Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.12.2017

Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


         Астана, 14 желтоқсан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

        Депутаттар бірқатар заң жобаларын талқылайды деп күтілуде.

        Олар Қазақстан мен Үндістан елдері Үкіметтері арасындағы салық туралы Конвенцияға түзетулер енгізетін хаттаманы бекіту туралы және Қазақстан мен Әзербайжан Үкіметтері арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары.

       Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжіліс «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Орта білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» Заң жобасы мен «Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.

 

(Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты, 74-63-01,

суретті түсірген Жаслан Құспанов)

 

  

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі