Егемен Қазақстан». 30.03.2012./ - Қырғыз Республи­ка­сының Президенті Алмазбек Атамбаев Қа­зақстан халқы Ас­сам­­блея­сы Төрағасы­ның орын­ба­сары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабыл­да­ды. Кездесу 27-28 наурыз күн­дері Қазақстанның мәдениет­аралық үнқатысу саласындағы жетістіктерімен таныс­­тыруға Қырғыз Республикасына жұ­мыс са­парымен барған Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы де­ле­га­циясының бастамасы­мен өтті.

Кездесу барысында Қыр­ғыз­стандағы эт­нос­тық әралуан­дық пен қоғамдық тұрақ­тылықты сақтауға қатысты тиімді саяси шаралар талқыланды. Қырғызстан бас­шысы тәуелсіздік жылдары мемлекет тарапынан елдің этномәдени әралуан­дығына тиісті назар аударылмаған, аймақ­аралық, этнос­ара­лық қарама-қайшылықтар Қырғызстанның оңтүстігінде орын алған қайғылы оқи­ға­лар­ды өршіту үшін пай­даланылды деп атап өтті. Бүгінгі таңда қақтығыс себептеріне тал­дау жасалуда. Қырғызстан болашақта осын­дай қақты­ғыстарды болдырмау үшін басқа елдердің тәжірибесін қабылдауға дайын. Тәжірибе алмасу бізді мұндай қақ­ты­ғыстардың табиғатын терең түсінуге бас­тауы тиіс», деді А.Атамбаев.

Е.Тоғжанов Қырғызстан Президентіне Қазақстан халқы Ассамблеясының этнос­ара­лық келісім мен ел бірлігі және аза­маттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған өзекті міндеттері мен сан қырлы қызметі туралы хабардар етті. Ол Мемлекет бас­шысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен оның этносаралық толе­рант­ты­лық және қоғамдық келісімнің қазақ­стан­дық үлгісін қалыптастырудағы жеке үле­сінің маңызын атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының деле­га­циясы 2011 жылы 20 маусымда қол қой­ыл­ған Қырғызстан халқы Ассамблеясымен келісім аясында USAID және «Сорос-Қыр­ғызстан» қорының қолдауымен Жогорку Кенештің халықаралық істер жөніндегі комитеті мен Қырғызстан халқы Ассамблеясы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстан тә­жі­рибесін зерттеу мақсатында ұйым­дас­тыр­ған «Қазақстан және Қырғызстанның этнос­аралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаты» атты халықаралық семинар жұмысына қатысты.

ҚХА делегациясының құрамында Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан корейлері ассоциациясының президенті Роман Ким, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этнос­аралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерттеу жөніндегі орталығының директоры, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасова, Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова, ҚХА мүшесі, «Қырғызстан-Астана» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, т.б. болды.

Көліктің тағы бір түрі шығады

 

    /«Егемен Қазақстан». 30.03.2012. Нәзира Жәрімбетова./ - Жақында Астана қаласында  AllurAuto автомобиль компа­ния­сының тобы «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамында  құрастырылған SsangYong  Chair­man көлігін таныстырған болатын. Елбасының мемле­кет­тік шенеуніктер отандық көлік­терді пайдалансын деген ұсы­ны­сына  қостанайлық  машина жасаушылар  бірінші  болып, осылай  қолдау білдірген болатын. Енді «АгромашХолдингте»  тағы бір жаңа көлік құрас­тыратын желі іске қосылды. Қа­зақстан-Украина бірлескен жо­басымен шығарылатын  «Chan­ce» автомобилі нағыз  «халық­тық» болғалы тұр, себебі оның бағасы кімге болса да  қол­жетімді – 8990 АҚШ доллары тұрады.

– Бір кездері жансыз қаң­қиып тұратын дизельді қозғалт­қыштар зауытының бұрынғы ғимаратында  бұл күнде  тіпті басқаша  көріністі тамашалаймыз. Мұнда еңбек көрігі қыз­ған. «АгромашХолдингтегі» осы жұмыстар арқасында Қостанай облысы Қазақстанның машина жасау өндірісіне мол үлес қо­сатын болады. Біз бұл жолы Украина жағымен қазіргі за­манғы машина түрін бізде құрастыру жөнінде келісімге қол жеткізгенімізге қуанамыз. Бұл бір жағынан, біздің даму көрсеткішіміз болса, екіншіден, тиімді жұмыс орындары,–деді жаңа желінің лентасын қиған облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов.

«Chance» автомобилін құ­растыру желісін  іске қосу үшін 24 миллион АҚШ доллары кө­лемінде инвестиция құйылды. Биыл бұл көліктің  екі мыңнан астам данасы шығарылады,  ал­дағы жылдары  желінің қуатты­лығы жылына 10 мың дана автокөлікке дейін жеткізілмек. «Chance» – Украинадағы  атақ­ты Запорожец автомобиль зауы­тының «тумасы». Қостанайлық құрастырушылар негізгі жұ­мыс­­тың  14 пайызын атқарады, алдағы уақытта  қазақстандық  үлес 30 пайызға дейін жеткі­зіледі.  Демек,  көлікті құрас­тыру ісіне бояу, арнайы қо­салқы бөлшектер шығару ісі қосылады.

AllurAuto автомобиль ком­па­ниясының бас директоры Андрей Лаврентьев айтқандай, ба­ғасы  тұңғыш рет он мың дол­ларға жетпейтін су жаңа шетелдік көлікке тапсырыс та  жоғары болады деген болжам бар. Қазірдің өзінде  желіден  шыққан көліктің 48 данасы сатылып кетіпті. «Халықтық» «Chance» темір тұлпарының тұсаукесеріне Сенат депутаттары Х.Валеев, Ж.Нұрғалиев, Үкімет мүшелері, шетелдік іскер  әріптестер, журналистер қатысты.

 

 

«Ақжүніс» халықпен қауышты

 

    /«Айқын». 30.03.2012. Арайлым Бимендиева./ - Ақпарат айдынында тізгінді шеттілді басылымдардың қолына беру қауіпті. Дамыған елдерде мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтірмеу үшін өздеріне шетелден келетін БАҚ-қа мемлекеттік бақылау жасап, таралу көлемін 20 пайыздан асырмайды.

          Біздегі өнімдердің 90 пайызы - орыстілді.Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының саны - 2970, олардың 200-ден астамы электрондық басылымдар. Мерзімдік басылымдардың 453-і қазақ, 2303-і орыс тілінде жарық көреді. Ресейден таралатын 5248 басылым бар. Елімізде таралатын және Ресейден келетін орыстілді басылымдардың жалпы саны - 7551. Халқымыздың 65 пайызы қазақ бола тұра, қазақтілді басылымдардың үлесі 6 пайыз шамасында. Ақпараттық тасқынмен күресудің бір жолы - қазақтілді өнімдер санын арттыру.

Осы мақсатта кеше Ұлттық баспасөз орталығында «Ақжүніс - Астана» журналының тұсаукесер рәсімі өтті. Журналдың редакторы - кезінде «Қазақстан» ұлттық арнасынан 4 жыл бойы түспеген «Ақжүніс» бағдарламасының сол кездегі жүргізушісі - Сәуле Әбединова. «Журналды шығарудағы басты мақсат - болашаққа ұмтылу. Журналдың жарық көруіне, біріншіден, халықтың сұранысы мұрындық болды. «Ақжүніс» бағдарламасының жабылғанына 6 жыл толса да, көрермен ұмытар емес. Журнал арқылы халықпен жүздесуге, елді сөйлетуге болады. Екіншіден, Қазақстан бүгінде ақпараттық экспансияға ұшырап отыр. Себебі оны реттеп отыруды мемлекет әлі қолға алмай келеді. Ағылшын, орыс, өзбек тілдеріндегі басылым түрі қазақтілді басылымдарды бірнеше орап алуға шамасы жетеді. Қазақтілді басылымдар саны 500-ге жетпейді. Орыстілді газет-журналдар саны қазақтілді басылымдардан 16-17 есе көп. Шеттілді ақпараттар тасқынын бәсеңдетудің бір жолы - қазақтілді басылымдар санын көбейту. Сан бар жерде сапа мен бәсекенің болатыны және бар», - дейді журнал редакторы Сәуле Әбединова.

Журнал авторы әрі редакциялық алқа мүшесі Айнаш Есенәлінің айтуынша, журналға танымал адамдар ғана емес, кез келген қаракөз қазақ баласы кейіпкер бола алады. Осы себепті қоғамдық-әлеуметтік бағытты таңдап, журналды қазақ ұлтының тұрмыс-тіршілігіне арнаған. Өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар өмірі де тыс қалмақ емес. Қазақтың әр жасы мен кәрісі, қызы мен ұлының көкейіндегі сауалдарға жауап табуға атсалыспақ. Халықтың сүйікті басылымына айналу жолында әлі талай еңбектеніп, тер төкпек.

Журналдың тұңғыш нөміріне демеушілік жасап, қолдау көрсеткен Мәжіліс депутаты - Нұртай Сабильянов. Басылымның одан әрі тұрақты түрде жұмыс жасауы мен электронды сайтының қолжетімділігі ендігі жерде демеушілік көмек көрсетемін деген әрбір оқырманға байланысты.

 

 

«Өңір» тобының отырыстары өңірді өркендетуге арналды

 

    /«Егемен Қазақстан». 31.03.2012. Бақберген Амалбек./ - «Үкіметке сондай-ақ Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағын дамытудың Жүйелі жоспарын жасауды тапсырамын».

(Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан).

Бурабайдың ең­сесін көтерерліктей маңыз­ды дөңгелек үс­тел мәжілісі өткізілді. Парламент Сенатын­дағы «Өңір» депутаттық тобы ұйымдастыр­ған шараға сегіз сенатор, ми­нистр­ліктер мен агенттіктердің басшылары, облыстық басқар­ма­лар мен ведомс­тво­лардың жетекшілері, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин, Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров, «Өңір» парла­менттік тобының жетекшісі Ермек Жұмабаев «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбын талқылайтын мәжіліс өркенді істерге өріс ашатынын атап көрсетті.

Елбасы биылғы Жолдауында алға қойған он міндеттің бірі өңірлерді, оның ішінде туристік индустрияны дамыту болып отыр. Дамыған елдерде бұл сала ішкі жалпы өнім­нің 10 пайызын құраса, мүмкіндігі ешкімнен кем емес біздің республикамызда ол 1 па­йызға да жетпейтіні өкінішті. Мемлекет бас­шысының Үкіметке Бурабай курортты ай­мағын дамытудың Жүйелі жоспарын ж­а­сау­ды тапсыруы осы олқылықтың орнын тол­тыруға септесетіндігі белгілі. Оның үстіне, осынау күрделі іске жанашырлық танытып, нақты істерге қозғау салған «Өңір» тобының депутаттарына жұртшылық разы көңілін біл­діруде. Күні кеше Сенат отырысында Бурабай курортты аймағын электр қуатымен қамтамасыз етуді жақсарту мақса­тына 518 миллион теңге, жолдарды жөндеуге тағы да 200 миллион теңге қаржы бөлінді. Ендігі міндет ел ырысын мақсаткерлікпен жұмсап, төл табиғатымыздың көркем мүйісін әлемдік деңгейдегі танымдық және демалыс ошағына айналдыру болмақ.

Бурабайға көңіл де, қаржы да бөлініп келеді. Елбасымыздың бастамасымен Абылай хан алаңында Тәуелсіздігіміздің тірегі іспетті мемориалдық кешен бой көтерді. Респуб­ликамыздағы тұңғыш алты жолақты автобан, тіпті, көркем қойнауға тура бастайтын айналма жол салынды. Көкшетау әуе­жайын толықтай қайта жаңғырту құрылыс­тары жүріп жатыр. Арнайы экономикалық аймақ та құрылды. Бурабайда сәнді ғимарат­тар көбейді.

Сондай-ақ, Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетованың айтуынша, 2008 жылы Айнакөл мен Қарасор көлдерін тазартуға қазынадан 300 миллион теңге қаржы бө­лінген. Биылғы бюджетте де қомақты қаржы қарастырылып отыр. Бірақ, сенатор көлді тазарды деп айта алмайтынын, оның  үстіне су арнасының 7-9 метр көлемінде тартылып кеткендігін сынға алды.  Біздің оймызша, мұндай келеңсіздіктер табиғаттың тепе-тең­дігін қамтамасыз етудегі қауқарсыздыққа қоса, адамдар арасындағы қайтарымсыз тұ­ты­нушылық пиғылдың артқандығынан, ең әрісі өңір дамуының бас жоспарының жоқты­ғынан туындап отыр. Бұрын көлдерден жылына 1 миллион текше метр су алынып келді. Қазір Көкшетау өндірістік-тораптық құбыры­нан сапалы су келіп, көл маржанын тарту тоқтатылды. Әйткенмен, көлдердің адамдардан тоқтаусыз шегініп бара жатқаны шұғыл шара қолдануды талап етеді.

Осымен бірге, казинолардың ретсіз орналасуы, әр жерде шашырай орналасақан 51 қазандықтардың жылына 80 мың тонна зиянды қалдықтарды тарататыны, тиісті сервистің мардымсыздығы мен қымбаттығы, демалыс орындарының тоғыз ай қыста бос тұратын­дығы, жазғы маусымда Бурабайдың мойнын­дағы жүкті жеңілдетерлік шаралардың қарас­тырылмағаны курортты аймақтың жанын байыз таптырмайтыны ақиқат. Бұл орайда іргедегі табиғаты тамылжыған Зеренді, Сан­дық­тау, Бұланды аудандарының, облыс аума­ғындағы Қорғал­жын қорығының мүмкін­діктерін пайдалану күн тәртібіне сұранып тұр.

Сенаторлар басқосуында курортты аймақ­ты Жүйелі дамытудың көптен күткен бас жос­парының таныстырылуы өткізілді. Бұл іс «Урбостиль» ЖШС-не тапсырылған екен. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осы мақсатқа 82 миллион теңге бөлінуін қолдаған Сенат депутаттарына риза­шылығын білдірді. Аталған құжат мүдделі министрліктер мен ведомство­лардың ұсыныс­тарын толықтай қамтыды деуге болады.

Мәжілісте Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Іс басқарушысының орынбасары С.Фомичев, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі М.Мұханбетов, Көлік және коммуникациялар вице-министррі Ж.Қасымбек, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Н.Тихонюк, Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттік төрағасы­ның орынбасары Е.Қанағатов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Э.Квятковский, Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұсыныс-пікір­ле­рін ортаға салды.

Одан кейін, Көкшетау қаласында, Парламент Сенатының депутаттары облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен ақмола­лықтардың Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі тәжірибесін тал­қылаған мәжіліс өткізді.

 

 

Комбинат жоспары ауқымды

 

    /«Егемен Қазақстан». 31.03.2012. Раушан Нұғманбекова./ - Бірақ оны жүзеге асыруға жеткілікті деңгейде қолдау болмай тұр.

Жақында Семей қаласына Елбасының Жолдауын түсін­діру мақсатымен Сенат депутаты Талғатбек Абайділдин келген еді. Талғатбек Жәмшитұлы Парламент Сенатында Эконо­микалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болған­дықтан, қаладағы бірнеше кә­сіпорынды аралап, «Силикат» зауыты мен «СемАЗ» ЖШС-інде болды.

Сапар соңында Семейдегі те­рі-мех комбинатында біраз аял­дап қалуына тура келді. Мә­селе, Елбасы Жолдауын түсін­діру үшін жоспарланған кездесуге жұмысшылардың басым бөлігінің келе алмауында, тек  бірлі-жарым адамның ғана басы құралғанында. Өйткені, кәсіп­орын жұмысын тоқтатқан.

Ал тері-мех комбинатының басшылығы Сенат депутаты Т.Абайділдиннің келуін көптен күткендерін айтып, қуаныш­та­рын жасыра алмады. Олар де­пу­татқа зауыттың тоқтап тұ­руы­ның мәнісін түсіндірді. Мә­селе, қаражатқа келіп тіреліп тұр. Яғни, зауыт жаңғырту бойынша бастаған жұмыстарын аяқ­тай алмауда. Оларға уәде берген банк қаржыны толық аудармапты. Әу баста қаражат бөл­ген дұрыс деп шешкен банк қыр­күйек айынан бері қарай қара­жат­ты кешіктіріп жатыр екен.

– Бұл шынында да түсініксіз проблема, – деді сенатор. Банк­те­гілер өздері 25 млн. доллар береміз деп шешім қабылдаған. 23 млн. доллары бөлінген. Яғ­ни, қаржының негізі аударыл­ған. Қалған қаражатты белгісіз себептермен созбаққа салып қойған. Бұлары қалай?

Ал Елбасының Жолдауына  байланысты Семей тері-мех ком­бинатының бас директоры Жұмағазы Нұрбазаров  былай дейді: «Шыны керек, биылғы Жолдауды тыңдап отырып қат­ты қуандым. Біздің кәсіпорын­да Жолдаудағы тапсырылған жүк­тің бәрі бар. Мемлекеттік жаңғырту, инновациялық технологиялар, жаңадан жұмыс орын­дарын ашу, экспортқа бағыттау, тіпті ауылшаруашылық өнімде­рін өңдеп, халық игілігіне пайдалану – осының бәрі де бізде 100 пайыз дайын. Өкінішке қа­рай, жұмысты нақты бастауы­мыз­ға қаржы қолбайлау болып тұр».

– Президент Нұрсұлтан Назарбаев сыртқа мал етін экспорттауды тапсырғаны белгілі, – дейді қала әкімі Айбек Кә­рімов. – Әсіресе, Ресейдің біздің ет өнімдерімізге деген сұ­ранысы ерекше. Мына кә­сіпорында терісін алу үшін мал сойылатын орын ұйымдасты­рылса, етті өңдеп, жөнелту кезеңі де сәтімен іске асар еді.

Т.Абайділдин осы проблеманы Үкімет алдына қойып, оны шешудің жолдарын қарасты­руды сұрайтынын айтты. Ал кәсіпорын бүгінде ауқымды жұмысқа толыққанды кірісуге дайын. Жұмыс орнын үш есе ұлғайтуға болады. Себебі, мұн­да шетелдік жоғары техно­ло­гия­лы құрал-жабдықтар қойылған.

– Қазір біздің кәсіпорынға жан-жақтан тапсырыстар түсіп жатыр, – дейді Семей тері-мех комбинатының бас директоры Жұмағазы Нұрбазаров сөзін сабақтап. Солардың бірі – Семей аяқ киім зауыты. Зауыт жақында тендер ұтып алған-ды. Қарағанды аяқ киім фабрикасы да, тіпті италиялықтар да біздің өнімдерімізді сұрап жатыр.

Айта кету керек, тері  мен жүн шетелдерде өте жоғары бағаланса да, Қазақстанда олар­дың өндірілуіне енді ғана мән беріле бастады. Ауыл шаруа­шы­лығы саласының жағдайы жыл өткен сайын жақсара түсіп келе жатқаны да рас. Шаруа қожалықтарында да, жеке мен­шікте де төрт түліктің саны арта түсуде. Малдан өндірілетін ет пен сүт өнімдері де соңғы кезде екі есе ұлғайған. Бұрын­дары терілер ауылдардан тұз­дал­маған, қалай болса солай келетіндіктен, қабылданбай қа­латын. Енді бұл олқылықтың орны толып,  кәсіпорын  облыс­тың аудандары үшін бір жыл бойы үздіксіз  тері  қабыл­дай­тын қойма да ашып қойған. Мұндағы жұмысшылар  терінің  сапасына мән беріп, талғай алатын, мал өнімдерімен жұмыс жасай білетін мамандардың қа­тарынан. Ауыл адамдары әкел­ген терілерін осында өздері саудалай алады. Кәсіпорынның бас директоры Ж.Рахымға­лиевтің ай­туынша, осындай пункттерде тері қымбат бағаланады.

– Қазір – ветеринария, зоотехника ғы­лым­дарының дамы­ған уақыты. Ша­руашылық иесі өзі­нің ірі қара­ла­рын оқыраға қарсы ектіріп ал­са өте жақсы. Мұндай малдың терісімен қоса, сүті мен етінің де сапасы жо­ғары болады. Қо­жалық иелері осындай мәселе­лерді ескерген­дері дұрыс, – дейді ол.

Бұл күндері шетелдерде  те­рі өңдеу технологиясы өте жо­ғары дамыған. Базарлар мен дүкендердегі Түркия тондары сұранысқа ие. Мәселе сонда, шетелдік кәсіпкерлер біздің  ши­кізатты арзан бағаға сұрай­ды.  Тері  мен жүнді жерге тас­тай алмаған халық қолдағы бар шикізаттарын арзан бағаға өт­кізе салуға мәжбүр. Сиыр тері­сінің килограмы 500 теңге­ден өтті делік. Одан көрші елдің кәсіпкерлері 5-6 аяқ киім жасап, әрқайсысын өзімізге 8-10 есе қымбатқа сатады. Сөйтіп, өздерінің экономикасын жандандыруда.

Шығыс Қазақстан облысы Елбасы Жолдауында айтылған үдемелі индустриялық-иннова­циялық даму, отандық өнімді өңдеп, өндіру сияқты  ауқымды мәселелерден сырт қалмақ емес. Осы орайда, Семей тері-мех ком­­бинатының алға қойып отыр­ған жоспарлары ауқымды әрі бола­шағы зор екендігін ескерген жөн. 

 

 

Ортақ мақсат жолын ұстанады

 

    /«Егемен Қазақстан». 31.03.2012./ - Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігімен Экономикалық даму және сауда министрлігінде «Макроэкономикалық болжау мен бюджет және салық заңнамасын одан әрі жетілдіру» деген тақырыпта көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағын­таевтың мәлімдеуінше, өткен жыл­дың соңында Мемлекет бас­шысының Жарлығына орай ми­нистрліктің құрылымдары кү­шей­тілген. Бюджеттік, салықтық, кедендік және тариф саясаты бойынша жаңа құрылымдар қа­лыптастырылған.

Министрліктің жауапты хатшысы Дина Шәженова бюджетті орайластырудың жаңа жолдары, министрдің орынбасары Абай Искандеров министрліктің мем­лекеттік активтер мен мемле­кеттік қарыздар және тариф саясатын басқару тақырыптарында баяндамалар жасады. Минис­тр­ліктің экономикалық интеграция мәселелері бойынша атқарып жатқан істерінің негізгі бағыты жайында министрдің орынбасары Тимур Жақсылықов баяндап берді. Министрдің орынбасары Мәдина Әбілқасымова бюджет саясаты мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу жасаса, келесі бір орынбасары Марат Құсайынов кәсіпкерлікті дамыту мен аймақтарды көтеру үшін министрлікте атқарылып жатқан бағыттарға тоқталды.

Сала басшыларының баяндамаларын мұқият тыңдаған Мәжі­ліс депутаттары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Көш­пелі отырысқа қатысушылар мемлекет өміріне қажетті сапалы заңдар дайындауға атсалысатын­дықтарын, алынған ақпараттарды алдағы заң шығарушылық қыз­метінде ескеріп, тиісті заң жобаларына пайдаланатындықтарын білдірді.

 

 

Ақмолалық шаруалар Астананы азықтан тарықтырмайды

 

    /«Алаш айнасы». 31.03.2012. Жарқын Утекова./ - Қазақ жеріндегі жоғары сапалы бидайдың төрттен бір бөлігі – Ақмола облысының үлесінде. Ал, жалпы, қазақ бидайы сапасы жағынан бүгінгі таңда Канадамен иық тірестіріп тұр. Жуырда аграрлы аймаққа бір топ сенатор келіп, елордамыз Астананы сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан нақты іс-шаралармен танысқан еді.

Әуелі күні бүгінге дейін аграрлық сала­да атқарылған ілкімді істерге тоқталып өте­йік. Облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың келтірген деректеріне сүйенсек, 2008-2011 жылдары құны 290 млн АҚШ дол­лары болатын 61 жоба жүзеге асырылыпты. Нәтижесінде Астанаға 14 мың тонна ет және ет өнімдері, 56 мың тонна сүт өнімі жеткізілген. Сөйтіп, ақмолалық шаруалар елорда тұрғындары тұтынатын көкөністің 41 пайызын қамтамасыз ететін халге жет­кен. Қазір құны 128 млн АҚШ долларына тең 16 жоба іске асырылып жатыр. Бірақ бұл ақмолалықтар осымен елорданың сұ­ра­­нысын толық жабады деген сөз емес. Астана халқының саны жыл санап артып келеді. Осыған сәйкес сұраныс та бір орын­да тұрмайды. Демек, Ақмола шаруаларына қойылатын талап та, міндет те арта түспек. Сондықтан: «осы көтеріліп отырған мәсе­лелерді ой елегінен өткізіп, Үкіметтің қа­рауына жібереміз. Егер де заңға өзгерту ен­гізу қажет болса, ол жағын да ескереміз», – деді Парламент Сенаты төрағасының орын­басары Александр Судьин.

Жалпы, елдің ауыл шаруашылығы сала­сын дамытуға биыл республикалық бюд­жеттен 340 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қа­білеттілігін арттырып, аталмыш салаға жаңа инновациялық технологияларды ен­гі­зуге үлкен септігін тигізбек. Осы тұр­ғыда Ақмола әкімдігі «2010-2014 жылдарға арналған Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы» об­лыс­тық бағдарламаны іске асырып жатыр. Бағдарлама аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі және «ҚазАгро» ұлттық хол­дингімен бірлесіп, елорда­лықтардың жо­ғары сұранысына ие азық-түлік түрлері анықталды. Елорда айналасында азық-түлік белдеуінің шартты шекарасы бекітілді. Оған Ақмола облысының – 17, Қарағанды облысының төрт ауданы еніп отыр. Қазіргі таңда Ақмола аумағындағы 101 кәсіпорын Астанаға өнім жеткізумен айналысады. Сондай-ақ биыл облыста «ҚазАгро» ак­цио­нерлік қоғамының қаржылық инс­титуттарының қолдауымен тағы тоғыз жо­ба іске асырылмақшы. Бұл орайда ше­телден мал әкелу арқылы іске асы­рылатын жобалардың да үлесі қомақты болмақ. Жыл соңына қарай Астанаға жөнелтілетін сүт өнімдерінің көлемі арттырылады. Ай­талық, елордалықтардың етке деген сұра­нысының – 44, сүт өнім­дерінің – 40, жұ­мыртқаның – 97, көкөністің – 42, сұйық май­дың 9 пайызы қамтамасыз етілмек. Алайда аграрлық саланы алға сүйреуге кедергі келтіретін жайттар де жоқ емес. Облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың пікі­рінше, мал жайылымына жер бөлу процесі жеңілдетіліп, Ресей және ТМД елдерінен асыл тұқымды тұяқтыларды әкелуге суб­сидия бөлінсе игі.

Шешімін күтіп тұрған тағы бір мәселе – астықты сақтау мен жеткізу. Республика бойын­ша шамамен 10-12 мың астық тасымалдайтын вагон қажет. Қазіргі таңда «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы 2 мың астық тасымалдаушы вагон алуға келісімшарт жасалған. Сенатор Светлана Жалмағамбетованың айтуынша, мұнымен мәселе шешілмейді. Ел аума­ғында Ақмоладан басқа да астыққа бай өлкелер бар. Жалпы, аграрлы өлкелерді тасымал құралдары және астық қойма­ларымен қамтамасыз ету барысында қо­сымша шаралар қолдану қажет. Сондық­тан жуық арада Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігіне ұсыныс жолдайтынын жеткізді. Қазір Ақмола өңіріндегі астық сақтайтын қой­малардың көбі әлі толып тұр. Егер осы айдың аяғына дейін бидай тиісті жерлерге тасымалданып бітпесе, астық ысырап болады. Диқандардың ең­бегі еш кетеді. Жалпы, Ақмолаға сена­торлар тобы күнде ат басын бұра бермейді. Осы мүмкіндікті мүлт жібергісі келмеген облыс әкімі депу­таттарға өңірде мал дәрігерлері мен агро­ном мамандар тапшы екенін айтты. Бұл мәселе болашақта Пар­ламент қабыр­ғасында қаралып, сена­торлар Үкіметтің ұтым­ды шешім қабыл­дауына түрткі болады деген үмітін де жасырмады. Өз кезегінде Көкше жерінің тумасы – сенатор Жабал Ерғалиев ауылдық жер­лерде жемшөп бағасының шарықтап тұрғанын алға тартты. Осының салдарынан шаруалар қол­дарындағы азын-аулақ малын жиі етке өткізуге мәжбүр. Сондай-ақ сойылған мал терісі мен жүні ештеңеге жарамай, далада қалатыны да жасырын емес. Бұл шикізатты өңдеу саласының әлі де кенжелеп тұрғанын көрсетеді. Жабал Ерғалиевтің пікірінше, азық-түлік белдеуін жасау барысында облыс орталығы Көк­шетау қаласы мен Бура­бай курортты аймағын да ұмытуға болмайды. Өйткені көрікті Бурабай бау­райында жылына 1 млн адам денсаулығын түзеп, демалады. Демек, Ақмола облысы еліміздің туристік әлеуетін арттыру жағынан да үлкен мүм­кіндікке ие. Жоғарыда кө­терілген мәселе­лердің барлығы алдағы уақытта Үкімет отырыстарында талқыланып, тиісті шешім қабылдауға ықпал жасалатын болады. Ақмола облысын аралап қайтқан «Өңір» депутаттық тобы мүшелерінің уәдесі осындай.

 


 

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР МЕН СҰХБАТТАР


 

Құқық қорғау қарымы артады

 

    /«Егемен Қазақстан». 20.03.2012. Жанат Жарасов, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі./ - Елбасының халыққа арнаған Жолдауы аясында құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың кейбір мәселелері

Жыл сайынғы секілді Елба­сы­ның биылғы «Әлеу­мет­тік-экономикалық жаң­ғыр­ту – Қа­зақстан дамуы­ның басты бағы­ты» атты Жолдауы да халық арасында жылы қабылданды.

Ел Президенті онда шикізат қорлары мен инфрақұры­лым­дары­ның жоғары шегі сала­сын­да жаңа ғаламат жобалардың бас­тау алып, еліміздің алып құрылыс алаңына айналатыны туралы жариялады.

Дегенмен, Мемлекет басшы­сы алда тұрған бұл жұмыс­тар­дың орасан зор, күрделі де қиын екендігін атап өтіп, барлық отан­дастарды осынау ғаламат міндеттерді орындау үшін бір кі­сідей жұмыла білуге шақырды.

Баршаға мәлім, Жолдаудағы құны миллиардтаған доллар тұ­ра­тын жобаларды жүзеге асыру орасан адам күші мен өндіріс қорын қажет етеді. Сондықтан бұл бағытта қыруар қаржы ағым­дарының, жүк тасымал­да­ры­ның, көші-қон үдерістерінің және т.б. еселеп артуы аталған жобаларға қылмыстық элемент­тердің, ұйымдасқан, соның ішін­де трансұлттық сипаттағы қыл­мыстық топтардың балға үйме­леген арадай тартылаты­нын те­рең сарапта­ма­лық зерттеу жүр­гізбей-ақ бай­қауға болады.

Алайда, бұл ғаламат жос­пар­лар­ды табысты жүзеге асыру тиісті оңтайлы жағ­дай жасаумен оны сақтау мемлекеттік ор­ган­дардың ғана емес, құқық қор­ғау органдарының да жұмылып, тиімді жұмыс жасай білуі арқа­сында ғана мүмкін болады.

Міне, Президент өзінің Жол­дауында осы құрылымдарды одан әрі жетілдіруге және сапалы кадр­лық жаңартуды жүзеге асы­руға баса назар аударды. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаң­ғырту, тиімді кадр саясатын жүр­гізу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін, кә­сібилігін арттыру, олардың әлеу­меттік мәртебесі мен қаржылай қамтылуын жақсарту «Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тия­сы­ның сайлауалды тұғыр­на­масында да орын алған. Осы ретте құқық қорғау органдарының бүкіл жеке құрамын қайта аттестаттаудан өткізу елеулі белес болары анық.

Кезектен тыс қайта аттестаттау­дан өтуге дайындық жүргізу қажеттігі қызметкердің құқықтық білімін арттыруға және олардың мемлекеттің құқық қорғау ор­ган­дары қызметін реттейтін заңна­ма­лық актілерінің талаптарын нақ­тырақ түсінуіне, кәсібилік мүм­кін­діктері мен біліктіліктерін да­мытуына қосымша себеп болады.

Қайта аттестаттау нәтижесі бой­ынша сол құрылымдардың бас­шыларына өз қызметкер­лері­нің, соның ішінде басшы құ­рамы­ның кадрлық әлеуеті мен біліктілігіне баға беруге мүмкіндік туады. Аттестаттаудан өткендер­дің қызметтік міндеттерін жан-жақты және шынайы атқара ала­тын­дығын анықтау нәтижесі олар­дың арасынан неғұрлым кә­сі­би дайындалғандарын даралап, маңызды жедел-қызмет бөлініс­те­ріне жіберуге мүмкіндік береді. Мұндай қызметкерлерді құқыққа қарсы түрлі сипаттағы дайын­да­лып жатқан қылмыстар туралы ақпараттарды ашуға, қылмыстық топтарды анықтау үшін жоғары деңгейде кәсіби шаралар өткізу­ге, қылмыстың орын алуы мен себептерін жоюға, әсіресе, оның ауыр салдарының алдын алуға бағытталған шараларды қамта­ма­сыз ету үшін жұмылдырған орынды болып табылады.

Әрине, мұндай жұмыс біршама ауырлықты, соның ішінде мо­ральдық және орасан күш-жігер­ді қажет етеді. Сондықтан да мұн­дай бағыттағы жұмыстарға неғұрлым білікті және кәсіби дайындалған қызметкерлерді енгізу мәселелері маңызды да кө­кейкесті болып тұр. Демек, Елба­сы­ның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қайта аттестациядан өтуі аяқталғаннан кейін ақшалай қамтылуы және әлеу­меттік пакетін өсіру жөнінде ұсы­ныстар әзірлеу туралы тап­сыр­масын ескеретін болсақ, атал­ған мәселелерді қайта зерделеу мүмкіндігі туады. Жедел бөлім­ше­лердің кәсіби негізін сақтау үшін қызметкерлердің ақшалай қамтылуы мен әлеуметтік пакетін айтарлықтай көбейту арқылы тұрақтылыққа қол жеткізіп ын­таландыруды арттыру қажет.

Елбасы өзінің 2008 жылғы ақ­пан айында халыққа арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқа­тын арттыру – мемлекеттік сая­саттың басты мақсаты» атты Жо­лдауында да қылмысқа қар­сы мақсат жазалаушы әрекет емес, құқық бұзушылықтарды болдырмау мен олардың алдын алу болуы тиіс екенін айтқан еді. Сол кезде Президенттің тапсырмасы бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу ту­ралы» заң жобасы әзірленіп, ол 2010 жылы қабылданды. Енді жаңарған құқық қорғау жүйесі, құқыққа қарсы теріс әрекеттер мен заң бұзушылық жасаудың алғышарттары туралы толық және шынайы ақпаратқа уақы­тында қол жеткізетін жедел іздестіру қызметін тиімді ұйым­дастыра алады деп санаймын.

Мемлекет басшысы Жол­дау­ында біртұтас эконо­ми­ка­лық кеңістікте трансұлттық ұй­ым­дасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгі­сі­мен Еурразпол – Еуразия поли­циясын құру жөніндегі мәселе пісіп-жетілгені туралы да атап өтті. Бұл ел Президентінің Жол­дауында аталған кең кө­лем­ді жобаларды іске асыру кезеңінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге зор әсерін тигізетіні сөзсіз.

 

 

Үйлесімге үндейтін ұйым

 

    /«Егемен Қазақстан». 20.03.2012. Әңгімелескен  Жақсыбай Самрат./ - ТМД Парламентаралық Ассамблеясының (ПАА) 27 наурызда Алматыда аталып өтетін 20 жылдық мерейтойына санаулы күндер қалды. Достастық елдері үшін маңызды ұйымның мерейтойы қарсаңында біз ПАА қазақстандық делегациясы төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының Табиғатты пай­далану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Жылқышиевпен әңгімелескен едік.

– Болат Әбжа­пар­ұлы, «Еге­меннің» бетінде Сенат Төраға­сы, ТМД ПАА Ке­ңесінің мү­ше­сі, қа­зақ­стандық делега­ция­ның басшысы Қайрат Мәми бұл ұйымның жұмысы туралы біршама мә­лі­мет берген еді. («ЕҚ», 15.03.2012 жыл). Мерейтой ал­дында сіз­дің де пікіріңізді оқыр­мандар наза­ры­на ұсынуды жөн көр­дік. Осы орайда әуелі сұ­райын дегенім, сіздіңше ПАА-ның ма­ңызы неде?

– Рас, төрағамыз бұл ұйым­ның тарихы, атқарған шаруа­ла­ры жөнінде жеткілікті дәрежеде әңгіме айтқан екен. Мен өз та­рапымнан оның маңызына тоқ­та­лып көретін болсам, алдымен ТМД-ның өзі туралы да айтуға тура келеді. Көптеген скептиктер оның болашағы жоқ деп, «ә» дегеннен-ақ ұлардай шулап жатты. Бірақ осы ұйым көп­те­ген саясатшы сарапшылар мен мемлекеттік тұлғалардың қалауы­мен ғана емес, объективті қа­жеттілік болғандықтан әлі күн­ге өмір сүріп келеді. Өз елдері­нің болашағын алыстан ойлай­тын, арғыны болжай білетін Нұр­сұлтан Назарбаев секілді мемлекет басшылары оның қа­лыпты өмір сүруіне қолдан келген жағдайлардың бәрін жасау­ға тырысуда. Өйткені, тағдыры бір, талқысы ұқсас жас елдер бір-бірінен алыстап, өз алда­ры­на биік жетістіктерге жетемін дегенінен үлкен нәтиже шық­пай­ды. Тек бірлескен күш қана дүние жүзі қауымдастығының дастарқанынан өзіне тиісті үлес­ті үңгіп алуға мүмкіндік береді. Тек бірлескен күшпен ғана жас елдер ғаламдық аумақтағы өзі­нің қауіпсіздігін сақтай алады.

Ал енді ТМД қызметіне тоқталатын болсақ, былтырғы мерейтойында оның шеңберін­де мемлекеттер басшыларының – 39, үкіметтер басшыларының 58 отырысы өткізілгені белгілі болды. Одан басқа, мемлекеттер басшылары 12 рет бейресми отырыстар өткізіпті. Осы оты­рыстардың әрқайсысында қан­ша­ма жұмыстар істеліп, ортақ мүдделер мен ортақ табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жүздеген қадамдар жасалды. Жалпы саны 2005 құжат қабыл­данған екен, соның 1440-ы қазір қол­даныста жүр. Бұл құ­жаттар ұй­ымға мүше мемле­кет­тердің алға қойған мақсаттарға жету жо­лында үйлесімді әре­кет­тері болмаса қабылданар ма еді? Әркім өз мүддесін ғана ой­лап, өзге­лердің мақсатын түсі­не алмаса, ондай жерде ортақ шешімге келуге бола ма? Әрине, бол­май­ды. Сондықтан да мемлекеттер бас­шы­лары 1992 жыл­дың 27 нау­ры­зында Алматыда болған отырыс­тарында ТМД елдерінің ұлттық заңнамаларын өзара жа­қын­дату және үйлес­ті­руге қызмет ететін Парламен­таралық Ассамблея құру ту­ралы келісімге қол қойды.

– Сонда ПАА шешімдері ТМД мемлекеттерінің ұлттық заң­намаларынан жоғары бола ма?

– Жоқ. ПАА шешімдерімен заңнамалық актілер мен ұсы­ныс­тар­дың өзара үйлесімді үл­гі­сі (типі) ғана жа­са­лады. Мұны жасау ба­рысында ПАА Достас­тық елдері парламенттері мен ха­лықаралық парламенттік ұйым­да­р­дың тәжірибелерін ескереді және халық­ара­лық құқықтық стан­дарттарға сай болуын қада­ғалайды. Әрине, оның шешімдері мен ұсыныс­тары міндетті түрде орындалуы керектігі жөнінде ТМД мемлекеттері басшы­лары­ның келісімі жоқ, олар тек ортақ шешімге келу және үйлесім үшін пайдалы кеңес ретінде қабыл­данады.

Бір айта кететін жәйт, ПАА біздің Елбасымыз Н.Назарбаев көтеріп жүрген интеграциялық үдерістердің тереңдей түсуіне игі ықпалын тигізетін ұсыныстар мен пікірлерді мемлекеттер басшы­лары­ның құзырына үнемі жеткізіп тұратынын білеміз. Міне, ішінара осындай ұсыныстардың ар­қа­сында ТМД елдерінің ара­сын­да түрлі деңгейдегі интегра­ция­лық ұйымдар өмірге келді. Мәсе­лен, экономика саласында ТМД-ның алты мүшесінің қатысуымен ЕурАзЭҚ құрылды. Оның шең­бе­рінде Қазақстан, Ресей, Беларусь Кеден одағы, одан биылғы жыл­дың 1 қаңтарынан бастап Біртұ­тас экономикалық кеңістікке өт­тік. Ал 2015 жылы бұл ұйым Еур­азиялық экономикалық одақ­қа ұласады деген жоспар бар. Осы ұйымдардың мүшелері өзара еңбек, миграция және т.б. заң­намаларын үйлестірді. Еуразия­лық экономикалық одаққа өтерде тіпті банк, валюта заңнамаларын да үйлестіруді көздеп отыр. Міне, осындай интеграциялық құ­ры­лымдардың тууына ПАА өзі­нің ықпалды үлесін қосып келеді.

Әрине, Еуразиялық эконо­ми­ка­лық одақ туралы алғашқы сөзді Президент Н.Назарбаев 1994 жылы-ақ айтқан болатын. Қазір сол идеяның дұрыстығын өмір­дің өзі көрсетіп, оны құруға жылжып келеміз.

– ПАА-ның ТМД кеңістігін­дегі қауіпсіздіктің, демократия­лық үдерістердің сақталуына қос­қан үлесі де мол сияқты көрінеді.

– Оған сөз бар ма? Парламенттік дипломатияның тамаша үлгісін көрсете білген бұл ұйым 1994 жылы Таулы Қарабақтағы оқ атуды тоқтату туралы саяси құжатқа қол қоюға қол жеткізгенін осы күні көп адамдар біле бермейді. Әрине, парламентарийлер келіссөз үдерістеріне тікелей қатыса алмайды. Бұл іс дипломаттар мен атқарушы билік өкіл­дерінің үлесінде. Бірақ парламентарийлер келіссөздердің сәтті болуына саяси атмосфера туғыза алды. Сондай-ақ ПАА ТМД аума­ғын­дағы басқа да кикіл­жің­дерге бей-жай қарамай, олардың бейбіт жолмен шешілуіне өзінің ықпалын тигізіп келеді. Халық­аралық терроризмге қарсы күресте де ПАА-ның үлесі бар.

Мәселен, 1997 жылы «Терроризмге қарсы күрес» атты үлгі заң қабылданды. Соның негізінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары халықаралық терроризмге қарсы күрес туралы келісімге қол қойды. Ал енді ПАА-ның адам құқының бұ­зыл­мауы, демократия қағидат­тарының сақ­талуы сияқты істерге белсенді араласатынын жұрттың бәрі көріп жүр. ПАА ТМД елдеріндегі барлық сай­лауларға бай­қау­шы жіберіп, онда халықтың демократиялық құқықтарының бұзылмауын ба­қы­лайтындығы жөнінде жиі жа­зылады. Сай­лау­ларға байқаушы ретінде көп қатысудың арқа­сын­да ұйым шең­берінде демо­кратияның сақ­талуын анықтай­тын бірізді критерийлердің кон­венциясы дүниеге келді. Бұл конвенция 2002 жылдың қазан айында әзірленіп, сол жылы мемлекеттер басшыларының оты­рысына қол қоюға ұсы­нылды. ТМД елдері басшы­ларының арасынан оған 7 президент қол қойды.

– ПАА-ның құрылымы ту­­ралы да бір ауыз айта кет­сеңіз?

– ПАА құрамына бүгінгі күні ТМД-ны құрайтын 9 мем­лекеттің парламент өкілдері енеді. ПАА-да ТМД елдерінен Түркіменстан мен Өзбекстан жоқ. Ал Балтық бойының үш республикасы мен Грузияның ТМД қатарында емес екенін білесіздер. Ұйымның жұмысын ПАА Кеңесі ұйымдастырады, ол әрбір мемлекеттің парламент делегацияларының басшысы­нан тұрады. Айта кететін жәйт, біздің Парламентіміздің екі палатасының да төрағасы ке­ңес­тің мүшесі болып табылады. ПАА Кеңесінің Төрағасы бо­лып 2011 жылдың 9 қараша­сында Ресей Федерация Ке­ңесінің төрайымы Валентина Матвиенко сайланды. Ал Ке­ңестің тұрақты негізде жұмыс істейтін Бас хатшысы болып былтырғы 28 желтоқсанда Ресей азаматы Алексей Сергеев сайланды. ПАА тұрақты комис­сияларының саны – 10, олар экономика, саясат, әлеуметтік мәселелер, құқық, қорғаныс және қауіпсіздік, мемлекет құ­ры­лысы, мәдениет, спорт пен ту­ризм, ғылым мен білім және т.б. салаларды қамтиды. Бас хатшының орынбасарлары қа­та­­рында қазақстандық Халел Бәкенов бар. Ұйымның штаб-пәтері Санкт-Петербургтегі Таврия сарайында орналасқан.

– Алматыда болатын ша­раның бағдарламасы қандай?

– Қонақтар 26 наурызда келеді деп күтілуде, сол күні олар­дың ынтасы барларына екі­жақты кездесулер өткізуге жағдай жасалады. Ал кешіне Алматы қаласы әкімінің атынан қонақасы беріледі. Негізгі салтанат 27 наурызда өтеді. Бұл күні алдымен делегация басшы­лары Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қояды. Ал сағат 10.00-де «Достық үйінде» ПАА Кеңесінің мерейтойлық отыры­сы басталады. Оны Сенат Төр­ағасы, ПАА Кеңесінің мүшесі Қ.Мәми ашып, Президент Н.Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып береді. ПАА-ның өткен уақыттағы жұмысы жөнінде ПАА Кеңесінің Төрайымы В.Мат­виен­коның баяндамасы тың­далады. Мерейтойлық сал­танаттың қо­ры­тындысында «ТМД Пар­ламент­аралық Ассамблеясының 20 жыл­дығы туралы» мәлім­деме қабыл­данатын болады. Мерейтойлық салтанат аяқ­тал­ған соң дәстүрлі түрде мәдени бағ­дарлама бола­тыны да қарастырылған.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

 

Елбасының қолдауымен ауыл халқына арналып өте көп жағдайлар жасалуда - Мәжіліс депутаты Т.Ибраев

 

/«ҚазАқпарат». 20.03.2012. Айдын Бәймен./ - Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел дамуының барлық бағыттары сала-сала бойынша айқын көрініс тапты.

Қазақстанның алда тұрған міндеттері айқындалды. Соның ішінде Парламент пен Үкіметке де ауқымды міндеттер жүктелді. Еліміздің аграрлық саласын дамыту жолдары туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Төлеген Ибраев ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, өз ойларын ортаға салды.

- Төлеген Тоқтасынұлы, Қазақстан Президентінің биылғы дәстүрлі Жолдауынан туындайтын бастамалар жөнінде пікіріңізді білдірсеңіз?

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Н.Ә.Назарбаевтың әр жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдаулары - бір-бірімен ұштасып, өзара үндесіп, ел экономикасының дамуына, саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына, мемлекетіміздің халықаралық кеңістіктегі іс-қимылдарына сараптама жасап, бағыт-бағдар беріп, мезгілі келген мәселелерді шешудің тиімді жолдарып көрсетіп отырған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірден-бір құнды құжат.

Сондықтан да, жыл басындағы Елбасының Жолдауын бүкіл халық болып, үлкен үмітпен асыға күтеміз. Мемлекет басшысының Жолдауынан әрбір қазақстандық отбасы өзінің көкейкесті сұрақтарына жауап алады десек, артық айтқандық емес.

Мемлекеттік қызметкерлер Жолдаумен таныса отырып, атқарған істерді қорытындылап, алдағы күндерге әлеуметтік маңызы бар шараларды орындауға тиянақты жоспар құрады.

Жолдау тапсырмалары мен шешімдері Қазақстанның болашағын айқындайтын болғандықтан, осы құжатқа шетел мамандары мен саясаткерлері де үлкен назар аударып, мән беріп, орындалуын зор ықыласпен қадағалайды.

Тоқ етері, Елбасының Жолдауы - бір жылдық, немесе бір саланың емес, Қазақстанның сан қилы қоғамдық, маңызды, ауқымды болашаққа бағытталған іс-шараларын атқаруға бағдар беретін және оларды орындау үшін қажетті жұмыс күштерін, өндіріс қуаттарын біріктіретін, қаржыландыруды шешетін құжат.

Жолдауда аталып, соңынан өз шешімін тапқан көп оңды өзгерістерге ел тұрғындары көңіл толарлық пікір айтып, Елбасына ризашылық білдіріп отыр.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың өз орнын табуына, халықаралық деңгейдегі беделіне Елбасының Жолдауы маңызды әсер етті.

Олай болса, жаңа тарихымыздың таза беттеріне Жолдау арқылы жеткен жетістіктеріміздің бүгінгі куәгерлері, қарапайым халықтың пікірін, түйген ойын, жүрек жарды берген бағасын неге түсірмеске? Бұл ертеңгі ұрпаққа баға жетпес құнды мағлұмат болар еді.

Олай дейтінім, менің замандастарым Ертіс-Қарағанды су каналының, Теміртау комбинатының, Самотлор мен БАМ-ның  салынғандарын, Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуын бүгінгі күнгі хабарлардан ести қалсақ, елең етеміз.

Ал бүгінгі біздің елдегі, Жолдау арқылы болып жатқан өзгерістер - «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» күре жолы, жаңадан ашылып, игеріліп жатқан мұнай көздерінің маңындағы құрылыстар, аяулы Астанамыздың әрбір күні, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының кеңестерінде Елбасымыздың ұйқысыз өткізген түні мәңгі жадымызда сақтайтын Тарих бетінен тиісті орын алуға лайық құнды деректер.

- Елбасы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне арнайы тоқталды. Сіз осы шақырылымда Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы қызметіне сайландыңыз. Яғни, осы комитеттен өтетін заң жобалары Сіздің жіті назарыңызда болатыны сөзсіз. Сіз қай заң жобаларына ұсыныстар бердіңіз?

- Ауыл шаруашылық саласы аса күрделі, ауа-райына басыбайлы тәуелді, кейбір өзекті мәселелері қордаланып қалғанымен, әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі мен бас бостандығының, байлығы мен қауыпсіздігінің кепілі мен негізі.

Егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап Елбасының тікелей қадағалауы мен тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға әсер етіп, ықпал жасайтын негізгі заңдар қабылданды. Яғни, жер, астық, шаруа қожалықтары туралы және тағы басқа қабылданған заңдар, ауыл шаруашылығының алға басып, дамуына негіз болды.

Өмір талабына сай келетін өзгерістер мен толықтырулар негізгі заңдарға үнемі енгізіліп тұрады. Бұл жүйелі түрде өтетін істер оң нәтиже беруде.

Қазір де біздің Комитетте агроөнеркәсіпті кешенді дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар әзірленуде. Заң қабылданған күнде ауыл шаруашылығы өнімінің қорларын тұрақтандандыру, бағалардың орынсыз ауытқуларынан сақтандыру туралы маңызды шаралар заңдастырылмақ.

Кезінде назардан тыс қалып қойған өзекті мәселердің бірі ауыл іргесіндегі жерді жайылымдық ретінде пайдалану туралы да заң жобасын қарастырып жатырмыз. Жеке қожалық туралы да біраз пікіріміз баршылық.

Заңның өмірге келуі өте көп ізденісті, талдауды, үйлестіруді қажет етеді. Сондықтан аталған заң жобалары маңында біздің Комитет мүшелері әлі де болса біраз жұмыс атқарады.

Ауыл кәсіпкерлері үшін микроқаржы ұйымдарының жұмыстарын заңдастыруға Комитет мүшелері атсалысуда.

Комитеттің жұмыс жоспарында әлі толық пысықтауы қанбаған, бірақ ауылдың көкейкесті мәселелері бойынша біраз ұсыныстары бар. Ол - болашақтың ісі. Өйткені олар көп жағдайларды сәйкес келтіруді қажет ететін шаралар.

- Өзге сала бойынша қаралып жатқан қандай заң жобаларына толықтырулар енгізуге атсалыстыңыз?

- Депутаттық міндет пен құзырымның деңгейінде, тәжірибеме сүйене отырып, ел азаматтарының пікірін сараптап, басқа да мағлұматтарды пайдаланып, әріптестерімнің арасындағы ойларды ескеріп, жұмыс топтарында бірнеше заң жобаларына ұсыныс жасадым.

Ел рәміздері, азаматтық төлқұжат, микроқаржы ұйымдары, ардагерлер туралы және тағы басқа заң жобаларына жолдаған ұсыныстарым қолдау тапты.

Ұсыныстың барлығы да түгелдей қолдау таппайтын кездер де болады. Ондайда ешқандай реніш жоқ. Өйткені терең де жан-жақты ізденбесең, сараптамаң таяздау болғаны, ескі тәжрибенің шеңберінде қалып, болашаққа болжам жасай алмаған кінә өзіңде.

- Ауыл-аймақтарды жаңа заманға лайықты деңгейге жеткізу үшін қандай іс-шаралар атқарылуы тиіс деп ойлайсыз?

- Ауыл тұрмысы мен хал-ахуалы күрт өзгермеді деген пікір бар. Күрт өзгеру мүмкін емес, бірақ түбегейлі өзгергені айдан анық. Бұл кім болса да мойындайтын жағдай.

Қазақстанның еншісіне тиген ауыл шаруашылығы негізінен қарызға белшесінен батқан, көрші елдің қас-қабағына тәуелді, сыртқа шығуға тәжірибесі жоқ түйін-түйін қордаланып қолған сала еді. Бұл жағдайды өзгерту оңайға түскен жоқ...

Жол-жөнекей назардан тыс қалған жәйттер де болады.

Соның бірі жекешелендірілген ұжымшар мен кеңшарлардың негізінде құрылған ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру жолын әлі күнге дейін таба алмай келеміз.

Елдігімізден айырылып қалмайық, халқымызды тоздырып алмайық деп жүріп, жасырары жоқ, нарықтың қыртыстарын, қым-қиғаш қалтарыстарын жете білмегендіктен, осындай олқылықтарды дер кезінде ескеріп, шешім іздестірмедік.

Жерді ұтымды пайдалану, жоғары өнімді арнайы техниканы қолдану, малды асыл тұқымдандыру, сапалы тауар өндіру, жұмыс қолын жетілікті ету үшін әр саланың маманы бар ірі шаруашылықтың еншісі екенін білгенмен, ірілендіру ісімізде нәтижеміз болымсыз.

Ауыл кәсіпкерлеріне ыңғайлы, сұранымға бейімделген ауыл шаруашылығын несиелендіретін банктің өмірге келуі де ұзаққа созылып кетті.

Шетелдің талабы жоғары бәсекесіне төтеп беру үшін еліміздің негізгі байлығының басы астық өңімдерін сатуды бір қолда шоғырландыру толғағы жеткен шаруа өз кезегін тосуда.

Өзіміздің отандық ауыл шаруашылық ғылымының жетістіктерін, қол жеткен табыстарымызды елемей жүргеніміз өте қынжылтады.

Елбасы ауыл шаруашылығының дамуына уақытында көңіл бөліп, тиісті шешімін тауып, қажетті қаржы бөлінуін қадағалап, тиянақты тапсырмаларын өзінің Жолдауларында жылма-жыл атап өтеді.

Қордаланып қалған шаруалар шешілді, тоқыраудың қыспағы бұзылды. Ел пікірі оң қалыптасуда. Талпынған табысын табуда. Ауыл халқының еңсесі - көтеріңкі, мақсаты - айқын, жетістігі - анық.

Дегенмен де Елбасының тапсырмасын орындауда әлі де болса енжарлық, күрделі мәселеге ақша бөлумен бәрін шештік дейтіндер кездесіп қалады. Осы бір қобалжытатын жәйттер менің төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясының сараптама тобында бірнеше мәрте өте қызу талқыланды.

- Бір мысал келтіре кетсеңіз?

- Сөзім дәлелді болу үшін айтайын, Елбасының 2011 жылғы Жолдауында мал шаруашылығын дамыту туралы өте қомақты тапсырма бар.

Түсінген жанға, қазағымның ата кәсібі мал басын көбейтіп, тұқымын асылдандырып, өнімін сапалы етуден басқа не қажет?!

Ақылмен ұйымдастырып, Елбасының қамқоры мен қолдауының арқасында әрі кетсе 7-8 жылда ауыз толтырып айтатын, ұрпаққа үлгі болатын іс атқаруға бар жағдайды ұтымды пайдалануға болар еді.

Төрт аяқты мал даланың шөп-суымен ғана емес, аса тиянақты бағып-қағумен өсетін ерекшілігін жадында сақтаған адам ғана табысқа жетеді.

Бар жағдайы ескеріліп, бір кешенге мал басы көп шоғырланғанда ғана тапсырма ойдағыдай орындалады.

Астана мен Алматының төнірегіндегі мал бордақылау аландарының шамасы ет өнімдерінің сыртқа шығуын тиісті денгейге жеткізе алмайтынын ескеріп, барлық облыстардың да  мүмкіншілігін игеруге жағдай туғызу керек екендігін біздің сараптама тобының мүшелері баса айтқан болатын.

«Мал өнімдерімен ішкі нарықтың талап-тілегін орындау бір бағдар да, ал экспорт сұранысын қамтамыз ету басқа бір өте жауапты бағдар» деп іс атқаруды да лауазым иелеріне тайға таңба басқандай айтқанбыз.

Ауыл шаруашылығы бірер жыл ішінде тез өзгеретін сала емес. Уақытты ұтымды пайдаланып, жағдай жасалынып, заман талабына сай кәсіптің негізі қаланса, Жер-Ананың берері ұзақ жылдар бойы мол болатынын дамыған елдердің көп жылдық тәжірибесі мен жетістіктері әлденеше рет дәлелдеген. Әлі де болса әділ бағасы нақты емес, осыдан 60 жыл бұрын көтерілген тың жердің жемісі 2011 жылы қазақтың мерейін тағы бір көтерді. Күтімі болса, елдің астық алқабы әлі де таң қалдырары хақ.

Елбасы қиыннан қиыстырып, ыңғайын тауып, өткенді саралап, болашақты болжап мемлекетіміздің нығаюы жолдарына қажет қаржы тауып, уақтылы бағыт-бағдар беріп, әрбір Жолдауында анық тапсырмаларын көрсетіп отыр.

Ендігі жерде Елбасының талап-тілегін орындау - ел басқарып отырған азаматтардың басты мақсаты мен жауапты міндетті.

- Ауыл халқының әлеуметтік жағдайын әлі де жақсарта түсу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

- Ең біріншісі де, маңыздысы да - ауыз бірлік пен  қарапайым халықтың пікіріне құлақ асу.

Халық айтса қалт айтпайды, - деген данышпандар.

Ел ішіндегі сын, өткір пікір, баса айтылған ой, ешкімнің сағын сындырып, мұқатып-кекетіп айтайын дегендіктен емес, сол келеңсіздіктер халқымыздың тұрмысында болмаса екен деген тілекпен айтылады. Ондайға кек сақтап, ерегісу парасаттылықтың нышаны емес.

Халық тілегін, халық сөзін кейбір көсемсінген, ақ пен қараны айырмайтын, соқыр көңілділердің шатпағымен ешуақытта араластырмау ат үстіндегілердің қағидалары болу қажет.

Елбасының қолдауымен ауыл халқына арналып өте көп жағдайлар жасалуда. Оған өткен сайлауалды кездесулерде көзіміз жетті.

Аягөз қаласындағы мұз айдынындағы бүлдіршіндердің қуанышы, түн ортасында Зайсан қаласының шам жарығынан жарқыраған көшелері, Ақсуат пен Ақжардың ақжарқын халқының өткен жылы су басқан ауылдарының бүгінгі көркейген көркін мақтаныш етуі, Қарауыл мен Қалбатау ауылдарының Жастар сарайы, Көкпектінің ортасындағы сәні келіскен қонақ үйі, тағы басқа жаңарулар ел тұрмысының оң өзгерісінің айқын куәсі.

Қазақтың ынтымағы нық болса, еліміздің іргесі берік болып, ауылымыздың көркейе беретіні анық.

Елбасымыздың тапсырмаларын бір жағадан  бас, бір жеңнен қол шығарып, бір кісідей атсалысып орындау - ел тұрғындарының азаматтық парызы.           

-          Рақмет әңгімеңізге.

 

 

Қабиболла Жақыпов: «Жайық табанын эксковатормен тазарту мүмкін емес»

 

    /«Алтын Орда». 21.03.2012. Елжан Ералы./ - Шекараны демокрациялаудан Қытай мен Ресейден де озып кеттік

Қабиболла Жақыпов – БҚО-нан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бірі. Тоқсаныншы жылдары Батыс Қазақстан облысын басқарып, бұған дейін де халық қалаулысы болған оған Мәжілістің қызметі де, өңір мәселелері де жақсы таныс.

Астанадан Ақ Жайық өңіріне келген кезекті сапарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қабиболла Жақыповқа жолығып, сұхбаттасқан едік.

- Қабиболла Қабенұлы, сіз Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесісіз. Алдымен Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айта кетсеңіз?

- Еліміз тәуелсіздігін алған кезден бері Қазақстан шетелдермен көпсалалы саясатты ұстанып келеді. Елбасы еліміздің осы бағытын үнемі айтып жүр. Әлем елдерімен достық, сауда-экономикалық ынтымақтастық байланыс жасауды мақсат еткен тәуелсіз мемлекетпіз. Біздің ешбір елге қояр талабымыз жоқ.

Соңғы екі-үш жылда Қазақстан әлемдік оқиғалардың орталық алаңына айналды. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, қауіпсіздікті сақтау, бейбітшілікті қорғау, саяси көзқарастары қайшы елдерді ымыраға келтіру мақсатында және ұйымның беделін арттыруда ауқымды істерді атқара білді. Астана төрінде ЕҚЫҰ Саммиті өтіп, 56 мемлекеттің басшысы ортақ шешімге келді. Елбасының асқан табандылығының арқасында Астана Декларациясы қабылданды. Ал 2011 жылы Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық жасап, ғаламдық мәселелерді шешуде Ислам елдерінің бірігуіне ықпал етті. Биыл Астанада Әлемдік діндер көшбасшыларының төртінші съезі өтеді.

Дүниежүзінде «сауатты мемлекет» деген ұғым бар. Осылай деп азаматтық құқықтар мәселелері бойынша көмек көрсететін елді айтады. Қазақстан көптеген келісімдерді бекітіп, бейбітшілікті қорғау жолындағы әлемдік маңызды құжаттарға қол қойып отыр. Ол еліміздің мәртебесін көтереді. Оның үстіне Елбасымыз да елдің ұстанған саясатын үнемі айтып келеді. Қазір Қазақстанды білмейтін ел жоқ.

Президент бір ғана валютаға қарап отыруға болмайтынын айтты. Өйткені халықаралық деңгейде тек қана долларға сүйеніп отыра беруге болмайды. Еуроның өзіне нарық қиындықтарының ықпалы сезіліп тұр. Сондықтан басқа да қаражат түрін айналысқа шығару мәселесі айтылып қалып жүр. Ол «Алтын» деп атала ма, әлде басқа валюта шыға ма, ТМД көлемінде ортақ қаржы айналымы болуы мүмкін. Бірақ қай уақытта да ортақ қаржы шығатын болса, ол тәуелсіз мемлекеттердің мүддесі қорғалатындай, ешбір ел экономикалық зардап шекпей

Қазақстан барлық көрші елдермен мемлекеттік шекарасын бекітті. Қол қойылған келісімдерді, шекараның айқындалған құжаттарын Біріккен Ұлттар Ұйымына алып барып тапсырды. Бұл мемлекет басшысының ерен еңбегі, елдің үлкен жетістігі деп айтар едім. Біздің жеріміздің әрбір нүктесіне дейін өзге біреудің көз салуына, біреудің «менің жерім» деп айтуына ешқандай құқы жоқ! Мәселен, Ресей мен Қытай шекараларын демаркациялау жұмыстарын әлі бітірген жоқ. Сондықтан барды бар деп бағалай білуіміз керек.

- Ішкі және сыртқы қауіпсіздігімізге қатысты атқарылатын шаралар қандай?

- Біз көрші елдермен шекарамызды айқындап, заңмен бекітіп алдық. 150-дей елмен ынтымақтастық байланыс орнаттық. Оның ішінде 50-ден астам елмен тығыз байланыстамыз. Дегенмен осымен барлық жұмыс бітті деп ойламауымыз керек.

Барлық мемлекет өзінің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне баса назар аударатыны анық. Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерін алаңдатып отырған мәселелер аз емес. Лаңкестік, діни экстремистік әрекеттерден сақ болуымыз керек.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала беретінін айтқан болатын.

Жаңа он жылдықта біз өзіміздің экономикалық жоспарларымыздың табыстарын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады.

Қорғаныстың бәрі қақпадан басталады

- Қабиболла Қабенұлы, Елбасы биылғы Жолдауында өңірлерді дамыту бағытында үлкен міндеттер қойғаны белгілі. Осыған орай өзіңізге жақсы таныс Батыс Қазақстан облысында қандай жобаларды қолға алу қажет деп ойлайсыз? Өзге аймақтармен салыстырғанда, Батыс Қазақстан облысының болашағы қандай?

- Біріншіден, Батыс Қазақстан облысының болашағы зор деп есептеймін. Өйткені КСРО кезінде үлкен-үлкен қауіпсіздік пен қорғаныс зауыттары Орал қаласына тегін көшірілмеген. Соның бәрі Одақ көлемінде жақсы жұмыс жасап тұрды. 1990 жылдардағы дағдарыс тұсында зауыт, фабрикалардың бір-бірімен байланысы болмай, өндіріс орындары тоқтап қалып еді. Соңғы он жылдың көлемінде Оралдағы зауыттар жаңа заманауи тұрғыда жабдықталып, инновациялық жобалар бойынша өнімдерін шығарып жатыр.

Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бірқатар келісімдерін Қазақстан Парламенті заң түрінде бекітті. Үш заң жобасы бойынша өзім жұмыс тобының жетекшісі болдым.

ҰҚШҰ-ның бейбіт мақсаттағы іс-шараларына қажетті тапсырысты орындау мақсатында Орал зауыттары қайтадан жанданып, жұмысқа кіріседі.

Екіншіден, Батыс Қазақстан облысында ауылшаруашылығы өркен жайған. Айта кетейін, кезінде 1 млн. 650 мың тонна бидай мен дәнді дақылдар жиналып, мол өнім алынды. Мал басы өте көп болды. Ол да өңірдің адамдар тұруына қолайлы екенін көрсетеді. Оның үстіне өзге өңірден, шетелден көшіп келіп жатқан қандастарымыз аз емес. Елді мекен тұрғындары жаппай көшіп кеткен жоқ. Жастар жағы Қарашығанақ кен орнында түрлі жұмыстар істеп, табыс тауып жүр. Оның үстіне Чинарев кенішінде еңбек етіп жатқандар бар.

Бізде өткізетін рынок бар, енді өнім керек

- Жылдың бас құжатында Қарашығанақ кенішінде жылына 5 млрд. текше метр газ өңдейтін зауыт салынатыны айтылды. Бұл үлкен жобаның елімізге және Батыс Қазақстан облысына тигізетін шапағаты қандай дер едіңіз?

- Қарашығанақ кешені – әлемге әйгілі өндіріс орны. Ол әлемдегі бестікке кіреді. Елбасы биылғы Жолдауында Қазақстанның орталық аймақтарына газ жеткізу керек екенін айтты. Зауыт салып, жылына 5 млрд. өнім алып, оны еліміздің өзге аймақтарына жеткізу – өте ауқымды жұмыс. Қарашығанақтың екінші кезеңі аяқталды.

Үшінші кезеңінің де бірқатар жұмыстары жасалды. Үшінші кезең – газды тереңірек өңдеуге бағытталған жоба. Елбасының тапсырмасына орай осы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

Облыс елді мекендерінің 85 пайызы газбен қамтылған. Алдағы мақсат – облысты 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз ету.

Жаңа зауыт салынған кезде облысқа да, елімізге де тигізер пайдасы зор болмақ. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Салық түсімі көбейеді. Үшінші кезеңге кіргенде, неше түрлі химиялық өнімдер алуға болады. Соның төңірегінде басқа да химиялық заттар шығаратын зауыттар, фабрикалар салуға мүмкіндік туады. Осындай ауқымды жоспардың нәтижесі халқымыздың ырыс-берекесін арттырсын деп тілеймін.

Тұрғындардың, соның ішінде жастардың кәсіпкерлікпен айналысуы үшін 3 млн. теңгеге дейін шағын несиелер берілуде. Оның пайдасы көп деп есептеймін. Ағайынды адамдар бірлесіп алады. Бау-бақша өсіру немесе мал шаруашылығын дамытуды қолға алуына болады.

Оның үстіне біздің облыс Ресейдің бес губерниясымен шекаралас орналасқан. Өнімді өндіру бір бөлек те, оны саудаға шығару үшін жеткізіп сату мәселесі және бір ауқымды жұмыс. Өйткені шығарған өніміңді алатын тұтынушы болуы керек қой. Ауылда қанша мал өсірсе де, өзінде бар, өзге көршілерінде бар, ол ешкімге өтпейді ғой. Қазір Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері Бірыңғай экономикалық кеңістік құрып жатыр. Мәселен, бұрын біз өз еліміздің 16 млн. тұрғыны үшін азық-түлік өндіретін болсақ, енді үш елді тұтас алғанда, 167 млн. халықтың сұранысына ие болып отырмыз. Яғни, өнімді алатын рынок бар. Сонымен қатар көршілес жатқан Ресейдің бес облысында бірнеше млн. тұрғын бар.

- Біз бұл нарық аймағында ұтылмауымыз керек қой?

- Өз өнімдерімізді дұрыс сата білсек, біз ұтылмаймыз. Әлемде азық-түлікке, тамаққа сұраныс күн санап арта түседі.

- Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында алапат су тасқыны болғаны мәлім. Облыс аудандарында биылғы түскен қар қалың, Ресей жағынан қанша су келетінін күні бұрын болжау қиын. Су тасқынының алдын алу үшін не істеу қажет, Үкімет пен депутаттар тарапынан қолдау-көмек бола ма?

- Өткен жылғы жағдайға байланысты ақпан айында мен Үкімет басшысының алдына мәселе қойып, депутаттық сауал жібердім. Шаған су қоймасына қосымша су жинайтын тоған құрылысын салу қажеттігін айтып, жобалау-сметалық құжаты дайын екенін мәлімдедім. Осы жобаны іске асыруға 3 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлу жөнінде өтініш білдірдім. Әлі жауабы келе қойған жоқ.

- Бар мәселе қаржыға келіп тіреледі ғой?

- Әрине. Бірақ сондай іс-шараны қазір қолға алу керек. Кейін қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Су тасқыны алып кетсе, елімізді үш, тіпті, бес есе шығынға алып келуі ықтимал. Мәселен, былтырғы су тасқынының зардабын жою үшін 19 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Сонда 19 көп пе, әлде 3 млрд. теңге көп пе?!

Сонымен қатар биыл облыстың Қазталов, Жәнібек, Қаратөбе секілді оңтүстік аудандарында қар көп түскені белгілі. Өңірдегі өзендердің көбі Ресей жағынан бастау алады. Көрші ел тоғандар орнатып қойған. Егер өздерін су басып бара жатса, тоғандарды ашып жібереді. 1994 жылы сондай жағдай орын алып, Қазталов ауданы орталығын су алып кетіп еді. Сондықтан қазір облыс, аудан әкімдері алдын алу шараларын жасап жатыр. Сарыөзен мен Қараөзеннің тасып кету қаупі бар деп айтады. Оның үстіне Қаратөбе ауданындағы Қалдығайты өзені де арнасынан шығып кетуі мүмкін. Апатты болдырмау үшін жұмыстар жасалу үстінде.

БҚО-ға ең бірінші жол керек

- Мәжілістегі өз қызметіңізге тоқталсаңыз, жалпы, сізге қандай мәселелер етене жақын, алдағы уақытта нені көтерер едіңіз?

- БҚО-на ең бірінші керегі – жол. Өңірдегі маңызды бағыттарға жеткізетін тас жолдар салып алсақ, үлкен жетістік болар еді. Чапаев кенті тұсынан Жайық өзенін кесіп өтетін көпір салынса, жергілікті тұрғындардың келешегіне қызмет жасар еді.

Өткен шақырылымда мен осы көпір салу мәселесін көтеріп, Үкімет басшысынан соны шешуге ықпал етуін сұрадым. Ұсынысымды батысқазақстандық әріптестерім қолдады. «Бұл мәселе қаралу үстінде. Әзірге қаражат жоқ» деген мағынада жауап алдым. Дегенмен біз бұл мәселені алдағы уақытта да қозғайтын боламыз. Ол көпірдің маңыздылығы таяу келешекте айқын сезіледі. Ресей, Қазақстан, Беларусь Кеден одағын құрды, енді Еуразиялық кеңістік құрылғалы жатыр. Ресейдің оңтүстік өңірі, Ростов, Волгоград, Астрахань, арғы жағында Кавказ елдері бар, одан әрі Украина бар. Сол аймақтан Ресейдің Орал тауын жағалай орналасқан қалаларына, Сібірге, сондай-ақ Қытай еліне Батыс Қазақстан облысының аумағы арқылы өтсе, қаншама пайда әкелер еді, сол аймақтағы тұрғындар жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілер еді. Сонымен қатар қарым-қатынас қарқыны артады. Күре жолдың бойында тұрған мекендердің жағдайы әр кез жақсы болады, тұрғындардың тұрмысы да арта түседі.

Жайыққа екі ел де жанашыр болса

- Соңғы жылдары Жайықтың суы тартылып бара жатқаны өткір мәселе ретінде жиі айтылады. Соны қалай шешуге болады?

- Ол үшін Жайыққа жеткілікті түрде су жіберу керек. Ресейдің көрші облыстарымен, әсіресе, Орынбор басшыларымен сөйлесіп, жазғытұрым Ириклин су қоймасын ашқызып, жылына бір рет тасқын су ағызу керек. Оны санитарлық жұмыс десе де болады. Жайықтың түбінде тас емес, құм жиналып қалады. Өзен табанында көптеген бұлақтар бар. Сол бұлақтар бітеліп қалып жатыр ғой. Жиналған құмды тасқын су жылына бір рет жуып кететін еді. Біз кезінде Орынбор губернаторымен келісіп, су қоймасын ашқызып, солай тазартып тұрушы едік. Сонда бұлақтардың көздері ашылады. Оның үстіне Орал тауынан келіп жатқан су бар. Өзеннің маңайларына көлшіктер пайда болып, орманның өсуіне, шөптердің шүйгін шығуына, құстардың көп ұя салуына ықпал етеді. Ал өзен табанын экскаватормен тазартып шығамыз дегенге мен сене қоймаймын. Жайыққа ең бірінші керегі – тасқын су!

- Төңірегіндегі елді мекендерге оның зияны тимей ме?

- Жоқ. Зияны тимейді. Жайық өзені өз арнасымен ағып, ғасырлар бойы тасып жатыр ғой! Табиғатта барлығы да есептеліп жасалған емес пе?! Артық-кемі жоқ. Қасқырлар не үшін керек? Оларды орманның, даланың санитары деп атайды. Сол сияқты өзеннің тасқынын да санитарлық іс-шара деп айтар едім. Соңғы жылдары Жайықтың жоғары жағынан су жібермей тұр. Бұл мәселені екі мемлекет – Қазақстан мен Ресей келісіп, көктемде бір рет су жіберіп тұрса, Ақ Жайықтың ажары кірер еді.

 

 

Наурыз – жан мен рухтың мейрамы – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ахмет Мұрадов

 

    /«Егемен Қазақстан». 21.03.2012. Әңгімелескен  Айбатыр Сейтақ./ – Ахмет Сейдарах­ман­ұлы, әуелі Наурыз мейрамының қа­дір-қа­сиеті туралы әңгіме­ле­сеңіз.

– Бисмиллаһи рахмани рахим. Наурыз – Қазақстанда қайта жаңғырған мейрам. Біз бірінші рет 1988 жылы атап өттік. Мен ол кезде Маңғыстау өңірінде мұ­найшы болып істейтін едім. Біз­дің еңбек ұжымымызда бұл үде­ріс үлкен жаңалық ретінде қа­былданды. Біз әуелі мұның қан­дай мейрам екенін ұғынуға ты­рыс­тық. Сондықтан оның шығу тарихын бі­луге шын­дап ықылас қойып, баспасөзге жария­лан­ған мақалаларды оқыдық, қария­лардан сұрап білуге тырыстық. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан халқы өзінің құндылығынан, төл мерекесінен ажырап қалған­ды­ғын түсіндік. Мұның басты се­бебі, кеңес кезеңі, коммунистік пар­тия барлық халықтарды, мей­лі ол мұсылман, христиан болса да, дініне, тегіне қарамастан, ұлт­тық рухына бекітілген құнды­лықтарынан айырып тастағаны жасырын емес. Діни мейрам деген желеумен Наурыз мейрамын атап өтуге тыйым салды.

80-жылдардың соңында Наурызды тойлауға мүмкіндікті ха­лық жүрекжарды қуанышты се­зім­мен қарсы алды. Сондай-ақ бізден көп қашық емес, Каспий теңізінің екінші жағындағы әзер­байжандар Наурыз мейрамын атап өтуді ешқашанда тоқтатқан жоқ екен.

Қалай десек те, не істегіміз келсе де, біз табиғатпен бәстесе алмаймыз ғой! 22 наурыз – күн мен түннің теңесуі, қыстың ке­тіп, көктемнің басталуы. Кли­мат­тық өзгерістердің алмасатын ке­зеңі. Бұл григориандық, юлиан­дық не мұсылмандық күнтізбе­лермен байланысты емес. Наурыз мейрамы шығыс халықтары­ның табиғат мезгілінің алмасу сәтіне бейімделуінен туған. Бұл күні барлық тіршілік оянады.

– Наурыздың адамзат бала­сының жан-дүниесіне ықпал етуін қалай түсіндірер едіңіз?

– Бұл адамдардың көңіліне ерекше әсер ететін сәт. Мен чешенмін, мұсылманмын. Біздер, қазақстандықтар үшін Наурыз мей­рамы ерекше маңызға ие. Нау­рыз мейрамының тарихы өте тереңде жатыр. Ол ешқандай діни мейрам емес. Бұл – халық­тық мейрам. Біздің елде бұл мейрамды жоғары деңгейде атап өтуіміз өте орынды. Және үш күн тойланатыны заңмен негізде­ліп отыр. Ең бастысы, мейрамды айрықша атап өтуге деген халық­тың ықыласы күшті. Мұны біреу ой­дан шығармаған, яғни рево­лю­циялық не кәсіби мереке емес. Наурыз – жан мен рухтың мейрамы.

Еліміздің Маңғыстау өңірінде Наурыз мейрамын атап өту бір апта бұрын, осы айдың 14-і күні басталады. Бір-бірімен құшақта­сып, қауышады. Жастар үлкен­дерге барып, құрмет көрсетеді. Ол – ертеден келе жатқан дәстүр. «Қыстан аман-есен шықтың ба, мал-жаның түгел ме?» деген ниетті білдіреді.

Аллаға мың да бір рахмет, өткен кезең ішінде мейрам кезін­де қандай іс-шаралар атқарыла­ты­нын бәріне түсіндірдік. Ақса­қалдарға еркеше құрмет көрсе­теміз. Аллаға жағатын істер жасаймыз. Бұл ұлттық менталитетпен сәйкес келеді. Осы мейрам елдің барлық аумағында аталып өтеді. Біздің жеріміз үлкен. Оң­түстік өңір көктем шуағына бөленіп тұрса, солтүстікте әлі де қыстың ызғары кете қойған жоқ. Дегенмен, Наурыз мейрамы жүректерге ерекше жылылық алып келеді.

– Міне, Наурыз мерекесі де келіп қалды. Өткен жылдарға қарағанда, биылғы мейрам несімен ерекшеленуі мүмкін?

– Ал биылғы жылдың Наурызы туралы айтсақ, бұл мейрамды үлкен сынақтар қарсаңында атап өткелі тұрмыз. Неге десеңіз, қыс өте қатал болды. Бірнеше аптаға созылған аязды күндер мен кей­бір өңірлерде өте қалың жауған қар елді біраз алаңдатты. Енді қардың еруі бір­қа­тар елді мекендерге су алып кету қаупін ту­ғы­зып отыр. Оң­түстікте үй­лерін су алып жатқан азамат­тарға қам­қор­лық жасалуда. Батыс пен шығыс аймақ­тар­ды да су тасқыны қаупі алаң­датып тұр. Мейрам жақ­­сы-ау, бірақ кей­бір тұр­ған­­дардың азап шегіп жат­қаны кім-кімді де толғандырады. Біз сондай қиындыққа ұшыра­ған адамдарға қолдау көрсету туралы кеше ғана ақылдасқан едік. Мұқтаж адамдарға қам­қор­лық жасау – бұл да Наурыз мейрамының бір дәстүрі. Қар­жы­лай, материалдық немесе дәрі-дәрмекпен болса да, қолыңнан келгенінше жәрдем жасаған жөн. Бұл мейрам тек көңіл көтеріп, тойлаумен ғана емес, осындай тәрбиелік мәні зор салт-дәс­түрмен мағыналы бола түседі.

Ұлттық рухтың қайта жаң­ғыруы – Қазақстаның бола­шағын ойлайтын азаматтардың басты міндеттерінің бірі. Тарихи әді­лет­тіліктің орнауы – бүкіл қо­ғамның міндеті. Бірінші кезекте қолында осы жағдайға ықпал ете алатын тетігі бар адамдардың міндеті деп айтар едім. Бұл са­натқа зиялы қауым өкілдері, депутаттар, атқарушы биліктегі аза­маттар жатады. Ең бастысы – бүгінгі атқарып жатқан іс­тер­іміздің бастамашысы біздің Пре­зидентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екені анық.

– Осы тұста Елбасының сая­саты және халықтар дос­тығы туралы айтып өтсеңіз.

– Мемлекет басшысының жүргізіп отырған сындарлы саясаты туралы көп айтуға болар еді. Егер қысқаша айтсам, тәуел­сіздік алған кезден бергі 20 жыл ішіндегі біздің елдің дамуы жолында халықтар достығын өзінің жеке назарында ұстап, Президент әртүрлі этностар өкілдері­нен Қазақстанның саяси ұлтын қалыптастырды деп айтар едім. Және бүгінгі таңда ұлтына қара­мастан, барлық қазақстандық өзін осы елдің төл перзенті ре­тінде шынайы сезінеді. Осы орай­да мен мұны Президенттің және ұлтаралық келісімді ны­ғайту жолында жұмыс істеп жүрген азаматтардың табысы екенін атап айтар едім. Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып келе жатқан еңбегі зор. Бұл ұйымның Төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев.

– Наурыз ұлт пен ұлыс­тар­ды, барлық қазақстандық­тарды біріктіретін мейрам деп айтуға болады ғой?

– Әрине! Қазақстанда түркі тілдес халықтармен бірге еуро­па­лықтар, славяндар, кавказдық­тар және басқа да этностар тұрады. Сондай-ақ әртүрлі дін ұстанушылар да бар. Наурыз қазақстандықтарды тек мереке күні ғана біріктіріп қоймайды, ортақ мақсат жолында жақын­дастырады.

Мұсылмандардың Ораза айт, Құрбан айт мейрамдары бар, православиеліктердің пасхасы болады. Олар да халықтық мереке, бірақ діни ұстанымдарына қа­рай бөлінеді. Ал Наурыз бауыр­ластық, бірлік, ынты­мақ­тастық, бір-бірімен сыйласу, ізгі тілек айту рухымен қанық­тырылған. Осынау тарихы терең мерекені өзің үшін ғана емес, барша үшін де ортақ мейрам болатындай етіп ұйымдастыру – елдіктің белгісі. Сонда дос­та­рыңның да, ортақ мақсат жо­лындағы адамдардың да тілегі бір арнаға тоғысады. Біздің елде Наурыз мерекесінің осы тұрғыда аталып өтуі дәстүрге айналған.

Осы сәтті пайдаланып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Бұл күні бір-бірімізге, достарымызға қа­зақ тілінде «Наурыз құтты болсын!» деп айтамыз. Халқымызды және Мемлекет басшысын Наурызбен құттықтап, барлық жақ­сы­лықтарды тілеймін. Әр ша­ңы­рақтан ырыс-береке, тыныштық кетпесін!

– Тілегіңіз қабыл болсын!

 

«Халық дәстүрі салтанат құратын күн»

 

/«Заң газеті». 21.03.2012./ - Зухра Саяпова, татар-башқұрт «Тан» этномәдени бірлестігінің төрайымы, Парламент Мәжілісінің Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланған депутаты:

– Көктемнің жаймашуақ күн­дерімен бірге келетін Нурыз мейрамы түркі халықта­ры­ның ішінде татар-башқұрт ұлыстарына да ортақ мереке ретінде лайықты аталып өтеді. Қазақ жерінде сан жылдар бойы бірге тұрып, біте қай­на­сып келе жатсақ та бір-бірі­міз­дің салттарымыз жайында то­лыққанды біле бермейтініміз анық. Халық алдында олардың сенімін арқалаған депутат болға­нымызбен отбасында ана әрі шаңырақтың шырайын келтіруге тырысатын әйелміз ғой. Мереке күндері ас мәзірінің ретін келтіріп, айналаны қуанышқа бөлеу қашан да бізге жүктелетін міндет.

Наурыз мерекесі күндерін­де қазақтар секілді біз де ұлттық тағамдарымызды әзірлейміз. Татарлар бұл күндері пилав (палау), кебаб, капуста орама, қазы-қарта пісіріп дайындала­ды. Қазақ бауырларымыз да­йын­дайтын тамақтардан өз­геше бір дәм түріне келсек, ол – ашытылған немесе тұщы қамырдан әзірленетін самсаны ерекше атап айтуға болады. Қазақ халқы қымыз, шұбат секілді сусындарды жиі қолданса, татарлар көбінесе шербет пен чарденка компотын дайындап, дастарқан мәзірін толықтырады. Ертеде ашытылған жармадан боза деп аталатын тәтті сусын дайындаған. «Ачы бал» деп аталатын шарап іспетті сусын да кеңінен таралған.

Татарлардың дәстүрлі ас үйін­де ұн, жарма, картоптың елеулі орны бар. Башқұрт хал­қының тағамдарын да татарлардан бөліп қарауға келмейді, негізінен ұқсастықтары көп. Қазіргі күндері қазақтармен, елдегі өзге де ұлт өкілдерімен «ауылымыз – аралас, қойымыз – қо­ралас» демекші, көрші-қолаң болып бірге тұрып жат­қан соң көп дүниелеріміз ортақ. Наурыз көже жасау да бүгінде барша­мызға ортақ салтқа айналған.

Енді өзім басқаратын татар-башқұрт мәдениет орталығы туралы бір-екі ауыз сөз айта кетейін. Орталығымыздың негізгі міндеттері: ана тілімізді, халықтар мәдениетін үй­рену, мәдени іс-шараларға татар-башқұрт диаспорасы өкілдерін қатыстыру, жергілікті өңірлерде ұйымдастырылатын іс-шараларға әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Татарлар мен башқұрттар­дың ең жақсы көретін мейрамы – көктемгі егіс жұмыстарынан кейін, маусымның алғашқы жартысында пішен шабуға дейін өтетін сабантой. Оны тойлау да Нау­рызды атап өтуге ұқсастау болып келеді. Мерекеде ұлттық ойындардың бірқатары – куряш бәйге, би ойындары. Ол уақытта дәмді тағамдар – чак-чак, кабартма, түрлі пирогтар, дәрә көжесі дайындалады. Тойдың барлық түрлерінде әрқашанда көп әндер айтылып, билер биленеді. Ептілік пен шапшаңдықты қажет ететін әзіл өлеңдер са­йысы өтеді.

Наурыз тойы тұсында да аталып өтілетін рәсімдердің басты мақсаты – халықтық мәдени мұраны сақтау, ұлттың өзін-өзі тануы, көпұлтты ха­лық­тың өзара татулықтарын нығай­ту, Қазақстан халқының тең құқылы азаматтары ретінде түсіністікті қалыптастыру болып табылады.

 

 

«Татулық ұйыған шақ»

 

/«Заң газеті». 21.03.2012./ - Розақұл Халмұрадов, өзбек халқы мәдени орталығының директоры, Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Наурыз – түркі халықтары­ның бәріне ортақ ең ұлық мейрам. Ұлыстың ұлы күні деп аталуы да кездейсоқтық емес. Ұлттық салт-дәстүріне, мәде­ниеті мен тарихына үлкен мән беретін түркі халықтарының бірі өзбек ұлтының өкілдері екендігін жақсы білесіздер. Әр салтанатты мерекелер мен той-томалақты думандатып өт­кізетін өзбек жұрты Нау­рыз мерекесін де лайықты қарсы алатын дәстүр ежелден қалыптасқан. Жалпы, өзбек қандастарымыздың ұлттық ас­паптары мен дәмді тағам­дарының әлемдегі алар өз орны бар екендігін білесіздер.

Той болған соң оны мол дастарқансыз, ас-сусыз елесте­тудің өзі мүмкін емес қой. Дәмі тіл үйіретін самса, шор­па, палау сияқты ұлттық тағам­дардың ас мәзірінен алар ерекше орны бар. Сондай-ақ, әдет-ғұрпын сақтап, атадан балаға мирас етіп отырған біздің ағайынның той жасау дәстүрінде қалыптасқан игі дүниелер баршылық. Біздің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруіміз қа­зақ халқының кең пейілі мен қонақжайлылығының, дар­қан жүрегінің арқасында екенін қандастарымыз жақсы түсіне­ді. Еліміз тәуелсіздік алғалы атқарылған игі шаралар­дың нәти­жесінде өзбек ағайын­дардың мемлекеттік тілді үйре­нуге деген құлшынысы арта түскенін атап айтуға болады. Оңтүстікті мекендейтін өзбек ағайындар қазақ тілін жете мең­гергендігі белгілі. Бүгін­гі күні өзбек диас­порасы өкіл­дерінің ата-аналары өз балала­рының мемлекеттік тілді терең үйренулеріне барынша ден қойып отырады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың басшылығымен жиырма жыл ішінде еліміз қол жеткізген ауыз толтырып айтатындай жетістіктер айтарлықтай көп болды. Елбасының сындарлы да салиқалы саясатының арқасында елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр. Тәуелсіз Қазақ­стан­ды бүкіл әлем танып, мойын­дады. Дәл осындай елде тұрып, үрім-бұтағымызды өркен жайдырып отырған өзбектер – біз бақыттымыз. Президенттің ішкі-сыртқы саясатын мақұлдап қана қоймай, ынтымақпен соңынан ерген Қазақстан халқының алдың­ғы сапында жүргенімізді әрда­йым мақтан етеміз.

Наурыз мерекесін түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп отырған Қазақстан халық Ассамблеясы мен оның салалық құрылымдары әр облыс, ай­мақтарда жұртшылықпен бірге тойлауды дәстүрге айнал­дырған. Олардың арасында ұлттық саз аспаптары мен түрлі билерімен дараланып өзбек қандастарымыз да Ұлыстың ұлы күні – Наурызды қарсы алып отыр.

 

 

Микроқаржы ұйымдарының қызметі заңмен реттеуді қажет етіп тұр

 

/«Алтын Орда». 22.03.2012./ - Елімізде шағын қаржы ұйымдарының жұмыс істей бастағанына он жылдай болды. Осы уақыт ішінде шағын қаржы ұйымдарынан несие алғандар несиенің қызығын да, шыжығын да бастан кешірді. Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновпен әңгіме арқауы – осы микроқаржы ұйымдарының қызметі.

Шағын  қаржыландыру бүкіләлемдік сипатқа ие

- Нұртай Салихұлы, қазір Мәжілісте «Микроқаржы ұйымдары туралы» Заң жобасы қаралуда. Бұл Заң жобасын әзірлеудегі мақсат не?

-  Өткен жылғы  халыққа Жолдауында Елбасымыз  шағын несие ұйымдарына байланысты ахуалды өзгертіп, несиені тұтынуға емес, еңбекпен қамту жағына басымдық беруге арнау керектігін айтқан болатын. Және де шағын несиелердің 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға жұмсалуы тиіс деп атап өткен. Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілерімен бірлесіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырған. Бұл Заң жобасы осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Елімізде шағын несиелеуді дамытуға баса назар аударылуы жайдан-жай емес.  Өйткені қазіргі уақытта шағын несиелер негізінен айтарлықтай жоғары сыйақы мөлшерлемемен тұтынушылық мақсаттарға жұмсалып жатыр. Ал шағын несиелеуде басымдық  тұтыну емес, өз ісін бастауға берілуі қажет.

Ал біздің Қазақстан шағын несие ұйымдары туралы қолданыстағы заңды 2003 жылы қабылдады. Шағын несиелеуде бұл заңның көмегі тиіп, бірсыпыра жұмыстар істелгенмен, олқы тұстарымыз да баршылық. Ол шағын несие ұйымдарының қызметін реттейтін, қадағалайтын уәкілетті органның болмауы, шағын несие сыйақы мөлшерінің тым жоғары болуы, ауылдық жерлерде несие беретін ұйымдардың аздығы.

Саны көп, заты жоқ

- Сонда елдегі  шағын қаржы ұйымдарының қызметі туралы не айтуға болады?

- Республикадағы шағын қаржы ұйымдары туралы пікірлер алуан түрлі.  Жалпы, шағын несие берудің мұндай  құрылымы екінші деңгейдегі банктеден несие алу мүмкіндігі жоқ халықтың жігінің, соның ішінде  ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың тиімді моделі екені белгілі. Мәселеге осы жағынан қарасақ, шағын қаржы ұйымдарынан несие алудың арқасында өз ісін ашып, әлеуметтік жағдайын көтергендер адамдар аз емес, дей тұра,  елеулі кемшіліктердің де орын алғаны рас. Сондықтан қазіргі кезде орын алып отырған кемшіліктерді түзету үшін Заң жобасында  еліміздегі шағын қаржы ұйымдарының жұмысын бақылау, қадағалау, уәкілетті органның құзыретін белгілеу, қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, шағын қаржы ұйымдары жұмысының ашықтығын, айқындылығын қамтамасыз ету және бәсекелестікті ынталандыруға мән беріліп отыр.  Қазіргі жағдайға келсек,      Қазақстанда бүгінгі таңда  1756 шағын қаржы ұйымы бар екен. Оның белсенді жұмыс істеп тұрғаны — 663. Демек 38 пайызы ғана белсенді қызмет атқарып отыр.

- Сонда негізгі бөлігінің жұмыс істемеу себебі не?

- Себептер көп. Ол шағын несиелеу ұйым­дарының қаржылық жағдайының тұрақ­сыз­дығы, несие портфелі сапасының тө­мен­дігі, техникалық және ресурстық база­ның әлсіздігі, шағын несиелеу ұйымдары қаржылық есептілігінің бірыңғай стан­дарттарының жоқтығы, кепілдік қамта­масыз етудің жеткіліксіздігі, білікті кадр­лардың аздығы секілді проблема­лардың бар екендігін көрсетті. Біздерді осы проблемалар алаңдатып, шағын қаржы ұйымдарының толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етудің себеп-салдарын анықтай келе, Заң жобасына тиісті  нормалар енгізуді қарастырудамыз.

Айтар болсақ, микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасы өткен  шақырылымда да келіп түсіп,  тұжырымдамалық жағынан депутаттардың сынына ұшырап, Үкімет оны қайтарып  алған болатын. Ал бүгінгі Заң жобасының тұ­жы­рымдамасында біздің ұсы­ныс­тарымыз, тілектеріміз барынша қамтылыпты. Мәселен, шағын қаржы ұйымдарының қызметі, яғни, олардың немен айналысу керектігі жөнінде Заң жобасында көрсетілген. Ең бастысы, олардың жұмыстары құқықтық тетіктер арқылы реттелетін болып отыр. Заң жобасын талқылау барысында, осы тақырыпта өткен дөңгелек үстел басындағы әңгіме кезінде осы шағын қаржы ұйымдарының өз бетімен жұмыс істеп кеткені, олардың беретін несиесінің жылдық сыйақы мөлшерлемесінің жоғарылығы және несиені шағын  кәсіпкерлік  үшін емес, тұтынушылық сұраныс үшін   беруге басымдық беріліп кеткені туралы айтылса, ол – шындық. Қолданыстағы заңда мемлекеттік органдар тарапынан реттеу, бақылау,  қадағалау жасау нормасы қарастырылмаған.  Бақылаусыздықтан шағын қаржы ұйымын  ашқысы келген адам лицензия алып, сонымен жұмыс істеп келді. Ол үшін несие ұйымдары банктерден несие алып, оған өзінің үстемесін қосып, халыққа кредит беріп отырды. Екінші деңгейдегі банктерге қарағанда несие алу мүмкіндігі молырақ шағын қаржы ұйымдарының жарнамасына еліктеген халық, әсіресе, 2006-2010 жылдары өсімі өте жоғары несиеге ұрынып қалды. Мысалы, несие жылдық 60-70 пайыз өсіммен  берілді дегенмен, ол кездері 100 пайыз өсіммен берілген несиелер де бар. Әрине, халық несиені амалсыздан алады.  Оны қайтарамын, деп ойлайды. Қайтаруға келгенде, алған несиесіне оның аса жоғары өсімі қосылып, оны өтеуге шамасы келмей қалады.

Заң жобасына осы олқылықты түзету үшін уәкілетті орган ретінде  Ұлттық банк болып айқындалды. Осы  уәкілетті орган шағын қаржы ұйымдарына  қатысты есептік тіркеуді, тексеруді, тізілімін жүргізеді, олардың пруденциалдық нормативтерін белгілейді. Егерде шағын несие ұйымы уәкілетті органның талаптарын орындамайтын болса, ол тізілімнен алынып тасталады. Бұл – ол енді шағын несие берумен айналыспайды деген сөз. Сондықтан да осы Заң жобасы қабылданатын болса, елдегі шағын қаржы ұйымдарының қайта тіркеуден өтуіне тура келеді.

Көзсіз өсім көбейіп тұр

- Өсімнің шегі не болады?

- Өсімнің шегі бар. Кредиттің жылдық шегін бекіту – қолданыстағы  заңға сәйкес  Ұлттық банктің құзыретінде. Ұлттық банк өткен жылдан бастап жылдық өсімнің шегін белгіледі. Оның шегі – 56 пайыз. Жоғарыда айтқандай, кейбір шағын қаржы ұйымдары кезінде несиені шекті көлемнен де жоғары өсіммен берді. Несие алушылардың талайы кредитті  қайтара алмады. Міне, лицензия алып қызметке кірісіп кеткен  шағын қаржы ұйымдарының талайы ешқандай бақылаудың жоқтығын пайдаланып, пайда таппақ болды. Бірақ олар қайдан құлақ шығаратын  қазаншы бола алмады. Өйткені берілген несие өсімімен қайтарылса ғана пайда әкеледі. Ал, шағын қаржы ұйымдарынан кредит алғандардың көпшілігі несиені жоғары өсімімен  қайтаруға шамасының жоқтығын көрсетіп, қаржы ұйымдарының талайы жұмысын бастамай жатып тоқтатты. 38 пайызының жұмыс істемеуінің себебінің бірі – осында.

- Заң жобасында несиенің жылдық өсімінің ставкасы төмендету мүмкіндігі бар ма?

- Депутаттар жобаға шағын несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесіне байланысты толықтырулар енгізуді қарастыруда.  Ең алдымен  шағын қаржы ұйымымен несие алуға байланысты  шарт жасасқан кезде несие алушыға жылдық өсімнің қанша пайыз болатыны нақтылы көрсетіліп, онымен таныстырылады. Сонымен қатар, алған кредитті қалай қайтарады, алдымен өсімді қайтара ма, әлде екеуін бірдей қайтара ма, бұл да қарастырылады. Әрине, қазіргі кезде Ұлттық банк белгілеген шекті жылдық өсімнің 56 пайыз ставкасы өте жоғары екені даусыз.   Мұндай өсіммен шағын бизнес жасау мүмкін емес. Қазіргі кезде шағын несиелердің орташа жылдық өсімі   25-30 пайыз.  Мысалы, шарасыздықтан 1 миллион теңге несие алуға мәжбүр болған адамның оны жылдық 30 пайыз  өсіммен қайтаруы үшін  бір жылда ғана 300 мың теңге өсім төлеуі керек. Үш жылда бір миллионы екі миллион болып шығады. Бұл несие алушыға кері әсерін тигізеді, өйткені жоғары өсіммен несие алып, кәсіпкерлікпен айналысу мүмкін емес. Осы ретте өткен шақырылымда халықтан бізге несие алу мен оның өсіміне қатысты мәселелерге байланысты көптеп хаттар келгені де есімде. Ол хаттарға жауап беріп, талдау жасаған да болатынбыз.  Жалпы, Заң жобасында қазіргі кезде орын алып отырған мәселелердің бірі несие өсімінің шекті көлемін төмендету мәселесін  шешуге көңіл бөліп, депутаттар өздерінің ұсыныстарын беруде.

- Заң жобасын әзірлеуші жақ оны қолдай ма?

- Меніңше, шағын несие беру ісімен шұғыл­данатын ұйымдардың қызмет сапасын арттыру, шағын несиені беруді, кәсіпкерлік және   еңбекпен қамту мәселесіне қарай бұруда болып отырғандықтан, біздің осыған баруымыз керек. Бұл ретте шағын қаржы ұйымдарын құрудағы мақсат халықты қолжетімді несиемен, олардың өзінің ісін ашуға қолдау көрсету мақсаты екенін ұмытпауға тиіспіз. Олардың жұмысын жаңаша жүргізуіне қол жеткізуге  Заң жобасына енгізілген жаңа норалар көмектесуге тиіс.

Сонымен қатар, несие беруші ғана емес, несие алушының да өз жауапкершілігін білуі тиіс.  Қарызды ертең қайтару керек. Қарыздың күліп кіріп, жылап шығатынын ойлау да өте маңызды. Ал, біздің кейбір азаматтар несиені тегін үлестірілген, немесе сыйға берілгендей көріп, қайтару керектігін естен шығарып жібереді. Тіпті, қайтаруға мүмкіндік болмай қалады.

Заң жобасындаңы тағы бір ерекшелік – шағын қаржы ұйымдарының жарғылық капиталының мөлшерін белгілеу уәкілетті органның құзыретіне берілуі.

- Сонда жарғылық капиталдың нақтыланған шекті көлемі қандай?

- Қолданыстағы заңда жарғылық капиталдың ең төменгі көлемі –  8 мың айлық есептік көрсеткіш, яғни 13 миллион теңге шамасында. Ал, Заң жобасында оны бекіту уәкілетті органның құзыретіне беріліп, оның көлемін көрсету алынып тасталып отыр. Біздер  осы норманы өзгертуді ұсынып отырмыз. Анықтап айтсақ,  жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетуді қайтадан қалдыруды  ұсынудамыз.

- Алынып тасталу себебі не?

- Себебі, Ұлттық банк экономикадағы жағдайларға байланысты қаржылық капиталдың мөлшерін өзі бекіткісі келеді.  Заңда шағын несие ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері көрсетіліп, ұлғайту керектігі туралы менің тарапымнан ұсыныс берілді. Меніңше, жарғылық капиталды 100 миллион теңгеге дейін көбейткен дұрыс. Өйткені шағын несие ұйымдарының қызметі оның  жарғылық капиталына да байланысты. Орта жолдан пайда тапқысы келгендердің жолы кесіледі. Жауапкершілік те күшейеді.

Ауылға бетін бұра ма?

- Нұртай Салихұлы, Заң жобасында ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға несие берумен айналысатын шағын қаржы ұйымдарына   жеңілдіктер қарастыру мүмкіндігі бар ма?

- Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды азайту туралы ұсыныстар жасалуда. Алайда осыған байланысты тағы басқадай жағдайдың орын алуы мүмкін екенін ескеруге тура келіп отыр. Атап айтқанда,  ауылдық жерлердегі қаржы ұйымдары ауылдық кәсіпкерлікті көтеруге көмектеседі, деп берілген жеңілдіктерді пайдалану үшін қаладағы ұйымдардың қаланың жанындағы ауылдарда бөлімдерін ашып қойып, ауылға жұмыс істемей, негізінен, қаладағы қызметін жалғастыра беруі  әбден мүмкін.    Демек бұл мәселенің  екі жағы бар.  Сондықтан жеңілдіктер беру мәселесін әлі де талқылауымыз керек.

- Шағын қаржы ұйымдарының екінші деңгейдегі банктерге қарағанда ауылдықтар үшін артықшылығы шағын несие алудағы қолжетімділік емес пе? Өйткені екінші деңгейдегі банктер ауыл адамдарының техникасын, қора- қопсысын, жерді кепілдікке алмайды. Ал, Заң жобасында осы кепілдік  мәселе ойластырылған ба?

- Шағын қаржы ұйымдарының беретін несиесі ірі көлемде емес, шағын болғандықтан, ауыл адамдарының мүліктерінің құнын есептеп, келісімшарт арқылы келісіп, несие беру мәселесі шешілетін болады  деп ойлаймын.

- Қолданыстағы заңда бұл мәселе қалай шешілген?

- Онда шағын қаржы ұйымдарының өздері шешкен. Уәкілетті орган да мұны өз құзыреті шеңберінде дұрыс шешуге тиіс.  Негізінен кепілдік – түйінді мәселенің бірі. Мысалы, 500 мың теңге несие берілетін болса, оған қойылатын кепілдіктің құны 1 миллион теңге шамасында белгіленген. Ал несие алушы қарызын қайтара алмаса, кепілдікке қойылған мүліктерінен айрылып қалады.  Сондықтан да мұны да реттеп, халықтың да  түсінуі керек. Несие алды ма, оны қайтару үшін жұмыс істеу  қажет. Қалай болғанда да, кредитті тұтыну мүліктерін сатып алуға емес, өз ісін бастау үшін алу қажет. Ал ісі өрге басса, кредитті қайтаруға мүмкіндік туады, басқа мүліктерді сатып алуға қол жеткізуге болады.

Қазір Жұмыспен қамтудың 2020 жылдарға дейін арналған бағдарламасында ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға  шағын несие беру қарастырылған. Осы несие шағын қаржы ұйымдары арқылы беріле бастады. Бұл – ауылдық кәсіпкерлікті бастауға үлкен қолдау, әлеуметтік жағдайды жақсарту, адамдардың еңбекке деген ынтасын арттыру. Осы бағытты дұрыс пайдалану қажет. Және бұл несиенің өсімі төмен, оның жылдық ставкасы 5-6 пайыз болады.  Өткен жылы бағдарламаның пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Елбасының халыққа Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Жұмыспен қамту  бағдарламасы аясында ауылдық кәсіпкерлікті дамыту үшін 2012 жылға арналған нақтыланған республикалық  бюджетте 14,2 милиард теңге бөлініп отыр.   Осы бюджет қаражаты өңірлерге, аудандарға беріледі. Бөлінген бюджет қаражатын азаматтарға, кәсіпкерлерге беру  жергілікті атқарушы органдар мен шағын қаржы ұйымдарының келісімі арқылы жүзеге асырылады. Несиені алған соң, оны кәсіпкерлікпен айналысуға, өз ісін бастауға жұмсау қажет.

Заң жобасында, сондай-ақ, шағын қаржы ұйымдары қызметінің қосымша түрлері қарастырылған, мысалы, консультациялақ қызмет, гранттарды тарту, депозиттерге, бағалы қағаздарға қаржы орналастыру, лизинг қызметі, мүліктерді жалға беру көрсетілген. Олардың және қандай қызмет түрлерімен айналысуға болмайтыны туралы мәселеге көңіл аударылса, оның себебі бар.  Өйткені бақылау болмағандықтан  қаржы ұйымдары айналыспаған қызмет түрі жоқ. Олар, тіпті, ипотекалық несие берумен де шұғылданған. Екінші деңгейдегі банктердің қызметін атқаруға дейін барса, Заң жобасы қабылданған жағдайда мұның бәрі ретке келеді.

- Нұртай Салихұлы, әңгімеңіз үшін Сізге көп рахмет.

 

 

Азаматтық кодекс: талас тудыратын мәселелер

 

/«Қазақстан ТРК». 28.03.2012. Бақытбек Жамашұлы./ - Қай мемлекеттің болмасын басты байлығы оның халқымен бағаланады. Және әрбір жеке тұлғаның азаматтық құқы сол елдің Ата заңымен қорғалады. Бүгін ҚР Конституциялық кеңесі Премьер-Министрдің «Ата Заңдағы бірқатар баптардың нормаларын ресми түсіндіру» жөніндегі өтінішін қарады. Мәселен, Конституцияда көрсетілген мерзімдерді есептеу қашан басталып, аяқталатыны барлық жағдайларда белгілене бермейді. Сондай-ақ, мерзімді есептеудің басталуы мен аяқталуы қай күнге, немесе, қай оқиғаға қарай айқындалатыны нақтыланбаған. Мысалы, күдікті ретінде ұсталған адамның 72 сағат ішінде қылмысқа қатысы бар, я болмаса, жоқ екендігі анықталуы тиіс. Бұған қатысты заңның әлсіздігінен көп жағдайда адам құқы қорғаусыз қалады.  

 Рамазан Сәрпеков,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі:

Азаматтық кодекстің 173-174-ші бабтарына бағына отырып, кейбір мәселелерді есептеп,  оны аяқтау мерзімдері жөніндегі заңға жүгініп келе жатырмыз. Бірақ заңдардың орындалуында жариялылықты көрсету үлкен талас тудыратын мәселелер бар. Мен де осы мәселелерді қолдай отырып, оны Конституциялық кеңес оң қорытынды шығаратынына сенім білдіремін.

 

 

Кеңшарларды таратқанмен орнына ештеңе құрмадық, ауылдағы өзгерістердің баяулығы осыдан

 

/«Алтын Орда». 29.03.2012. Айдын Бәймен./ - Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел дамуының барлық бағыттары сала-сала бойынша айқын көрініс тапты.

Қазақстанның алда тұрған міндеттері айқындалды. Соның ішінде Парламент пен Үкіметке де ауқымды міндеттер жүктелді. Еліміздің аграрлық саласын дамыту жолдары туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Төлеген Ибраев сұхбат беріп, өз ойларын ортаға салды.

Батыс Қытай мен Батыс Еуропа жолының БАМ-нан несі кем

- Төлеген Тоқтасынұлы, Қазақстан Президентінің биылғы дәстүрлі Жолдауынан туындайтын бастамалар жөнінде пікіріңізді білдірсеңіз?

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Н.Ә.Назарбаевтың әр жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдаулары – бір-бірімен ұштасып, өзара үндесіп, ел экономикасының дамуына, саяси-әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына, мемлекетіміздің халықаралық кеңістіктегі іс-қимылдарына сараптама жасап, бағыт-бағдар беріп, мезгілі келген мәселелерді шешудің тиімді жолдарын көрсетіп отырған тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бірден-бір құнды құжат.

Сондықтан да, жыл басындағы Елбасының Жолдауын бүкіл халық болып, үлкен үмітпен асыға күтеміз. Мемлекет басшысының Жолдауынан әрбір қазақстандық отбасы өзінің көкейкесті сұрақтарына жауап алады десек, артық айтқандық емес.

Мемлекеттік қызметкерлер Жолдаумен таныса отырып, атқарған істерді қорытындылап, алдағы күндерге әлеуметтік маңызы бар шараларды орындауға тиянақты жоспар құрады.

Жолдау тапсырмалары мен шешімдері Қазақстанның болашағын айқындайтын болғандықтан, осы құжатқа шетел мамандары мен саясаткерлері де үлкен назар аударып, мән беріп, орындалуын зор ықыласпен қадағалайды.

Тоқ етері, Елбасының Жолдауы – бір жылдық немесе бір саланың емес, Қазақстанның сан қилы қоғамдық, маңызды, ауқымды болашаққа бағытталған іс-шараларын атқаруға бағдар беретін және оларды орындау үшін қажетті жұмыс күштерін, өндіріс қуаттарын біріктіретін, қаржыландыруды шешетін құжат.

Жолдауда аталып, соңынан өз шешімін тапқан көп оңды өзгерістерге ел тұрғындары көңіл толарлық пікір айтып, Елбасыға ризашылық білдіріп отыр.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың өз орнын табуына, халықаралық деңгейдегі беделіне Елбасының Жолдауы маңызды әсер етті.

Олай болса, жаңа тарихымыздың таза беттеріне Жолдау арқылы жеткен жетістіктеріміздің бүгінгі куәгерлері, қарапайым халықтың пікірін, түйген ойын, жүрек жарды берген бағасын неге түсірмеске? Бұл ертеңгі ұрпаққа баға жетпес құнды мағлұмат болар еді.

Олай дейтінім, менің замандастарым Ертіс-Қарағанды су каналының, Теміртау комбинатының, Самотлор мен БАМ-ның  салынғандарын, Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуын бүгінгі күнгі хабарлардан ести қалсақ, елең етеміз.

Ал бүгінгі біздің елдегі, Жолдау арқылы болып жатқан өзгерістер – «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолы, жаңадан ашылып, игеріліп жатқан мұнай көздерінің маңындағы құрылыстар, аяулы Астанамыздың әрбір күні, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының кеңестерінде Елбасымыздың ұйқысыз өткізген түні мәңгі жадымызда сақтайтын Тарих бетінен тиісті орын алуға лайық құнды деректер.

Заң  түзелсе ауыл да оңалады

- Елбасы биылғы Жолдауында ауылшаруашылығын дамыту мәселелеріне арнайы тоқталды. Сіз осы шақырылымда Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы қызметіне сайландыңыз. Яғни, осы комитеттен өтетін заң жобалары Сіздің жіті назарыңызда болатыны сөзсіз. Сіз қай заң жобаларына ұсыныстар бердіңіз?

- Ауылшаруашылық саласы аса күрделі, ауа райына басыбайлы тәуелді, кейбір өзекті мәселелері қордаланып қалғанымен, әрбір мемлекеттің тәуелсіздігі мен бас бостандығының, байлығы мен қауіпсіздігінің кепілі мен негізі.

Егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап Елбасының тікелей қадағалауы мен тапсырмасы бойынша ауылшаруашылығын дамытуға әсер етіп, ықпал жасайтын негізгі заңдар қабылданды. Яғни, жер, астық, шаруа қожалықтары туралы және тағы басқа қабылданған заңдар, ауылшаруашылығының алға басып, дамуына негіз болды.

Өмір талабына сай келетін өзгерістер мен толықтырулар негізгі заңдарға үнемі енгізіліп тұрады. Бұл жүйелі түрде өтетін істер оң нәтиже беруде.

Қазір де біздің Комитетте агроөнеркәсіпті кешенді дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар әзірленуде. Заң қабылданған күнде ауылшаруашылығы өнімінің қорларын тұрақтандыру, бағалардың орынсыз ауытқуларынан сақтандыру туралы маңызды шаралар заңдастырылмақ.

Кезінде назардан тыс қалып қойған өзекті мәселелердің бірі ауыл іргесіндегі жерді жайылымдық ретінде пайдалану туралы да заң жобасын қарастырып жатырмыз. Жеке қожалық туралы да біраз пікіріміз баршылық.

Заңның өмірге келуі өте көп ізденісті, талдауды, үйлестіруді қажет етеді. Сондықтан аталған заң жобалары маңында біздің Комитет мүшелері әлі де болса біраз жұмыс атқарады.

Ауыл кәсіпкерлері үшін микроқаржы ұйымдарының жұмыстарын заңдастыруға Комитет мүшелері атсалысуда.

Комитеттің жұмыс жоспарында әлі толық пысықтауы қанбаған, бірақ ауылдың көкейкесті мәселелері бойынша біраз ұсыныстары бар. Ол – болашақтың ісі. Өйткені олар көп жағдайларды сәйкес келтіруді қажет ететін шаралар.

- Өзге сала бойынша қаралып жатқан қандай заң жобаларына толықтырулар енгізуге атсалыстыңыз?

- Депутаттық міндет пен құзырымның деңгейінде, тәжірибеме сүйене отырып, ел азаматтарының пікірін сараптап, басқа да мағлұматтарды пайдаланып, әріптестерімнің арасындағы ойларды ескеріп, жұмыс топтарында бірнеше заң жобаларына ұсыныс жасадым.

Ел рәміздері, азаматтық төлқұжат, микроқаржы ұйымдары, ардагерлер туралы және тағы басқа заң жобаларына жолдаған ұсыныстарым қолдау тапты.

Ұсыныстың барлығы да түгелдей қолдау таппайтын кездер де болады. Ондайда ешқандай реніш жоқ. Өйткені терең де жан-жақты ізденбесең, сараптамаң таяздау болғаны, ескі тәжірибенің шеңберінде қалып, болашаққа болжам жасай алмаған кінә өзіңде.

Қожалықтарды біріктіру қиын болып тұр

- Ауыл-аймақтарды жаңа заманға лайықты деңгейге жеткізу үшін қандай іс-шаралар атқарылуы тиіс деп ойлайсыз?

- Ауыл тұрмысы мен хал-ахуалы күрт өзгермеді деген пікір бар. Күрт өзгеру мүмкін емес, бірақ түбегейлі өзгергені айдан анық. Бұл кім болса да мойындайтын жағдай.

Қазақстанның еншісіне тиген ауылшаруашылығы негізінен қарызға белшесінен батқан, көрші елдің қас-қабағына тәуелді, сыртқа шығуға тәжірибесі жоқ түйін-түйін қордаланып қалған сала еді. Бұл жағдайды өзгерту оңайға түскен жоқ…

Жол-жөнекей назардан тыс қалған жайттар де болады.

Соның бірі жекешелендірілген ұжымшар мен кеңшарлардың негізінде құрылған ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру жолын әлі күнге дейін таба алмай келеміз.

Елдігімізден айырылып қалмайық, халқымызды тоздырып алмайық деп жүріп, жасырары жоқ, нарықтың қыртыстарын, қым-қиғаш қалтарыстарын жете білмегендіктен, осындай олқылықтарды дер кезінде ескеріп, шешім іздестірмедік.

Жерді ұтымды пайдалану, жоғары өнімді арнайы техниканы қолдану, малды асылтұқымдандыру, сапалы тауар өндіру, жұмыс қолын жеткілікті ету үшін әр саланың маманы бар ірі шаруашылықтың еншісі екенін білгенмен, ірілендіру ісімізде нәтижеміз болымсыз.

Ауыл кәсіпкерлеріне ыңғайлы, сұранымға бейімделген ауылшаруашылығын несиелендіретін банктің өмірге келуі де ұзаққа созылып кетті.

Шетелдің талабы жоғары бәсекесіне төтеп беру үшін еліміздің негізгі байлығының басы астық өңімдерін сатуды бір қолда шоғырландыру толғағы жеткен шаруа өз кезегін тосуда.

Өзіміздің отандық ауылшаруашылық ғылымының жетістіктерін, қол жеткен табыстарымызды елемей жүргеніміз өте қынжылтады.

Елбасы ауылшаруашылығының дамуына уақытында көңіл бөліп, тиісті шешімін тауып, қажетті қаржы бөлінуін қадағалап, тиянақты тапсырмаларын өзінің Жолдауларында жылма-жыл атап өтеді.

Қордаланып қалған шаруалар шешілді, тоқыраудың қыспағы бұзылды. Ел пікірі оң қалыптасуда. Талпынған табысын табуда. Ауыл халқының еңсесі – көтеріңкі, мақсаты – айқын, жетістігі – анық.

Дегенмен де Елбасының тапсырмасын орындауда әлі де болса енжарлық, күрделі мәселеге ақша бөлумен бәрін шештік дейтіндер кездесіп қалады. Осы бір қобалжытатын жайттар менің төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясының сараптама тобында бірнеше мәрте өте қызу талқыланды.

Күтімі келіссе мал өседі

- Бір мысал келтіре кетсеңіз?

- Сөзім дәлелді болу үшін айтайын, Елбасының 2011 жылғы Жолдауында мал шаруашылығын дамыту туралы өте қомақты тапсырма бар.

Түсінген жанға, қазағымның ата кәсібі мал басын көбейтіп, тұқымын асылдандырып, өнімін сапалы етуден басқа не қажет?!

Ақылмен ұйымдастырып, Елбасының қамқоры мен қолдауының арқасында әрі кетсе 7-8 жылда ауыз толтырып айтатын, ұрпаққа үлгі болатын іс атқаруға бар жағдайды ұтымды пайдалануға болар еді.

Төрт аяқты мал даланың шөп-суымен ғана емес, аса тиянақты бағып-қағумен өсетін ерекшелігін жадында сақтаған адам ғана табысқа жетеді.

Бар жағдайы ескеріліп, бір кешенге мал басы көп шоғырланғанда ғана тапсырма ойдағыдай орындалады.

Астана мен Алматының төнірегіндегі мал бордақылау алаңдарының шамасы ет өнімдерінің сыртқа шығуын тиісті денгейге жеткізе алмайтынын ескеріп, барлық облыстардың да  мүмкіншілігін игеруге жағдай туғызу керек екендігін біздің сараптама тобының мүшелері баса айтқан болатын.

«Мал өнімдерімен ішкі нарықтың талап-тілегін орындау бір бағдар да, ал экспорт сұранысын қамтамыз ету басқа бір өте жауапты бағдар» деп іс атқаруды да лауазым иелеріне тайға таңба басқандай айтқанбыз.

Ауылшаруашылығы бірер жыл ішінде тез өзгеретін сала емес. Уақытты ұтымды пайдаланып, жағдай жасалынып, заман талабына сай кәсіптің негізі қаланса, Жер-Ананың берері ұзақ жылдар бойы мол болатынын дамыған елдердің көпжылдық тәжірибесі мен жетістіктері әлденеше рет дәлелдеген. Әлі де болса әділ бағасы нақты емес, осыдан 60 жыл бұрын көтерілген тың жердің жемісі 2011 жылы қазақтың мерейін тағы бір көтерді. Күтімі болса, елдің астық алқабы әлі де таң қалдырары хақ.

Елбасы қиыннан қиыстырып, ыңғайын тауып, өткенді саралап, болашақты болжап мемлекетіміздің нығаюы жолдарына қажет қаржы тауып, уақтылы бағыт-бағдар беріп, әрбір Жолдауында анық тапсырмаларын көрсетіп отыр.

Ендігі жерде Елбасының талап-тілегін орындау – ел басқарып отырған азаматтардың басты мақсаты мен жауапты міндетті.

Ауылды таңдай білген де жөн

- Ауыл халқының әлеуметтік жағдайын әлі де жақсарта түсу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

- Ең біріншісі де, маңыздысы да – ауызбірлік пен  қарапайым халықтың пікіріне құлақ асу.

«Халық айтса, қалт айтпайды» деген данышпандар.

Ел ішіндегі сын, өткір пікір, баса айтылған ой, ешкімнің сағын сындырып, мұқатып-кекетіп айтайын дегендіктен емес, сол келеңсіздіктер халқымыздың тұрмысында болмаса екен деген тілекпен айтылады. Ондайға кек сақтап, ерегісу парасаттылықтың нышаны емес.

Халық тілегін, халық сөзін кейбір көсемсінген, ақ пен қараны айырмайтын, соқыр көңілділердің шатпағымен ешуақытта араластырмау ат үстіндегілердің қағидалары болу қажет.

Елбасының қолдауымен ауыл халқына арналып өте көп жағдайлар жасалуда. Оған өткен сайлауалды кездесулерде көзіміз жетті.

Аягөз қаласындағы мұз айдынындағы бүлдіршіндердің қуанышы, түн ортасында Зайсан қаласының шам жарығынан жарқыраған көшелері, Ақсуат пен Ақжардың ақжарқын халқының өткен жылы су басқан ауылдарының бүгінгі көркейген көркін мақтаныш етуі, Қарауыл мен Қалбатау ауылдарының Жастар сарайы, Көкпектінің ортасындағы сәні келіскен қонақүйі тағы басқа жаңарулар ел тұрмысының оң өзгерісінің айқын куәсі.

Қазақтың ынтымағы нық болса, еліміздің іргесі берік болып, ауылымыздың көркейе беретіні анық.

Елбасымыздың тапсырмаларын бір жағадан  бас, бір жеңнен қол шығарып, бір кісідей атсалысып орындау – ел тұрғындарының азаматтық парызы.

- Рахмет әңгімеңізге.

 

 

Жұмыс адал, дұрыс істелсе – нәтиже болады

 

/«Алаш айнасы». 30.03.2012. Едiл Анықбай./ - Нұртай Сабильянов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Нұртай мырза, мәжілістің жұмыс бастағанына көп бола қойған жоқ, дегенмен істелмек дүниелер діттелген болуы керек. Әңгімені депутаттардың жұмысынан бастасақ.

– Парламент Мәжілісінің жұмыс бас­тағанына екі ай болды. Осы уақыт аралы­ғында мәжіліске келіп түскен көптеген заңдар талқыланып, депутат­тар өз ұсыныс­тарын беріп, кейбір заң жобалары Парла­мент Мәжілісінде мақұл­данып, Сенаттың қарауына бері­ліп, жаңадан шақырылған депутаттар өз жұмыстарын белсенді бастап, де­путаттық сауалдар жіберіліп, әріптестер көптеген мәселелерге араласып, оның шешілуіне атсалысып жатыр. Өйткені сайлауалды халықпен кездесу кезінде көптеген мәселелер, ой-пікірлер, уәде­лер болған. Әр сала бойынша үкіметке, тиісті органдарға жіберіп депутаттар міндеттерін орындауда. Елбасының Жолдауына байла­нысты Республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Жолдауда көрсетілген бағыт­тарға қаржы бөлінді. Әсіресе қолже­тімді баспаналарға қосым­ша 36 мил­лиард теңге бөлінгенін айта кету керек. Оның бір ерекшілігі – бұл бағ­дар­лама жас отбасыларды қолдауға ар­нал­ған. Осы қолжетімді баспаналар тура­лы Елбасымыз Үкіметке тапсырма берген болатын. Енді ол бағдарлама жүзеге аса­тын болса, бұл жас отбасыларға үлкен қолдау болар еді. Қазіргі кезде жас отба­сылар баспанаға қол жеткізе алмай жүр. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту» бағ­дар­ламасы үлкен орын алады. Бұл бағдар­ламаға да Республи­калық бюджеттен қосымша 11,8 мил­лиард қаражат бөлініп отыр, оның 9,1 миллиарды ауылдық елді мекен­дерді дамытуға жұмсалады. Ал 1,8 миллиард теңге кәсіпкерлікті дамытуға арналды. Демек, ауыл тұрғындарының айт­қан мәселесі осы бағдарлама көле­мінде бірталай шешімін табады деген сөз. Сондай-ақ Елбасының Жолдауында өңір­лерді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Осы өңірлерді дамыту үшін Республикалық бюд­жеттен 6,9 мил­лиард қаражат қарал­ды. Бұл – бұрын-соңды болмаған қаражат. Осы қара­жаттың 6 миллиарды шағын қалаларды дамытуға арналған. Яғни Елба­сының Жолдауындағы шағын қала­лар­ды дамыту туралы бағдарлама да іске айналып, жүзеге аспақ. Өңірлерге бөлінген қаражаттың үлкен әсері болуы тиіс. Өйт­кені жаңадан жұмыс орындары ашылып, жастарымызды жұмыспен қамту жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік дамиды, баспана салынатын болса, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар өздерінің жұмыстарын жандандырады. Сонымен қатар Республикалық бюджеттен денсау­лық, білім, әлеуметтік салаларға қосымша қаражат қарастырылып отыр. Бұл қа­ра­жаттың өзі еліміздің дамуына, әлеуметтік жағдайларын көтеруіне үлкен әсерін тигізеді. Республикалық бюджетті талқылау кезінде көптеген ұсыныстар түсті, ойлар, пікірлер айтыл­ды және мәселелер де көте­рілді. Бо­лашақта мен көтерген мәселелер бағ­дарлама негізінде шешімін табады деп ой­лаймын. Мәселен, елдегі, әсіресе шал­ғай ауылдағы, аудандағы халықты баспа­намен қамтамасыз ету, жол жөндеу, зейне­тақыға байланысты мәселелер – осының бәрі бір жүйеге келтірілуі керек. Біз Қаржы және бюд­жет комитеті болғандықтан, экономи­каға, бюджет саласына көп көңіл бөлеміз. Қазір комитеттің қарауында ша­ғын несие ұйымдары туралы заң жобасы талқыланып, депутаттар оған ұсыныстар беруде. Оның басты мақ­саты – елдегі ша­ғын несие беруді реттеп, қолжетімді қылу. Өйткені шағын несие ұйымдары қалалы жерде орналасқандықтан ауылдағылар бара алмайды, несиеге қол жеткізе алмай­ды. Сондықтан да болашақта осы жағдай­ды реттеу үшін шағын несие ұйымдары туралы заң қабылданып, жалпы, бүкіл шағын несие ұйымдары қайта тіркеуден өткізіліп, қазіргі кезде олардың өкілетті органы болу мақсатында Ұлттық банк белгіленіп отыр. Осы заң жобасы арқылы біз елі­мізде шағын несие беруді толық реттеуіміз керек. Қазақстанда қазіргі кезде 1756 шағын несие ұйымы бар екен, бірақ олардың белсенді жұмыс істеп тұрғаны – 663, яғни 38% ғана екен. Көбісі бір-екі рет несие беріп, жұмысын тоқтатқан. Жұмы­сын жалғас­тырмағандар да, айна­лысып жатқан­дары да бар. Сондықтан дәл сондай болмас үшін бұл саланы реттейтін заң қайта қабылданып, шағын несие ұйым­дары реттелуі керек деп ойлай­мын.

– Парламент мәжілісінің ІV шақырылымы мен V шақырылымының айырмашылық, өзгешелігіне тоқталсаңыз...

– Басты айырмашылық – V шақы­рылым көппартиялы. Әр партия өкілдері депутаттарының алдына қойған мақсаты, сайлауалды бағдар­ламасы бар. Болашақта әр партия сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға тырысады. Қазіргі кезде Мәжіліс депутаттары әр топта белсен­ділігін көрсетіп, ұсыныстарын, бағдар­лама көлемінде ой-пікірлерін айтып, заңдарды талқылауға атсалысып жа­тыр. Сайлаушы­лардан, халықтан көптеген хаттар келеді. Әртүрлі әлеу­меттік, экономикалық мәсе­лелерге кө­ңіл бөлеміз. V шақырылым депут­тары өз жұмыстарын абыроймен атқарады деп ойлаймын. Ал IV шақыры­лым депутаттары көптеген мәселелердің шешілуіне атсалысты. Сол үшін де әріптес­теріме әрқашан ризашылығым­ды білдіре­мін. Өйткені олар парламент таратылатын кезде өзінің қызметі үшін емес, болашақ үшін, қоғамның дамуы үшін үндеуге қол қойып, жалпы, өздерінің әрқашанда ха­лық­пен бірге екендіктерін көрсетті. Бірқатар депутаттар V шақырылымға сай­ла­нып, ары қарай жұмыстарын жалғас­тырып жатыр. Болашақта біз халықпен тығыз байланыста болып, көтеріліп жүрген мәселелердің шешілуіне араласып, халықпен байланысымызды үзбеуіміз керек деп айтқым келеді. Әсіресе шал­ғайдағы ауыл халқымен кездесу­лерге ба­руымыз керек, ондағы мәселелерді көте­руіміз керек. Тек ой-пікір бөлісумен шек­тел­мей, салынып жатқан құрылыс объектілерін қадағалап, ауылдың тұр­мыс-тіршілігімен танысуымыз керек. Ашық кездесу жасап, халықтың ой-пікіріне толық мүмкіндік беруіміз ке­рек. Жасанды ұйымдастыру қажет емес.

 – Нұртай мырза, халқымыз «ердің жасы – 50» дейді. Елге танылдыңыз, бүгінде депутат­сыз. Кеше халықтың қатарын­да болсаңыз, қазір халық сіздерге үміт артады. Халық­тың қатарында болу мен халықтың қалау-қамына қызмет ету жөнінде не айтасыз?

– Мен алғашқы еңбек жолымды мектеп бітіргеннен кейін, 1979 жылы, комсомол жастар бригадасында баста­дым. Одан бері 33 жыл уақыт өтіпті. 33 жылдың ішінде институтта оқыдым, армия қатарында болдым, қоғамдық жұмыстарға араластым, экономика, қаржы саласында 16 жыл еңбек еттім. Сегіз жыл Парламент Мәжілісінің депутаты болып, халықпен тығыз байланыста елдің мұң-мұқтажын көтеруге, түйткілді мәселелердің шешілуі­не атсалысып келе жатырмыз. Мен қоғам­нан еш ажыраған емеспін. Қалай 17 жас­тан еңбегімді бастадым, сол қалпымда ешқандай өзгеріссіз, халықпен бірге келе жатырмын. Халықтың ортасында бір ба­ғыт­ты ұстап келе жатқан жайымыз бар.

– Болашақта қандай жоспарларыңыз бар?

– Өмірден бірталай тәжірибе жинақ­тадым. Ең бастысы – халықпен бірігіп, бірлесіп жұмыс істеп, елдің ортасында жүріп, әрқашан қарапайым көпшілікке қолдау көрсету. Бұл – қазіргі кездегі менің қағидама айналып отыр. Мен ғана жақсы болмауым керек. Ме­нің ғана жақсы бо­луы­м­нан пайда жоқ. Менің көршім, менің елім, жұртым жақсы тұруы керек. Осындай қағиданы әрбір қазақ азаматы ұстанса, Қа­зақстан әлемдік деңгейде ең алдыңғы қатардағы елге айналады. Бір-бірімізді қолдауымыз, көмектесуіміз керек, үлкенге деген құрметімізді, халыққа деген ниеті­міз­ді әрқашан білдіріп, халықтың ортасын­да өмір сүруімізді жалғастыра беруіміз керек. Ал алдағы мақсатқа келер болсақ, Парламент Мәжілісі депутаты ретінде, Қазақ мемлекетінің азаматы ретінде ха­лық­қа адал қызмет ету. Мен ауылда туып, білім алдым, тәрбиелендім, елде жұмы­сымды бастадым. Енді алған білімді, көрген тәрбиені еліме, туған жеріме деген адал қызметпен көрсетуім керек қой. Міне, осы бағытты алдымызға қойып, жұмысымызды осыған арнауы­мыз керек. Осы бағытты жүзеге асы­руы­мыз керек. Егер халық жақсы бол­са, ол менің де жақсы тұрып жатқаным; егер халқымның әлеуметтік жағдайы төмен болса, онда менің де төмендігімді көрсетеді. Демек, менің қызметімнің дұрыс еместігін көрсе­теді. Ендеше, қызметте отырып, қолдан келсе, неге ел-жұрттың жағдайын жақсартуға атсалыспасқа? Неге ұлтымның тұрмыс-тіршілігін жақсартуға еңбек етпес­ке? Жұмыс адал, дұрыс істелсе, нәтиже болады. Ал қызметті пайдаланып «Мен пайда табамын. Мен осы арқылы басқа жұмысқа көтерілемін. Қызмет арқы­лы халықтың ортасында үлкен дәрежеге жете­мін» деп ойласаң, онда қателескенің. Ең бастысы – адамның ұстанымы. Ол өмірде қарапайым бо­лып, халықпен араласып, халықтың ортасында жүрсе, одан артық еш нәрсе жоқ. Сонымен бірге ең бастысы – Қазақстанда халықтың татулығы, бір-біріне сый-құрметі жоғары бағалануы керек. Әсіресе қазақ тіліне деген құрмет біздің нәтижеміздің дәреже­сін көрсетеді. Сол арқылы басқа елдің бізге деген көзқарасы білінеді.

– Еліміздің болашағы – жастар. Жастар туралы не дейсіз?

– Негізі, жастардың білімге деген ниеті жақсы. Оларды біз тек қолдауы­мыз керек. Әсіресе үкімет басында отырған азаматтар, депутаттар, атқа­рушы органдар. Ең бірінші – жастардың оқуына, әсіресе ақылы инс­титутта оқитын жастарға қолдау керек. Кейбір жастар оқуларының төлемақысын төлей алмай жатады. Осыны реттеп, жолға қою керек. Сонымен қатар мемлекеттік грантты көбейтуіміз керек. Өйткені талант­ты, алғыр, жұмыс жа­сай­тын жастарымыз көп. Кейде әртүрлі себептермен оқуға түсе алмай қала­ды. Сонымен қатар жастардың диплом алғаннан кейін, олардың еңбек етуіне, жұмысқа орналасуына қолдау көрсе­туіміз керек. Қазіргі кезде жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарлама көле­мін­де болашақта институт, кәсіпо­рындар­мен келісіп, жолдама беру ар­қылы да жастарды жұмыс орындарымен қамтама­сыз етпек керек. Мысалы, Елбасымыздың биылғы Жолдауында жас отбасыларға арнап жалға беретін үйлер қарастырылады, бағдарлама қабылданды. Қазіргі кезде жастардың ең өзекті мәселесі – баспана. Келіп жатқан хаттардың дені осы тұрғын үй мәселесі туралы айтады. Осы уақытта біз жұмысымызды жалғастыруымыз керек. Жалпы, жастардың рухани, патриоттық сезімдері болуына көңіл бөлу қажет. Жүк­ті­лікке байланысты төлемақыны көбейтуге жәрдемдесу керек. Жастарға әлеуметтік қолдау көрсететін болсақ, болашақта демог­рафиялық жағдай жақсарады, өйткені қазіргі кезде жер көлеміміз үлкен, халық саны аз. Міне, болашақта халық­тың көбеюіне бәріміз атсалысуымыз керек. Жас отбасылар баспаналы болғаннан кейін, олардың баспанасы, балалардың балабақшаға орналасуы немесе біреуі жұмыс істейді, біреуі жұмыс істемеуі мүм­кін. Жүкті болған әйел демалысқа шығады, сол кезде демалысын дұрыс беру, қара­жатын дұрыс төлеу. Осы бағытта дүниеге бала келгенде төленетін жәрдемақы бар. Міне, соларды дұрыс жолға қоя білетін болсақ, жастардың өмірге, еңбекке деген көзқарасы өзгереді, алға ұмты­лады деп ойлаймын. Міне, осыдан келе әрбір жас отбасы балаларымды қайтсем де елдің бел­ді азаматы етіп тәрбиелеймін деп тыры­сады. Сондық­тан біз үлгілі, көпбала­лы отбасы жас­тарын насихаттауымыз керек. Кезінде әке-шешеміз көп баланы тәрбиеледі ғой. Осындай жақсы, тәрбиелі жұмыс­тарды жастарға арнауымыз керек. Өмірде бәрі қаражат табумен, ақша табу­мен шектеліп қалмайды. Өмірде рухани байлық та, патриоттық сезім де болады, Отанды қорғау да болады, бір күні мемле­кеттің дамуына керек болады, бір күні отбасының жұмысын істеуге тиіс болады. Егер жастардан жақсы кәсіпкер шығатын болса, олар мемлекетке көмектеседі. Мен жастарға сенемін!

– Желтоқсан көтерілісіне байланысты заң қабылдана ма? Сұхбатымыздың түйіні осы болсын.

– Желтоқсан ұйымдары бірлесіп, өзде­рінің ұсыныстарын заңға байла­ныстырып, пікірлерін айтса, біз оны заң көлемінде қараймыз. Ал қаражатты талап етсе, әри­не, оған үкіметтің қорытындысы керек болады. Жалпы мәртебесін анықтап, атқа­ру­шы орган­дар, үкімет, депутаттар, Жел­тоқ­сан ұйым­дары бәріміз бірігіп, жұмыс істе­сек дұрыс болады деп ойлаймын.

– Рақмет!

 

 

«Аймақтарды индустрияландыруда ерекшеліктер ескерілуі керек»

 

/«Заң газеті». 30.03.2012. Әңгімелескен А.Тұрмағанбетова./ - Болат Жылқышиев, Парламент Сенатының депутаты:

– Елбасының биылғы Жолдауында өңірлерді дамыту мәселесі  айрықша атап өтіл­ді. Биылғы жылдан бастап ай­мақтарда “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Осы бағдарламаға қамтылған шаралар сіздің көңіліңізден шыға ма?

– Аймақтар дамымаса ел қуатты болмайды. Елбасының биылғы Жолдауында бұл мәсе­леге айрықша басымдық берілуінің маңызы осында. Өзіңіз айтып отырған өңірлерді дамыту бағдарламасы былтыр қабылданып, оны  жүзеге асыру үшін 1 млрд теңге қаралған болатын. Бұл  16 облыс үшін түкке тұрмайтын қаржы еді. Осы олқылықтың орны Елбасының пәрменімен толтырылып отыр. Жуырда бюджетке жасалған нақтылаулар бойынша аймақтар экономикасы үшін  67 млрд теңге бөлінді. Барлығын қосқанда 77 млрд теңге. Бұған енді көзін тапса біраз шаруаның басын қайыруға болады. Негізінде былтыр қабылданған үкіметтің  бағдарламасы бойынша   аймақтардың бір-бірінен дамуы жағынан айырмашылықтарын азайту мақсат етілген. Бұл дұрыс.  Аймақтардың арасында ірі өндіріс орындары жұмыс істейтін, бюджетке түсетін салығы көп, халықтың табысы жақсы немесе, керісінше, тек бюджет қаржысына қарап қалған өңірлер бар.  Бөлініп отырған қаржы осы соңғыларының жағдайын көтеруге бағытталуы тиіс. Негізінен, жуырда қабылданған бюджетке енгізілген нақтылауларда елдімекендерге ауыз су жеткізу, жол салу, көгалдандыру, жарықтандыру шараларына біраз қаржы бөлінді.  Агломерацияға айрықша назар аударылып отыр. Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент қаласы төңірегіне шоғырланып жатқан халық көп. Солардың мәселесін шешу жолға қойылмақ. Мәселен, осы жолы Астана қаласына 25 млн теңге, Алматыға 15 млрд облыс орталықтары, Жаңаөзен секілді моноқалаларға  4 млрд теңгеден қаржы  қарастырылды. Бұл, әрине, дұрыс шешім. Тек енді бөлінген қаржылар желге ұшпай өз орнын тапса болғаны. Әкімдер өз қызметіне адал болып, халықтың жағдайына қарасу керек. «Атым таза болсын, ел есінде жақсы ісім қалсын» дейтін әкім бөлінген қаржыны тек  әлеуметтің мұқтажына жұмсайды.

– Шағын қалаларды дамытуға байланысты  қолға алып жатқан шаруада басымдық алуға тиіс шара сіздіңше не?

– Шағын қалалардың басты түйткілі ондағы өндірістердің жабылып, инфрақұрылымдардың ескіруі болып отыр. Мәселен, осы қыста халқы жылусыз қалып, суық үйге қамалған Кентаудағы жылу станциясына алпыс жылға жуықтады. Уақытында  оны жауып, қазандық салмақшы болғанбыз. Алайда, басшылар тарапынан қабылданған шешім сол жылу станциясын қалайда тоқтатпау болды. Меніңше, мұндай үлкен жылу электр станциялардың Кентау сияқты шағын қалаларға қажеті жоқ. Оларға тек бір үлкен қазандық  салса жеткілікті. Өйткені, жылу электр станциясы ірі өндірісі жоқ шағын қалада тиімсіз. Ол мұндай жерде жылуын сатып күн көре алмайды. Өз қызметін қымбатқа ұсынуға мәжбүр болады. Бұдан тұтынушылар да, станция да тек зиян шегеді.  Ол жылуды шығаруға жіберген шығынын қайтарып ала алмайды. Алайда, осы жағдай  ескерілместен сол станцияны қалпына келтіріп, сақтау үшін қаншама қаржы жұмсалды. Оның далаға кеткені де аз емес.

 Жалпы, шағын қалаларды дамыту бүгін өте өзекті тұр. Уақытында бір-бір өндіріс орындары маңына салынған бұл қалаларда кемінде қырық-елу мың адам тұрады. Оларды қайда көшіріп апарамыз? Сондықтан бұрынғы кәсіпорындардың орнына шағын өндірістер ашу керек. Ол үшін әр облыс өз жобаларын ұсыну керек. Ең бастысы, жеткілікті қаржы бөлініп отыр. Бұрын бұлай болмаған.  Шағын қалаларда тұрмысқа қажет, зауыт фабрикалардың станоктарына қажет бұйымдар шығарудың, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеудің үлкен мүмкіндігі бар. Мысалы, Кентау қаласында кәдімгі ағаш, металл бояуын шығаруға болады. Негізі тірлік істеп, халыққа жағдай жасаймын деген басшы  үшін жергілікті жерде мүмкіндік аз емес. Оларда ең бастысы, кәсіпкерлікке бейім  білікті мамандар бар. Жобаларды тек өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ғана емес, «Бизнестің жол картасы» бойынша да ұсынуға болады. «Казагро» корпорациясы,  «Даму» қоры бойынша  көп жобалар жасауға болады. Үкімет тарапынан қолдау жасалып жатыр. Жергілікті атқарушы билік сол көмектің қолынан іс келетін жандарға тиюіне ынта танытуы керек.

– Уақытында Оңтүстік Қазақстан  облысында әкім болып қызмет еттіңіз. Қазағы қалың болғандықтан, осы аймақтың бас ауруын тұтас Қазақстанның түйткілі деп білеміз. Оның үстіне, соңғы кезде  бұл өңірде келеңсіз  жағдайлар жиі орын алатын болды.

 – Біраз мәселелер шешімін тауып жатыр ғой.  Дегенмен, мұндағы ауызсу мен баспана жайы әлі де өзекті күйінде тұр. Үш миллионға жуық халықтың елу пайызға таяуы сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Үкіметтің «Ақбұлақ» бағдарламасына 27 млрд теңге бөлінді. Оның тең жартысы күнгейдегі елдің игілігіне жұмсалмақ.  Бәрі талапқа сай болса 2020 жылға дейін бұл мәселе толық шешіледі деп ойлаймын. Сол секілді баспана мәселесі де жолға қойылар деген үміттеміз. Елбасымыз өз жолдауында биыл жарты млн, келер жылы бір млн. шаршы метр жалға берілетін пәтер салынады деді. Бұл үшін биылғы бюджетте 50 млрд, қосымша 36 млрд теңге бөлінді. Бұл да қомақты қаржы. Меніңше, бұл пәтерлер қалада емес ауылда да салынып, мұқтаж жандарға берілуі керек. Көп балалы жас отбасыларды қолдау көрсетілсе құба құп. Мәселен, несиеге үй алғандардың борышы  бір бала туса жиырма бес пайызға, екі бала туса елу пайызға,  үш бала туса жетпіс бес пайызға азайтылып, төрт бала туса мүлде жойылуы керек. Қазақстандықтар санын көбейту үшін осындай тетіктер енгізу керек. Жас отбасылар көп балалы болуға қарсы емес. Ең бастысы, оларға жағдай жасалынуы керек.

– Таяуда Үкіметте Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдар­ламасына сай аймақтардың дайын өнім шығаратын нақты жоба ұсына алмағаны сынға алынды.  Сіздіңше, мұның себебі не? Және осы олқылықты жою үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

–  Әр аймақтың өз ерекшелігі бар. Белгілі бір салаға бейімделген өндірістік әрі табиғи  мүмкіндігі және бар. Мысалы, химия өндірісін Жамбыл облысында жақсы дамыту керек деген сияқты. Өкінішке қарай, біздің қазіргі индустрия­ландыру бағдарламасында осы мәселе назардан тыс қалып қалған. Онда сападан гөрі санға басымдық берлген. Ұсақ-түйек жобалар тым көп. Соның салдарынан ірі жобалардың бәсі төмендеп, олардың маңызы кеміп тұр. 200-ге жуық жобаның көбі жекеменшік цехтар деңгейіндегі жоба. Олардан елдің дамуына еш пайда жоқ.  Солардың ішінде маңыздысы Алматы тау шаңғы курорттары,  Батыс Еуропа -Батыс Қытай,  Атырау газ химия кешені, Балқаш жылу электр станциялары  шын мәніндегі  нағызы индустрияландыру жобалары. Балқаш ЖЭС тұтас оңтүстік өңіріне электр энергиясын жеткізіп,  үш мың адамды жұмыспен қамтиды. «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» ел мен елді жақындастырып,  үлкен табыс әкеледі. Атырау мұнай химия кешені мұнайды тереңдетіп өңдейді.Алайда, осы үлкен жобалар майда-шүйденің ішінде көрінбей қалып отыр. Сондықтан, жалпы қауымда осы бағдарламаға күдікпен қараушылық бар. Шын мәнінде, бұл елдің  экономикасына серпіліс әкелетін маңызды шара.

 

 

Азаматтарының өзекті ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз еткен мемлекет қана инновациялық экономиканы дамыта алады - Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов

 

/«ҚазАқпарат». 30.03.2012. Айдын Бәймен./ - XXI ғасыр - ақпараттық технологияның өркен жайған жүзжылдығы. Соңғы жылдары ғаламтор арқылы жаңалықтардың жедел тарауы, азаматтардың ақпаратты бірінші кезекте осы желі бойынша алуы кең өріс алып келеді.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, көкейдегі ойларымен бөлісті. Парламентші ғаламтор әлеміндегі Қазақ елінің үлесі, мемлекеттік тілді қолданудағы орын алған кемшіліктер туралы айтып берді. Сондай-ақ өз ұсыныстарын да алға тартты.

- Мұрат Абдуламитұлы, жуырда ғана Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауын жария етті. Жолдаудан қандай ой түйдіңіз?

- Мен бір ғана мәселе төңірегінде ой-пікірімді білдірейін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру мен Электрондық үкіметті дамыту, оның ішінде 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызын және лицензиялардың барлық түрлерін электрондық форматқа көшіру басым міндеттердің бірі ретінде атап өтті.

Қазақстандағы бүгінгі күнгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының жағдайы Елбасының аталған тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді. Соңғы кездері интернет желісінің жылдамдығы мен сапасы және оны пайдаланушылардың саны артып, тұрғындардың компьютерлiк жабдықтармен қамтамасыз етілуі өсе түсуде, сонымен қатар бұл салада көптеген жаңа жобалар пайда болуда. Қазақша википедия да Үкіметтің қолдауының арқасында жақсы даму үстінде.

Осы шаралар арқасында соңғы кезде қала мен ауыл арасында тұрғындардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, интернетке қолжетімділігі бойынша «ақпараттық теңсіздік» азаюда.

Дегенмен, тіл негізінде «ақпараттық теңсіздік» сақталуда. Республикада қазақ тілді мектептерде оқушылардың басым бөлігі білім алса да, «ақпараттық теңсіздікті» жою бағытындағы қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар жеткіліксіз деңгейде.

- Бүгінгі таңда ғаламторға үңілмейтін жан жоқ. Сіз соңғы жылдары ақпараттық технологияны дамыту жөнінде үнемі ой-пікір білдіріп жүрсіз. Осы саланың жан-жақты қанат жаюы үшін қандай іс-шараларды жүзеге асыру қажет?

- Азаматтарының өзекті ақпаратқа, жаңа білімдерге қолжетімділігін қамтамасыз еткен мемлекет қана инновациялық экономиканы дамыта алады. Егер де жеткілікті деңгейде азаматтарға қажетті білімдерді тауып, оны пайдалана алатын жағдай болмаса, замануи индустриялық жоба, көп милллиардтаған инвестициялар мен жаңа технологиялардан пайда жоқ.

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, елімізде қазақ тілін білетін азаматтардың саны өсе түсуде. Жақын жылдары бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жөнінде жоспарлар бар. Бүгіннің өзінде мектептердің 80 пайызы қазақ немесе аралас мектеп. Мемлекетте барлық оқушылардың ¾ қазақ тілін меңгерген және олардың көпшілігі үшін қазақ тілі - ақпарат алудың негізгі тілі. Егер де әр 9 ай сайын тұтынылатын ақпараттың көлемі 2 есеге өсіп отыратынын ескерсек, дәстүрлі кітаптар ақпаратқа деген сұранысты өтей алмайтыны түсінікті, бұл жерде жаңа технологиялар мен интернетсіз қиынға соғады. Біз соңғы кезде ғаламтор қолданушылары санының өсуі мен мектептердің компьютерлермен жабдықталуының жақсаруы туралы жеңімпаздық мәлімдемелер жасауға әуес болып кеттік. Әрине, бұл маңызды, бірақ бұл ақпаратқа қолжетімділіктің «техникалық» шарты ғана.

Біз шешетін ең басты мәселе - интернетте қазақ тілінде қажетті көлемде және сапада ақпараттың (контенттің)  болуы.

Қазақ тіліндегі ақпараттың (контенттің) жеткіліксіздігі, қолданыстағы веб-ресурстар сапасының төмендігі және бәсекеге қабілетсіздігі туралы айтып өтейін.

Біз бірнеше мәрте және бірнеше жылдан бері қазақ тіліндегі ақпаратты қолдау үшін мемлекет тарапынан қаражат бөліп келеміз.

Дегенмен, Қазнетте қазақ тілді сайттар саны мүшкіл халде. Оған дәлелді http://kzindex.kz сайтының «KZ домендік зонасында интернет-ресурстардың фонетикасы» бөлімінен таба аламыз.

Сараптама нәтижесі қандай?

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «KZ» домендік аймақта интернет-ресурстар келесі статистиканы көрсетеді:

орыс тілінде - 32 689 сайт (79,6%),

ағылшын тілінде - 4 550 сайт (11,0%),

қазақ тілінде - 3 822 сайт (9,3%).

Көріп отырсақ, «KZ» аймағында қазақ тіліндегі сайттар саны 10 пайыздан да аз, біздегі «KZ» аймағында жасалған ағылшын тіліндегі сайттардан да аз. Егер де біздің елде, біздің домендік аймақта мемлекеттік тілде веб-ресурстарды дамытуға жағдай жасалмаса, қай жақта олар дами алады? Және де қазақша ақпаратты жасауға бөлінген қаржы қайда жұмсалып жатыр?

Интернеттегі қазақ тілінің әлсіздігінің тағы бір дәлелі. Қазақстандық веб-ресурстар рейтингісін анықтайтын http://zero.kz сайтында танымал «ондықты» айтпағанда, «жиырмалыққа» кіретін бірде-бір қазақ тілді сайт жоқ.

- Неліктен?

- Бюджет қаражаты есебінен қазақша контентке қолдау көрсету үшін арнайы мекеме құрдық. Жүздеген миллион қаражат бөлдік. Танымал болған сол сайттар қайда? Біздің казтюб қайда? Заңды түрде отандық фильмдерді қайдан көреміз, қазақ музыкасын қайдан тыңдаймыз, ана тілімізде кітаптарды қайдан оқимыз? Түсінікті тілде ақпарат жоқ болса, қазақ тілді азаматтарға интернетке шығудың не қажеті бар?

Қазақ тілінде контент қайдан болады, егер де біз оны көпшілікке жасауды үйретпесек? Контенттің басты көзі - ол интернетте жұмыс істеуге машықтанған қолданушылар. Осындай азаматтар көп болса, контент те көп болады.

- Проблеманың бір ұшы қайда жатыр деп ойлайсыз?

- Біздің басты проблема - тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының төмендігі. Олардың қатарына мектепте информатиканы оқымаған ересек адамдар санатын қосу әдеті қалыптасқан. Мектеп оқушылары мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттерін бірден компьютерлік технологияларды жақсы түсінетіндер  қатарына жатқызамыз.

Бірақ жағдай ондай емес. Мектептер әлдеқашан заман талабынан қалып қойды. Егер де оқушыларды компьютерге бірінші рет 7 сыныпта отырғызсақ, олардан не күтуге болады? Оқу бағдарламасы солай. Және сабақ аптасына бір рет. Бұған қоса ауылдық жерлерде балаларға мектептен басқа орында монитордың алдында отыру мүмкіндігі жоқ. Оқушылар компьютерді қалай қосу және өшіру жаттығуларын 13 жасында ғана үйренеді. Мектептегі информатика пәнінің бағдарламасы өте ескірген. Әлі сол Visual Basic пен «Паскаль» төңірегінен шыға алмай жүрміз. Мектептің 11 жылдық бағдарламасында ғаламтормен, е-поштамен, аудио, фото, мәтіндік файлдармен қалай жұмыс жасауды, сайт құруды мүлдем үйретпейді. Осындай біліммен түлектер жоғары оқу орындарына барады. Жоғары оқу орындарындағы қазақ топтарында ақпараттық технологияларды көп жағдайларда орыс немесе ағылшын тілінде оқытылады. Басты себеп - мамандар, сапалы оқулықтар, заман талабына сай әдістемелер жетіспейді, термин жиынтығы әлі жоқ.

- Сонда бізде қазақ тілінде контентті кім жасайды?

- Ғаламторға ең негізгі ақпарат (контент) орналастырушы мемлекет болу керек. Заң бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілде ақпарат орналастыру міндеті де бар, қаражаты да шешілген.

Бір байқағаным, мемлекеттік органдардың сайттарында қазақша ақпараттар жеткіліксіз.

Мемлекеттік органдардың өздері интернет-ресурстарда азаматтарға ақпараттарды негізінде орыс тілінде береді. Бұл мәселені шешу мақсатында 2010 жылғы 15 шiлдеде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне «электрондық үкiметтi» дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Осы заң шеңберінде «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына депутаттар тарапынан ақпараттық жүйеде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған өзгеріс енгізілген болатын. Атап айтқанда, мемлекеттiк ақпараттық жүйелер қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады. Осы жүйелердегi қазақ тiлiндегi ақпараттың көлемi орыс тiлiндегi ақпараттың көлемiнен кем болмауға тиiс.

Дегенмен, мемлекеттік ақпараттық жүйедегі қазақ тілінің жағдайы осы заң қабылданғанға дейінгі қалыпта. Мемлекеттік тілдің дамуына серпін беретін бұл заңның талаптарын кейбір министрліктердің орындамай отырғаны жөнінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің, ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековтің атына депутаттық сауал жолдадым.

- Сіздің қандай ұсыныстарыңыз, талап-тілектеріңіз бар?

- Анықталған жайттарды ескере отырып, Үкіметке қазақ тіліндегі контентті дамыту бойынша министрліктер мен ведомстволардың, мемлекеттік органдардың қызметін жүйелендіру және тиімділігін арттыруға бағытталған нақты бірқатар шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс жасадым.

Біріншіден, білім беру жүйесінде нақты заман талабына сай студенттер мен оқушылардың компьютерлік сауаттылықты көтеру қажеттілігін ескере отырып, информатика мен есептеу техникасын оқыту саласында мақсаттар пен міндеттерді қайта қарастыру керек. Нәтижелерді компьютерлермен жабдықталу мен интернетке қосылу көрсеткіштерімен емес, оқыту сапасы, мұғалімдерді дайындау, заманауи әдістер мен оқулықтардың болуы, оқыту нәтижелерімен бағалау.

Оқыту сапасының басты критерийлері есептеу техникасын пайдалана білу емес, оны құрал ретінде пайдалана отырып, оқу және өндірістік қызметке қажетті ақпаратты тауып, өңдеп, сақтап, алмаса білу.

Осы мақсатта мектептер мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізу қажет. Бұл жұмысқа ғылыми орталықтарды тартып, белгілі ғалымдардың әлеуетін пайдалану керек.

Ақпараттық технологиялар ежелерін оқытуды жас шақта, төменгі сыныптардан бастау және пән бойынша сағат саны көлемін көбейту керек.

Қазақ тілінде білім алуға деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге баса назар аудару қажет. Заман талабына сай оқу әдістемелерін, оқулықтар мен электрондық құралдарды әзірлеу үшін ғалымдар мен білікті ұстаздардан шығармашылық топтар құрған жөн.

Екіншіден, ақпараттық қамтамасыз ету саласында қазақ тілін пайдаланудың базалық тетіктерін құруға және таратуға жағдай жасайтын іс-шараларды қолға алуды ұсынамыз. Одан әрі бұл ресурстар мен тетіктер еркін түрде таратылуы қажет.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай міндеттерді тек бюджет қаржысы есебінен құрылған құрылымдардың күшімен орындау тиімсіз. Ең оңтайлы шешім - қоғамдық ұйымдардың қатысуымен бірлесіп атқару үшін жұмыс жасау.

Мемлекеттік тілдегі арнайы бағдарланған сайттардың құрылуына және аударылуына қолдау көрсету (диабет, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және т.б. сайттар). Түрлі ауруға шалдыққан немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар сайттарды мемлекеттік тілге аудару. Қаржылай қолдау қажет.

Қазақтілді блог жүргізушілердің қатысуымен жүйелі түрде блог-турлар ұйымдастыру керек.

Мемлекеттік холдингтер мен ұйымдардың жарнамалық қаржыларын тарта отырып, қазақ тіліндегі веб-сайттарды ынталандыру қажет деп ойлаймын.

- Мемлекеттік тілді қорғау мақсатында қандай іс-шаралар атқарған жөн?

- Мемлекеттік тілді қолдану критерийлері бойынша мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына мониторинг жүргізу керек.

Интернет-технологияларды қолданылатын терминдер сөздігін анықтау үшін іс-шаралар өткізген дұрыс.

Келесі міндет - мемлекеттік тілдегі қаріптер (шрифттер) пакетін жасау және құру. Қазақ тілінде тек 3-4 қана қаріп бар. Сондықтан кез-келген бағдарламалық өнімде қондыруға болатын қазақ тіліндегі шрифттерді әзірлеу қажет.

Танымал интернет-ресурстарды қазақ тіліне аудару және қолдау. Көптеген веб-сайттар қосымша материалдық шығындар себебінен өз жұмысында қазақ тілін қолданбайды. Қазақ тілінде мақалалар мен жаңалықтарды жариялау үшін кәсіби журналистерді пайдалану, аударма жасауға көмек көрсетуді қарастыру керек.

 Қазақ тіліндегі интерфейсі бар және осы тілде жұмыс істей алатын кең танымал әлеуметтік желіні құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

- Ұлттық құндылықтарымызды заманауи технологиямен сақтаудың жолдары қандай?

- Мұрағаттар мен кітапханалардағы кино, видео және аудио материалдарды сандық түрде жазу, аудиокітаптар жасау және оларды интернет жүйесінде орналастыру керек.

Мемлекеттік мұрағаттар, «Қазақфильм» киностудиясы, мемлекеттің қатысуы бар радио мен телекомпаниялардың қорларындағы қазақ тіліндегі көркем және деректі фильмдерді, музыкалық шығармалардың аудиожазбаларын сандық түрде жазу және оларды ашық қол жетімділікте орналастыру ісін қолға алған жөн.

Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын сандық түрде жазу және оларды интернет жүйесінде орналастыру.

Аудиокітаптар жасау және оларды интернет жүйесінде орналастыру. Интернетте қазақ тілінде аудиокітаптар жеткіліксіз деңгейде. Қазіргі таңда аудиокітаптар интернет қолданушылары арасында өте жоғары сұранысқа ие контент түрі, олар уақыт үнемдеуге және кітапты жеңіл игеруге мүмкіндік береді.

Фильмдер, аудиожазбалар мен аудиокітаптар қорын құру және оларға интернет қолданушыларының қол жетімділігін қамтамасыз ету -  интернет жүйесінде қазақ тілді сапалы және заманауи контент санын арттыратыны сөзсіз.

Мемлекеттік тілде сайттар мен блогтар жасауға инфрақұрылымның жеткіліксіздігі байқалып отыр.

- Ғаламтордағы материалдарға назар аударғанда, тағы да қандай мәселелерді анықтадыңыз?

- Отандық блогплатформаның болмауынан қазақ тілді блогерлер «wordpress»-те жұмыс істеуге мәжбүр. Сот шешімімен экстремистік мазмұндағы бірқатар блогтардың жабылуына байланысты 500-ден астам блогерлер өз материалдарын алуға мүмкіндіктері жоқ. Мұның шешімі біреу - «wordpress» сияқты өзіміздің блог платформамызды құру.

Сайтты басқару жүйелерін қазақ тіліне аудару мемлекеттік тілде оңай және тез сайттар жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қазақ тілді веб-мастерлерде мықты қолдау бар - басты жүйелер қазақ тіліне аударылып қойған.

Танымал сайттарды басқару жүйелерінің барлық аудармалары жүктеуге және сайттар жасау үшін ашық қол жетімділікте. Сондықтан қазақ тілінде сайт жасау күрделілігі бірнеше есе жеңілдеген.

Қазақ тіліне жеткілікті деңгейде шрифтік қолдау көрсеткен абзал. Ол үшін дизайнерлер мен беттеушілер үшін қазақша шрифтер әзірлеу қажет. Қазақстанда көптеген шрифтер орыс нұсқасында кең пайдаланса да, олардың бүгінгі күнге дейін қазақша нұсқасы жоқ. Шрифтердің қазақ нұсқасын әзірлеу көп адамдардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, қазақ тіліндегі мәтіндерді әртүрлі шрифтерде жазуға мүмкіндік берер еді.

-          Рақмет әңгімеңізге. Ұсыныстарыңыз қолдауға ие болсын.

 

 

 

 

 

Халық денсаулығы – Мемлекет игілігі

 

/«Егемен Қазақстан». 31.03.2012. Серікбай Нұрғисаев, Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор./ - Мемлекеттің бәсекеге қабі­летті, экономикалық-әлеуметтік әлеуеті жоғары болуы халықтың білімділігі мен денсаулығына ті­келей байланысты. Осы орайда 1997 жылы жарияланған «Қазақ­стан-2030» стратегиялық бағдар­ла­масында Қазақстан Республи­ка­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарымызды саламатты өмір салтына ынталандыру мен аурудың алдын алу халықтың денсау­лығына әсер ете­тін маңызды фактор екенін атап өткен еді. Елбасы сол маңызды құжатта саламатты өмір салты әрқайсымызды дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұ­рыс тамақта­нуы­мызға, тазалық пен санитария шараларын сақтауы­мызға міндеттейтінін айтты. Сон­дай-ақ, біздің азаматтар есірткі, темекі мен алкогольді тұтынудан аулақ болуы тиіс екенін ескертті.

Елбасы халықтың денсаулы­ғын қорғауға және спортты да­мытуға үнемі назар аударып келе­ді. Мәсе­лен, 2010 жылы Қазақ­стан халқы­на арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев саламатты өмір салты мен адамның денсаулығын қорғау мақсатында жаңа ұсыныс­тарын мәлім етті. Ха­лықтың ден­сулығын сақтау мемле­кет­тік сая­сат­­тың ең басты мәселесі екенін айта келіп, Н.Ә.Назарбаев осы салаға жауап беретін атқару­шы билік органдары мен әр дең­гей­дегі әкімдер бірлесе отырып, елі­мізде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анық­тап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс екендігін жеткізді. Сол жолы Елбасы: «30 пайызға дейінгі қазақстандықтар бұқара­лық спорт­қа тартылуы керек. Осындай жағ­дайда ғана біз дамуды көре аламыз», – деген болатын.

Енді, міне, биылғы Жолдауда да Мемлекет басшысы денсаулық сақтау ісін дамыту мәселесіне арнайы тоқталды.

Елбасы өз сөзінде: «Медици­на­лық қызмет көрсетудің қолже­тімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің деңгейін арттыру­дың келесі бір маңызды бағыты», – деді. Бүгінгі таңда Қа­зақстан Рес­публикасының ден­сау­лық сақтау саласын дамыту­дың 2011-2015 жыл­­­дарға арнал­ған «Саламатты Қа­зақстан» мем­ле­кеттік бағдарла­ма­сы жүзеге асы­рылу үстінде. Жуырда осы бағдарламаның бірінші жылы­ның қорытындысы шыға­рылды.

Елбасы бастамасымен дайын­далған «Саламатты Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламасы – елі­міз­дегі денсаулық сақтаудың қол­же­тімді, сапалы, әлеуметтік бағ­дар­лан­ған және экономикалық тиімді жүйесін дамытуға бағыт­талған қажетті іс-шаралардың жиын­тығы. Онда 202 тармақтан тұратын нақтыланған іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілген.

Денсаулық сақтау министр­лігінің мәліметіне сүйенсек, өт­кен жылы жылжымалы медици­на­лық кешендер базасында 150 мыңнан астам адам тексеріліп-қаралса, 170-ке жуық зертхана­лық-диагности­калық зерттеулер жүргізілген. Сон­дай-ақ санита­рия­лық авиация рес­публикалық үйлестіру орталығы құрылды. 2011 жылы үшінші рет «Саламатты Қазақстан» пойызы іске қо­сылды. Соңғы жылдары жүрек-қан тамыр ауруларын емдеуде озық технологиялар енгізілуде. 2011 жылы жүрекке 8 мыңнан ас­там операция, оның ішінде жүрек­ке 6,5 мың ашық операция жасал­ған. Елбасының тапсырмасы бойынша Астана қаласында әлемдік деңгейдегі Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы ашылды. Онда 600-ден астам кардиохирургиялық операция, оның ішінде 119-ы ба­лаларға жасалған. Бұрын мұндай нау­қастар шетелге емделуге жібе­рі­летін. 8 инсульт орталығы ашылды. Ана мен баланың өлім-жі­тімін төмендету үшін респуб­лика­лық штаб құрылды. Профи­лактикалық тексеріп-қарау аясында 1 млн. 20 мың ана мен 4 млн. 200 мың бала қамтылған. Мұның барлығы ана­лардың өлім-жітім көрсеткішін 1,5 есеге, нә­рестелердің шетінеуін 9,9 пайыз­ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Елбасы биылғы Жолдауында адами капиталды дамытуда ден­сау­лық сақтау негізгі рөл атқара­ты­нын айтты. Президент айт­қандай, адамның науқастануы оның өзіне де тиімсіз. Денсаулық сақтау ісін алға бастыруда әр адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болатыны анық. «Адамның ден­саулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақ­тандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтан­дыру сомасы да со­ғұр­лым көп болмақ. Қазір адамдар жақсы медициналық қызмет көр­се­тіле­тін емдеу мекемелерін таң­дайды. Олар бұл мәселені анықтап алды, енді одан әрі қозғалу қажет», – деді Н.Ә.Назарбаев.

Соңғы он жылдың көлемінде елімізде денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық ден­саулығы көрсеткіштерінің жыл сайын жақсара түскенін көріп отырмыз. Сондай-ақ бала туу дең­гейі өсіп, адамдардың өмір сүру ұзақтығы ұлғайды.

Денсаулық сақтау саласын дамыту, осы құрылымның жүйесін жетілдіруге қатысты нақты ұсы­ныстарымызды Үкімет пен атал­ған министрлікке жолдадық. Біз­дің ортақ мақсатымыз – халық­тың денсаулығын арттыру бағы­тын­дағы іске асырылатын нәти­же­лі жұмыстар. Осы саланы дамыту үшін заңдарды жетілді­руі­міз қа­жет. Бүгінде еліміздің әлеу­меттік жағдайы жақсарып келе жатыр дегенімізбен, әлі де ше­шіл­мей жат­қан мәселелер бар. Со­лардың арасында халықтың ден­саулығына бай­ланысты да қыруар шаруалар өз кезегін күтіп тұр.

Елімізде ақылы түрде қызмет көрсететін медициналық мекемелер, жеке емханалар бар. Осы мекемелер тек қалталы азаматтарды ғана емес, емделуге келетін қара­пайым халыққа да медициналық көмектен қол үздірмеуі керек. Бұл үшін бюджет қаражатын қа­рас­ты­ру тәсілдерін табуға болады. Мұн­дайдан ақша үнемдеудің қа­же­ті жоқ. Бұл ұлт денсаулы­ғына жасал­ған қамқорлықтың дәлелі болары сөзсіз. Сондықтан Денсаулық сақ­тау министрлігінің жаңа жүйесі мемлекеттің саяси-экономикалық жағдайын, халық­тың тұрмысын есепке алып, іске асыруы керек.

Елбасының алға қойған мін­деттеріне сәйкес біздің еліміз қазір халықтың өлім-жітімі мен мүге­дектіктің негізгі себептерінің алдын алуға баса мән беріп отыр. Осы міндеттердің шешімі әлем­дік қоғамдастықта еліміздің бә­секеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары еліміздің үл­кен қалаларымен қатар аудандарда көптеген спорттық нысандар салынды. Осы спорт кешендеріне балалар да, үлкендер де барып, өздері қалаған спорт түрлерімен, дене тәрбиесімен айналысуына мүмкіндік жасалуы керек. Ден­сау­лығы жақсы азаматтар ғана мемлекеттің дамуына шынайы үлес қосатын болады.



 

ҮКІМЕТ САҒАТЫ


 

Биыл құрылысы аяқталмаған 22 нысан салынып бітіп, 5 мыңға жуық үлескердің құқығы қорғалады

 

 /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - 2012 жылы еліміздегі құрылысы аяқталмаған 26 нысан салынып бітеді. Соның нәтижесінде 5 мыңға жуық үлескердің құқығы қорғалады.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Төрағаның айтуынша, өткен жылы республикадағы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 трлн. 82 млрд. теңгеден асты. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі 210 жылмен салыстырғанда 102,7 пайызға қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, былтыр 6,5 млн. шаршыметр тұрғын үй іске қосылды.

«Жалпы үлестік құрылысты қолдау үшін 2007 жылдан бастап 461,3 млрд. теңге бөлінді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 428 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл 62700 үлескердің құқығын қорғауға мүмкіндік берді. Ал, 2012 жылы құрылысы аяқталмаған 26 нысан салынып бітеді. Соның нәтижесінде 5 мыңдай үлескердің құқығы қорғалады»,-деді агенттік төрағасы С. Нокин.

 

 

Былтыр елімізде 6,5 млн. шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді

 

/«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - 2001 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 417,1 млрд. теңге жұмсалды.

Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 119,2 пайызды құрайды. Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті.

 «Сондай-ақ, 2011 жылы 6,5 млн. шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 101,9 пайызды құрады. Ал, тұрғын үйді іске қосудың жалпы көлемінің 55 пайызы жеке тұрғын үй құрылысына тиесілі болып отыр және бұл 3,6 млн. шаршыметрді құрайды. Аталған көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық»,-деді С. Нокин.

Агенттік төрағасының айтуынша, 2012 жылғы бюджетке сәйкес ведомствоның шығыстары бойынша бюджеттік бағдарламаларға 238,9 млрд. теңге қарастырылған.

 

 

Қазақстанда 2012 жылы 450 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылады – ТКШ

 

/«BNews.kz». 20.03.2012./ -  «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша Қазақстанда 2012 жылы 450 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет сағаты барысында Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Серік Нокин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

 «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын орындау нәтижесінде келесідей көлемде тұрғын үйлерді іске қосуға қол жеткізіледі: 2012 жылы 450 мың шаршы метр, 2013 жылы 820 мың шаршы метр, 2014 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында тапсырғандай, 1 млн шаршы метрден астам көлемге шығамыз. Одан кейінгі жылдары, 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін жыл сайын  1,3 млн шаршы метрді пайдалануға береміз», - деді Нокин.

 

 

Қазақстанда 2012 жылы қалалық сумен жабдықтау мен су бұрудың 102 жобасын іске асыру жоспарланған – ТКШ

 

/«BNews.kz». 20.03.2012./ - «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Қазақстанда 2012 жылы қалалық сумен жабдықтау мен су бұрудың 102 жобасын іске асыру жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкімет сағаты барысында Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012 жылы жалпы сомасы 43,2 млрд теңгеге қалалық сумен жабдықтау мен су бұрудың 102 жобасын, жалпы сомасы 33,9 млрд теңгеге ауылдық сумен жабдықтау мен су бұрудың 232 жобасын іске асыру жоспарланған», - деді Нокин. 

 

 

2012 жылы Қазақстанда қала құрылыс кадастрлары үшін арнайы қамтуды әзірлеу аяқталады – Нокин

 

/«BNews.kz». 20.03.2012./ - 2012 жылы  Қазақстанда қала құрылыс кадастрлары үшін арнайы қамтуды әзірлеу аяқталады. Бұл туралы BNews.kz агенттігі тілшісі хабарлағанындай, ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасы Құрылыс  және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі (ТКШ) агенттігінің төрағасы  Серік Нокин мәлім етті.

«2012 жылы  қала құрылыс кадастрлары үшін арнайы қамтуға әзірлікті аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, кадарстрды жүргізудің мемлекеттік қызметін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға беру жөнінде ұсыныс әзірленді. Осыған байланысты қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы  ұсыныстар әзірленуде», - деді болашақ жоспарлары жөнінде бөліскен Құрылыс  және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі  агенттігінің төрағасы.  

 

 

Құрылыс агенттігі екінші деңгейдегі банктерді қорландыру үшін өтінім қабылдауды тоқтатуды сұрады

 

 /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Құрылыс және тұрғын үй шаруашылық істері агенттігі коммерциялық банктерден өтінім қабылдауды тоқтатуды ұсынады.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Баяндама барысында агенттік төрағасы қолданыстағы бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдаудың 4 бағыты белгіленгенін атап өтті. Оның біріншісі, жергілікті атқарушы органдардың және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің қатысуымен тұрғын үй салу. Екіншісі, жалға берілетін тұрғын үйлер салу, үшіншісі, құрылысты қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді қорландыру. Төртіншісі, инженерлік коммуникациялар салу.

С. Нокиннің айтуынша, аталған 4 бағыттың ішінде екінші деңгейлі банктерді қорландыру мәселесі жеткілікті түрде орындалмаған. «Былтыр осы бағытқа 57 млрд. теңге бөлінді. Алайда, банктер осы қаражаттың 2,4 млрд. теңгесін немесе 6 пайызын ғана пайдаланды. Барлығы 6 млрд. теңге сомаға өтінім түсті. Осыны ескере отырып, біз коммерциялық банктерден өтінім қабылдауды тоқтатуды ұсынамыз»,-деді агенттік төрағасы С. Нокин.

 

 

2012 жылы ҚР Құрылыс және ТКШ істері жөніндігі агенттігі бюджеті 239 млрд теңгені құрады – Нокин

 

/«BNews.kz». 19.03.2012. Анар Базмұхаметова./ -  2012 жылы Қазақстан Республикасы  Құрылыс және ТКШ істері жөніндігі агенттігінің бюджеті  239 млрд теңгені құрады. Бұл туралы BNews.kz агенттігі тілшісі хабарлағанындай, ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасы Құрылыс  және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі (ТКШ) агенттігінің төрағасы  Серік Нокин мәлім етті.

«2012 жылы Агенттік шығындарына  бекітілген бюджет бойынша  25 бюджет бағдарламасына 238,9 млрд теңге қарастырылған», - деді  Серік Нокин.

 

 

 

 

 

 

«Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша ресурстарға орташа жылдық қажеттілік 244 млрд. теңгені құрайды

 

  /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Алдын ала жүргізілген есеп бойынша «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы үшін ресурстарға орташа жылдық қажеттілік 244 млрд. теңгені құрайды. 

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

«Соның ішінде 155 млрд. теңге мемлекеттік тұрғын үй салуға, 75 млрд. теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға жұмсалатын болады. Ал, 14 млрд. теңге тұрғын үй жинақ банкін қорландыруға бағытталады»,-деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, әзірленіп жатқан қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаудың шараларын орындау нәтижесінде тұрғын үйдің көлемі бойынша бірқатар көрсеткіштерге қол жетеді. Атап айтқанда, 2012 жылы 450 мың шаршыметр, 2013 жылы 820 мың шаршыметр, ал 2014 жылы Мемлекет басшысының Жолдауда жүктелген 1 млн. шаршыметр тұрғын үй құрылысы салынатын болады.

«2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш әрбір жыл сайын 1,3 млн. шаршыметрді құрайтын болады»,-деді агенттік басшысы.

 

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша

67 жоба жүзеге асады

 

   /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 2012 жылғы әкімдіктер 12,2 млрд. теңгені құрайтын 67 жобаны ұсынып отыр.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Агенттік басшысының айтуынша, былтыр тұрғын үй секторында 284 шақырым жылумен, электрмен және газбен жабдықтау желілері жаңғыртылған. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 7 млрд. теңге қаражат бөлініп, 43 жоба іске асырылған.

«Ал, 2012 жылға әкімдіктер тарапынан 12,2 млрд. теңге сомасындағы 67 жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр»,-деді С. Нокин.

Сондай-ақ, агенттік төрағасының айтуынша, «Ақбұлақ» салалық бағдарламасы шеңберінде былтыр 54,7 млрд. теңгеге 103 қалалық сумен жабдықтау және су бұру жобасы, 28,7 млрд. теңгеге 257 ауылдық жердің сумен жабдықтау жобасы іске асырылған.

 «2012 жылы жалпы сомасы 43,3 млрд. теңгені құрайтын 102 қалалық сумен жабдықтау жобасы, сондай-ақ жалпы сомасы 33,9 млрд теңге болатын 232 ауылдық сумен жабдықтау жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр»,-деді С. Нокин.

 

 

Жер асты су қорларының расталмауы «Ақ бұлақ» бағдарламасындағы басты проблеманың біріне айналып отыр

 

 /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асырудағы проблемалық мәселелердің бірі - жер асты су қорларының расталмауы.

Осы түйткіл 2013-2015 жылдары су құбыры желілерін салу және жаңғырту жөніндегі дайындалған басым жобаларды жүзеге асыруға кедіргі келтіруі мүмкін.  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті.

Аталған проблемаға қатысты агенттік төрағасы Серік Нокин мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бірқатар қосымша шаралар қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу қажет деп санайтынын жеткізді.

«Атап айтқанда, жер асты суларын уақытында растау, барлау және қайта бағалау қажет. Сонымен қатар, су құбыры және кәріз желілерін салуға және қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қаржыландыруды арттыру тиіс. Бұдан бөлек, су шаруашылығы кәсіпорындарын қалпына келтірудің де маңызы зор», - деді С. Нокин.

 

 

Құрылысқа еурокодтар енгізу осы саладағы жұмысқа еш кедергі келтірмейді

 

 /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Құрылысқа еурокодтар енгізу  осы саладағы жұмысқа еш кедергі келтірмейді.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті.

Төрағаның айтуынша, былтырғы жылы агенттік Қазақстанның аумағында Еурокодтарды қолдануға Еуропалық стандарттау комитетінен ресми рұқсат алған болатын. Соның нәтижесінде 2011 жылғы 1 шілдеден бастап еурокодтар құрылыс нормаларымен ерікті түрде қолдану үшін қолданысқа енгізілді және 2015 жылға дейінгі өтпелі кезеңде қазақстандық нормативтермен қатар қолданылады.

«Ал құрылыстағы сапаға келетін болсақ, қазіргі таңда біздің жобалау институттарымыздың сапаға қатысты ешқандай жауапкершілігі қарастырылмай отырғаны байқалады. Құрылыс сапасына қатысты біз ары кеткенде ондай институттардың лицензиясын алып қоямыз. Әйткенмен ол лицензияны әлгі компания ертесінде ашып, қайта жұмысқа кірісе алады. Сондықтан да, біз бұл олқылықты тоқтату үшін лицензиялар беру санаттарын бекіттік», - дейді Серік Нокин. Агенттік төрағасының айтуынша, алдағы уақытта құрылыс саласындағы лицензиялауға 3 санат енгізу көзделеді. «Бірінші санат - ерекші күрделі нысандардамен қоса 2,3 санаттағы нысандардағы жұмыстарды орындауға құқық береді. Олардың кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек. Екінші санат - күрделілігі орташа нысандар салу. Бұлардың кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек. Үшінші санат - бұл базалық деңгей. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді, күрделі емес нысандарды салатын болады», - дейді төраға.  

 

 

Еліміздің бірде бір қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесі жолға қойылмаған

 

  /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Еліміздің бірде бір қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесі жолға қойылмай келеді.

 Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин осылай мәлім етті.

«Қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі еліміз үшін өзекті проблемаға айналып отырғаны рас. Өкінішке қарай, бізде бұл бағыттағы тәжірибеміз көңіл көншітетін емес. Мәселен, Алматы қаласында бір жылға жуық қоқыс өңдеу зауыты жұмыс істеп, кейіннен тоқтап қалғаны бар. Сонымен бірге, қазір біздің бір де бір қаламызда, бір де бір облысы орталығында қоқыс өңдеуге қатысты бірізді, жолға қойылған тиімді жүйе қалыптаспаған», - дейді Серік Нокин. Оның айтуынша, агенттік осы мәселені терең зерделеп шыққан. Соның негізінде 2020 жылға дейін 41 қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін енгізу көзделген.

«Бұл жұмысқа кешенді қадам керек. Өйткені, әрбір әкім жергілікті жерден өз күшімен мәселені шешкісі келгенімен, одан оңды нәтиже шығып жатқан жоқ. Біз осы жұмысқа брендті компаниялардың кеңесшілерін шақыртудамыз. Осы бағытта келесі жылы еліміздің 8 қаласында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесін енгізу үшін техникалық негіздеме жасалмақ. Бұған бюджеттен қолдау жасалды», - деді агенттік басшысы.

 

 

Пайдалануға берілетін тұрғын үй саны артып отырғанына қарамастан, баспанаға мұқтаждар азаймай отыр

 

   /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үй артып отырғанына қарамастан, баспанаға мұқтаждардың саны  азаймай отыр. 

Бүгін Мәжілісте  «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы қызметінің қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері» деген тақырыпта өткен Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов осылай мәлім етті.

«Халықтың тұрғын үйге қол жеткізуі, әсіресе балалы жас отбасылардың, жетім балалардың, әлеуметтік әлсіз топтардың тұрғын үйге қолжетімділігі түбегейлі жақсарып кеткен жоқ. Мәселен, 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикадағы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны 146 мың 859-ды құраған. Соның ішінде 16 900-ы жетім балалар, 913-і Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, 8 мыңы ҰОС-ының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар», - дейді С. Әйімбетов. Оның айтуынша, 2008-2010 жылдар аралығында 1 мың 114 адам мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алған. Бұл үйге мұқтаж азаматтардың барлығының 1 пайызын ғана құрайды. Олардың 307-і жетім балалар, 672-і   ҰОС қатысушылары мен мүгедектері болып отыр. Ал қазіргі уақытта тұрғын үй алушылар кезегі өткен жылғымен салыстырғанда 5 мың 137 адамға көбейген. «Жыл сайын пайдалануға берілетін тұрғын үй  артып отырғанына қарамастан, баспанаға мұқтаждардың саны  азаймай отыр», - дейді депутат.

 

 

Былтыр құрылыс саласындағы үлескерлер мәселесін шешу 50 пайызға ғана орындалды

 

   /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Былтыр үлескерлер мәселесі 50 пайызға ғана орындалды.  

Бүгін Мәжілісте  «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы қызметінің қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері» деген тақырыпта өткен Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов осылай мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда құрылыс саласының негізгі көрсеткіштері  жыл сайын өсіп келе жатыр. Алайда үлестік құрылыс нарығындағы қазіргі жағдайға байланысты проблемалар шешілмеген күйінде қалып отыр.

«Мәселен, 2011 жылы  республика бойынша 13 мың 600 үлескері бар 58 нысанды  іске қосу жоспарланған болатын. Ал іс жүзінде  8 мың 600 үлескері бар 29 нысан ғана пайдалануға берілді. Яғни өткен жылғы жоспар 50 пайызға ғана орындалды», - дейді депутат С. Әйімбетов. Сонымен қатар, депутат Президенттің  биылғы Жолдауында жалға берілетін тұрғын үй алаңын жылына 1 млн. шаршы метрге дейін жеткізуді тапсырғанын еске сала келе, бұл орайда азаматтарда  жалға берілген үйді кейіннен сатып алуға немесе  ұзақ мерзімді жалға алуға мүмкіншіліктері болуы тиістігіне назар аударды. «Елбасының алға қойған  міндеттерін іске асыру мақсатында үстіміздегі жылы және  алдағы жылдары   тұрғын үйге мұқтаж адамдар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржылдандыру көлемін мүмкіндігінше 2-2,5 есеге  арттыру қажет деп  есептейміз», - деді ол.

Құрылыс салушылардың тұрғындар алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін күшейту қажет

 

    /«ҚазАқпарат». 19.03.2012. Қанат Мәметқазыұлы./ - Тұрғын үй салушы субъектілердің құрылысы жүріп жатқан үйдің  тұрғындары алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін күшейту қажет.

Бүгін Мәжілісте  «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы қызметінің қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттері» деген тақырыпта өткен Үкімет сағатында депутат Сейітсұлтан Әйімбетов осылай мәлім етті.

«2010 жылмен салыстырғанда, құрылыстың  негізгі көрсеткіштері «кешегіден бүгін жақсы» деген принциппен  келтірілген. Әйтсе де, депутаттарды пайдалануға беріліп жатқан көп пәтерлі үйлердің құрылысы ғана емес, сапасы да  алаңдатады. Тұрғындардан бізге келіп түсіп жатқан өтініш-хаттарының басым бөлігі тұрғын үй салушылардың «шалағай істеріне» қатысты болып отыр. Тұрғындар сапаның нашар болғандығынан терезені, есіктерді және тағы басқаларын ауыстыруға мәжбүр. Құрылыс материалдарының сапасы, құрылыс барысындағы кідірістер, құрылыс стандарттарының бұзылуы  да сын көтермейді», - деді депутат С. Әйімбетов.

Осыған орай депутат құрылыс саласында жұмыс жүргізетін  тұрғын үй салушы субъектілердің құрылысы жүріп жатқан үйдің  тұрғындары алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуі қажеттігін атап өтті. «Агенттік өз кезегінде құрылыс субъектілерінің осы жұмысты тиянақты орындауына әсер ететін жауапкершілік шараларын арттыруы керек», - деді депутат.

 

 

Мақсат орындалуымен құнды

 

    /«Егемен Қазақстан». 20.03.2012./ - Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен Үкімет сағаты өтті. Ол кіріспе сө­зінде: «Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қолжетімді баспана мәселесін ерекше атап көрсетті. Әрине, бұл – үлкен мәселе», деді ол.

С.Дьяченко қазір Үкімет ар­найы бағдар­ла­ма дайындап жат­қа­нын айтты. Осы бағ­дарлама бой­ынша, тұрғын үйлер салынады. Ұзақ мерзімге жалға бе­ріледі. Кейін сатып алуға бо­ла­ды. Жоспар – тұрғын үй алаңын 1 миллион шар­шы метрге жеткізу, жарты миллион жас отбасыға баспана беру. Бұған мемлекет көп қаржы бөледі. Құрылыс са­ла­сын дамытады, деді Төраға орынбасары.

Осы мәселені жан-жақты тал­қы­лау мақсатында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық істері агенттігінің төраға­сы Серік Нокинге сөз берілді. Ол «Қа­зақ­стан Республикасы Құры­лыс және тұрғын үй-комму­нал­дық шаруа­шылық істері агент­тігінің 2011 жылғы қызметінің қо­рытындылары және 2012 жыл­ға арналған міндеттері» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол сөзінде Қазақстан Рес­публикасы Құрылыс және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық істері агенттігі өз қызметін үш стра­тегиялық бағыт бойынша жүзеге асыратынын айтты.

Бірінші – тұрғын үй құры­лысын дамыту, екінші – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік реттеуді жетілдіру, үшінші – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаң­­ғырту және дамыту. 2012 жылы агенттіктің шығыстарына бекітілген бюджетке сәйкес 25 бюд­жеттік бағдарлама бойынша 238,9 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде: 14 ағымдағы бағ­дар­лама бойынша – 25,3 млрд. теңге;

11 даму бағдарламасы бой­ынша – 213,6 млрд. теңге. Алдын ала жүр­гізілген есеп бо­й­ынша «Қолжетімді тұр­ғын үй» бағ­дар­ламасы үшін ресурстарға орташа жылдық қажеттілік 244 млрд. теңгені құрайды. «Қол­­же­тімді тұрғын үй» бағ­дарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын орындаудың нәти­же­сін­де тұрғын үйдің мынадай кө­лемдеріне қол жеткіземіз: 2012 жылы – 450 мың шаршы метр, 2013 жылы – 820 мың шаршы метр; 2014 жылы Мемлекет бас­шысының Қазақстан халқына Жол­дауында айтыл­ған 1 млн. шар­шы метр; 2015-2020 жыл­да­ры жыл сайын 1,3 млн. шаршы метр.

Күн тәртібіндегі мә­се­леге орай Парламент Мәжілісінің Эко­номикалық реформа және өңірлік даму ко­митетінің төр­аға­сы Сейітсұлтан Әйі­мбетов қо­сым­ша баяндама жасады.

Үкімет сағатын қорытынды­ла­ған Мә­жі­ліс Төрағасының орын­басары мәселе жан-жақты талқыланғанын, депутаттар ма­ңыз­ды ұсыныстар жасағанын айтты. Елбасы мен Үкіметтің алға қойған мін­деттерін агенттік толық іске асыру үшін депутаттар заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетеді деген сенімін білдірді.

 

 

Шенеуніктерге пәтер бір-ақ рет беріледі

 

/«Айқын». 20.03.2012. Айхан Шәріп./ - Кеше, алда үлкен талас, тіпті, қатты қарсылық туғызуы мүмкін ұсыныс жария етілді. Егер Парламентте көтерілген бұл бастама Үкімет тарапынан қабыл алынса, бұдан былай әкімдіктерде қаптап кезекте тұрғандарға және барлық шенеунік атаулыға мемлекет өмірінде бір-ақ рет пәтер ұсынатын болады! Осылайша, ел қазынасы есебінен баспана ала беруге жаман үйренгендердің алаяқтық әрекеттеріне тоспа қойылуға тиіс. Парламенттегі кешегі «Үкімет сағатында» депутат Айгүл Соловьева, тіпті, әкімдіктерде үй кезегіне тұрғандардың біразы мемлекет қорғайтын «әлеуметтік осал топ» қатарына «жауапсыз әрекеттер» арқасында кіргендерін ашық айтты.

Кеше Парламент алдында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық істері агенттігінің төрағасы С.Нокин есеп берді. Осы орайда қалау­лыларды «бүкіл еліміз бойынша әкім­діктерде кезекте тұрғандар саны қашан қыс­қарады?» деген сауал алаңдатты. Өйт­кені олар үшін мемлекет қанша пәтерді іске қосса да, кезек бітпек түгіл, тіпті қыс­қарар емес. Қайта жыл санап, он мыңдап өсіп барады екен! Қалаулыларда «кезек шенділер есебінен ұзарып отырған жоқ па?» деген қауіп бар көрінеді. Басындағы баспанасын тездетіп, туғанының атына көшіріп, не сатып құтылып, қайтадан әкімдіктің не Үкіметтің үй кезегіне тұрып жатқан шенеуніктер аз емес.

- Осы орайда бір ой енгізгім келеді, - деді депутат А.Соловьева. - «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасында кезекте тұрғандар үшін арендалық баспана салу бағыты қарастырылыпты. Олардың арасына 11 санат бойынша «әлеуметтік осал топтар» кірген. Менің қоғамдық қабылдауларда жинаған тәжірибем, көбінесе ол адамдардың жалғыз баспаналарын сатып, жауапсыз әрекеттер жасай­тындығын көрсетті. Енді келіп, олар мұн­­да да арендалық баспананы толық са­­тып алуға құқылы екен. Әлгі адам­дар­дың, кейін «манипуляциялар» жасауына мүмкіндік бермеу үшін муници­палдық не коммуналдық қор құруға сіз қалай қарайсыз? - деп сұрады қалаулы Агенттік төрағасынан. Айгүл Саға­ди­бекқызының дәйектеуінше, әйтпесе әлгілер дәл бұ­рын­ғыдай, мына бағдарлама аясында да пәтерлерді толық сатып алып, артынша сатып жіберуі, сөйтіп, тағы «баспанасыз» қалуы ықтимал. «Сосын қайтадан мемлекетке келеді де, өздерінің «әлеумет­тік осал топқа» кіретіндігін алға тартып, үй сұрайды» деді депутат ханым. Бұл «схе­малар» Агенттік басшысын да толғантып жүрсе керек, ол күрсіне келісті.

- Рас, сіз кезекте тұрғандар туралы дұ­рыс айтасыз, - деді Серік Нокин, - егер елі­мізде былтыр әкімдіктердегі кезек тізі­мінде 137 мың адам болса, қазір олар 148 мыңға өсіп кетті. Біз жыл сайын елі­міз бойынша 10 миллиард теңге бөлеміз. Ке­зекте тұрғандар үшін шамамен 1-2 тұр­ғын үй тұрғызылып отырады. Кезекке тұ­ра алатындар әлеуметтік осал топтардың 11 санатынан тұрады, олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де, әскерилер де бар, - деп, қынжылғанымен, ол «қалай болғанда, үй кезегіндегілерге арналған тұрғын үйлер ауқымын арттыру қажеттігін» ескертті: «Себебі бұл - мем­ле­кеттің міндеттемесі. Жаңа бағдарламада құрылыс ауқымын екі есе өсіруді көздеп отырмыз! Сандарды бағдарлама жобасына енгіздік, енді осы ауқымды қорғайтын боламыз. 2013 жылы 2,5 есе артады».

Агенттік басшысының айтуынша, егер мемлекеттік қызметші мемқызметте он жыл жұмыс істесе, оның қызметтік баспананы жекешелендіруге құқы бар екен. «Біз оған тыйым сала алмаймыз, - деді Серік Нокин. - Бұл - мемлекеттік қыз­метке келудің бір шарты. Кезекте 11 санат бойынша тұрған адамдар берілген пәтерді сатып жіберсе, келесі жолғы алу шартын нашарлатып алады, бес жылға дейін қайтадан кезекке тұра алмайды. Егер екінші рет сатып жіберсе, үшінші рет алуы неғайбiл. «Физикалық» тұр­ғыдан мүмкін емес! Өйткені кезекке қа­был­дауды тоқтатсақ және тұрғын үйлерді қазіргі қарқынмен іске қоса берсек, со­ның өзінде, бүгінде кезекте тұрғандардың өзін баспанамен қамтып шығуға 70 жыл қажет болады». Әйтсе де кейде әлдебір «ғажайыптың» кесірінен кезек реті өзгере беретіндігін, әлдебір жандардың ке­зегінен бұрын баспана алып кетіп жа­татындығын ұмытпаған жөн. Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметшілерге және басқа «осал топтарға» бір рет қана осындай баспана берілуін қолдайтынын мәлімдеді. «Содан кейін ешқашан бермеу керек!» деп нықтады С.Нокин.

Әрине, үй кезегіндегілердің қаншасы шенеуніктер мен олардың жақын-жұ­рағаты екендігі жөнінде бірде-бір жер мә­лімет бермейді. Оны тек Мәжіліс атынан қосымша баяндама жасаған қалаулы Сейітсұлтан Әйімбетовтiң айтқанына қарап, бағамдауға болатындай: «2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, рес­публикадағы тұрғын үйге мұқтаж адам­дардың саны 146 мың 859-ды құрайды. Соның ішінде 16 900-і - жетім балалар, 913-і - Ұлы Отан соғысының қатысушы­лары мен мүгедектері, 8000-ы - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілгендер».

Осы жиында ұлтжанды депутат Нұр­тай Сабильянов «төртінші биліктің» қор­ғауына тұрды. Бүгінде көптеген журналистер, баспанасыз, «жетімбұрыш» жағалап жүр. Бұл түйткілді шешу - мемлекет үшін стратегиялық маңызды іс болуға тиіс! «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болып табылатын ақпарат құрал­дарының өкілдеріне, жеке бас тұрмыстық қиындықтарына қамықпай, ұлттық және мемлекеттік мүддені қорғаумен алаңсыз айналысуына жағдай жасалмайынша, Қазақстан ақпараттық-идеологиялық бәсекелестікте жеңіліс таба беретін болады. Әйткенмен, баспанасыз журналистер жайына жеке назар аудару туралы депу­таттың сұрауы қабыл алынбады. С.Нокин журналистерді «ТҮҚЖБ» жағына «жолдай» салды. Сонда жинақ жинаңдар деді. Ал ол банктің кезегінде ендігі 80 мың мұқтаж жан тұр! Сосын дәл осы С.Нокин­нің өзі, өткен аптада, Үкіметте, сол 80 мың­ның, тіпті төлем қабілеттігін раста­ғандарының жартысы да 2020 жылға дейін баспанамен қамтылмайтындығын ашық мойындағандығы есте. Сонда бұл БАҚ өкілдерін алдау ма, әлде алдандыра тұру ма?

«Үкімет сағатында» Мәжіліс Құрылыс істері және ТҮКШ істері агенттігіне үлескердің мәселесі әлі толық шешімін таппай отырғандығын ескертті. Палата «үлестік құрылыс нарығындағы қазіргі жағдайға байланысты мәселелер шешіл­меген күйінде қалып отыр» деген тұжы­рым жасады. Себебі 2011 жылы респуб­лика бойынша 13 мың 600 үлескері бар 58 нысанды іске қосу жоспарланған, ал іс жүзінде 8 мың 600 үлескері бар 29 үй ғана пайдалануға беріліпті. «Яғни өткен жылғы жоспар 50 пайызға ғана орындалды! - дейді Мәжіліс атынан сөйлеген қо­сымша баяндамашы, депутат Сейіт­сұлтан Әйімбетов. - Сонымен бірге, өт­кен жылы ағымдағы және даму бағда­ламалары бойынша бюджеттің атқарылуы 99,97 пайызды құрайды, яғни бөлінген қаражат толық жұмсалған. Осыдан «бөлінген бюджет қаражатын игеру мен іске қосылған тұрғын үйлердің саны арасында сәйкессіздік қалай пайда болды?» деген сұрақ туындайды».

Жиыннан тағы бір жаңалық: мемлекет құрылыс саласына коммерциялық банктер арқылы қарқын беруден бас тартуы мүмкін. Қолданыстағы бағдарла­маның тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдаудың үшінші бағыты «құрылысты қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді қорландыруды» көздейтіні мәлім. Бірақ ол банктерді де, құрылыс ком­панияларын да қызықтыра алма­ғандай: 2011 жылы осы мақсаттарға 57 млрд теңге бөлінген, алайда банктер осы қаражатың 2,4 млрд теңгесін немесе 4%-ын ғана пайдаланыпты. Жалпы алғанда, небары 6 млрд теңге сомасына ғана өтінім түскен. «Осы жағдайды ескере отырып, біз коммерциялық банктерден өтінім қабылдауды тоқтатуды ұсынамыз!» деген Агенттік төрағасы С.Нокин қалған 51 миллиардты «бірінші бағыттың мерзімін ұзартуға», яғни ТҮҚЖБ-мен бірлесіп, әкімдердің тұрғын үйлер салуына пайдалану керектігін айтты.

 

 

Үкімет үміткерлердің қатарын шектедi

 

/«Айқын». 27.03.2012. Елдос Сенбай./ - «Қолжетімді баспана-2020» бағдар­ламасына қатысты бір жаңалық белгілі болды. Өткен апталарда оның жобасын Үкіметте және Парламентте талқылау барысында жаңа бағдарлама аясында Астанада салынатын тұрғын үйлердің әр шаршы метрінің құны 142 мыңға дейін көтерілетіндігі мәлімделген бо­латын. Бұл халықтың көңілін қобал­­жы­ту­да. Осыдан оқырмандарымыз редак­цияға қоңырау шалып, алаңдау­шы­лықтарын білдіре бастады.

Осыған орай біз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» хабарласқанбыз, ондағы мамандар қолданыстағы бағдарлама аясында салынатын үйлердің құны өз­геріссіз қалатындығын жеткізді. Яғни былтырдан бері іске асырылып жатқан, 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасының пәтерлері­нің 1 шаршы метрі банк салымшылары үшін Алматыда 142,5 мың теңгеден, Ас­танада, сондай-ақ Ақтау, Атырау және Өскеменде - 112,5 мың теңгеден, ал бас­қа өңірлерде 90 мың теңгеден қымбат болмауы қажет көрінеді. Жұртты қы­зық­тырып отырғаны, бұл пәтерлердің бар­лығы «таза», толық әрленген күйде бол­мақ, басқаша айтқанда, оның иелеріне кілті қолға тиген күні жүктерін көтеріп, көшіп келу ғана қалады екен. Барлық үйлер жайлылықтың «үшінші дең­ге­йінде» болып келеді. Осы төрт­жылдық бағдарламаға сәйкес, Үкімет бюджеттен өңірлерге арнайы қаражат бағыттаған, сол ресурстарға әкімдіктер ТҮҚЖБ-мен бірлесіп, үйлер салып, осы банк клиент­тері арасында бөліске салуда. Әрине, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жүз мыңға жуықтап қалған са­лымшы­лары­ның бәрі бірдей осынша арзан баспанаға іліге алмасы анық: қа­зіргі бөліс кезінде банктің неғұрлым ер­­теден келе жатқан, қажетті қаржының жартысын жинақтап үлгерген, оның үстіне табысы неғұрлым жоғары клиент­теріне басымдық берілуде. Қалғандарына 2020 жылға дейінгі «Қол­жетімді баспана» бағдарламасынан бақ сынауға тура келетінге ұқсайды, ал онда пәтер құны 142,5 мыңға дейін барады деп мә­лім­делді.

Тілек білдірушілердің көптігі сонша, елордада салынып жатқан қос үйдегі пәтерлер былтырғы жылы-ақ толық бөлініп қойылыпты. ТҰҚЖБ Астана­дағы баспананы сатып алушылардың келесі, жаңа пулын қалыптастыру «құ­рылыстың жаңа нысаны бойынша Астана қала­сының әкімдігімен ын­тымақ­тастық туралы келісім бекіткеннен кейін» бас­талатындығын хабарлады. Қазіргі уақыт­та әкімдікпен ондай ке­лісімге әлі қол қойылмапты. Осы банк мамандары кеше «бұл сәуірде болады деп күтіп отыр­ған­дарын» айтты.

ТҰҚЖБ-нің дерегінше, бас қаланың А.Иманов, А.Жұбанов, А.Циолковский және Кенесары көшелері орамында бой көтеріп жатқан «Кампус» тұрғын үй кешенінде жердегі жұмыстар 100% орындалыпты. Онда қадалары ендігі қағы­лып, кей жерінде бірінші қабаттың қа­быр­ғалары қалануда делінді. Ал Есілдің оң жағасындағы (№12, №28, №38 көше­лер қиылысындағы) 14 қабаттық тұрғын үйдің құрылысы ендігі ұшар басына жетіп қалған көрінеді. Ғимаратта 9-қа­баттың ішкі қабырғаларын кірпішпен қалау жүріп жатса, 8-қабатының ендігі терезе блоктары орнатылуда екен.

Алматыда да пәтер иелері ендігі толық дерлік анықталып болыпты. Әсем ша­һарда ТҮҚЖБ арқылы 3 ТК салынуда. Соның бірі - «Мамыр-5,6» ықшамауда­нындағы тұрғын үй кешені, оның В1 блогында ендігі 9-қабаттың монолиттік қабырғасы орнатылуда. Ал қалған блок­тарының қабырғалары енді-енді бой көтере бастапты. «Әйгерім» ТК-нің (Розыбакиев көшесі, Әл-Фараби даңғы­лының қиылысы) 3-блок-секциясын­да 4-қабаттың қабырғасын бетондау жұ­мыстары жүргізіліп жатса, 4-5-сек­цияларында ендігі 9-11 қабаттары жабылып, терезелері жайластырылуда. Осы кешенге жақын маңда, Бостандық ауданында «Әйгерім» ТК-нің 1-2 блоктары тұрғызылуда. Бұл - жекенің жобасы, оның алты секциясының 15-18-қабатты бесеуін тұрғын үй жинағы жүйесі арқылы өткізу жоспарлануда. Мұнда 14-қабат­ты бетондау, 13-қабаттың кірпіштерін қа­лау, еденді жайластыру, жұмыстары жүруде екен. Демек, құрылыс қызу жү­руде деуге болады. Дегенмен баспанаға мұқтаж және оны осы бағада сатып алуға құштар жандарды пәтермен қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы әкімдік­теріне қарқындарына қарқын қосу қажеттей. Ал басқа өңірлерде тіпті салынып жат­қан пәтерлерге де сұраныстың төмендігі байқалуда.

2005 жылдан 2010 жылға дейін іске асқан мемлекеттік тұрғын үй бағдарла­масында жас отбасыларға ойып тұрып орын берілгені мәлім. Кейін бұл санатты Үкімет ортақ қалың топқа қосқан-тын. Енді 2020 жылға дейінгі жаңа бағдар­ламада жас отау иелеріне айрықша қошемет көрсетілгелі отыр. Бағдарла­маның бұл бағытын және осы санатқа арналған пәтерді иелену «схемасын» Құрылыс және ТҮКШ істері агенттігінің басшысы Серік Нокин түсіндіріп берді, біз оның сөзін бөліп-жармай, толық бергенді жөн көрдік:

- Жас отбасыларда бірден төлеу мүм­кіндігі жоқ, - дейді төраға. - Сондық­тан мемлекет ақша бөлетін болады. Оны жергілікті атқарушы органға - әкімдікке бағыттайды, олар 3 не 4 жайлылық дең­гейіндегі тұрғын үйлер тұрғызады. Жас отбасы осы салынған пәтерде өмір сүре отырып, 8,5 жыл бойы жинақ жинайды. Біздің есептемелеріміз бойынша 1 бөл­мелі пәтер жинағы - 20 мың, екі бөлме­лісі - 25 мың және 3 бөлмелісіне - 29-30 мың теңге. Ал Астана мен Алматыда, егер тұрғын үй 142 мыңға салынса, оларда 3 бөлмеліге ай сайын 47 мың төлеу керек. Жас отбасы 8,5 жыл бойы жинақ жинақтайды. Мерзімі болғанда, ол пәтер құнының 50 пайызын жинақтап үлгереді. Оған енді пәтерді толық сатып алуға мүм­кіндік беріледі. Егер ол қалған соманы тауып, толық сатып ала алмаса, оның қалған бөлігі үшін мемлекетпен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» есеп айырысады. Осыдан кейін қалған бөлікті жас отбасы ТҮҚЖБ-ға 15 жыл ішінде 4 пайызбен төлейтін болады. Бұл үлкен сома емес. Мен оны қолжетімді деп санаймын. Ол отбасы 23 жылға дейін есеп­тесуіне болады.

Агенттік басшысы келесі жылы осы жол­мен 2-2,5 мың пәтерді жас отбасы­ларға беру жоспарланғандығын хабар­лады. Бұл баспанаға қол жеткізудің шарты мынадай: жас отбасыда біреуі заңдастырылған айлығы бар жұмыс іс­теуге тиіс. Оның ай сайынғы табысы ең кем дегенде 70 мың теңге болуға міндетті. «Егер табысы 200 мыңнан жоғары болса, ол да бұл бағдарламаға кіре алмайды! Онда ол баспананы нарықтан сатып ала алады» деп ескертті Серік Нокин. Осылайша, Үкімет үміткерлердің қатарын тарылтып отыр.



 




 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі